» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Тұтқындағы батыр)

Өлең: Абай Құнанбаев (Тұтқындағы батыр)

Өлең: Абай Құнанбаев (Тұтқындағы батыр) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Тұтқындағы батыр) на казахском языке
Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.
Тәубә жоқ, дұға да жоқ тентек бойда,
Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда.
Қан ағып, қайрат қылған майдан менен
Ауыр қылыш дулыға бірақ ойда.
Тас дулыға, тас сауыт киінгенім,
Денемді қысып жатыр бүгін менің.
Оқ пен қылыш бұзбастай киінсем де,
Қайран атым, иең жоқ жалғыз сенің.
Уақыттай өзі жүйрік ат мінеміз,
Сауыттай шынжырлаулы тереземіз.
Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,
Шарайнам шойын есік бұ да бір кез.
Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр,
Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр

Автор: nurgul95 | 859 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Тұтқындағы батыр өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Тұтқындағы батыр, абай құнанбаев Тұтқындағы батыр өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Тұтқындағы батыр, Өлең: Абай Құнанбаев (Тұтқындағы батыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке