Қазақша өлең: Қалқаман Сарин » ZHARAR © 2016 | қалқаман сарин өлең , қалқаман сарин өлеңдер жинағы , қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин




  • »

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин казакша Қазақша өлең: Қалқаман Сарин на казахском языке

Атар таңым да белгілі
Батар күнім де белгілі
Белгілі күнде белгісіз
Не болар тірлік ендігі.

Өткен күндерді қимадым
Келер күндер де беймәлім.
Әлсіреп әсте иманым,
Жетер ме бәске жиғаным?

Өзімді өзім жылатып
Отырмын өзім жұбатып
Жаныма емші болар ма,
Уланған мына уақыт?

Ұятым бұзып ұйқымды,
Көңілге қоңыр күй тұнды.
Керуен көшіп бара ма,
Көршінің неге иті үрді?

Қысқа жіп келмей күрмеуге,
Түсемін ескі сүрлеуге.
Дайын тұр әне алты ауыз
Өсектің отын үрлеуге.

Сыр айтар кезде дос таппай
Жылауға, көзге жас таппай
Бір өлең жаздым осылай
...бос жатпай.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 028
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .