Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда) на казахском языке


Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,
Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға.
Аймақтың қоймай тінтіп түз-даласын,
Үрымтал жерін іздеп, із бағасың.
Аулақта бара жатқан бір жолаушы,
Жолыңды кесіп өтсе қызғанасың.
Іздер жатар қар бетін шиырлаған,
(Шұбыртады із шықса қиындаған.)
Қызыл түлкі қырқадан қылаң етсе,
Құмай-тазы соңынан құйындаған.
Қанды басьп бері тарт, бұйыр маған!
Сайқалды соға алмаса құмай-тазы,
Құм қылып жігеріңді, мұңайтады.
Көзді арбап, қызықтырған бұл фәниді,
Түлкі деп бұрынғылар шын айтады.
Жұтынған құмарынды жояр алдап,
Жалт беріп сайқал түлкі қояр арбап,
Сонардан қасқыр да емес, түлкі де емес,
Қайтасың бірді-екілі қоян аулап...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сонарда өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сонарда, мұқағали мақатаев Сонарда өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сонарда, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке