Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Заман кімдікі?)

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Заман кімдікі?) казакша Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Заман кімдікі?) на казахском языке

Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».
Құр қалмақ, әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.
Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,
Абырой, кісілігім - ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі.
Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сәбит дөнентаев Заман кімдікі өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Заман кімдікі, заман туралы өлең, заман туралы олен, сәбит дөнентаев Заман кімдікі өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Заман кімдікі, заман туралы өлең, заман туралы олен, Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Заман кімдікі?), Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Заман кімдікі?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com