Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото) » ZHARAR © 2017 | жазылған, сатып, сауда, шумақтар, назарын, кезде, қалды, деген, Бақытжан, базардағы, есімді, саудагер, көңіл, кәсіпкердің, табады, кетпен, Шымкенттегі, бірден, Сөйтіп, айтып

  • »

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото)

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото) казакша Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото) на казахском языке

Шымкенттегі Қырғы базардағы Бақытжан есімді саудагер өзінің тың идеясымен ұтымды сауда жасап жүр. Темір-терсек бөлімінде нәпақасын тауып жүрген азамат өз тауарларының жарнамасын жұрттың назарын алатындай етіп қатырып жасаған.

Тауарын шумақтатып сататын кәсіпкердің бұл әрекетіне не түрткі болғанын білу мақсатында саудагермен NUR.KZ тілшісі арнайы тілдесіп қайтты.

Көпбалалы әке Бақытжан Сүлейменовтің саудамен айналысып жүргеніне аз уақыт болған жоқ. Бүгінде ауыл шаруашылық саласы мен тұрмыстық жабдықтар сатады. Тауарларына деген сұраныс жылдың қай мезгілінде көптеп түсетінін жақсы білетін Бақытжанға бұл ой өткен жылдың басында келеді. Сөйтіп кәсіпкер әрбір тауардың бағалау қағазының тұсына өлең шумақтары жазылған қағазды да қоса жабыстырады. Ондағы жазу атақты ақындардың туындылары емес, барлығының авторы кәсіпкердің өзі. Әзіл-шыны араластырып жазылған шумақтар саудагер күткендей клиенттің назарын аударып жүр. Бірі рахаттана күліп алса, екіншісі дәл сол шумақтатылған тауарды алуға ниеттеніп жатады екен.

Тауарларда «Доссыз адам – тамыры жоқ ағашпен тең, сыпырғысыз әйел – баласы жоқ ұстамен тең», «сыпырғанда жаның жай табады, байы жоқтар мықты бай табады», «Ақшаны ақша табады, мықты адам кетпен шабады» деген секілді шумақтар жазылған.

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото)

Тұтынушылардың бірі Айгүл есімді келіншек бұл сауда орнындағы атуарларды алғашында көрген кезде қатты таң қалғанын жасырмайды.

«Базар аралап жүріп, есік алдын тазалауға сыпырғы ала қояйын дегенмін. Кенеттен сыпырғының тұсында жазуларды көзім шалып қалды. Жеңілдіктер пайызы жазылған екен деп мұқият оқысам, кәдімгі шумақтар. Ой, сол кезде күлгенімді-ай... Дереу сатып алдым», - деді тұрғын.

Келіншектің айтуынша, ол базардағы бұл жағдайды көрші-қоландары мен құрбыларына айтып берген. Тіпті Алматы қаласында бойдақ құрбысы «Шымкентке бір жолым түскенде сол сыпырғыны сатып алмасам» деп тұрмысқа шығуға неттеніп жүр екен.

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото)

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото)

Кәсіпкер тауарларын неғұрлым төмен бағамен сатып отыр. Сөйтіп тұрақты тұтынушыларды тартуға болады. Мәселен, кетпен 400 теңге тұрса, сыпырғыны 450 теңгеден саудалап отыр. Айтпақшы, сыпырғыларға түрлі-түсті жапсырма (скотч) жабыстырған. Оның өзіндік себебі де жоқ емес көрінеді.

«Түрлі түс адамның көңіл күйін бірден көтереді дейді. Енді үйді жинау оңай жұмыс емес қой. Сол кезде қыз-келіншектердің көңіл күйі көтерілсін деп осындай скотчтар жабыстырып қойдық. Қызылды-жасылды түс сатып алушының да көзіне бірден түседі», - деген ол алдағы уақытта шумақтарының жаңа топтамасын шығаратынын айтып қалды.

Шымкенттік саудагер бойжеткендерге күйеу тауып беретін сыпыртқы сатуда (фото)

«Шумақтар жазылған қағазы бар тауарларымның саны азайып қалды. Тағы да шумақтарды шығарып жатырмын. Мамыр айында өзге де тауарларға жабыстырып қоямын», - деп сөзін түйіндеді Б.Сүлейменов.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Дереккөз: Nur.kz

Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 510
Жаңалық айдары: Қоғам
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .