Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды » ZHARAR © 2017 | Хабиба, киноға, түсуге, «Қазақфильм», Елебекова, жасында, Мүсіреповтің, Бейімбет, бағдарламасы, Қазақстанның, театр, Ғабит, жасаған, «Таңшолпан», «Қазақстан», телеарнасындағы, сіңірген, еңбек, киностудиясынан, әртісі




  • »

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды казакша Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды на казахском языке

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында «Қазақфильм» киностудиясынан киноға түсуге шақырту алды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.

Бұл туралы baistars.kz жазады.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет еткен актрисаға Қалибек Қуанышбаев жайлы киноға түсуге ұсыныс жасаған. Ғасыр жасаған Хабиба Елебекованың айтуынша, ол 100 жасында да киноға түсуге дайын екен.

«Театрға 17 жасымда келдім. Театр — менің қарашаңырағым», — дейді актриса.

Айта кетсек, Хабиба Елебекова шілде айында 100 жасқа толады. Сахна саңлағының театр сахнасында сомдаған алғашқы ролі — Қарагөз (Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде). Актрисаның ойнаған рольдерінің жалпы саны 100-ден асады.

Олардың ең көрнектілері — Мұхтар Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы» Мақпал, Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Бейімбет Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш образдары.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 704
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .