БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады

БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады казакша БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады на казахском языке

Астаналық Даяна есімді бойжеткен ер адамдарға интимдік қызмет көрсетумен айналысады. 17 жасында тұрмысқа шығып, отбасылық өмірде жолы болмаған қыз неліктен қазақ шенеуніктері көңіл көтеру үшін украиналық қыздарды таңдайтынын да ашық айтып берді деп хабарлайды "NewTimes.kz" басылымына сілтеме жасаған nur.kz.

Бүгінде 21 жастағы бойжеткеннің жеңіл жүріске салынып кетуінің де өзіндік себебі бар екен. 17 жасында оны алып қашып кеткенін айтады. Алайда ол сүймеген жігітке тұрмысқа шыққанына қатты өкініп, күйеуін қабылдай алмаған.

"Мен оны сүймедім, сүйе алмадым. Сосын Астанаға қашып кеттім. Ауылда қалсам мені ондағылар жеп қояр еді", - дейді ол.

Осылайша, Астанаға арман қуып келген бойжеткен қаладағы сауналардың біріне жұмысқа тұрып, жеңіл жүріске қалай салынып кеткенін өзі де түсінбей қалған. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, астанадағы сауналардың көбінде өзі секілді қыздар жұмыс істейді екен.

Даяна жоғарыдағы шенеуніктерді қабылдаған кезі де болғанын жасырмады. Алайда олардың нақты атын атап, түсін түстеуге батпады.

«Министрлер Астанадағы сауналарға барып, көңіл көтеруден қашатын шығар? Бәлкім сіз айтып отырғандар қызметі сәл төменірек шенділер болар? Мәселен, вице-министрлер немесе комитет басшылары деген сияқты", - деген журналистің сұрағына ол "иә" деп жауап берді.

Даянының айтуынша, астаналық шенеуніктер құпиясы елге жария болмауы үшін көңіл көтеретін қыздарды арнайы Украинадан алдырады екен. Олар украиналық қыздарды өзгелерге қарағанда анағұрлым таза әрі әдемі санайды екен.

«Бір ретте бізді бір аптаға жұмыстан босатты. Сөйтсек, ірі шенділер славян қыздарымен көңіл көтергісі келіп, Украинадан төрт қыз алдырған екен. Бір аптаға. Олардың әрқайсысы 10 мың доллардан алып кетті", - дейді ол.

Бір ауысымда Даяна 10 адамға қызмет көрсетіп үлгереді екен.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, қыздарды, Даяна, берді, бойжеткен, айтып, қызмет, жасында, тұрмысқа, украиналық, Астаналық, салынып, жасаған, жеңіл, жүріске, кеткенін, шенділер, қашып, басылымына, Алайда, қыздарды, Даяна, берді, бойжеткен, айтып, қызмет, жасында, тұрмысқа, украиналық, Астаналық, салынып, жасаған, жеңіл, жүріске, кеткенін, шенділер, қашып, басылымына, Алайда, БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады, БАҚ: Астаналық шенеуніктер төсек қатынасы үшін Украинадан қыздар шақырады