“Қазақфильмді” басқаруға ресейлік маманның келуі желіде қызу пікірталас тудырды » ZHARAR © 2016 | жекеменшікке, Қазақфильм, қазақ, Бажин, киностудияның, Алайда, киностудияны, халықаралық, Шәкен, Айманов, Владимир, киностудия, фильмдер, сапасынан, мүмкін, болған, киносының, атындағы, басым, үкімет




  • »

“Қазақфильмді” басқаруға ресейлік маманның келуі желіде қызу пікірталас тудырды

“Қазақфильмді” басқаруға ресейлік маманның келуі желіде қызу пікірталас тудырды казакша “Қазақфильмді” басқаруға ресейлік маманның келуі желіде қызу пікірталас тудырды на казахском языке

Бұған дейін үкімет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жекеменшікке сататынын мәлімдеген болатын. Алайда, қазақ киносының қара шаңғырағы саналатын киностудияны сатып алуға әзірге ешкім ниет танытып жатқан жоқ.

Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Әйтсе де, кез келген уақытта Шәкен Айманов атын иемденген «Қазақфильм» киностудиясы сатылып кетуі мүмкін. Бұл аз десеңіз, жуырда киностудияның атқарушы директоры болып ресейлік маман тағайындалды деп жазады sn.kz.

Бүгінде «Қазақфильмнің» жекеменшікке сатылуы мен оның басшылығына Владимир Бажинның келуі қызу талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігі қазақ киносының қара шаңырағы болған киностудияның болашағына алаңдаулы. Өйткені, киностудия жекеменшікке өткеннен кейін тарихи туындылар түсіру мүлде ұмыт қалады. Бұл журналист әрі киносыншы Әсия Бақдәулетқызының пікірі.

“Үкімет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жекеменшікке беруді көздеп отыр. Демек, бұл арада біздің көзқарасымыз ештеңе шешпейді. Менің ойымша, аталған киностудияның қандай жағдайда жекеменшікке өтетіндігіне мән берген жөн сияқты. Мәселен, біз бұған дейін «Қазақфильм» ұлттық фильмдерді көптеп түсіру керек» деп талап қойып келдік. Оның үстіне, киностудия үкіметтің қарамағында болған кезде киностудияны салыстырмалы түрде ұлтқа жаны ашитын азаматтар басқарды. Соған қарамастан, кино сценарилердің басым бөлігі орыс тілінде жазылып, фильмдер орыс тілінде шықты. Сондықтан да, «Қазақфильмде» түсірілген кионолар халықтық деңгейде түсірілді деп айта алмаймыз”, – дейді Әсия Бағдәулетқызы.

“Шынында да, киностудия жекеменшікке өткеннен кейін «Қазақфильмннен» «Жау жүрек мың бала», Біржан сал», «Құнанбай», «Аманат» сынды фильмдер көре алмауымыз мүмкін. Алайда, көрерменнің жағдайына алаңдап, бас қатырып отырған үкімет жоқ. Бас қатырмағаны болар, Мәдениет және спорт министрлігі жуырда ресейлік маманды «Қазақфильм» АҚ атқарушы директоры етіп тағайындады. Вице-министр Ғалым Ахмедьяровтың айтуынша, министрлік Бажинды киностудияны жетілдіріп, халықаралық тәжірибеден тәлім алу үшін шақырған. Сондай-ақ, ол Бажин арқылы «Қазақфильмді» халықаралық деңгейге көтеріп, фильмдері халықаралық прокатқа шығаруды мақсат етіп отырғанын айтты”, – деп жазады сайт тілшісі.

Осы ретте, Мәдениет және спорт министрлігі қызығып, киностудияның басшылығына шақыратындай Владимир Бажин кім?

Мәліметтерге сүйенсек, ол Ресей кинематографистер одағының және Петербор кинематографистер одағының басқарма мүшесі. Сонымен қатар, Владимир Бажин «На краю», «Русские», «Мәскеу-Берлин», «После Византии» сынды фильмдерге продюсер болған. Байқағандай, Владимир Бажин орыстың рухын көтеретін фильмдерді шығаруға ықпал еткен көрінеді. Демек, оның қазақ тарихына селқос қарап, тіпті қарсы болуы әбден мүмкін.

“Қазіргі таңда «Қазақфильм» шығарған кинолардан сапасынан нашар фильмдер халықаралық деңгейде көрсетіліп жүр. Халықаралық нарыққа шығу үшін бізге киноның сапасынан бұрын маркетинг мәселесіне көп көңіл бөлген жөн. Нақтырақ айтсам, өзің шығарған өнімді жақсы жарнамалап, сата білу керек. Нашар түсірілген киноға жақсы жарнама жасасаң, одан қомақты табыс түсіруге болады. Өйткені, қазір жарнама киноның сапасынан да маңызды болып кетті. Осы тұрғыдан алғанда, бізге білікті мамандарды тарту қажет те шығар. Алайда, өз басым «Қазақфильмнің» саясатын жүргізуді шет елден келген маманға бере салуға үзілді-кесілді қарсымын”, – дейді Әсия Бағдәулетқызы.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 333
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .