Джим Керри қазақстандық фильмге түседі » ZHARAR © 2016 | Джим Керри, қазақстандық фильмге түседі, Джим Керри қазақстандық фильмге түседі казакша жаналык , свежие новости на казахском Джим Керри қазақстандық фильмге түседі




  • »

Джим Керри қазақстандық фильмге түседі

Қазақстандық режиссерлер Әйгерім Ереханова мен Кәмила Лұқпанова өздерінің жаңа фильмдеріне Джим Керри, Гэрри Олдмэн және Эдвар Нортонға түсуге ұсыныс білдірмекші деп жазады Экспресс-К.

Олар Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосқылары келетінін алға тартты. Кинематография мамандары оқу бітіргесін Алматыда "Жаралы жүректердің баспанасы" атты театр құрған болатын. Кәмила Франциядағы Поля Верлен атындағы университеттің түлегі болса, Әйгерім жоғары білімді АҚШ-тың Огайо штатынан алып келгенін айта кеткеніміз жөн.

Былтырғы жылы жас режиссер "Софиядан" атты туындыларын жарыққа шығарды. Кейіннен кинотеатрлардан көрсетілген фильмге голливудтықтар да "құда түскен" екен. "A, B, C, D…men" деп аталатын жаңа кино Астанада түсіріледі деп жоспарлануда. Идея авторларының комикс жанрындағы туындыны көрген адамның Қазақстанға деген қызығушылығы оянатынына сенімі мол.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 746
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .