Қазақстандық компания бағасы $14 мың тұратын конфет шығарды (видео) » ZHARAR © 2016 | Limited, ұсынды, конфет, хабарлайды, Шоколадтың, Алматыда, қорап, Қазақпарат, қымбат, қазақстандық, 14000, компаниясы, доллар, тұратын, Алтынмен, көмкерілген, еткен, қораптың, жоғары, Мэрилин




  • »

Қазақстандық компания бағасы $14 мың тұратын конфет шығарды (видео)

Қазақстандық компания бағасы $14 мың тұратын конфет шығарды (видео) казакша Қазақстандық компания бағасы $14 мың тұратын конфет шығарды (видео) на казахском языке

Алматыда қазақстандық The Ross Limited компаниясы 14000 доллар тұратын қымбат бір қорап конфет ұсынды деп хабарлайды Қазақпарат.



Шоколадтың әр тілімі таза жанартаулық шыныдан жасалған алты бұрышты қорапшаға салынған. Коллекцияда түрлі геометриялық пішімдегі 6 тілім бар. 585 сынама алтынмен безендірілген.

Оның 4 қыры отты, 8 қыры ауаны, текшесі – жерді, 20 қыры суды және дөңгелек – бос кеңістікті білдіреді.

Шоколадтың мың данасы шығарылғаны хабарланып отыр.

Кондитерлердің бұл конфетті шығаруына Вивьен Ли, Мэрилин Монро және Одри Хепберн жұлдыздары әсер еткен.

Алтынмен көмкерілген қораптың жоғары сапасы нарықтық құнын 14 000 долларға дейін көтеріп жіберді.

The Ross Limited компаниясының негізін қалаушы – 23 жастағы Әділхан Сартаев.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 297
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .