Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?

Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?

"Шоу-бизнестің заңы қатал. Толысып, артық салмақ қосқан жұлдыздарға жол жоқ". Мұны тіпті әнші қыздар ғана емес, жігіттер де растайды. Өнер үшін жан пида дейтін жұлдыздар сахнаға сәні мен сымбаты келіскен болып шығу үшін қандай қадамдарға барады? Бұл сұраққа жауапты 31 арна іздеді.

Жұлдыздар "Салмақханадағы" сияқты бірнеше килограммға арықтай ала ма? Барған жерлерінде қадірлеп алдарына кең дастархан жайып, табақ - табақ ет тартатын өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі? Қандай тағамдардан мүлдем бас тартқан?

Зарина Омарова
Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?

Әнші Зарина Омарова жеті айдың ішінде бақандай 24 келі салмақ тастаған. Бала бағып бірнеше жыл бойы үйде отырған әнші 80 келіге дейін толған. Алайда, Зарина армандаған дене бітіміне оңайшылықпен қол жеткізбепті.



Әнші толықтығының кесірінен ешқай жерден шақырту ала алмаған. Жұлдыздар шоғырланған концертке шығып, тойда сұранысқа ие болу әнші үшін, тіпті мұңға айналған.

Өнерсіз өмірін елестете алмайтынын түсінген Зарина бала-шағасын бір жаққа ысырып қойып, арықтаудың жолдарын іздейді. Сөйтіп, арнайы диетолог мамандардан кеңес алып, жаттығу залынан сағаттап шықпауды әдетке айналдырады.

Әділ Сламхан


Әншілердің барлығы дерлік өздерінің салмақтарын күнделікті өлшеп, үнемі тамақтан тәбеттерін тыйып жүреді. Әнші Әділ Сламхан соңғы уақытта толып кеткенін жасыру үшін үнемі қара немесе көк түсті костюмдерді жиі сатып алатын болған.

Аша Матай


Ал керісінше, әнші Аша Матай болса, бүгінгі дене бітіміне аса риза. Тәбетіне тоқтау жоқ екен.

Кенжебек Жанәбілов


МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов семіздікке бейім әншілердің бірі. Мөлшерден тыс тамақ тұтынса болғаны, ең бірінші қарнына артық салмақ жинап алады. Сондықтан бүгінде арнайы диета ұстайды.

"Кеш батқан кезде әдет емес пе, адамның тамаққа деген тәбеті ашылады, сол кезде сақтасам болды диетаны", - дейді Кежебек.

Абай Әбіш


Әнші Абай Әбіш те тамақты талғап ішсе де толықтығымен қош айтыса алмай жүр екен. Бүгінде ол махаббат тақырыбында клип түсіріп жатыр.

Жаттықтырушы Ақбар Жармағанбетовті шоу-бизнес өкілдері өздері іздеп келеді екен. Әйгерім Қалаубаева, Ерке Есмахан мен Баян Есентаева дұрыс жаттығып қана қоймай, артық салмақтан арылтудың жолдарын үйренетін көрінеді. Дегенмен, әні мен сәні жарасқан жұлдыздарды патша көңілді көрермен кез-келген жағдайда тыңдай беретіні анық.

Дереккөз, фото: youtube, КОМОД

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі