Отандық ең қалталы өнер иелері кімдер (видео) » ZHARAR © 2017 | түскен, доллар, иелерінің, жылдық, Сөйтіп, Есентаева, әншілердің, Кешью, бірдей, МузАРТтың, долларды, алған, Журналдардың, табысты, тойдан, дискі, есепке, Әншілердің, концерттен, табыстарын




  • »

Отандық ең қалталы өнер иелері кімдер (видео)

Отандық ең қалталы өнер иелері кімдер (видео) казакша Отандық ең қалталы өнер иелері кімдер (видео) на казахском языке

Журналдардың бірі отандық ең қалталы өнер иелерінің тізімін жариялады. Әншілердің концерттен, сатылған дискі мен тойдан түскен табыстарын есепке алған.



Жылқы жылында еңбекқор әнші Қайрат Нұртастың жолы болды. Сөйтіп, ол қазақ шоу - бизнесінің ең табысты әншілердің көшін бастап тұр. Табанынан тілініп еңбек еткен жұлдыз бір жылда 2 млн 50 мың долларды қалтасына басқан.

Күздің басында әнші "Еркелеп елге ән арнай" атты концертін 3D форматта ұйымдастырды. Билетінің құны 10 мың теңгеден асады. Оған қоса Астанада "Ол сен емес" атты кешін өткізді. Екі бірдей шоу концертіне билеттер бірнеше апта бұрын сатылып отырған. Халықтың қазынасы тойыңызға шақырсаңыз, 7 мың доллар сұрайды. Бұдан бөлек, 9 әнжинақ, киім сататын бутигінен де пайда түскен бұл әулетке.

Менеджменттің қыр-сырын жақсы меңгерген 26 жасар әнші жақын арада жеке әуе жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.

Қалталы өнер иелерінің екінші сатысына танымал продюсер Баян Есентаева жайғасқан. Оның жылдық кірісі 850 мың долларды құрайды. Продюсер тек бір ғана "Кешью" тобынан жылына 500 мың доллар табыс табады екен.

Биыл ол екі бірдей фильм түсірумен қаржысын еселеді. Бірі "Абайла, сиыр!" атты комедиялық туынды болса, екіншісі он екі сериялы телехикая. Оған қоса, Баян "Кешью" тобын аздық етті ме, кім білсін, жақында тағы бір қыздардан құралған "Лашын" атты топ құрды. Сөйтіп, Есентаева болашаққа үлкен жоспар жасап отыр.

Елдің сүйіктісі МузАРТтың үш нояны биыл табысты әншілердің қатарына енбей қалыпты. МузАРТтың өткен жылғы табысы бар болғаны 1 млн доллар еді. 13 жылдық тарихы бар ұжымның басты пайдалы кәсібі - дыбыс жазатын студиялары.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 8 863
Жаңалық айдары: Мәдениет және шоу бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .