Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді » ZHARAR © 2016 | Аршавин, туралы, Алматының, Қайратында, бөлісті, орысша, Қазақстанда, пікірлерімен, Мұнда, футболшы, Қазақстан, жүрген, көрсетіп, Андрей, ресейлік, қалай, ұнайды, тамаша, ойнауға, Достарым




  • »

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді казакша Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді на казахском языке

Алматының "Қайратында" өнер көрсетіп жүрген ресейлік Андрей Аршавин Қазақстан туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Бұл туралы "Спорт день за днем" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Аршавин Қазақстанда жүріп, қазы жегенді ұнатып қалғанын айтады.

"Мен жылқы етін бұрыннан да жейтінмін. Сондықтан қазы ұнады. Ал бешбармақ соншалықты ұнай қойған жоқ. Өзбекстанға жақын орналасса да, Қазақстаннан әлі дәмді палау жеген жоқпын", - дейді Аршавин.

Сонымен қатар, футболшы Швейцариялық клубтардың бірінде ойнауға қалай қарайсыз деген сұраққа да жауап берді.

"Маған Алматы ұнайды. Мұнда бәрі тамаша. Достарым да көп. Шынымды айтсам, орысша сөйлемейтін елдерге барғым келмейді. Ал Қазақстанда бұл тұрғыдан қиындық жоқ. Мұнда бәрі орысша сөйлейді. Тура Ресей сияқты", - деді футболшы.

Бүгінде Алматының "Қайратында" ойнайтын Аршавин 8 гол соғып үлгерді.

ФОТО: РИА НОВОСТИ


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 348
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .