Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Қыз кәде | Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Қыз кәде Қазақ Ұлттық ойындары жинағы, Қазақ Ұлттық ойыны, Қазақ Ұлттық ойындары, Ұлттық ойындары жинағы




  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Қыз кәде

Қыз кәде — ұлттық ойын. Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар “қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ” деп жол-жора жасаттырады. Екі жақ әзіл-қалжың қағыстырып, өнер жарысына түседі. Кейбір аймақтарда ұзатылғалы отырған қызды үйден кілемге салып көтеріп алып шығып, дәл аттанар сәтте ойынды бастайтын болған. Ал Қазақстанның шығыс, орталық өңірлерінде Қыз кәде қызды аттандырудан бір күн бұрын өткізілген.

Санат: KZ портал » Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы | | 3 971
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .