Экономика | ҚР дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары

 Экономика | ҚР дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары

Мазмұны

Кіріспе

І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері

ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары

ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет көздері


І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
1723ж : Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам" пайда болған;
1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:
• жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
• бизнес-жоспарды құру;
• қажетті ресурстарды іздеу;
• құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде , барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатнасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
• нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
• тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
• төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
• бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
• маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
• табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.
1.2. Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.

Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке – жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды – техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.
Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда – айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.
Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.
Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;
Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.
Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.
Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.
Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

ҚР-ғы кәсіпкерліктің классификациясы

Жалпы кәсіпкерлік


Көлемі: Меншік түрі: Территория:
- шағын - жеке - жергілікті
- орта - мемлекеттік - аймақтық
- ірі - шетелдік - респ.-лық
- аралас - хал.аралық


Салалық бағыты Қызмет түрі:
- өнеркәсіптік - өндірістік
- аграрлық - коммерциялық
- құрылыстық (ойын бизнестерінен
- саудалық және шоу
- көліктік басқалары)
- инфрақұры- - қаржылық
лымдық кеңесті
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау

Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?