Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................
I Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары............................
1.2 Кәсіпкерлік қызметінің субъектілерінің ішкі экономикалық қатынасы.............................................................................................................
II Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму кезеңдері..............................................................................................................
2.1 Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастырудың объективті
қажеттілігі.................................................................................................
2.2 Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында қалыптасу
кезеңдері...................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................


I Кәсіпкерліктің мәні, формалары мен бағыттары

1.2 Кәсіпкерлік қызметінің субъектілерінің ішкі экономикалық қатынасы

Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер. «Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.Смит, Ж.Б.Сэй, В.Зомбарт, Й.Шумпетер тағы басқалары біршама үлес қасты. Сондай–ақ П.Друкер, Дж.М.Кейнс, Т.Питерс, П.Самуэлсон, Д.Эванс, Ф.Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зертеленген.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті үш аспектіде қарастырады: экономикалық категория ретінде; экономикалық ойлау типі ретінде; шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде.
Экономикалық категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады. Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта бизнес өкілдері т.б.) қызметі, сондай–ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін пайдалану арқылы қалыптасады.
Ал, кәсіпкерлік қызметінің субъектілері дегеніміз – заңмен сәйкес тіркелген және қызмет көрсету немесе жұмыс атқару, тауар сату, мүлікті қолданудан жүйелі пайда табуға бағытталған жеке іс–әрікетті өз тәуекеліне бел–байлап жүзеге асыратын азаматтық құқық субъектілерін айтамыз. Сонымен қатар, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады.
Жеке тұлғалар жеке кәсіпкерлік іс–әрікетті заңдастыру арқылы кәсіпкерлікпен шұғылдана алады. Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болғандықтан, оған мысал: үй шаруашылығы, өзінің бір ісімен айналысатын кәсіпкерлер және т.б.
Әрбір заңды тұлғаларда өздерінің заңды құқықтық базалары бар. Мемлекеттік кәсіпорындар үшін «мемлекеттік кәсіпорындар» заңы, акционерлік қоғамдарға «акционерлік қоғамдар» туралы заңдар табылады. Осыдан келіп серіктестіктер, кооперативтер, фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып табылады.
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің тізбегіне:
• белсенділік іс-қимылын толығымен өзінің экономикалық және заң алдында жауапкершілігіне толық бағындыра алатын адамдар, яғни кәсіпкерлер;
• кәсіпкерлердің ұжымы және кәсіпкерлік бірлестіктері;
• кәсіпкерлер өндірген өнімді тұтынатын жеке не ұжымдық тұтынушылардың одақтары, не бірлестіктері;
• тікелей келісімге қатыстары бар мемлекеттік құрылымдар, кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік тапсырманы беруші, бағаны реттеуші, мемлекеттік арнайы тапсырмасы арқылы жұмыс атқару кезеңінде кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктердің бағытын белгілеу жатады. Мемлекеттік құрылым органы кәсіпкерліктің заңды барлық іс-әрікеттеріне кепілдік көрсете алады.
Аты аталған субъектілердің бірнеше категориясына өзара іскерлік қатынастар арқылы, жұмыс қатынастары арқылы жұмыс жүргізетін кәсіпкерлер жатады.
Кәсіпкерлер – негізгі қызметтің субъектісі, экономикалық процестің орталық бейнесі. Ол қоғамдағы керекті тауарлар мен қызмет үшін, одан пайда табу үшін, кәсіпорындарды ұйымдастырады. Бұл процес кәсіпкерлерден және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің іскерлік байланыс жасау арқылы іске асады.
Фирма – бұл осы кәсіпорындардағы шаруашылық қызметтерді жүргізетін және иемденетін ұйым. Жеке фирма өзіне бір немесе бірнеше кәсіпорындарды кіргезе алады, ал фирмалар көп кәсіпорындарды қосады, олар «тік», «көлбеу» немесе кангломерат бірлестіктері түрінде бола алады.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің арасындағы жаңа комбинацияларды орындауда, белгілі экономикалық жүйелер теориялық бағытта бекітілуі керек. Субъектілердің ішкі қатынасы олардың сыртқы ортамен, яғни сыртқы әлемнің әсер етуіне байланысты сынақтан өтеді. Адамдар қоғамдарының әлеуметтік жағдайы, өндірістік жағдайы, өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары үнемі айналымдағы өзгерістерді зерттейді (өткізу нарығы, бәсекелердің тәртібі, баға динамикасы, жеткізушілер мен серіктестердің сенімділігін) және өздернің ұйымдарының басқару жүйесін жетілдіреді. Осыдан біз мынандай тұжырымдарға тоқталамыз. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің ішкі қатынасы неғұрлым өзгеріп отыруы мүмкін және әртүрлі өзгермелі факторларды сипаттайды: ұйымдардың қызметтерінің мақсаты мүмкін немесе оның әртүрлі жеке бөлімдерінің құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни бұл жағдайда ұйымның құрылымын бір мақсатта, не бір бағытта өзгертуге тұра келеді. Осы мәселеден жаңа мақсаттардың туындауына байланысты, жаңа тапсырмаларды немесе технологияларды өзгертуге алып келеді. Кез келген басқару моделінің басты қайнар көзі болып адамдар табылады және олардың өндіріс процесіндегі қарым-қатынас.
Субъектілердің ішкі қатынастарының ішіндегі негізгі ерекше орынды кәсіпорынның ұйымдық мәдениеті иеленеді. Ұйымдық мәдениет, тәртіп тек қана адамдар арасындағы қатынасты анықтап қоймайды, сыртқы орта мен сыртқы қатынастардың белгілі түрін анықтауға мүмкіндік береді. Сауда фирмаларының арасындағы ішкі микроклимат тыныштықта қалыптасса, онда сатып алушылардың араларында ешқандай кері әсерлер туындамайды. Бәсекелестік күресте қол жетпейтін әдістерді қолданбауға тырысады.
Жоғарыда айтқандай кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің ішкі қатынастарын жекелеп көрсетейік.
Кәсіпкер ғана кәсіпкершілік шешетін қызметтер кешенін жүзеге асыра алады. Негізгі орындайтын қызметтері:
• инициативті тәуекелділік және шешім қабылдау;
• шығармашылық жаңа идеялар қабылдау және орындау;
• ресурстарды, материалдарды, еңбек, қаржы ресурстарын мобильдеу;
• ұйымдастырушылық көп пропорцияда ресурстарды қосу және ұтымды пайдалану;
• жаңашылдық өнімді, технологияны, өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға, жаңартуға қабілеттендіру;
• қоғамдық-экономикалық игіліктегі халықтың сұранысын зерттеу оны қанағаттандыру;
Кәсіпкерлер өздерінің қызмет ету процесінде іскерлік қатынастарға түседі және нарық экономикасындағы басқа субъектілермен байланысқа түседі. Қазіргі кәсіпкерлік нарық экономикасы дамыған елдердн айырмашылығы бұрынғы жүз жылдықта негізін салғандардың үлгісі бойынша. Қазіргі кәсіпкерлер сағатын үштен екісін адамдармен жұмысқа және бақылауға, мамандарды оқытуға, жаңа жағдайлардың туындауына байланысты кәсіпорындарды қайта ұйымдастыруға кетеді. Сондықтан кәсіпкер өзінің дайындығында белсенді әдістерді, іскерлі рйындарды компьютердің көмегімен, жаңа үлгілерді қорғау және өңдеуді ескергені жөн.
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, жекелеген жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлстіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайда, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұра серігі –тәуекелділік, қауып-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткені тәуекелділік, жүргізілген болжам мен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму, курстык Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жу, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін