Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қазақстан Республикасының географиялық орны және табиғат жағдайы
Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан, ол солтүстік ендіктің 40°-55°, шығыс бойлықтың 45°-87° аралығындағы аумақты алып жатыр. Батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке 1750 шақырымға созылып жатыр. Қазақстан аумағы қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктерін, ал оның қиыр оңтүстігі субтропикалық белдеудің солтүстік алабын қамтиды.
Оның жер көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан жер шарының 2 пайыз, Азия аймағының 6,1 пайыз, ТМД-ның 12 пайыз жер көлемін алып жатыр.
Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы 13034 шақырым, оның 11304 шақырымы құрлықтық, ал 1730 шақырымы теңіздік шекара. Қазақстан батыс, солтүстік батыс және солтүстігінде Ресей Федерациясымен (шекарасының ұзындығы 6467 шақырым), оңтүстік және оңтүстік Азия елдерімен – Өзбекстан (2300 шақырым), Қырғызстан (980 шақырым), Түркіменстан (380 шақырым), ал оңтүстік-шығысы мен шығысында Қытаймен (1460 шақырым) шектеседі [1].
Қазақстанның Еуразия материгіндегі орналасуы ірі жол тораптарының тоғысуымен ерекшеленеді. Ерте кезден-ақ біздің еліміз арқылы Еуропа мен Азияны қосатын жолдар болған. Оны тарихта Үлы Жібек жолы деп атаған [2].
Саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларда мұхитқа тікелей шығатын жолы жоқ елдер арасында өзара тиімді сауда қатынасын құрлық арқылы жүргізу қажеттілігі туады [3].
Қазақстан аумағы арқылы төрт құрлықтық – Трансазиялық (Қытай – Ресей – Еуропа), Еуроазиялық (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Ортаазиялық және Батыс темір жолы мен автомобиль жолдары тартылған. Бұл жолдар арқылы транзиттік жүк тасымалдаудың халықаралық бағыттары өтеді.
Еліміздің шаруашылық салаларының дамуына, орналасуына және олардың мамандану бағытына республиканың физикалық-географиялық орнының әсері зор. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан өте қолайлы жерде орналасқан (1-кесте).
Кесте №1. Қазақстан Республикасына географиялық сипаттама
Астанасы Астана
Республика аумағы (мың шаршы шақырым) 2724,9
Халық тығыздығы (1 шаршы шақырымға) 5,5 адам
Халық саны (2009 жылғы халық санағы бойынша) 16,2 млн
Республика шекарасының ұзындығы (шақырым) 13034
Оның ішінде:
Ресеймен 6467
Өзбекстанмен 2300
Түркіменстанмен 380
Қырғызстанмен 980
Қытаймен 1460
теңізбен шекарасы 1730
Ең ірі көлдері (шақырым)
Каспий теңізі 374
Арал теңізі 46,64
Балқаш 18,2
Ең ұзын өзендері
Ертіс 4248
Республика аумағындағы ұзындығы 1700
Есіл 2450
Республика аумағындағы ұзындығы 1400
Орал 2428
Республика аумағындагы ұзындығы 1082
Сырдария 2219
Республика аумағындағы ұзындығы 11100
Ең ірі облыс (мың шаршы шақырым)
Қарағанды обылысы 428
Ең ірі қаласы Алматы
Халқы 129,3 мың
Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынандай артықшылықтары бар:
1. Тарихи – экономикалық дамыған елдермен шектесуі (Ресей, Қытай, Орта Азия елдері).
2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.
3. Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келуі.
Табиғат жағдайлары – күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлықтары – пайдалы қазбалар, су, өсімдік және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді. Адамдар белгілі бір табиғат байлықтарының басым болуына қарай ежелден шаруашылықтың түрлі салаларын, айталық, өнеркәсіпті, егіншілікті, мал шаруашылығын, балық аулауды немесе орман шаруашылығын дамытып келеді. Мұнда табиғат жағдайлары өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында тікелей пайдаланылады да, еңбек обьектісі қызметін атқарады. Табиғат жағдайлары қолайлы жөне қолайсыз, ал табиғат байлықтары – мол және тапшы, біркелкі және әркелкі болуы мүмкін. Әлбетте, табиғи орта неғұрлым алуан түрлі әрі мол болса, экономиканы дамытуға қажетті жағдайлар да соғүрлым қолайлы болады (1-сурет). Қазақстанның табиғи ортасы – табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары экономиканы дамыту тұрғысынан алғанда айрықша бай, ірі, алуан түрлі. Республикада бағалы пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің кең алқабы, ұлан - байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар. Оның үстіне мұндай табиғат байлықтары көбіне бірге ұшырасып, көп салалы және ірі халық шаруашылығын дамыту үшін табиғи негіз құрайды. Алайда Қазақстанның өзіне тән қатаң, шұғыл континентті табиғат жағдайлары – климатының құрғақтығы және зор кеңістіктегі тұщы су тапшылығы бірқатар жағдайларда белгілі бір табиғат байлықтарын игеруді қиындатады. Бірақ, қалай болғанда да жер мен оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтар мұнда тек Қазақстан Республикасының меншігі болып саналады да, оның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрайды.
Сурет №1. Табиғи орта құрамы
Қазақстан жер бетінің 9/10 - дай бөлігін жазық, 1/10 - ге жуық бөлігін таулар алып жатыр. Жауын-шашынның басым бөлігі жылдың жылы маусымында түсетін Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы ойпаттар мен жазықтар және суару каналдары салынған оңтүстіктегі тау бөктерлері, егіншілікке пайдаланылады. Атмосфералық жауын-шашын аз түсетін республиканың орталығы мен оңтүстік батысындағы жазықтардың көп бөлігі негізінен алғанда жайылым ретінде пайдаланылады. Биік таулы Тянь-Шань мен Алтайдың орасан зор мұздықтары мен мәңгі қары егістерді суару және арзан электр энергиясын өндіру көзі болып табылады, ал бетін бай әрі шырынды шөптесін өсімдіктер басқан тау беткейлері мен тауаралық аңғарлар керемет жазғы жайылым-жайлау болып саналады [4].
Қазақстан қойнауының басты байлығы: мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец кендері, хромит секілді түсті және қара металдар.
Республикада тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай мен газ, фосфорит, ас түзы және асбест те көп (2-кесте).
Кесте №2. Республикадағы мұнай және газ өндірудің көлемі
Отын түрлері 2002 2004 2006 2008
1. Мұнай өндіру (газ конденсатын қосып есептегенде млн. тонна) 25,8 20,3 25,8 27,0
2. Табиғи газ өндіру (млрд текше метр) 7,2 4,5 8,2 8,0
Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанның мұндай қазба байлықтарының өте маңызды ерекшелігі – олар көбіне жер бетіне жақын орналасқан, сондықтан карьерлерде ашық әдіспен арзан өндіріледі. Сонымен қатар олар бірқатар жағдайларда кешенді пайдалануға қолайлы орналасқан. Мысалы, Орталық Қазақстанда түсті және қара металдар кендері, кокстелінетін тас көмір, әктастар мен отқа төзімді саз балшықтар бір-біріне айтарлықтай жақын орналасқан. Пайдалы қазбалардың бұлайша ұштаса орналасуы мұнда түсті және қара металлургияны және олармен байланысы бар химия өнеркәсібі мен машина жасауды дамытуға өте қолайлы болып келеді (3-кесте).
Кенді Алтай, Қаратау таулары, Мұғалжар, Торғай аңғары мен Маңғыстау түбегі де пайдалы қазбаларға бай [4].
Кесте №3. ТМД елдері бойынша қазбалар қоры және өндірудегі
Қазақстанның үлесі
Минералдың аты Қоры Өндіру
пайыз ТМД-ғы
орны пайыз ТМД-ғы орны
Темір 35 3 8 3
Марганец 14 2 2 3
Хром 99 1 100 1
Мыс 28 2 30 2
Қорғасын 38 1 64 1
Мырыш35 2 56 1
Боксит 22 2 36 2
Вольфрам 54 1 4 3
Қалайы 2 3 2 2
Көмір 12 3 19 3
Молибден 29 2 5 4
Фосфорит 65 1 65 1
Шикі мұнай 8 2 4 2
Қазақстанның табиғат жағдайлары айтарлықтай қатаң болғанымен, ауыл шаруашылығын дамыту үшін барынша қолайлы. Барлық жерде қоңыржай белдеуде таралған дәнді дақылдарды, ал оңтүстікте – мақта, қант қызылшасы, күріш, сары темекі секілді жылу сүйетін дақылдарды өсіруге болады. Алайда атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуінен Республика территориясының көп бөлігінде егіншілікті солтүстікте, солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста ғана өсіруге болады, ол Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында – қолдан суармайынша егіншілікті дамыту мүмкін емес, онда суару үшін мұздықтар мен мәңгі қардан су алатын тау өзендері пайдаланылады [5].
Қазақстанның шағын бөлігінің өзендері суармалы егіншілік үшін аз пайдаланылады, өйткені олар қар еритін көктем маусымында ғана мол сулы болып келеді. Олар, негізінен алғанда, пішендіктер мен жайылымдарды көлтабандап суару үшін пайдаланылады. Олардың кейбіреулерінде – Нұрада, Есілде, Тобылда, Ембіде – бөгендер салынып, маңайындағы қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етеді.
Республика ғалымдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының мамандарымен бірге Ертіс мыс балқыту зауытынан шығарылатын қалдықтардан металдарды бөліп алудың жаңа технологиясын жасап шығарды. Мұндай қалдықтардың құрамында, 30 пайызға дейін темір, 6-8 пайыз мырыш, 1 пайыз мыс, қорғасын және басқа металдар кездеседі. Жаңа технология оларды түгелдей дерлік бөліп алуға мүмкіндік береді.
1.2 Қазақстан шаруашылығының аумақтық орналасу ұстанымдары және экономикалық аудандары
Қазақстан Республикасы – жер көлемімен, алуан түрлі табиғат байлықтарымен және көп ұлтты халқымен ерекшеленетін мемлекет. Еліміздің болашағы мен халқымыздың әл-ауқатының артуы экономикамыздың дамуымен тікелей байланысты. Белгілі бір бағытта қоғамның сұранысын өтейтін кәсіпорындар мен мекемелер шаруашылық салаларына бірігеді. Мысалы, өнім шығаратын заводтар мен фабрикалар өнеркәсіпке, медициналық мекемелер денсаулық сақтауға, оқу орындары білім беруге бірігеді. Кәсіпорындар, бірлестіктер және мекемелер мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді.
Ал шаруашылық өндірістік және өндірістік емес салаларға топтастырылады.
Өндірістік сала өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін (электр энергиясы, машина тағы басқа), адамдардың материалдық игіліктерін (тамақ киім-кешек) жасап, тұтынушыға жеткізуді (көлік, байланыс) қамтамасыз етеді. Бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, коммуникация, құрылыс, сауда және қоғамдық тамақтандыру салалары жатады.
Өндірістік емес сала адамдардың тұрмыстық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз етеді. Бұл салаға білім беру, мәдениет, өнер, ғылым, дене тәрбиесі, демалыс мекемелері, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй шаруашылығы жатады (2-сурет).
Өндірістік салалар. Өнеркәсіп – республика шаруашылығының жетекші саласы. Өнеркәсіптің өркендеуі шаруашылықтың барлық саласындағы техникалық прогресті және еліміздің қорғаныс қуатын арттырады.
Өнеркәсіптің салалық құрылымына келсек өндірістік және өндірістік емес екі салаға бөлінеді. Бұл салалардың әрқайсысы өз кезегінде қызметі мен алатын орнына қарай бірнеше топқа жіктеледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан өнеркөсіп өнімінің көлемі жөнінен ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Еліміздің өнеркәсібіне тән ерекшелік жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуі. Өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін сала ауыр өнеркәсіп, ал халықтың тұтыну заттарын өндіретін сала жеңіл және тамақ өнеркәсібі болып екіге бөлінеді.
Еліміздің экономикалық қуатының негізі, халықтың әл-ауқатының өсу көзі болып табылатын ауыр өнеркәсіпке: электр энергетикасы, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары жатады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін аяқ киім, тоқыма, тігін, былғары және ет, қант, балық, арақ - шарап шығаратын өнеркәсіп түрлері құрайды.
Республикада шығарылатын бүкіл өнімнің 50 пайызын өнеркәсіп өнімдері береді. Еліміздің өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алып, оған бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70 пайызы келеді (3-сурет).
Сурет №2. Қазақстан шаруашылығының сапалық құрылымы
Сурет №3. Өндірісті ұйымдастыру формалары
Қазақстанның өндіруші өнеркәсіп өнімінде шикізат, отын және жартылай фабрикат басым.
Сондықтан, өнеркәсіпті өз еліміздің өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өндеуші өнеркәсіп салаларын дамыту саясатына зор көңіл бөлінуде.
Нарықтық экономикаға көшуді тереңдетуде өндіруші өнеркәсіппен қатар өндеуші өнеркәсіп салаларын кеңінен дамыту қажет. Сондықтан шетелдік инвестицияларды тартып, жаңа технологияны кеңінен өнеркәсіпке енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
ТМД елдері кәсіпорындары арасында өндірістік байланыстарды қалыпқа келтіру еліміздің өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.
ҒТР дәуірінде өнеркәсіпті дамытуда шоғырландыру және құрамдастыру, мамандандыру және кооперативтендіру сияқты өндірісті ұйымдастырудың формаларына зор көңіл бөлінеді. Бұлар өнеркәсіптің барлық салаларын интенсивті даму жолына түсіруге көмектеседі.
Экономикалық аудандастыру елдің, оның жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда, олардың даму келешегін анықтауда маңызды орын алады.
Экономикалық аудан дегеніміз – аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы мен кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі. Аумақтық еңбек бөлінісі – әрбір аудан өзінде өндірілетін артық өнімдерін басқа аудандарға шығарып, олардан өзіне қажет өнімдерді алу. Мысалы, Қазақстан басқа елдерге мұнай, көмір, қара және түсті металдар, астық, жүн тағы басқа өнімдер шығарып, олардан машина, құрал-жабдық, газ және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын алып отырады.
Қазақстанның түрлі аймақтарында шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары бар. XIX - XX ғасырдың басында Қазақстанның көшпелі мал шаруашылығы, солтүстік далалық алапта дәнді дақылдар, оңтүстікте суармалы және тәлімді егіншілік, бау - бақша, ал орталықта, батыс пен шығыста тау - кен өнеркәсібі дами бастады.
Кеңес үкіметі жылдарында аумақтық еңбек бөлінісінің, көлік қатынасының дами түсіп, елдің жеке бөліктерінің шаруашылық түрлеріне мамандануы байқалады. Өндіргіш күштерді ел аумағында ұтымды орналастыру: нәтижесінде бұл ішкі экономикалық-географиялық айырмашылықтар одан әрі дамып, республика ішіндегі экономикалық аудандардың пайда болуын туғызады.
Экономикалық аудандарды шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың түрлері ретінде қарау керек. Экономикалық аудандар шаруашылықтың кешенді дамуымен сипатталады.
Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөледі. Аудандастыруда экономикалық аудандар шаруашылығынын мамандануына, өндірістік кешендерінің құрылымына қарай топтастырылады.
Экономикалық-географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағы Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарына бөлінеді.
Әрбір экономикалық аудан бірнеше облыстарды біріктіріп, олардың аумағында шаруашылықтың үш тобы, яғни маманданған, қосалқы және қызмет көрсетуші салалары қалыптасты. Маманданған сала сол аудандағы шаруашылықтың жетекші өнімнің басым бөлігін беретін саласы.
Қазақстанды экономикалық аудандастыруда өндіріс пен елдің саяси-әкімшілік бөліну бірлігі экономикалық аудандастырудың алғы шарттары ретінде басшылыққа алынған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 5 әлеуметтік-экономикалық аудан құрамына кіретін 14 облыс бар. Аудандардың ішінде территориясы бойынша ең ірісі – ауданы 728,5 мың. км2 Батыс Қазақстан, одан кейін Оңтүстік Қазақстан (772,1 мың км2), Солтүстік Қазақстан (600,9 мың км2), Орталық Қазақстан (398 мың км2) және ең кішісі Шығыс Қазақстан (227 мың км2).
Адам саны ең көп аудан Оңтүстік Қазақстан – 6,5 млн. адам, одан кейін Солтүстік Қазақстан (4,4 млн.), Батыс Қазақстан (2,2 млн.), ал Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары шамамен бірдей – 1,8 және 1,7 млн. адам.
Халқы ең тығыз қоныстанған аудан – Оңтүстік Қазақстан. Бұл жерде әр шаршы км-ге 10,7 адамнан келеді. Солтүстік Қазақстан – 8,4, Шығыс Қазақстан – 7,0, Орталық Қазақстан – 5,8 және ең соңғы орында территориясы кең байтақ Батыс Қазақстан – 3,2 адам. Жалпы республикада халық тығыздығы әр шаршы км-ге 7 адам келеді.
Барлық 5 аудандар республиканың әр түрлі бөліктеріндегі жергілікті табиғи және экономикалық жағдайлардың шаруашылықтағы қолдануын және экономикалық, географиялық ерекшеліктерді көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан – суарылмалы жерлердегі интенсивті егіншіліктің басты ауданы, бұл жерде мақта, қант қызылшасы, темекі, сонымен қатар күріш және жүгері өсіріледі. Бұл аудан бау-бақша және жүзім өсіруден, сонымен қатар қой өсіруден 1 орын алады. Оңтүстік Қазақстанда полиметалл және фосфориттер өндіру дамыған, қорғасын және қорғасын-мырыш концентраттары, фосфор, суперфосфат, әртүрлі машиналар, станоктар, өндірістік құрал-жабдықтар өндіріледі. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібін өндіруден 1 орын алады.
Солтүстік Қазақстан – республиканың басты астық сарқылмас қоры және ТМД-ның бидай шаруашылығының және ет-сүт мал шаруашылығының негізгі аудандарының бірі. Ауыл шаруашылық шикізатты өндіруде де алдыңғы орын алады. Бұл жерде әсіресе ет, сүт және ұнды-жармалы өнеркәсіп дамыған. Солтүстік Қазақстан темір рудаларын өндірудің басты ауданы, олардың негізінде қара және түсті металлургия дамыған. Сонымен қатар машина жасау, көмір өнеркәсібі және электроэнергетика дамыған.
Орталық Қазақстан – республиканың және ТМД-ның ірі көмір-металлургиялық базасы. Бұл жерде түсті металлургия, металлды көп қажет ететін машина жасау және химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Тың жерлерді игергеннен кейін бидай, ет, сүт – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде рөлі айтарлықтай өсті.
Шығыс Қазақстан – түсті металлургияның және гидроэлектро энегриясының республикадағы маңызды ауданы. Ауданның экономикасындағы маңызды орынды бидай шаруашылығы, етті мал шаруашылығы және қой өсіру дамыған ауылшаруашылық алады, оның негізінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан – республикадағы жалғыз мұнай өндіретін аудан. Бұл ауданда хромит және никель кендерін өндіру, ферроқорытпаларды, мұнай жабдықтарын, минерал тыңайтқыштарын өндіру дамыған. Аудан экономикасында ауылшаруашылығы, әсіресе, мал шаруашылығы және бидай егіншілігі маңызды рөл атқарады. Бұл республиканың балық аулау және балық өңдеудің негізгі ауданы ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?