Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастары

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы – әлемдегі табиғи ресурстары мен шикізат қорына бай дамушы мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары түсті және қара металлургия, көмір, мұнай және химия өнеркәсібі, астық шаруашылығы мен етті-жүнді қой шаруашылығы. Сондықтан, Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамындағы көптеген республикалармен және өзге де алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары жақсы дамып келеді. Дүниежүзіндегі экономикалық қарым-қатынастар орнатпастан қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту үрдісіне ілесу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының қазіргі өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары – өндірісті шикізат аудандарына, отынды тұтынушыларға жақын орналастыру. Қазақстанның барлық түкпірлерінде экономикалық орталықтардың пайда болуы, кеңінен дамыған территориялық - өндірістік кешендердің қалыптасуы республикада мүлде жаңа экономикалық және әлеуметтік географияны қалыптастырудың барынша айқын көрсеткіштері болып табылады. Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан Қазақстан территориясы ежелден-ақ қызу сауда-саттық және саяси байланыстар сахнасы болып келді. Қазақстан қазіргі кезде де Еуропа, Орталық Азия және тез дамып келе жатқан Тынық мұхит аймағы арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Қытайдың шығыс теңіз порты Лянюньганнан Нидерландтың Роттердам қаласына жететін, әрі едәуір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтетін Азия аралық темір жол құрылысы Қазақстанның геосаяси және экономикалық байланыстағы маңызын тіпті де асыра түсті. Алайда республикада ашық теңізге шығатын жолдың жоқтығы, оның дүниежүзілік қатынас құралдарынан шалғай орналасуы Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатуда. Сондықтан, ол үшін дүниежүзілік қатынас құралдарына жол ашатын өзара тиімді достық байланыстарды ең алдымен Ресеймен және Қытаймен дамытудың зор маңызы бар. Қазақстан үшін шекарасы ортақ, шаруашылық байланыстары қалыптасқан, халқының тарихы және мәдени-этникалық қауымдастығы бір Орта Азия мемлекеттерімен өзара тығыз қарым-қатынас орнатудың да маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде жаңа заман талаптарына сай нарықтық экономикаға өту үрдісіне көшіп, сыртқы экономикалық қатынастарын орнату барысында туындаған көптеген мәселелер болды. Яғни, нарықтық экономиканың құрылымы мен мазмұны, оның жұмыс істеу қағидалары, сыртқы экономикалық қатынастарды орнатуда негізгі сүйенетін принциптер мен ұстанатын бағыттың ерекшелігі болып табылады. Осы мәселелерге қатысты арнайы ғылыми зерттеулерді Қазақстанның географ ғалымдары Е. Ахметов, К.Б. Ахметова, С.Е. Ердаулетов, Ш.М. Надыров, М.Ш. Ярмухамедов және т.б. жүргізген болатын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық