Информатика | Компьютерлік қылмыстың пайда болу формалары

 Информатика | Компьютерлік қылмыстың пайда болу формалары

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................................3
I. Компьютерлік қылмыcтың пайда болуы...........................................................4
1.1. Компьютерлік қылмыс туралы жалпы түсінік..................................................4
1.2. Компьютерлік қылмыстарды атқарушыларға сипаттама................................6
II. Компьтерлік қылмысты жасау тәсілдері............................................................8
2.1. Компьтерлік техника құралдарын тартып алу...................................................9
2.2. Ақпаратты ұстап алу............................................................................................9
2.3. Компьтерлі техника құралдарына санкцияланбаған қол жеткізу…………..10
2.4. Компьютерлік техника құралдарын басқару және мәліметтерді пайдалану……………………………...……………………………...…………………..12
III.Компьютерлік қылмысты алдын алу шаралары.............................................16
3.1 Компьютерлік қылмыстарды ашу және әшкерелеу тәжірибесі....................21
3.2 Компьютерлік қылмысты шешудегі туындайтын қиындықтар....................22
Қорытынды............................................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер................................................


I. Компьютерлік қылмыстың пайда болуы

Соңғы уақыттарға дейін компьютерлік қылмыс тек шетелдік капиталистік елдерде ғана болады деп есептелініп келді, компьютер әлсіз дамыған елдерде ол мүлдем болмайды деген түсінік болды. Біздің ойымызша, дәл осы жағдай ғана осы проблемалардың жеткіліксіз қарастырылуына әкелген. Біздің еліміздегі компьютерлік қылмыстың пайда болуы бұл өз ғылыми процестерінің күші мен өз қызметінің кең компьютерленген кезеңіне өтіп отырған көріністің барлық мемлекеттерге тән екен деген қорытындыға алып келеді.
Компьютерлік қылмыспен күрес проблемасы туралы ең алғаш Ресейде отандық криминалистика ғылымы «Криминалистика және компьютерлік қылмыс» ведомствоаралық семинары құрылған сәттен, яғни 1992 жылы шілде айында ресми түрде хабарлады. Оны Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы мен Ресей ІІМ эксперттік-криминалистік орталығының заңды және құқық қорғау тәртібін нығайту проблемалары ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған. Соңғы 15-20 жылдар барысында шаруашылық-басқару және қаржы-коммерциялық қызметтерді компьютерлендіру шамасында жаңа түрдегі қылмыстар пайда болды, олар шетелдік заң тәжірибесі терминологиясынан алынған «компьютерлі қылмыстар» деп аталды. Осындай алғашқы қылмыс КСРО аумағында 1979 жылы Вильнюс қаласында тіркелді. Онда мемлекетке келтірген шығын 80 мың сом көлемін құрады. Бұл жағдай біздің еліміздегі қылмыстың жаңа түрінің дамуы және зерттеуінің нақты бір шығар нүктесі болды.
Қазіргі кезде электрондық төлемдердің банкаралық жүйесі барынша кең қолданылады, оны мүлдем сенімді деп айтуға болмайды. Бұл осалдықты қылмыстық элементтер пайдаланады, олар заң бұзу әрекеттерін жасау үшін банктік компьютерлік желілерге санкцияланбаған түрде қол жеткізеді.

1.1 Компьютерлік қылмыс туралы жалпы түсінік

Қоғамды компьютерліндіру процесі компьютерлік қылмыстардың санының артуына алып келетінін айтуға болады. Мұнда бұл түрдегі қылмыстардан келетін материалдық шығын үнемі өсуде. Осы арада айтатын нәрсе, отандық криминалистикада компьютерлік қылмыс деген түсініктің анықтамасы әзірге жоқ. Кейбіреулер компьютерлік қылмысты айрықша топтағы қылмыс деп көрсетпей, тек қылмыстың компьютерлік аспектілері жайлы айтуға ғана дұрысырақ болады деп санайды. Осы мәселе бойынша басқа да көзқарас бар, бірақ біз бір анықтаманы ажыратып көрсетер едік. Ол компьютерлік қылмыс - заңға қайшы әрекет, оның жасау нысаны мен құралы электрондық-есептеу машиналары деп түсінеміз.
Қазіргі кезде екі негізгі ғылыми ой ағысы бар. Зерттеушілердің бір бөлігі компьютер нысан, яғни қылмысқа бару құралы ретінде болатын әрекеттерді компьютерлік қылмыстарға жатқызады. Бұл жағдайда компьютерді ұрлау да компьютерлік қылмысқа жатады. Зерттеушілердің басқа бөлігі қылмысқа бару нысаны компьютерлік жүйеде өңделетін ақпарат болып, компьютер қылмысқа бару құралы ретінде қызмет еткен жағдайды қолдайды. Көптеген елдердің заңдары, оның ішінде Ресейде осы соңғы жолмен іс дами бастағанын айту керек.
Төменде компьютерлік техника құралдарына қатысты қоғамға зиянды әрекеттерді атап өтуге болады:
1. Компьютерлік ақпараттарды қорғайтын заңдарға құқысыз қол жеткізу, б.а машинада жазылған электронды есептегіш машиналарда, ЭЕМ жүйесінде немесе олардың желісіндегі ақпараттар, егер бұл әрекеттер жойып жіберуге, тосқауыл қоюға(блокировать), модификациялауға немесе ақпаратты көшіріп алуға ЭЕМ жұмысының ЭЕМ жүйесі мен олардың желілерінің бұзылуы.
2. ЭЕМ-ға арналған программа жасау немесе іс жүзіндегі программаларға өзгерістер енгізу, санкцияланбаған жою, тосқауыл қою (блокировать), модификациялауға алып келетін немесе ақпаратты көшіру, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесі мен олардың желілерін бұзуға бағытталған, осындай прграммаларды немесе осындай программаланған машиналарды қолдану немесе таратуда тең.
3. ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін және олардың жүйесін оларға рұқсаты бар адамның пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан ЭЕМ ақпараттарын заңмен қорғайтын модификациясына жоюға, блоктауға апарып соғуы.
Криминалдық көзқарастан алғанда, компьютерлік қылмыстар дегенде осы сөздің кең мағынасында түсіну керек. Компьютерлік қылмыс дегенімізді «... қылмыстық істер заңында қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет, мұнда машиналық ақпарат қылмыс жасаудың не құралы, не нысаны болады» деп түсіну керек.
Қорыта отырып, осы әлеуметтік көріністің келесі сипатты ерекшеліктерін көрсетуге болады:
• Қылмыс жасау нысанының біркелкі болмауы
• Машиналық ақпараттың қылмыстық нысаны әрі құралы сапасында жүруі
• Қылмыс жасау заттары мен құралдарының көптүрлі болуы
• Компьютердің қылмыс жасау заты, я құралы сапасында жүруі
Осы ерекшеліктердің негізінде, компьютерлік қылмыс - бұл заңда қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекет, ол электрондық-есептеуіш (компьютерлік) техника құралдарын қолдана отырып жасалады деген қорытындыға келуге болады. Біздің ойымызша, анықтаманың бірінші бөлігі қосымша түсіндірмені қажет етпейді. Екінші детальды түрде қарастыруды талап етеді.
Компьютерлік техника құралдары 2 топқа бөлінеді:
1. Ақпараттық құралдар
2. Программалық құралдар
Ақпараттық құралдар – бұл мәліметтерді өңдеуде қолданылатын техникалық құралдар. Оларға жататындар: дербес компьютер (есептеуіш және ақпараттық міндеттерді шешу процесіндегі ақпараттарды автоматты өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені)
• Периферия жабдықтары (орталық процессордың тікелей басқаруында болмайтын ЭЕМ сыртқы құрылғылары кешені)
• Машиналық ақпараттарды физикалық тасушылар
Программалық құралдар – мәліметтер мен командалардың жиынтығы ретінде берілетін обьективті формасы, олар нақты қорытындыларды алу мақсатымен компьютерлер мен компьютерлік құрылғылардың жұмыс істеуіне арналған, сондай-ақ әзірлеу кезінде алынған физикалық тасығышта дайындалған және жазылған материалдар, олардың дыбыстық бейне жазбаларындағы туындаған материалдары.
Бұларға жататындар:
1. Программалық қамтамасыз ету (басқару және өңдеу программаларының жиынтығы) құралы:
• Жүйелік программалары (оперативтік жүйелер, техникалық қызмет ету программалары)
• Қолданбалы программалар (нақты бір типті мәселені шешуге арналған программалар, мәселен мәтін редакторы, антивирустық программалары, МББЖ және т.б)
• Инструменталдық программалары (программалау жүйесі, келесі программалау тілдерінен тұрады: Turbo C, Microsoft Basic және трансляторлар – алгоритм және символ тілдерінен машиналық кодтарға автоматты түрде аударуды қамтамасыз ететін программалар кешені)
2. Иеленушінің, меншік иесінің, пайдаланушының машиналық ақпараты.
Осындай детальдауға қарастырылып отырған сұрақтың мәнісін барынша дәл, айқын түсіну үшін, коспьютерлік қылмыстарды жасау әдістерінің барынша анық көрсету үшін қылмыс жасаудың заттары мен құралдарын сондай-ақ компьютерлік техника құралдары терминологиясы бойынша әртүрлі көзқарастарды жою үшін барып отырмын. Компьютерлік қылмыс түсінігі мазмұнын жиынтықтап ұсынатын негізгі компоненттерді детальды түрде қарастырған соң, компьютерлік қылмыстың криминалдық сипаттамасының негізгі элементтеріне қатысты сұрақтарды қарастыруға өтуге болады.

1.2 Компьютерлік қылмыстарды атқарушыларға сипаттама

Компьютерлік қылмыстардың криминалистік сипаттамасы басқа қылмыс жасаудан нақты спецификасымен айрықшаланады. Бірінші кезекте оған құқық бұзушының жеке басы туралы криминалдық мәні бар мәліметтер, оның қылмыстық тәртібінің мотивациясы мен алға қойған мақсаты, типтік әдістер, қылмысқа бару заттары мен орындары, сондай-ақ жәбірленуші тарапы туралы мәліметтер кіреді. Қылмыс жасаушының жеке басы туралы мәліметтер ақпараттардың екі спецификалық топтарында жинақталады. Біріншісінде белгісіз қылмыскердің қалдырған іздері, сондай-ақ оның жеке басын анықтау басқа да жолдармен анықтау, оған іздеу салу және ұстау туралы мәліметтер болады. Мұндай ақпарат ортасында қылмыскер болуы мүмкін қайсыбір топтың жалпы қасиеттері туралы түсінік береді. Екінші топ ұсталған күдіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттей отырып субьектінің жеке тұлғасын бағалау мақсатында алынған ақпараттарды қамтиды. Мәліметтерді осылай топтарға бөлу бара келе қылмыскерлер категориясының типтік моделін ажыратуға, қалайша қылмыскерлердің типтерге бөлуді жүргізу ісін өткізуге көмектеседі. «Компьютерлік» қылмыскерлерді мынадай шартты топтарға бөлуге болады:
• Программалаудағы кәсіби біліктілік фанатизм мен ойлап тапқыштық бір бойында үйлескен тұлғалар. Кейбір авторлардың пікірлерінше, мұндай субьектілер компьютерлік техниканы өз білімдері мен біліктеріне нақты бір шақыру ретінде қабылдайды. Мұнда қайсы бір спорттық құмарлық (азарт) болады. Міне дәл осы қылмыстың себебі де болады.. Әуесқой программашыдан кәсіби қылмыскердің туындауы болады.
• Жаңа психикалық ауру – ақпараттық аурулар немесе компьютерлік фобиялармен ауыратын тұлғалар. Бұл ауру ақпараттық режимнің жүйелі түрде бұзылуының арқасында пайда болады: ақпараттық аштық, ақпараттық артық жүк түсіру және т.б Бұл мәселені зертеумен медицинаның жаңа саласы - ақпараттық медицина айналысады. Жай қарағанда қылмыс пиғылсыз жасалады. Мұнда қылмыс компьютерлік техника құралдарын бұзу, жою сияқты түрде болады. Біздің ойымызша, осындай фактілердің қылмыс жасау кезіндегі психикалық аурумен ауырғандығы туралы сот-психиатриалық сараптама қорытындысы қажет болады. Себебі қылмыс жасау уақытында ол өз әрекетіне бақылауды жоғалту дәрежесінде болады.
• Кәсіби «компьютерлік» қылмыскерлер. Мұнда нағыз көздеген мақсаттары болады. Бұл топтағы қылмыскерлер қандай да бір қылмыстың ұйымның құрамында болады. Бұл жоғары класты мамандар, олар қоғамға дәл қауіпті тудырады.
Соңғы топты тағы да компьютерлік техника құралдарына қол жеткізуі категориясы бойынша 2 топқа бөлуге болады:
• Ішкі пайдаланушылар (қажетті ақпаратқа тікелей қол жеткізетін тұлғалар)
• Сыртқы пайдаланушылар (ақпараттық жүйелерге жүгінетін субьектілер немесе қажетті ақпараттар алып беретін делдалдар)
Мамандардың пікірінше, қылмыстардың көпшілігі дәл ішкі пайдалнаушылардың қолымен жасалады (әдетте фирма мен компаниялардың жұмысшылары немесе қызметкерлері). Сыртқы пайдаланушылардың ортасы өте кең, оны жүйелендіру және жіктеу ешқандай мүмкін емес (ол кез келген адам болуы мүмкін). Енді қылмыстардың мотивтері мен қылмыс жасау мақсаттарын қарастыруға болады. Осы мәселе бойынша қазіргі кезде 5 ең тараған қылмыс жасау мотивтерін рейтинктік тәртіппен орналастырдық:
• Пайда табуды ойлау – 66% (алдында көрсеткен үшінші топтың тұлғалары қылмысқа барады).
• Саяси мақсатты -17% (шпионаж, т.б үшінші топ қылмыскерлерді ғана жасайды.)
• Зерттеу мүддесі – 7% (бірінші топ тұлғалары жасайды)
Бұзақылық және тәртіпсіздік оймен -5% («хакерлер», бірінші топ қылмыскерлері.)
• Кек – 5% (бірінші және қылмыскерлері)
«Хакерлер» - компьютерлік жүйені қолданушылар, олар компьютерлік техника құралдарына заңсыз қол жеткізуде ізденіспен айналысады. Халық арасында бұл «атақ» «компьютерлік бұзақылар» түсінігімен де ассоциацияланады. Сондай-ақ қазіргі кезде шотты қасақана өзгертіп жасау, төлем құжаттарын фальсификациялау, нақты және аударма ақша құралдарын қымқыру, ақшаны «тазарту» (отмывание), несиені заңсыз алу, т.б сияқты қылмыстарда компьютерлік техника құралдарын пайдалану арқылы кейбір қылмыс жасау мақсаттарына қылмыскерлердің жетіп жатқанын айтып көрсетуге болады.
Жәбірленушілер тарапқа келер болсақ, көп жағдайда ол заңды тұлға болады(мекеме, ұйымдар мен меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорын). Бұны елімізде компьютерлендіру тек қана шаруашылық өмір саласын ғана қамтығанын көруге болады. Көптеген азаматтарға компьютерлік техника өлшеммен алғанда жоғары бағалы, әркімнің бір қолы жете бермейтін жағдайда. Бірақ компьютерлендіру процесі АҚШ-тағыдай елдің қоғамдық өмірін жаулап алады деп ойлаймыз.
Компьютерлік қылмыстың криминалдық сипаттамасы туралы мәселені қарастырғанда компьютерлік қылмысты жасау әдістері сияқты элементті толық ажыратып көрсепей қарастыру мүмкін емес.

II. Компьютерлік қылмысты жасау тәсілдері

Қылмысты жасау тәсілдері құқық бұзушының қылмыс жасау үшін дайындығы, жетілдіруі және жымын білдірмеуі бойынша спецификалық әрекеттер кешеніне сүйенеді. Қарапайым жағдайда қылмыскерлер осы әрекеттерді жасай отырып оқиға орнында нақты бір іздер қалдырады, ол келе бара болған жағдайдың суретін қалпына келтіруге, құқық бұзушының қылмыстық тәртібінің өзгешелігі туралы түсінік, оның жеке тұлғалық мәліметтері туралы түсінік алуына мүмкіндік береді.
Көршілес мемлекетіміз, Ресейде, криминалистік ғылым компьютерлік қылмыстарды жасау тәсілдері сипаттамасы мәселесін тек 90 жылдардың басында ғана бастады. Бұл ретте шетелдік зерттеушілерден табандатқан 20 жылдай артқа қалып қойдық. Біздің ойымызша, біздің зерттеушілеріміз шетелдік әріптестердің тәжірибелерін қолдануы тиіс. Қазіргі кезде компьютерлік қылмысты жасаудың 20-дан аса негізгі әдістері мен 40-шақты түрлерін көрсетуге болады. Олардың саны үнемі өсуде. Компьютерлік қылмысты жасаудың негізгі 4 түрінің топтарын көрсетеміз.
Классификациялайтын белгі - әртүрлі пиғылмен компьютерлік техника құралдарына қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді қылмыскердің қолдану әдісі.
1. Компьтерлік техника құралдарын тартып алу.
Бұған «компьютерлік емес» қылмыстарды жасаудың дәстүрлі тәсілдері жатады, бұл жерде қылмыскер жай сөзбен айтқанда бөтен мүлікті тартып алады. Бөтеннің мүлкі – компьютерлік техника құралдары. Бұл топқа, мысалы, ішінде бағалы ақпараты бар физикалық тасығышты заңсыз алуды жатқызуға болады. Компьютерлік қылмысты жасаудың бұл әдістері отандық криминалистика ғылымында барынша толық зерттелген, сондықтан бұл топқа көп көңіл аудармаймыз.
2. Ақпаратты ұстап алу.
Әдістер нақты бір ұстап алу (қағып кету) жолымен мәліметтерді алуға бағытталған қылмыскердің әрекеттеріне негізделген. Ұстап алу (қағып кету) түрлері:
1. Тікелей ұстап алу
Компьютерге жабдықтарына, жүйеге немесе желіге тікелей қосылу. Мысалы, принтер сымына немесе телефон сымына.
Қосылап алу тікелей тұрмыстық құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады: телефон,сымның қиындығы және т.б. Ұстап алынған ақпарат физикалық тасығышқа жазылады да компьютерлік техника құралдарының адам сипаты түріне аударылады.
2. Электрондық ұстап алу.
Бұл қашықтан ұстап алу. Ол компьютерге тікелей қосылуды қажет етпейді. Әдіс электромагниттік толқындар қабылдайтын қабылдағышты орнатуға негізделеді. Егер бұл қабылдағышты нақты бір жиілікке қойса, онда мәселен, монитор экраны не шығарып жатқанын қабылдауға болады. Бұны физиканың негізіне бой ұрмай-ақ электронды сәулелік түтік принципі деп (монитор кинескопы) айтар едік. Осы әдістің арқасында үлкен қашықтықтағы дыбыстарды қабылдауға болады.
3. Дыбысты ұстап алу
Бұл ақпаратты ұстап алудың ең бір қауіпті әдісі. Ол деген арнайы тыңдап қою құрылғыларын (жучок-қоңызша) орнату. Бұл құрылғыларды тауып алу өте қиын, ол кәдімгі заттардың арасында өте жымдаса, жасырына біледі. Дыбысты ұстап алу сондай-ақ қымбат бағалы лазерлік қондырғылар көмегімен жүзеге асырылады, олар дыбыстық дірілдерді, мысалы, терезе әйнектерінен дыбыстарды қабылдай алады. Бұл әдісті негізінен кәсіби қылмыскерлер қолданады.
4. Бейнені ұстап алу
Бұл әдіс ақпаратты ұстап алуға арналған бейне оптикалық техниканы
қылмыскерлердің қолдануымен бекітіледі. Әдістің 2 түрі бар. Біріншісі – физикалық, түрлі тұрмыстық бейнеоптикалық саймандардың қылмыскерлердің қолданыста болуымен түсіндіріледі.(бақылау түтіктері, дүрбі, түнде көретін саймандар). Алынған ақпарат физикалық тасығышта жазылып алынады.
Екінші жағдайда қылмыскер арнаулы электрондық құрылғыларды
пайдаланады, олар түрлі байланыс жолдарының бар екендігін білдіреді. Бұл қондырғылар таратушы мен қабылдағыштан тұрады. Таратушының қажетті жерде (бөлмеде) тұрып, алынған сигналдарды қылмыскерлердің қолындағы қабылдағышқа береді. Бұл бейне ұстап алу түрі электрондық деп аталады. Ол сондай-ақ қылмыскерлердің ұзақ жазатын сандық бейнекамераларын, бейне магнитофонын қолдануын білдіреді.
5.«Қоқыс шығару»
Компьютерлік қылмысты жасаудың бұл әдісі- технологиялық процестер қалдығын қылмыскердің заңсыз қолдануы. Ол екі түрде жүзеге асырылады: физикалық және электрондық. Бірінші жағдайда қылмыскер қоқыс кәрзеңкесін, технологиялық қалдықтарға арналған сиымдылықтарды қарап шығады; қалып кеткен, лақтырылған физикалық ақпарат тасығыштарды жинайды. Электрондық нұсқаға келсек, ол қажетті ақпаратты алу үшін компьютер жадысындағы мазмұнды қарап шығуды талап етеді. Мәселе соңғы жазылған мәліметтер компьютер жадысынан барлық уақытта толық өшірілмейді. Компьютердегі деректерді толық немесе жекелей қалпына келтіретін арнаулы программалар бар. Қылмыскерлер осындай программаны қолдана отырып, қажетті ақпаратты ала алады (пайдаланушының көзқарасы бойынша жойылған ақпараттар). Бұл жерде ескертетін жайт, барлық мәліметтер толық өспеуі үшін барлық әрекеттерді орындамаған пайдаланушының немқұрайлы қарым-қатынасынан осындай жағдай туындайды.
3. Компьютерлік қылмыс жасау әдістерінің үшінші тобына компьютерлік техника құралдарына санкцияланбаған қол жеткізу шарасын иеленуге бағытталған қылмыскердің әрекетін жатқызуға болады. Оларға келесілер жатады:
1.«Ақымақтың артынан»
Бұл жағдайда құқық бұзушылар нақты бір жүйенің ішкі падаланушылары болады. Бұл әдісті қолдана отырып, қылмыскер компьютерлік техника құралдарына санкциясыз қол жеткізе отырып оған тікелей қосылады. Телефон сымдары арқылы да қосылуға болады. Компьютерлік техника құралдары жұмысына жауап беретін қызметкер аз уақытқа жұмыс орнын қалдырып, бірақ қылмыс жүзеге асырылады. Бұл жерде байқағанымыз бұл әдіс ұйымның қызметкерлерінің жауапкершілігінің төмендігіне негізделген.
2.«Компьютерлік абордаж»
Қылмыскер компьютерге қол жеткізген соң, ол бірден өзіне қажетті деректі ала алмайды, себебі құнды ақпаратқа қол жеткізетін парольдар қойылады. Бұл әдісті қолдана отырып, қылмыскер код теруді жүзеге асырады. Осы мақсатпен барлық мүмкін парольдің бәрін қарап шығатын шапшаң ойлануы жоғары компьютерлер көмегімен арнаулы программалар қолданылады. Бұл жағдайда егер қылмыскер парольді білсе, онда қол жеткізу ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі