Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі

Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі казакша Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе

1. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі
жай-күйін талдау
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал
және науқастанушылық
1.2 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жұқпалы аурулар және олардың кейбір түрлері.

2.1. Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы
және мақсаты

Қорытынды
Әдебиеттер


1. Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің
қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы соңғы онжылдықта оң үрдістермен де, сол сияқты теріс үрдістермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негізгі медициналық көрсеткіштерді – тууды, өлім-жітімді, өмір сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендеді. Денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар жүргізілді, олардың бір бөлігі табысты іске асырылды, басқалары өзінің қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге әрекеттенуді жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтік құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулі ұлғаюын оң өзгерістер ретінде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазіргі заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеулер жүргізуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесінде бірқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдістерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемінің көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдарында саланы реформалау қадамдары бірнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне принципті түрдегі жаңа екі элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемінің пайда болуына мүмкіндік туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттік-сақтандыру моделі енгізілген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкілікті нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретін бағдарламалық қаржыландыру енгізілді. Сонымен бірге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулі өзгерістерге бағытталмады, өзінің қисынды ақырына жеткізілген жоқ, және денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлі өзгерте алмады.
Саланы басқару құрылымында соңғы жылдары болып өткен өзгерістер арасынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін қалпына келтіруді, Фармация комитетін, фармацевтивкалық және медициналық өнеркәсіп пен оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау органдары мен санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ұйымдар қызметіне бөле отырып, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетін құруды атап өту керек.
Қазіргі кезде республикалық денсаулық сақтау жүйесі, барлық ведомстволарды қоса алғанда, 886 ауруханалық және 3463 амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдар жүйесінен тұрады. Өңірлердегі медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің өзінде мынадай бірқатар өлшемдер:
• қаржыландыру және басқару функцияларын топтастыру деңгейі;
• бір тұрғынға есептегенде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруға бөлінетін ресустардың мөлшері;
• пайдаланылатын қаржыландыру әдістері;
БСМК құрылымы;
• медициналық ұйымдардың ұйымдастыру нысандары;
• медициналық көмек сапасын бақылау жүйесі бойынша айырмашылықтары бар.
Істің мұндай жай-күйі азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді және олардың мемлекеттік кепілдіктерді тең дәрежеде алуын едәуір қиындатады.
2001 жылдан бастап ауруханалық мекемелер санының көбеюі байқалады. Айталық, 2001 жылы олар 845, 2002 жылы – 860 болды.
Халықтың төсек-орындармен қамтамасыз етілу көрсеткіші халықтың 10 мың адамына шаққанда 76,8-ді құрады (төсек-орындардың жалпы саны – 114782). Бұл халықтың 10 мың адамына шаққанда 73,3 құрайды. ДДҰ деректері бойынша ол еуропалық орташа көрсеткіштен біршама жоғары. Бұл көрсеткіштің көлемінен тіпті дамыған елдердің (Германия, Франция, Жапония және т.б.) өзінде айтарылықтай айырмашылық байқалады, ал жоғары көрсеткіштер, негізінен медициналық қызмет көрсетудің негізгі тұтынушылары болып табылатын кәрі жастағы адамдардың басым үлесімен түсіндіріледі.
Дәрігерлердің саны 54,6 мыңға, орта медициналық қызметкерлер – 115,0 мыңға жетті, дәрігерлермен қамтамасыз ету халықтың 10 мың адамына шаққанда – 36,5-ті, орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету – 76,9-ды құрайды. Алайда халықты медициналық қызметкерлермен және төсек қорымен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің жоғарылауына қарамастан, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі, әсіресе БМСК деңгейінде, жеткілікті дәрежеде тиімді жұмыс істей алмай келеді.
Соңғы жылдарда фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді (бұдан әрі – ФП және ФАП) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе де, алайда бүгінгі күні қалыптасқан жағдай әлі де БМСК-ні дамытуға және нығайтуға жеткіліксіз көңіл бөлумен, оның бастапқы буынының нақты мүмкіндіктерін жеткіліксіз бағалаумен, қалдық принципі бойынша қаржыландырумен және технологиялық тұрғыдан артта қалушылықпен сипатталады. БСМК-нің медициналық қызметкерлерінде еңбек нәтижелерін жақсартуға экономикалық уәждеме жоқ, олардың қоғамдағы беделі төмендетілген.
Қазіргі уақытта БМСК объектілері білікті мамандармен жасақталмаған. Емдеу-алдын алу ұйымдары материалдық-техникалық базасының, әсіресе ауылдық жерлерде қанағаттанғысыз жағдайда болуы жалғасуда. Талдаулар бірқатар өңірлерде амбулаториялық-емханалық бір ауысымда оларға барушылардың іс жүзіндегі саны нормативті көрсеткіштерден 1,5 еседен асатындығын көрсетеді.
Медициналық ұйымдар, негізінен, бейімделмеген, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін үй-жайларда орналасқан (ауылда – 70%-тен астам). Қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, санитарлық автокөлікпен жарақтандыру 50%-тен төмен. Ауылдағы БМСК объектілерінің тек 36%-іне ғана телефон орнатылған. Дәрілік заттарды сату ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің барлығында бірдей ұйымдастырылмаған. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі өткізген паспорттаудың деректері бойынша республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде қазіргі кезде бар ғимараттар мен құрылыстар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, денсаулық сақтау ұйымдарының 447-сі нығайтуға немесе құлатуға жатады. Медициналық жабдықтарға сервистік қызмет көрсетудің тиімді жүйесі жоқ.
Жүктелген функцияларды жүзеге асыру қажеттіліктеріне байланысты БМСК-ға шығындарды жүйелі түрде ұлғайту жүргізілмеді, бұл аталған буын қызметінің тиімділігіне әсер етеді. Қазіргі кезде БМСК-ні қоса алғанда, мемлекеттік медициналық ұйымдар үш бағыт – қызмет көрсетулерге ақы төлеу, күрделі жөндеу мен медициналық және медициналық емес жабдықтарды сатып алу бойынша бюджеттік қаражат алады. Ал БМСК-ға жан басына шаққандағы норматив, әдетте, тұтынушылық баға индексіне және еңбекақыны көбейтуге тең дәрежеде ұлғайтылады. Жан басына шаққандағы нормативтің қазіргі түрі – бұл жүргізілген оңтайландыруды ескере отырып, БМСК-інің ескі жүйесін ұстауға жұмсалатын шығыстар. Қолданыстағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу әдістемесі жеке медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай шектейді, өйткені олар тек бір көзге – тарифке ғана ықтимал түрде үміткер бола алады, бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі осы сектордың дамуын тежейді. Осыны ескере отырып, тарифтерді қалыптастыру әдістемелерін (жан басына шаққандағы норматив, тарификатор, клиникалық-шығындау топтары жетілдіру қажет.

1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық
Қазақстанда соңғы жылдары белгілі бір медициналық-демографиялық өзгерістер болды. Республикада халықтың саны 2003 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өсті және 2004 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.
2003 жылы бала туу көрсеткіші халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті. Республикада бала туудың өсу үрдісі 1999 жылдан бастап байқалып отыр.
Соңғы 5 жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 2003 жылы 6,7-ні құрай отырып, 1,6 есе өсті. 1999 жылдан бастап халықтың өлім-жітім коэффициентінің болмашы өсуі байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2003 жылы 1999 жылғы 9,7-ге қарағанда, 10,5-ті құрады. Соңғы 5 жыл ішіндегі ерлер мен әйелдер өлім-жітімінің неғұрлым үлкен жас мөлшері коэффициенті 70 және одан да астам жасқа сәйкес келеді, ол жас мөлшері тобын 1000 адамға шаққанда 2002 жылы тиісінше 104,51-ді және 79,98-ді құрады. Халықтың өлім-жітім құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекші орын алады. Өлім-жітім құрылымының көрсеткіштерін бұрмалау факторларының бірі - өлім себебін тиімді сараптау жүйесінің жоқтығы болып табылады.
Республика халқының болжамды орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жыл ішінде тұрақтанды және 2003 жылдың соңына қарай 65,9 жасты: ерлерде - 60,5 жасты, әйелдерде – 71,5 жасты құрады.
Қазақстан Республикасы халқының жалпы науқастанушылық көрсеткіші серпінді өсті және 2003 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 1999 жылғы 47972,8-ге қарағанда 56413,9-ды құрады.
Науқастану құрылымында халықтың 100 мың адамына шаққанда бірінші орынды - тыныс алу ағзаларының аурулары (22160,6), екінші орынды – жарақаттар мен уланулар (4003,7), үшінші орынды – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (3948,6), төртінші орынды – тері және тері асты клеткаларының аурулары (3847,0), одан соң ас қорыту ағзаларының аурулары (3688,7), көз және онымен байланысты аурулар (2748,2), жұқпалы және паразиттік аурулар (2482,1) алады. Әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың арасында 2003 жылы бірінші орынды наркологиялық аурулар алды (халықтың 100 мың адамына шаққанда 424,4), ол бұл тізбеде өзге де аурулардың көрсеткішінен 4 есе және одан да асып түсті.
Республикада сәби өлім-жітімі көрсеткішінің азаю үрдісі бар, алайда, тұтастай алғанда, Еуропа елдерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр және 2003 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,3-ті құрады. Бұл ретте, осы көрсеткіштің ДДҰ-ның ұсынымдары ескерілмей есептелгендігін атап көрсеткен жөн.
Ана өлім-жітімі көрсеткішінің 1999 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 65,3-тен 42,1-ге дейін азайғандығы байқалады. Республикада ана өлімі негізгі себептерінің бірі - әйелдер денсаулығы индексінің төмендігі болып табылады, ол 20-30%-ті құрайды.
Балалар денсаулығының жай-күйі алаңдатушылық туғызады. Балаларды жаппай алдын ала тексеру жүргізу екі баланың бірінің ауру екендігін көрсетті және ол сауықтыру терапиясына барабар алдын алу жұмыстарын, бірінші кезекте амбулаториялық-емханалық деңгейде ұйымдастыруды талап етеді. ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес 5 жастағы балалар ауруының көбісін амбулаториялық жағдайда тиімді емдеуге болады, соған қарамастан Қазақстанда осы жастағы балалардың 60%-тен астамы стационарда емделеді. Ауруханаға балаларды жатқызу себептерінің бірі - дәрілік заттарға амбулаториялық деңгейде қолжетімділіктің төмендігі.
Әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың жоғары көрсеткіштері сақталуда. Психикалық және наркологиялық аурулар, қант диабеті, өңеш-өкпе аурулары, жүрек-қан тамыры патологиясы, туберкулез, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, қатерлі ісіктер елеулі проблема болып табылады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтау аурулардың алдын алуға емес, емдеу сипатындағы шараларға көбірек бағдарланған, ал халықтың өзі денсаулығын сақтауға жеткілікті дәрежеде бағдарланбаған. Бұл туралы, атап айтқанда, асқынған нысандағы ісік аурулары анықталуының өсуі, сондай-ақ халықтың жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болуының жоғары көрсеткіші айғақтайды. ДДҰ деректері бойынша туберкулез ауруының көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында жетекші орын алып отыр: 1999 жылы 100 мың халыққа шаққанда - 141,0, ал 2003 жылы – 160,4.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның (ВИЧ/СПИД) пандемиясына байланысты Қазақстанда, соның ішінде пенитенциарлық мекемелер жүйесіде таралуы өрши түсуде. Осыған байланысты, республикада ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама қабылданып, іске асырылуда. Алайда, қабылданған шаралар әзірше індеттің қарқынын бәсеңдетуге ғана мүмкіндік берді.
Тұтастай алғанда қазақстандықтардың денсаулығы жай-күйінің қанағаттанғысыз болуына денсаулық сақтау жүйесінің алдын алудағы белсенділігінің әлсіздігі, халық тарапынан өзінің денсаулығына жауапкершіліктің жеткіліксіздігі, денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық өзара іс-қимылды тиімсіз жүргізу, сондай-ақ өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық проблемалары себеп болды.
1.2 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі
2002-2004 жылдар ішінде жүргізілген мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін ажырату шеңберінде маңызды шешімдер қабылданды.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалған мемлекеттік шығыстар көлемінің, медициналық білім беруді қоса алғанда, өсу қарқынының елеулі болуына қарамастан, абсолютті есептеумен ғана ұлғайып қойған жоқ (2001 жылы – 63,9 млрд. теңге, 2002 жылы – 73,0 млрд. теңге, 2003 жылы – 92,4 млрд. теңге, 2004 жылы – 133,7 млрд. теңге), сондай-ақ мұның өзі ІЖӨ-ге қатысты шаққанда проценттер жағынан да маңызды (2001 жылы – 1,97%, 2002 жылы – 1,93%, 2003 жылы – 2, 08%, 2004 жылы – 2,63%). Бұл ретте ІЖӨ-ге қатысты шаққандағы ең төменгі процент 2002 жылы – 1,93% болды. ДДҰ-ның ұсынысы бойынша денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығыстар ІЖӨ-нің кемінде 4%-і болуға тиіс.
Жан басына шаққандағы шығыстардың соңғы жылдардағы серпінінде белгілі бір өсім бар (2001 жылы – 4308 теңге (29 USD), 2002 жылы – 4911 теңге (32 USD), 2003 жылы – 6201 теңге (41 USD), 2004 жылы – 8797 теңге (63,6 USD).
2002-2003 жылдардағы қаржыландыруды ұлғайтудың, станционарларда емделген аурулар санының жылына 5-7% өсуінен басқа, күтілгендей нәтижелер бермегенін атап өткен жөн. Медициналық қызметкерлер жалақысының бірнеше рет ұлғайтылғанына қарамастан (2004 жылы ғана – 20%-ке), саладағы ресми орташа айлық жалақы республика бойынша орташа жалақыдан екі есе аз.
Азаматтарға медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну жөніндегі мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерінің барабар қаржылық қамтамасыз етілмей отырғандығы проблема болып қалып отыр. Медициналық тегін көмекті ақылы қызмет көрсетулермен ауыстыру кездеседі. Кепілді көлемдер мен ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулердің ара жігінің айқын ажыратылмауына байланысты медицина қызметкерлерінің пайдасына халықтың тарапынан бейресми төлемдердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Медициналық көмектің тегін кепілді көлемін ұсыну, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті тұтынуды есепке алу тиісті түрде жолға қойылмаған, мұның өзі көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпалын тигізеді.
Ресурсты үнемдеудің кешенді салалық саясаты жоқ.
Бүгінгі күні медициналық қызметтерді сатып алушылар мен жеткізушілерге бөлу – шартты нәрсе, өйткені іс жүзінде барлық жеткізушілер денсаулық сақтау органына әкімшілік және экономикалық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар болып табылады. Өңірлерде денсаулық сақтауды дамыту әлеуметтік-экономикалық саясаттағы басымдық болып табылмайды.
Осылайша, салада басқарушылық шешімдерді қабылдауды талап ететін бірқатар қолайсыз үрдістерді бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың аса маңызды принципі – медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі бұзылады.
Екіншіден, медициналық көмек көрсетудің көлемі мен сапасы, тұтастай алғанда денсаулық сақтауды дамыту көрсеткіштері бойынша облыстар шегінде аумақтар арасындағы теңсіздік байқалады.
Үшіншіден, басқару жүйесінің міндетті құрамдас бөліктері – тұтастай алғанда денсаулық сақтау ұйымдары мен жүйесі қызметтерінің мониторингі және оларды бағалау жеткіліксіз қалыптасқан. Денсаулық сақтауды ақпараттық қамтамасыз ету саласында үйлестірілген саясаттың болмауы салада жинақталатын ақпарат анықтығының төмен болуына, жергілікті жерлерден облыстық және республикалық деңгейге ақпараттардың уақытында түспеуіне, жекелеген кіші жүйелерден келіп түсетін деректерді салыстырудың мүмкін болмауына әкеп соқтырады. Бұл, сайып келгенде, осы ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер тиімділігінің төмен болуына және денсаулық сақтау ресурстарын ұтымсыз пайдалануға әкеп соғады.
Төртіншіден, дәрілік заттарды сатып алу кезіндегі бірыңғай әдістер мен стандарттардың болмауы сатып алынатын өнімдердің қымбаттауына және оның сапасына байланысты проблемаларға әкеп соқтырады.
Бесіншіден, денсаулық сақтауды басқару органдарының қызметін халық денсаулығының жай-күйі деңгейіне тікелей және жанама әсер ететін басқа да мемлекеттік басқару субъектілерімен (еңбек және әлеуметтік қорғау, экология, білім беру, мәдениет және басқа органдармен) үйлестіру әлсіздігі. Бұл үйлестіру салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады және сайып келгенде, медициналық қызметтер көрсетуге қажеттіліктердің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Алтыншыдан, БМСК денсаулық сақтау жүйесінің орталық буыны бола отырып, халық денсаулығының көрсеткіштерін сапалы түрде жақсартудың басты функциясын жүзеге асыруға тиіс. Денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесінің қызметінің тиімділігі мен сапасы, елдің еңбек әлеуетін сақтау, сондай-ақ отбасы деңгейінде және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары: балалар, мүгедектер және егде жастағы адамдардағы туындаған медициналық-әлеуметтік проблемалардың көпшілігін шешу оның жай-күйіне байланысты. Бүгін БМСК дәрігерінде «диспетчерлік функциялар» басым бола бастады: амбулаториялық науқастарды тар аядағы мамандарға консультацияға жіберу жиілігі тым жоғары.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жұқпалы аурулар және олардың кейбір түрлері.

Халықтың әлеуметтік жағынан елеулі аурулары қашанда мемлекеттің жіті назарында болуға тиіс.
Халық өмірінің сапасы мен ұзақтығын көтеру мақсатында әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың алдын алу, ерте бастан анықтау және тиімді емдеу, оңалту шараларын іске асыру жүргізілетін болады. Осы бағытта:
мүдделі ведомстволар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өзара белсенді іс-қимылымен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулармен ауырудың алдын алу мен одан әрі төмендету жөнінде мақсатты шаралар жүзеге асырылатын;
АҚТҚ жұқпалары мен ЖҚТБ аурулары вирустарына қарсы емдеудің халықаралық стандарттары енгізілетін;
психикасы мен мінез-құлқы бұзылған ауруларды емдеу мен сауықтырудың кешенді бағдарламалары әзірленіп, енгізілетін;
нашақорлыққа тәуелді адамдардың өңірлік медициналық-әлеуметтік орталықтары (бөлімшелері), кәмелеттік жасқа .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Медицина курстық жұмыстар, Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, курстык Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар, Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін