Курстық жұмыс: Медицина | ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Курстық жұмыс: Медицина | ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ казакша Курстық жұмыс: Медицина | ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ на казахском языке

ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Тұқымқуалаушылық қасиеттерімен физиологиялық өзгерістерін анықтау
- Жастық кезеңде отбасын құрудан кейінгі генетикалық және физиологиялық өзгерістерге зерттеу және сараптама жасау
- Қазіргі кезеңдегі қоғамда жастардың отбасы құруының кейінгі ұрпақтың физиологиялық және генетикалық дамуына ықпалы
- Ұрықтанудың дұрыс жетілуіне әсер ететін факторлар. Медицинада генетиканың жаңа әдістерін пайдаланудағы жетістіктері
- Ұрақтың дұрыс жетілуіне кедергі келтіретін факторлар.
- Акселерация.
Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады.
Қоғам мүшелерінің материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесі, материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым –қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-51% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда бала тәрбиесін ерекше қолға алу мүмкіндігі мол.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік – экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында «Адам қарымын сақтап, дамыта берудің үш негізі:
а) физиологиялық (денсаулық жағдайы);
ә) зиялылық-кәсіптік (білімі мен біліктілігі);
б) рухани (адамгершілік принциптерін қалыптастыру)» деп атап көрсетілген.
Экологиялық тәрбие - әлеуметтік, қажетті тиімді даму сапасының негізі. Оның құрамды бөліктері:
- Жастардың табиғат жөніндегі білімі;
- табиғат пен қарым-қатынасы;
- қоршаған ортаға көмегі;
Қоршаған орта мәдениеті – ол мәдениеттің жаңа дамыған бағалы түрі. Адамдардың жаңа ғылыми іс-әрекеттерінің тәсілдері арқылы қоршаған орта мәдениетін материалды және діни бағамен айқындауға болады. Қоршаған орта мәдениеті – экологиялық білім дәрежесін, адамдардың экологиялық жаңа технологияларды және барлық системаларды, ойлап шығарудың және қоршаған ортаның прогрессивті дамуын өзіне қосады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиясында «жастарға және өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аса жоғары көңіл бөлу қажет» және де «Инновациялық технологияларды, оқу-тәрбие жұмысында дамыту қажет» деген. «Инновация» сөзі 1440 жылдан бастап қолданылуда, оны француз тілінен аударғанда «жаңару, жаңа жол» деген мағына береді. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың нәтижесінде көптеген әдебиеттер мысалыға, «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқу технологиясы», инновациялық технология», «информациялық технология» т.б. пайдаланылуда.
Тәсіл, әдіс оқытудың жаңа атаудағы технологиясы: догматикалық, өсімталдық және түсіндірмелі, программалы оқыту, дамыта оқыту түрлері де бар.
- ағымдық білім беру технологиясы (орта деңгейдегі жасөспірімдерге арналған);
- жан-жақты қамтылған технология деңгейі (тереңдетілген білім беру);
- өте білімді және өте қиын балалармен жұмыс істеу технологиясы.
Бұл инновациялық технологиялар ауыл аймақтарына қарағанда қалалы аймақтарда көптеп қолданылады, өйткені ауылды елді-мекендерде жетік жетілмеген. Мысалыға, компьютер, интернет, электрондық почта, слайд, факс, электронды кітапханалар жоқтың қасы, ал қалалы аймақта мұндай технологиялар білім берудің негізгі қайнар көзі болып табылады.
Жаңа технологиялардың нәтижесінде әрбір баланың өзіндік санасы дамып, моральдық психикалық қасиеттері артып, өмірді толық түсінуге деген бірыңғай талаптары пайда болады. Жасөспірім өзінің жеке өміріне, қабілетіне назар аударып, қойылатын талаптарға мінез-құлқының сәйкес немесе сейкес еместігін сезеді. Әрбір мұғаліммен тәрбиеші өзінің қарамағындағы жасөспіріммен күнделікті жұмыс жасай отырып, олардың қалыпты өсіп, даму процесіне ерекше көңіл бөлу керек. Баланың өсіп-даму дәрежесіне дұрыс баға беру педагог үшін жауапты іс. Өсіп-даму процесінде кемшілігі бар балалар ерекше көңіл аударуды талап етеді. Балалардың бейімділігімен қабілетінің жетілу ерекшелігін оқыту, тәрбие жұмысының барысында мұғалім, тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс өсіп, дамуына ықпал жасайды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан дүние жүзі елдерінің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысын атап көрсетті. Бұл жағдай «ғаламдық қозғалыс» немесе «акселерация» (лат. Accelero – тездету) деген атаумен сақталған. Бүгінде акселерация ғалымдардың негізгі зерттеу обьектісіне айналып отыр. Соңғы жылдары 12-13 жастағы балалардың өткен уақыттағы құрдастарымен салыстырғанда, олардың бойы 7-8 см-ге биік, салмағы 7-8 кг-ға артық, 16-17 жастағы ер және қыз балалардың бойының 15-20 см-ге биік, салмағының 15-16 кг-дай артық болатыны, жыныс мүшесінің екі, үш жыл бұрын жетіле бастайтыны байқалды. Акселерация құбылысы бойынша, қазіргі ересек жастағы балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Акселерант балалардың ауыруға, суыққа, дене салмағына төзімсіз келетіні анықталды.
2007 жылы 27 шілдесінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет өз баяндамасын шығарды, онда айтылатын негізгі мәселеселе жастардың өсіп-дамып келе жатқан жасында зиянды әдеттерге және химиялық заттарға құмартуы. Бұл жаңа басылым «Химиялық заттардың әсерімен байланысты балалар денсаулығына қауіпті бағалау принциптері» атты тақырыпта шықты. Бұл жайында «Қоршаған орта тазалығы критериі» атты ғылыми мақаласында айтылған. Бұл құжатта ұсынылған ғылыми принциптер және баға беру, қоршаған ортаның балалар денсаулығына әсері мен денсаулық сақтау секторларына көмегі мол. Аймақаралық зерттеу бөлімінің жетекшісі Терри Дамастра «Балалар-бұл кішкентай адамдар», деді.
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының тұлғаға әсері айтарлықтай өсті. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде бүгінгі күні телеарна басты орында тұр. Егер 70 жылдардың соңы мен 80 жылдардың басында теледидар сәнді бұйым ретінде болса, қазіргі таңда теледидар көру күнделікті әрбір отбасында қалыпты жағдайға айналды. Біртіндеп теледидар газеттер мен журналдарды ығыстырып, радиомен айтарлықтай бәсекелесуде.
Прессамен бәсекелесу теледидарда жаңа компьютерлік, спутниктік және сандық (цифровой) техника пайда болуымен түсіндіріледі. Осыған орай, ақпараттық бағдарламаның жарамдылығы және маңыздылығы мен эфирдің тазалығы да өсуде. Телеарна зерттеуі арқылы ақпарат алу басқа жолмен ақпараттануға қарағанда айтарлықтай жеңілдеді. Мысалы, телеарнаның 5-12 бағдарламасы арқылы көрудің жанында, фильмді кинотеатрдан көру қаржылай шығын келтіреді. Ал қазіргі таңда, Қазақстанның өзінде көптеген телеарналарда жасөспірімдік заман талабына сай бағдарламалар саны көбеюде.
Жоғарыда айтылғандар телеарнаның ақпарат алудың ең тиімді әдісіне айналғанын дәлелдейді.
Теларна жай-күйінің жасөспірімдер психикасына әсерін қарастырып көрейік. Бұл үшін жасөспірімдердің психологиялық жағдайын талдап, біз жасөспірімдерді адамдардың қай санатын жатқызатынымызды анықтаймыз.
1. Телебағдарламаның психикалық жағдайға әсерінің теориялық аспектілері.
Тұлғаның психологиялық жағдайы.
Жас ерекшелік психологиясының негізгілеріне : балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушысының психологиясы, жасөспірім психологиясы, жастық шақтық психологиясы, ересек психологиясы жатады.
Ендігі кезекте жасөспірім психологиясын қарастырып көрейік. Адамға жасөспірімдік кезеңде қоғамдық әсерлердің қаншалықты күшті ықпалын анықтай келе, жасөспірім өздігінен өмір сүруге дайындығын анықтайтын, дүниеге көзқарасын, мамандығын таңдауды және азаматтық жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі болып табылады. Осы әлеуметтік – тұлғалық факторлардың ықпалының нәтижесінде жасөспірімді қоршаған адамдар мен өзіне деген қарым-қатынасының жүйесі толығымен қайта қалыптасады. Осы әлеуметтік позициядан оның мектепке, оқуға және қоғамдық пайдалы істерге қарым-қатынасы өзгереді, болашақ мамандығы мен қызығушылығы арасында екі жақты байланыс қалыптасады.
Психологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша адамның жеке дамуы және оның тұлға болып қалыптасуы, бірінші кезекте, қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасынан болатыны анықталды.
Адамның өмір кезеңдерінің әр түрлілігінде әлеуметтік және биологиялық өзара қарым-қатынастар бір мағыналы емес.
Жасөспірімдердің биологиялық және әлеуметтік жетілуінің әр уақытта болуы, жастық шақтық кезеңде қарама-қайшылықтарды байқалтады.
Н.Ф. Добрынин : «Жастық ерекшеліктері, әсіресе, анотомо – физиологиялық жағынан өсу мен даму кезеңдерінде байқалады. Онымен қоса жасы есейе келе, өсіп келе жатқан тұлғаның оқуға, қоршаған ортаға көзқарасы, өзінің қажеттіліктерімен қызығушылықтары өзгереді», – деген.
Өзін-өзі дамытудың өсуі-жоғарғы оқушылар тұлғасының мінез-құлық ерекшелігі болып табылады. Өзін-өзі дамыту деңгейі жоғарғы оқушылардың қоршаған адамдар мен өзіне қойылған талабының деңгейін анықтайды. Олар бұрынғыдан сын тағуға және ересектерге моральдық жағынан жоғары талаптар қояды.
И.С.Кон: «Жастарда сана-сезімнің дамуы мен өзіндік «Мендік» көзқарасының өсуі психологиядағы биогенетикалық мектеп санағандай, тек жыныстық жетілумен ғана байланысты емес», – деп көрсетті. Бұл кезеңде сыртқы басқарудан өзін-өзі басқаруға ауысады. Міне, осыдан өзін-өзі басқаруда субъект жөнінде өзі туралы ақпараттарды қажет етеді, яғни ерте жастықтың бағалы өзгерісі танылады.
«Салауаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі нормативті –құқықтық құжаттар мыналар:
1. Ел Президентінің халыққа Жолдауы «Қазақстан-2030», 4-ші басылымдық: «Қаржы жеткілікті болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалықпен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет.
Салауаттану-тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығына тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық.
Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні – адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялықнегіздері, бейімделу тетіктері, қорғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, әтникалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез-келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлық құрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53 %-ны өмір салтына, яғни адамың өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% қоршаған ортаға 18-22 % тұқым құалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10 % ғана денсаулық ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі, дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар,зиянды әдеттердің көп таралуы.
Салауаттанудың негізгі мақсаты -әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Балалармен жастарды жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Адам денсаулғы ең алдымен өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлермен тұлғалық бейімделіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен мидициналық энцеклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ещқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретінде сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы байынша «Денсаулық дегеніміз-бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды.
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Тән саулығы –бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізгі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
Дене саулығы – организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізгі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
Жан саулығы – адамның психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады. Рұхани тазалық – тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдық құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилығы себепші болады, яғни ол адамзаттың байлығы – мейірімділік, намыс, абырой, махаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формаларымына ұстанымдар негізінде жете зерттеледі:
.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар медицина жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском , Курстық жұмыс: Медицина | ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін