Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері

Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері казакша Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................
1.Тарау ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

1.1 Отбасы қоғамның институты ретінде................................

1.2 Қазақ қоғамындағы отбасы................................................

2.Тарау Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері

2.1 Жас отбасының әлеуметтік мәселелері..............................

2.2 Некенің мотивтері және ажырасудың себептері .............

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................


Отбасы қоғамның институты ретінде

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты.Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады.Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады.Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік – мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасы – ежелден қалыптасып ғана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б зерттеу.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, Құқықтанудың, этнографияның, психолгияның, педогогиканың, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады.Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады.Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік тпотың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдалықтарын зерттейтін әлеуметтанудың саласы.
Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін , алдымен, отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді.Ол отбасыны индивид бағыну мен басқаруға үйрететін кішкене қоғам деп есептеді.Отбасы, Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы – отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі.Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін тарихтын қозғаушы күшіне жатқызуға болады.Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әртүрлі қызметке байланысты.Социологияның пайда болуымен тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,-дейді.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді.Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі.оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады.Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретінде зерттейді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әртүрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге саыру тиімділігіне және т.б баса назар аударылады.
Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазірігі отбасының даму кензеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шешемен олардың ұрпағының арасындағы өзара қатынас , отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б мәселелер қарастырылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады.Бұл тұрғыдан алғанда отбасыны қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарстыруға болады.
Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.Отбасының құрылымы мен тәртібі,Өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.
Отбасылары қоғамдық басқада институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады.Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салалары бар қызметі.Өз институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін рекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратылады.Отбасының ерекшелікті қызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз қызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері.Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды)
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусы, өндіріспен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізуі мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығын қамқорлық, микроахуалды жасауды қамтиды.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі – отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б) олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады.Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоционалды қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру.Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалды денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметьі - бос уақытты бірлесе отырып өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – Отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшеліктерін, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызмет – отбасы мүшелерінің сексуалда-эротикалық қажеттілігін қанағаттандару.Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың аасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы,Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіру).
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады.Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметініңотбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады.Мысалы, ері мен зайыбы арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылуы негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануыны кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру,Осы себеп, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен отбаасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады:
1 – некеге отыру кезеңінде бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы;
2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу;
3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы.Блаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығынада балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңдерді қамтиды;
4 – балалар ата-аналармен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ.
5 – ерлі – зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.
Қазақ қоғамындағы отбасы.

Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.
Америка этнографы Л.Морганның отбасы тарихы туралы жазған «Көне қоғам» атты аса құнды ғылыми еңбегі XIX ғ. екінші жартысында алғашқы қауымдық құрылыстағы отбасы түрлерінің даму жолын түсіндіреді.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұстас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында – ағалы-інілер, апалы-сіңлілер, немере мен шөбере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болатын.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туыстар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен бірі некелеспейтін «ағалы-інілілер», «апалы-сіңлілер» топтары қалыптаса бастады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналады. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.
Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты, қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы – моногамиялық отбасының, таптың және мемлекеттің шығуына әкеліп соқты. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некенің түпкілікті жеңуі цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Сондықтан моногамиялық отбасы түгелдей еркектер үстемдігінің негізінде қалыптасып, жетіле түсті. Отбасы тарихының бұл кезеңінде некелесу не ажырасу тек қана еркектер үлесіне тиді де, моногамиялық отбасындағы өзара байланысты жұпты некеге қарағанда әлде қайда нығая, беки түсті.
Бұл жағдайда ескере кететін жағдайдың бірі, жоғарыда келтірілген отбасы формаларынан бұрын қалыптасқан алғашқы ру – пуналуал қандас туыс отбасынан, ал соңғы формасы ретсіз жыныстық қатынаста (промискуитет) өмір кешкен топтардан шыққандығы туралы кезінде түгелдей болмаса да, Л.Морганның пікірі тарихи шындыққа жатпайтындығын белгілі ғалым Ю.И.Семенов дәлелдеген-ді. «Қандас туыс отбасы мен пуналуал отбасына алғашқы рудың шығуынан бұрынғы кезеңдер деп қарау этнография ғылымының даму барысында толық сырылып тасталды. Отбасы және неке қатынастарының пайда болу қарсаңындағы бірден – бір кезең ретінде күшінде қалып, түбегейлі дәлелденген жай – промискуитет туралы айтылған пікір. Қазіргі кезде кеңес ғалымдарының дені рудың тікілей ретсіз жыныстық қатынаста болған адамдар ұжымының шыққандығын қолдап отыр.
Сөйтіп, топты неке – жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы – варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуірлеріне тән болған.
Отбасы тарихындағы мұндай неке формаларын қазақ халқының арғы тектері де басынан өткізді. Бұған дәлел ретінде сол көне отбасы түрлерінің кейбір қалдықтары қазіргі жаңа заманда да кездесіп тұратындығын айтсақ жеткілікті сияқты.
Төңкеріске дейінгі қазақ халқына тән отбасы түрі негізінен әке-шеше және үйленбеген балалардан тұратын дара, яғни шағын отбасы болатын.
XIX ғ. мен XX ғ. басында қазақ арасында негізінен дара (шағын) отбасы үстем болған. Сол дара отбасында үлкен патриархал отбасы қауымының көптеген сипаттары сақталып келген.
Үлкен патриархал отбасының Орта Азия және Қазақстан жерінде мекендейтін жергілікті халықтар арасында қашан пайда болып, қашан жойылғаны туралы белгілі ғалымдардың зерттеулерінен біраз деректер табамыз. Мәселен, С.П.Толстов көне Хорезімдегі отырықшы елдер арасында біздің заманымыздың басында үлкен патриархал отбасының қалыптаса бастап, біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығының ортасында оның әбден нығайып жеңгендігін дәлелдейді. Бұл пікірді А.Ю.Якубовский мен А.Н.Бернштам да қолдайбы. Ал Н.А.Кисляков патриархалды үлкен отбасының қалыптаса бастауы біздің заманымыздан әрірек пе деген болжау жасайды. Үлкен патриархал отбасының ыдырау кезеңі Орта Азияның әр өңірінде оның экономикалық даму дәрежесіне байланысты әр кезде басталып, сан ғасырларға созылды. Экономикалық даму артта қалған шеткері аудандарда үлкен патриархал отбасының сілемі XX ғ. басына дейін созылғандығын, көптеген авторлардың зерттеулеріне сүйене отытып, Н.А.Кисляков кейінгі еңбегінде дәлелдей түскен.
Үлкен патриархалды отбасының кейінге дейін сақталуына Орта Азия табиғи жағдайы да әсерін тигізді. Мәселен, сыртпен байланысы шамалы болған биік таулар алқабы мен құлазыған шөлді даланы мекендеген топтарда XX ғ. басына дейін үлкен патриархалды отбасы басым болған.
Деректкерге қарағанда, Орта Азияның егіншілікпен айналысқан отырықшы тәжік және өзбек халықтарында Қазан төңкерісіне дейін үлкен патриархал отбасының сақталып келгендігі даусыз.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде ежелден бері көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтар арасындағы үлкен патриархалды отбасының тағдыры отырықшы өзбектер мен тәжіктерге қарағанда ерекше. Бұл мәселе туралы белгілі этнограф С.М.Абрамзон арнайы еңбек жазып, оны негізінен дұрыс шешті. С.М.Абрамзон еңбегінде кеңес археологтарының зерттеулеріне сүйене отырып, Орта Азия және Қазақстан көшпенділерінен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Алеуметтану курстық жұмыстар, Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері, курстык Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар, Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін