Курстық жұмыс: Тарих | Англиядағы буржуазиялық төңкеріс

Курстық жұмыс: Тарих | Англиядағы буржуазиялық төңкеріс казакша Курстық жұмыс: Тарих | Англиядағы буржуазиялық төңкеріс на казахском языке

Англия мемлекетінің құқық тарихы
Жаңа дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын. Ескі ақсүйек дворяндар қой бағып жүр деп оларға күлетін. Олардың ең пайдалы қызметтері жүнмен байланысты еді, олар өздерінің шаруаларына бостандық беріп, босаған жерлеріне қой бағатын. Қойдың жүнінен бүкіл дүние жүзіне белгілі шұға шығаратын. Сондықтан, бұл топ корольді жақтаса да, олардың мүдделері өнеркәсіптің дамуына байланысты екені түсінікті. Олардың экономикалық мүдделері буржуазия тобына жақын болатын, сондықтан ағылшын буржуазиялық төңкерісіне әлеуметтік ролдері әсерін қатты тигізді. Олар буржуазиямен одақтасып корольге қарсы шықты.
Ағылшын корольдері Тюдорлардың мүддесін қорғаған болатын. Көптеген жылдар бойы Англияның ауылы нарыққа байланысты болды және капиталистік өнеркәсіп жаңа капиталистік жер иеленушілер негізін салды. Осыған орай төңкеріс кезіңде жаңа дворяндар өздерінің тағдырын капитализмнің дамуымен байланыстырды. Осы жағдай Англия төңкерісінің ерекшеліктерін анықтады. Буржуазияға қарсы бүкіл дворяндар емес, тек қана кене дворяндар қарсы шықты. Ал джентри қатарлары сенімді одақ болып көрінді. Сонымен, Англияда буржуазиямен қатар жаңа дворяндар монархияға, феодаддық дворяндарға және шіркеудің үстем таптарына қарсы тұрды. Англия төңкерісіндегі жауапты күш халықтың топтары: шаруалар, жұмыскерлер, саудагерлер. Бірақ төңкеріс халыққа ешнәрсе берген жоқ. Керісінше, шаруалар Англияда капиталистік құрылыстың құрбаны болды. Бірақ Англияда Ақ және Қызыл розалардың соғысынан кейін ақсүйектердің саны азайып қалды. Англияның лордтары парламентте өздерінің жеке палатасында мәжілістерін еткізетін, олардың саны жүзге жақын еді. Бірақ лордтардың көбі өздерінің атақтарын тек қана XVII ғасырда ғана ала бастады.
Парламентте жаңа дворяндар (джентри) және буржуазия топтары бірге қосылып, корольге қарсы оппозиция құрған болатын. ХУІ-ғасырда Англияда қаладағы өнеркәсіптердің саны есті. Тоңкеріске дейінгі Англияда ішкі және сыртқы сауда тез дамып, бұл өнеркәсіптің қайта құрылу процесіне айналды. Лендлордтар шаруалардың жерлерін жаулап алуы мануфактураның құрылуына күшті әсерін тигізді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне жұмыс орнын өнеркәсіп өндірісінен іздеді. Сонымен, олар жұмысшылардың санын көбейтті. Англияның солтүстігіндсгі дворяндар бұрынғьщай өмір сүріп, негізгі табысты шаруалардан пайда болған феодалдық алымдардан түсіріп отырған. Төңкеріске дейінгі Англияныц селолық шаруашылығы өнеркосіппен айналысқан жоқ, бірақ көптеген жағынан озық болатын.
Англияның буржуазиялық революциясыныц тағы бір ерекшелігі-діни наным бойынша етуі. Бұл діни жалаумен өткен соңғы төңкеріс.
1621 жылы Англия королі Яков Бірінші өзінің ерекше парламенттегі жіберген сәлемінде ол өзінің көзқарасын мәлімдеді. Ол Парламентті корольдің жиналған малайы деп көрсетті. Парламент корольдің қолына меморандум ұстатты, король меморандумды жыртып тастап, Парламентті таратгы. Бірақ үш жылдан кейін экономикалық жағдай корольді ауыр жағдайға қойғасын, ол парламентті қайтадан жинады. Осы жағдайда парламенттің қауым палатасы Яков Бірінші айтқан сөзіне наразылығын көрсетіп, парламентті король өзінің билігімен ғана жинамайды, оның құқықтары бұрынғыдан келе жатыр және король парламенттің құқықтарын сыйлауы керек деп мәлімдеді. Оған Яков Бірінші Корольдің құқығын құдай берген, сондықтан ол тек соның алдында жауапты деп қарсы сөйледі. Парламенттің мүшелері Ұлы Еркіндік Хартиясы деген ұлттық құжатты корольдің есіне салды. Король мен парламенттің арасында қайшылық туып, наразылық басталды. Яков Бірінші саясатын оның баласы король Карл Бірінші жалғастырды. Олар рим құқығына тіреліп, корольдің жоғары құқықтық жағдайын және құқықтарын дәлелдегісі келген еді, бірақ Англияның парламенті жалпы құқығын пайдаланып, өзінің әділеттілігін дәлелдеді. Король Жұлдыз палата және Жоғарғы комиссня деген төтенше соттарды құрды, парламенттің келісімін сұрамай жаңа салықтарды енгізді. Корольдің әйелі Генриетта Мария - Франция, королінің қарындасы католиктердің дініне сенетін, Англияның халқы бұл жағдайға қарсылығын білдірді.
Карл Бірінші 1628 жылы парламент мәжілісін шақырды. Парламент оның қолына "Құқық туралы петиция" деген актіні ұстатты. Бұл құжатта Англияның бұрыннан келе жатқан еріктері мен әдеттері, парламенттің құқықтары туралы айтылған.
Бұл петицияның 1-бабында Эдуард Бірінші және Эдуард Үшінші корольдердің XIII ғасырда алынған зандарына сүйеніп, ешқандай салықты король парламентің келісімінсіз сала алмайды делінген. Соңғы уақытта заңға қайшы салықтар болды. Оларға парламент рұқсат еткен жоқ 3, 4 - баптарында Еркіндік Ұлы Хартиясы бойынша Англияның бір де бір адамы сотсыз құқығынан айырылуға, түрмеге қамалуға, жерден айырылуға, жауапқа тартылуға тиіс емес.
5 - бабында Жұлдызды палатаның қызметі занды емес делінген. Бұл ерекше трибунал саяси қылмысты істерді қарайтын. Басқа дінге қарсы істерді ерекше сот органының "Жоғарғы комиссиясы" қарайтын. Бұл екі сот та корольдің қолында болды. Бұлар Еркіндік Хартияның бостандықтарына қайшы еді.
6 - бапта солдаттар мен матростардың жеке адамдардың үйлерінде түруы ежелгі одеттерге қарсы деп көрсетіледі. Бұл жағдай ел заңдарына қайшы болатын.
7 - бапта солдаттар мен матростарды әскери жағдайдың соттарымен соттаудың дұрыс еместігі айтылған. Бұндай жағдай тек соғыс кезінде қол-данылуға тиісті. Бұл заңға және елдің салтына қарсы енгізілген, ал осы уақытта нағыз қылмыскерлер бос жүреді.
8, 9 - баптарда өлім туралы көптеген бұйрықтардың нәтижесіз қалып отырғаны айтылған.
10 - бапта осы тоғыз бапта айтылған талаптардың бәрін бірге түйіндеп корольдің алдына қою принципі бар. Парламент Ұлы Еркіндік Хартиясының баптарын корольдің есіне салып дөлелдеген болатын. Бірақ король парламенттің айтқан талаптарына көңіл бөлген жоқ. Парламент бұған наразылық білдіргеннен кейін король парламентті таратып жіберді. Ол 11 жыл парламентсіз мемлекетті басқарды. Парламенттің басқарушысы Тауэр түрмесіне қамалып, сол жерде қайтыс болды.
1637 жылы Шотландияда кетеріліс болды. Бұған қатысқан адамдар корольдің әскерлсрін жеңіп, корольдің әскері ыдыраған соң, мелекеттің экономикалық жағдайы нашарлады. 1640 жылы король наурыз айында парламентті қайтадан жинады. Бірак парламент корольге Құқық туралы петицияны есіне салып, орындалғанына коңіл бөлді. Парламент жаңа салықтар мен ақшаны бекіткен жок. Король парламентті қайтадан таратып жіберді.
1640 жылы күзде корольдің де, мемлекеттің де жағдайлары нашарла-ды. Феодалдық абсолюттік құрылыс терең де саяси қайшылыққа әкедді, Корольдің жағдайы ауырлай түсті. 1640 жылы 3-қарашада ол парламентгі можілісіне шақырды. Бүл парламент Ұзақ деген атқа ие болып, Англия-дағы төңкерісте буржуазияның органы ретінде үлкен рел атқарды, ол 1653 жылға дейін үзіліссіз қызмет етті. Ол кейбір жоғаргы корольдің уәзірлерін жазалау, төтенше соттарды жою, зиярат етушілерді жауапкершілікке тарту туралы да корольге талап қойды. Парламент халықтың тірегенін сезе отырып, феодалдық-абсолютистік қүрылысқа шабуылға шықты. Кейіннен корольді жақын керуші-лорд Страффорд, архиепископ Лод және басқа корольдік абсолютизмнің белсенді мүшелері түтқындалды. Парламент корольдің олсіздігін пайдаланып, омірбойы сай-ланатын сотты енгізді. Түрмелерден саяси түтқындар босатьшды, пала-таның қаулысы бойынша заң қабылданды, соның нөтижесінде парламенттің шешімінсіз салық жинауға тыйым салынды. 1641 жылы парламент Үш жылдық акт деген занды қабылдады. Бүл заң бойынша парламенттің екі мәжілісінің арасындағы үзіліс үш жылдан кем болуға тиісті емес. Король парламенттің мәжілісі басталғаннан кейін оны 50 күн тоқтата алмаған болатын. Сөз бостандығы туралы заң қабылданды. Англия буржуазиясының арқасында абсолюттік монархия орнына шектеулі монархия қүрылды. 1641 жылдың аяғында парламентте корольге қарсы көтеріліске шығуды қауіпті деп есептейтін мүшелер көбейді.
1641 жылдың аяғында парламент корольге Ұлы ремонстрацияны берді. Парламент бұл заңды соғысып қабыддады дегенмен, король оны қабыл-даған жоқ. Бүдан кейін парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бүған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король озі бұрыннан келе жатқан әдеттерді бүзып, парламентке оппозицияның өкілдері қамауға келді. Бірақ олар тығылып, ұстатқан жоқ.
Осыдан кейін король Англияның солтүстігіне кетіп, өскерлерін со-гысқа дайындай бастады. Корольді жақтаған адамдар кавалерлер деп атал-ды. Ал оған жағынған өкілдер өздерін "дөңгелек бастылар" деп атады. Сонымен, тоңкерістің занды бірінші кезеңі аяқтадды. 1642 жылы жазда парламент пен корольдің арасында ашық азаматтық соғыс басталды. Корольді ағылшын шіркеуі, ескі дворяндар, феодалдар, батыс және солтүстік графтіктер жақтады. Ал парламенттің жағында онеркосіп дами бастаған графтіктер, буржуазия, жаңа дворяндар және халықтың көбі болатын. Джентридің әлеуметтік ролі екіге бөлінді. Бір жагынан олар дворяндарға жақтасып корольді жақтайды және түсінеді, бірақ олардың экономикалық мүддесі буржуазияга жақын. Сондықтан олардың төңкерістегі рөлі ерекше. Соғыс басталғаннан кейін бірінші кезедінде корольдің осксрлсрі жсңс бастады. Бүл жагдайды түсінуге болады. Корольдің өскерлері дайындалған, жаксы қаруланған, үйрснген, ал парламент әскерлерінің бұндай жоғары сапасы жоқ еді.
Парламенттегі партиялардыц арасында қайшылық туындады. Парла-мент мүшелері: пресветериандар, индепедентгер және левеллерлер деген үш топқа болінген. Пресветериандар - ең ірі сауда иелерініц және қаржы буржуазияның және жоғары джентридің мүддесін қорғайтын. Олар парламепттің әскерлері жеңілгеиінен қорқып, корольмен татуласу керек жоне онымен бейбітшілік шарт құрып, қайтадан Лондон қаласына шақыру керек деген болатын. Олар конституциялық монархняны, шіркеудің реформасын, корольмен татуласуды, төңкерісті тездетіп аяқталуын қолдады. Өздеріне керегін революциядан алғаннан кейін, корольдіц билігін шектеп, конституциялык монархия қүрса, шіркеуді шсктесе болды деп санағаны молім.
Бірақ оларға қарсы индепеденттер шықты. Индепеденттер орта сауда, онеркосіпті буржуазия және орта джентрийлерге арқа сүйеді. Олардың басшыларыныц бірсуі О.Кромвель болатын. Индепеденттсрдіц алдына қойған талаитары пресветериандардан коп артық болатын. Олар монар-хия емес, республика құрғысы келген еді. Шіркеудің жерін торкілеуге үшыратып, жер иеленушілердің бәрін сайлауға жіберу, саудамсн байланысты жеңілдіктердің борін жою, тоңкерісті жалғастыру керек деп санады. Олар шіркеу реформасын талап етті.
Левеллер - теңестірушілер, орта шаруалармен және қалалық буржуазиямен байланысты еді. Оның басшысы полковник Джон Лильборн бол-ды. Олардың талабы-сайлау жүйесін демократизациялау, барлыгының заң алдында тең болуы, парламешті жыл сайын қайта сайлап отыру. Соггы дсмократизациялау, саудаиың толық бостандығы, сауда-саттықтағы салықты айқындауға халықтың катысуы. Олар халық егемеидігін бірінші болып жариялады. Бұларды кейіннен француз, америка тоңкерісініц окілдері қолдап кетті. Халықтық егемеиділіктің бірінші негізгі мағынасы - халықтық билік. Бірақ левеллерлер толық теңгерушілікке жете алған жоқ.
Парламент әскерлері жеңілгеннен кейін Кромвельдің ұсынған жос-парын қабылдауға мәжбүр болды. Кромвель жалпы бір ортақ әскерді ұйымдастыру керегін дәлелдеп шыққан еді.
Кромвель оскербасының орынбасары болып тағайындалды. Тәртіпке келтіріп, бір орталыққа бағындырғаннан кейін Парламенттіц әскерлері жеңе бастады. Корольдің жағдайы ауырлады. Оның әскері әлсірсп, оларға толсйтін ақшасы бітіп, солдаттар қаша бастады. Бірталай адамдар парламент жағына шыға бастаған еді. 1645 жылы парламенттің әскерлері ірі жеңіске жетті, Незби деген жерде олар корольдіц оскерлерініц быт-шытын шығарды. Король Бірінші Карл Шотландияга қатты, ксйін Шот-ландияның адамдары оны Англияның қызметкерлеріне қайтарып берді. Англиядағы жағдай қатты шиеленіскен еді. Бар билік әскердің колында. король тұтқында, ал парламент не істерін білмейді. Индепеденттер ос-кер қолында болғанын колданып, пресветериандардан билікті тартып алды. Пресветериандар корольмен татуласу керек, оның қүқықтарын шектеп орнына қою керек деген саясатты үсынған. Олар парламентте басым көпшілік еді. Оларға қарсы ұйымдасқан индепеденттер мен левеллерлер монархияны құртқысы келді. Әскердің басшылары осы партиядан болғаннан кейін, оларды әскер де......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Англиядағы буржуазиялық төңкеріс жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, Англиядағы буржуазиялық төңкеріс, курстык Англиядағы буржуазиялық төңкеріс жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық, Курстық жұмыс: Тарих | Англиядағы буржуазиялық төңкеріс дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін