👈 қаріп өлшемі 👉

Тарих | Француз буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері

 Тарих | Француз  буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері

Мазмұны
Кіріспе----------------------------------------------------------------3
Тарау 1. Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары
1.1. Себептері, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарлмасы
1.2. Революцияның негізгі этаптары--------------------------8
Тарау 2. Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс----------------------
2.1. Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер--------------13
2.2. Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері --------------------------------17
Қорытынды-------------------------------------------------------18
Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------20

Кіріспе
Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал. Курстық жұмыста осы ұлы буржуазиялық революция тарихына толық талдау жасалады.Хронологиялық кезең ретінде IX мен XIX ғасыр аралығы алынады. бірақ курстық жұмыскөлемінде ұлы буржуазиялық революция туралы жазу оның толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Бірақ біз осы буржуазиялық революция туралы жалпы түсінік ала аламыз, оның мақсаты туралы, себебі туралы, қорытындысы туралы. Бұл жұмыста француз авторларының монографиялары пайдаланылды, оның ішінді Ж. және К. Виллардың зерттеулері «Француз халқының құрылуы».
Тақырыптың маңыздылығы /актуалдылығы/. Федалдық абсолюттік билікті жою, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайту және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызу Француз революциясының негізгі мақсаты болса оның осы мақсаттарға жетудегі жүріп өткен жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, және екі ірі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде, тақырыптың маңызы мен мәні сонымен қатар осы тақырыпты таңдаудағы мақсаттар мен міндеттер көрсетіледі. Жұмыстың теориялық негізі туралы қысқаша түсінік және пайдаланылған әдебиеттер жөнінде мәліметтер айтылады.
Бірінші бөлімде Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарлмасы
Революцияның негізгі этаптары, екінші бөлімде Францияның мемлекеттік құқықтық жүйесіндегі саяси және құқықтық өзгеріс. Мемлекеттік саяси жүйедегі өзгерістер. Революцияның қорытындысы және оның халықаралық қатынастарға тигізген әсері жайында айтылады. Қорытынды бөлімде жалпы курстық жұмыстың өз мақсатына қаншалықты жеткендігі жөнінде ойлар талданып. Болашақта дағдарыстардың алдын - алудың жолдары туралы сөз болады. Пайдаланылған әдебиеттер мұнда осы курстық жұмыс барысында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Тарау 1. Француз буржуазиялық революцияның себептері мен салдарлары
1.1. Себептері, қозғаушы күштері мен революцияның бағдарламасы
Францияның әлеуметтік-экономикалық жөне саяси дамуы ғасырдың соңындағы шексіз монархияық билік бір кезде біртутас улттык мемлекет кұруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализімнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті.Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіптің гүлденуін,өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын өнеркәсіптің ұсақ цехтық тәртіптілігі тежеді. Буржуазия саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті. Олар аралық сот құруды талап етті.Осы талаптардың жүзеге асыуына әсіресе үшінші сословие, яғыни қала мен ауыл халқы мүдделі болды. Өзінің саяси талаптарына буржуазия жалпы-ұлттық мән берді. Ғасырдң 80-жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті.Орта ғасырларда орын алған эканомикалық реформалар үшін толқулар өзінен-өзі тоқталды.Мемілекет шаруашылығы нашарлап кетті.1787-1789 жылдары өндірістік-сауда дағдырысы тереңдеді.Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі сословиеде жарлы-жақыбайлану мен қайыршылану күшейді. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.
Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталған еді. Монархия күйреу табалдырығының алдында тұрды. 1614 жылдан бері Францияда Бас Штаттар, яғни федалдық Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырылмаған еді. Халық бұқарасы Бас Штаттарды шақыруды талап етті.
1789 жылы 5 мамырда халық қолдауын сезінген депудаттар өкіметке қарсы шығүға бел байлады. Олар мемлекеттің сословиелік принціпін әшкерелеп, 17 маусымда өздерін " Ұлттық жиналыс" деп жариялады. 20 маусымда дөңгелек залға жиналған Ұлттық жиналыс депутаттары, конституцияның негізгі ережелері дайын болмайынша , залдан шықпайтындарына ант береді. 1789 жылдың 9 шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін Құрылтай жиналыс деп жариялады. Король 16 Людовик пен сарай адамдары толғағы жеткен төңкерісті қарулы күш көмегімен басуға шешім қабылдайды.
1789 жылдың 12 маусымында, Париж қаласында қаржы министірі Н.А. Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап, әскер ішінде толқулар басталады. 13 шілдеде Парижде көтеріліс бұрқ ете қалды. 14 шілденің таңертеңінде Париж көтерілісшілердің қолында қалды. Көтерілісшілердің соңғы қимылы Бастилияны алумен аяқталды. Бұл француз революциясының басталғанын білдірді және оның алғашқы жеңісі болды.
1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі- буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып съезд жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуа еді. Жергілікті билік те буржуазияның қолына көшті. Осылайша Францияда аса маңызды тарихи оқиға - мемлекеттік биліктің буржуазияның қолына өтуі жүзеге асты.
1789 жылдың тамызында өткен съезд жиналысы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдардың жер меншігін жою жөнінде және шіркеу ондығын алу құқығын өкімет билігіне беру туралы шешім қабылданды.
Жер иеленушілердің меншігіне өтіп, сату-сатып алу объектісіне айналды.
26 тамызда Жиналыс " Адам және азамат құқықтарының декларациясы " қабылданды. Декларацияда қысқаша түрде революциялық принціптер мен ағарту идеялары жарияланды.Өз позициясын нығайту мақсатында жиналыс буржуазиялық өкіметті қалыптастыруғабелсенді түрде кіріседі.Азамматтық теңдік принціпін ұстай отырып, Жиналыс сословиелік жеңілдіктерді жойды және дворяндық титулдар мен гербтерді, сондай-ақ дворяндық мұрагерлікті құртты. Өздерінің кәсіпкерлік еркін қызметін бекітіп, олар мемлекеттік шектеуді және цехтық жүйені жойды.
1789 жылдың 2 қарашасында съезд шіркеу қызметкерлерінің иеліктерін қайта қараған декрет қабылдады.
Билік басында тұрған орташа монархияшыл конституцияшылдар көпшілік бұқараның наразылығын туғызды. Қоғамдық-саяси күресте саяси клубтрдың маңызы өте зор болды. 1789 жылы ұйымдастырылған Якобиншілдер клубы Францияның саяси өмірінде үлкен роль атқарды.
Революция барысында көптеген газеттер шыға бастады. Жан Поль Марат шығарған газет үлкен беделге ие болды.
Саяси дағдарыс барысында революциялық топтардың жіктелуі айқын байқалды. 1791 жылғы 21 маусым түні король отбасы Парижді тастап шықты. Варенн қаласына бет алған жолда оларды қарулы ұлттық жасақшылар танып, Парижге қайтарды.
1791 жылы съезд жиналысы Францияда буржуазиялық конституциялық монархияны бекіткен конституцияны дайындауды аяқтады. Заң шығарушы өкімет заң шығарушы ғылымға, атқарушы монархияға және өздері тағайындаған министірлерге негізделді.
Сөйтіп, съезд жиналысы ресми түрде заң шығарушы ірі буржуазияның әлеуметтік және саяси өкіметін заңдастырды.
1.2. Революцияның негізгі этаптары
Бұрынғы билеуші топтың көпшілігі- дворяндар революциямен бітпес күрес бастады. Варенн дағдарысынан кейін эмиграция, яғни басқа елге қоныс аудару үрдісі ұлғайды. Француз революциясы басқа еуропалық мемлекеттердің феодалдық күшке қарсы күресіне жол салып берді. Австрия мен Пруссияда ортақ мүдденің, яғни революцияға деген өшпенділіктің пайда болуы, олардың арсындағы қпайшылықты жеңе алды. 1792 жылы Пруссия мен Австрия Францияға қарсы әскер одақ құрды. Бұл еуропалық мемлекеттердің француздарға қарсы құрылған алғашқы коалициясы еді.
1792 жылдың 20 сәуір күні Франция Австрияға соғыс жариялады. Соғысбарысы Франция үшін сәтсіз болып,Францияға нақты қауып төнді. Революциялық көңіл күйдегі халық көтерілді. 1791 жылғы монархиялық конституцияны негізге алған бүкіл мемлекеттік саяси жүйе құлау алдында тұрды.
Саяси дағдарыстың күшейе түсуіне орай, елдегі демократиялық қозғалыстар корольді құлатудыжәне монархияны жоюды талап етті. 10 тамыз күні Парижде көтеріліс басталып, кқөтерілісшілер королдың Тюильри сарайын басып алды.
1792 жылғы 10 тамыздағы көтеріліс революцияны жаңа деңгейге көтеріліп, " ескі тәртіп" қалдықтары демократиялық жолмен жойылды. Көтеріліс барысында монархия іс жүзінде құлады. Жиналыс ХVI Людовикті тақтан түсірді.
Қайта қалпына келтірілген коалиция әскері шабуылға шықты. 20 қыркүйекте Коллерман мен Дюмурье қолбасшылық еткен революциялық армия пруссиялықтардыңғ шабуылын тойтарып, оларды Франция шекарасынан кейін шегінуге мәжбүр етті.
Республиканы жариялау. 20 қыркүйекте Ұлттық конвент өз жұмысын бастады. 21 қыркүйекте корольдік билікті жою туралы декрет қабылданды. Ал 22 қыркүйекте Франция республика болып жарияланды. Конвенттің жоғарғы орындағы 113 депутаты сол жақ қанатты құрады, оларды " таулар" немесе " монтаньярлар" деп атады. Олардың белгілі джетекшісі: Робесаьер, Марат, Дантон. Конвенттің оң жақ қанатын 136 депутат құрады, оларды "жирондықтар" деп атады, өйткені олар Жиронда аймағынан шыққан депутаттар еді. Ал орталық бөлігін құраған 500 депутат....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы