Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары

Курстық жұмыс: Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары

Курстық жұмыс: Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары казакша Курстық жұмыс: Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары на казахском языке
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:Томас Джефферсон - әлемдік тарихтағы көрнекті қайраткер. Оның өмірі мен өз еліне сіңірген еңбегі адамзат ойында мәңгілікке қалды. Томас Джефферсон тарихта тек ірі мемлекеттік қайраткер ғана емес, сонымен қатар ол философ, гуманист, лингвист, ботаник, географ, архитектор, этнограф, полеонтолог ретінде ізін қалдырды. Томас Джефферсонның саяси көзқарастары эволюциялық дамуға сәйкес келеді. Сонымен қатар, демократиялық бағытты жақтаушы көзқарастары демократияның дамуына өз әсерін тигізді. Әсіресе американдықтарға тәуелсіздігін алу жолындағы үлесі орасан зор.Атап айтатын болсақ, АҚШ тәуелсіздік декларациясын жазған бірегей тұлға.Томас Джефферсон адам құқығын жоғары сатыда тұру керек деп есептеді, себебі адам жаратылысынан ешкімге бағынышты емес және де адамдар бір-бірімен тең деді.Ол адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамау керек деп есептеді. Көріп отырғанымыздай Томас Джефферсон демократиялық принциптерді жақтаушы және оның жүзеге асуына барлық үлесін қосқан қайраткер. Томас Джефферсон әлемдік саяси тарихқа өшпес ізін қалдырды.
Томас Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, ол партия туралы былай деді: «Халықты бағалау оған қамқорлық жасау біздің партияның принципі, халықтан қорқу және оған сенбеу –басқа партияның принципі». Байқап отырғанымыздай Томас Джефферсон халықтың қамын ойлайтын қажеттілігін, мүддесін қолынан келгенше қамтамасыз етуге тырысқан халық қамқоршысы.Томас Джефферсон барлық азамат табиғатынан тең, сондықтанда олар тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстанған.Ол азамттардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:АҚШ тәуелсіз декларациясының авторы Томас Джефферсонның саяси әлеуметтік көзқарастары мен ойлары туралы еңбектер жеткілікті. Әрбір тарихшы,саясаттанушы,әлеуметтанушы, АҚШ-тың тарихын зерттегенде Томас Джефферсонға жеке тоқталып өтеді. Себебі, АҚШ-тың тәуелсіздік алуындағы Томас Джефферсонның қосқан зор үлесіне тоқтамай өту мүмкін емес. АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы бұл дүниежүзілік прогресстің рөлі болғандықтан әлемдік тарихта Томас Джефферсонның алатын орны зор. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның атына байланысты болғандықтан, ол туралы көптеген еңбектер әдебиеттер кездеседі. Жалпы, Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы тақырыпта зерттелген деңгейі өте жоғары деп айтуға болады.Мен осы тақырыптың бір бөлігін, яғни Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы зерттей алдым деген ойдамын.
Зерттеу жұмысының маңызы мен міндеті:Томас Джефферсонның саяси өмірін, оның америкадағы буржуазиялық революциядан кейін, Американың ел болып қалыптасуына қосқан үлесі, оның қоғамдық саяси көзқарастары жайында білу және оған талдау жасау болып табылады.
Осы мақсат барысында тақырыптың толық ашылуы үшін мен алдымен мынадай тапсырма қойдым.
1) Томас Джефферсонның өміріндегі маңызды кезеңдері жайлы білу;
2) Америкадағы буржуазиялық революция кезіндегі Томас Джефферсонның іс - әрекеттерін оқып үйрену;
3) Буржуазиялық революциядан кейін, Томас АҚШ-ның тәуелсіз ел болып қалыптасуына Томас Джефферсонның қосқан үлесі жайында оқып білу;
4) АҚШ-тың тәуелсіз ел болып қалыптасуына жазған тәуелсіздік декларациясындағы Томас Джефферсонның ой – пікірлерін білу және оны талдау;
5) Инаугурация кезіндегі Джефферсонның сөздері жайында жазу;
Осы жұмысымның негізіне құрылымдық - хранологиялық принцип қойылған.
Жұмысым 1743-1826 жылдары, яғни Томас Джефферсонның өмір сүрген жылдарын қамтиды.
Ғылыми жаңалық: Томас Джефферсон Ұлт-азаттық күресі кезіндегі ұлы ревалюциялық құжат-АҚШ-ның «Тәуелсіз декларациясын» жазды.Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқығынан шектеуге болмайтындығын атап көрсетті. Егер өкімет халық құқығын қорласа, ондай өкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болатындығын көрсетті. Мұнда Джефферсон билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқығы бар екенін дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогресстің рөлі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясын одан әрі дамуна ықпал етті. Онда теңдік, бостандық көтеріліс жасауға құқығы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқығы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқығын мемлкет белгіленген заңдардан жоғары тұруы керектігін атап көрсетті. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және оларды өмірге бостандыққа бағытқа тырысуына құқығы бар делінген. Томас Джефферсонның тәуелсіздік декларациясы қазіргі кезге дейін АҚШ конституциясына күшін жоймаған.
Зерттеу объектісі: Джефферсон – азаматтардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер. Ол барлық азамат табиғатынан тең, сондықтан да тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстаған. Томас Джефферсонның саяси өміріндегі басты кезеңдерге саяси салыстырмалы талдау жасалған.1764-1790жж Америкадағы Ұлт-азаттық ревалюция кезеңдегі Томас Джефферсонның саяси іс әрекеттері қарастырылған. Томас Джефферсонның тәуелсіздік декларациясындағы басты саяси ойларға тоқталған. Томас Джефферсонның инаугурация кезіндегі айтылған сөздердің саяси мазмұндарына тоқталып өтілген.
Зерттеу құрылымы: «Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы» атты тақырып кіріспеден және екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Екі тарау әрқайсысы кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Кіріспе, бұл жерде жұмыстың тапсырмасы таңдалады, жұмыстың таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеудің міндеттері мен мақсаттары тұжырымдалады, зерттеудің әдіснамасы көрсетіледі.
Бірінші тарауда Томас Джефферсонның саяси тарихтағы рөлі жайында тоқталған. Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім -Томас Джефферсонның саяси өмірінің басты кезеңдеріне, ал екінші бөлімде- Америкадағы буржуазиялық революция кезіндегі іс -әрекеттер туралы айтылған. Екінші тарауда Томас Джефферсонның тәуелсіздік жолындағы үлесі туралы тоқталып өткен.
І-бөлім
1.1. Томас Джефферсонның саяси өмірінің басты кезеңдері.
АҚШ тарихы ХVII ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ –ғасырдың басында әлемге көрнекті саңлақтар тобын берді. Олар әрқилы көзқарасты ұстанып әр түрлі партиялардың құрамында болғанымен барлығы да американың жас мемлекетінің негізін қалаушы әкелері ретінде тарихта қалды. Себебі, олар өз елінің тарихи тағдырына ғұмырларын арнап, оның қалыптасуына және нығаюына сенді.Франклин,Вашингтон, Адамс,Мэдисон,Гамильтон,Джей,Пейн және америка тәуелсіздігінің және демократиялының әкелерінің бірі, көрнекті саяси ойшыл Томас Джефферсонның (1743-1826) да есімі бар.
Ұлы саяси қайраткер, гуманист, америкалық революцияның демократиялық бағытын жақтаушы Томас Джефферсон 13 сәуір 1743 жылы ағылшындардың Солтүстік Америкадағы бірінші колониясы Виргиния штатында туылды.
Томастың әкесі – Питер Джефферсон Виргинияға алғашқы қоныс аударушылардың бірі болды. Оның арнайы білімі болған жоқ, бірақ өз бетімен білімі алу үшін көп дайындалды. Ол графтықтағы ақылды, сауатты әрі құрметті помещик болғандықтан аса жауапты жұмыстарға шақырып отырды, мысалы Виргиния штатының шекарасын белгілеп, картасын жасауға, заң шығарушы жиналыстың жұмысына шақырылып отырды.
Томас Джефферсонның анасы –Джейн Ранолф ақсүйектер отбасынан шыққан оның шежіресі Англия мен Шотландия тарихында ежелден келе жатыр. Демократ Томас Джефферсон жазғанындай, «Әркім өз таңдаған сенім мен құрметкке сол деңгейде қарауға ерікті» [1].
Томас 14 жасында әкесі – Питер Джефферсон қайтыс болды. Әкесі оның өміріндегі басты жетекшісі және ақылшысы болған еді. Томас үлкен бала болғандықтан, отбасына қамқорлық жасау үлкен баланың иығына түсті.
Томас бес жасынан ағылшын мектебіне, ал тоғыз жасынан бастап латын мектебіне барды. Томас сабақты қызығушылықпен оқыған. Одан кейін 1760 жылдан бастап екі жыл бойы Вильямсбург қаласындағы Уильям ықпал еткен Шотландиядан шыққан математик әрі философ профессор Уильям Смолмен достасты. Профессор өзінің заңгер досы Джордж Уайттың өзінің жетекшелігімен Томастың құқықты оқып – үйренуіне рұқсат етуге жәрдемдесті, сондай –ақ жас жігітті губернатор Фрэнсистің ортасына қосты. Фокье, Джефферсонның айтуы бойынша «осы орынға отырғандардың барлығының ішіндегі ең қабілетті адам еді» [2]. АҚШ-тың болашақ үшінші Президенті кейіннен онымен болған кездесулерінде, өзінің алған біліміне қарыздар екендігін еске алды. Кейінірек, Уойт мырза оның адвокаттық жұмысқа тұруына да көмек берген еді. Кезінде, 1776 жылы Уайт өзінің жас досының дайындаған тәуелсіздік декларациясына қол қойғандардың бірі еді.
Джефферсон Виргиния штатындағы Уильям және Мәри колледжінің юриспруденцияны оқып бітірген соң, сол штаттың жоғарғы сотының адвокаттар алқасында болды. Ол өзінің «өмірбаянында» революция барлық сот орындарын жапқанынша заңгерлік тәжірибесінің жалғасқанын еске алды . Оның адвокаттық қызметі айтарлықтай табысты болды, клиенттерінің саны тез өсті. Томас Джеффорсон Виргиния штатының ең атақты адвокаты болды. Ол өзінің адвокаттық қызметінде елдің ең қиын мәселелерімен танысты. Адвокаттық қызметінде ол барлық топтағы халықтарын жағдайларын, метрополиялар мен колониялар айырмашылықтарын көріп білді.
1767 жылы Томас сотта алғаш рет жеңіске жетті. Томас қара нәсілді адамдарды жақтады. Ол ең алғашқы жақтаушы сөзінде: «табиғат заңы бойынша барлық адамдар еркін болып туылған» -дейді.
Егер, адвокаттық қызметке тұрған 1767 жылы 68 істі жүргізсе, ал төрт жылдан соң 430 істі жүргізді.
1772 жылы Томас Джефферсон Марта Скелтонға үйленді.
Томас Джефферсонның 26 жасында Виргиния штатының заң шығарушы органына депутаты болып сайлануы оның саясат жолындағы мансабының жарқын болашағына ықпал етті. Жас жігіттің негізінен тәуелсіздіктің жағына еңбек сіңіруіндегі атағы оның байсалдылығы, көп оқығандығы әрі «үндемейтін депутаттығы» ретінде көзге түсетін . Томас 1776 жылғы «Тәуелсіздік декларациясының» авторы.
Томас Джефферсонның 1764 жылдан 1789 жылға дейін созылған саяси қайраткерлігі, тәуелсіздік үшін күреске, Американың Республика болып қалыптасуына бағытталды.
Джефферсон үлкен үлес қосқан АҚШ-ның 1787 жылғы конституциядан кейін және 1789 жылғы бірінші президенттік сайлаудан кейін, бұл сайлауда Джорж Вашингтон толығымен жеңіске жетті. Томас Джефферсон саяси өмірінің жаңа сатысына өтеді.11-желтоқсанда Томасты Джордж Вашингтон приезиденттік аппаратқа жұмысқа шақырды. Томас президенттік аппаратта мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.
Джефферсонға буржуаздық – демократиялық билікті құруға ықпал ету мүмкіншілігі туды.
Революциялық жеңістен кейін – тәуелсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының механизмін құру уақыты келді. Тәуелсіз Американың қай бағытта дамуы екі саяси қайраткердің шешіміне тәуелді болды.
Томас Джефферсон Виргиния штатының губернаторы қызметін атқарды. Артынша,Ұлы Франция революциясының қарсаңы мен алғашқы айларында Б.Франклиннен соң АҚШ –ның Франциядағы елшілігін басқарды. Ол 1789 – 1793 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. [3]
Джефферсон қаржы министрі Александр Гамильтонның іс -әрекеттерін сынға алды. Гамильтон мен Джефферсонның бірінші кездесуінде –ақ олардың саяси көзқарастары қарама –қайшы болды.
Томас саяси қызметіне кірісу барысында өз елінің ішкі саясатын толығымен үйренді. Ол кезде АҚШ-ның ішкі саясаты өте нашар еді. Бұл елге екі ұлы держова Ұлыбритания мен Испания көз тіккен еді.
Жас тәуелсіз мемлекеттің әлемдік саясатта рөлін арттыру үшін Джефферсон Европадағы ең күшті державаның көмегіне сүйену керектігін түсінді, Джефферсон ойынша бұл ел-Франция болды. Джефферсонның саяси ойынында ішкі саясатта осы Франция басты козер болды.
...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 33 | 10.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар тарих жобалар, Курстық жұмыс: Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін