SMM-МАМАН ОҚУ КЕРЕК 12 КІТАП

SMM-МАМАН ОҚУ КЕРЕК 12 КІТАП

Білем, сізге мына кітаптар арғы атаңыздан берілген аян ұқсап көрінуі мүмкін. Бірақ, берілген ақпаратты ковышпен жұтуға асықпаңыз. Тек, керегін алып өзіміздің менталитетке қиыстыруымыз дұрыс шешім болады. Сонда ғана жетістікке жетеміз. Ал кеттік, ендеше ТОП-12..

1. «Маркетинг эпохи Like» – Дейв Керпен

The New York Times мойындаған бестселлер, әлеуметтік желімен жұмыс жасаудың өзіндік методологиясы бар кітап. Әлеуметтік желіде тәжірибе жүзінде қолданылған түрлі ұтымды тәсілдерді мысал етіп келтірген. Менің ойымша, кез келген бизнес иесі бұл кітаптан өзіне керек нәрсені таба алады.

2. «Информационный удар. Как сделать, чтобы в шумном медиамире услышали именно тебя» – Гари Вайнерчук

SMM саласында өзін маман ретінде көрсете алған Гари Вайнерчук кітабында конкуренттердің ауыздарына құм құятын инструменттермен бөліседі. Мұнда көпжылдық стратегиялар, тәсілдер, тактикалар жиналған. Оларды кез келген аудиторияға қолдануға болады.

3. «Лайкни меня! Экономика благодарности» – Гари Вайнерчук

Дәл сол автор екінші кітабында кішкене басқа бағытта сөз қозғайды. Әлеуметтік желінің күшін бұл күндері өзіміз де сезіп жүрміз. Дәл сол әлеуметтік желінің күшінен абай болуды және оның негативті тұстарын өзіңіздің пайдаңызға асыруды қалай жасау керек туралы жазады. Брендтік репутациясы бизнес үшін ақшадан да маңызды. Осы тақырыпты да нақты әрі түсінікті етіп қамтиды.

4. «Искусство плести социальные сети» – Гай Кавасаки, Пег Фицпатрик

Бұл кітапта әлеуметтік желіде продвижение жасаудың 120 алтын ережелері жазылған. Аккаунтты тіркеуден бастап шеберге дейінгі нұсқаулық деп қабылдауға болады. Лайк басатындардан қалай подписчик жасау туралы білгіңіз келсе, оқыңыз.

5. «Полезным быть выгодно. Как зарабатывать больше, помогая клиентам» – Джей Бэр

Convince & Convert президенті Джей Бэр адамдарға жарнамадан гөрі пайда көбірек керек деп ойлайды. Кітабында сол туралы біршама сөз қозғап, оқырманға маркетинг мәселесінен жаңа деңгейге көтерілуді ұсынады. Оның ойынша, кез келген бизнес клиентке қаншалықты пайдалы болса, соншалықты партнерлік жұмыс ұзағынан сүйіндіреді.

6. «Рентабельность влияния» – Марк Шефер
Маркетинг деген өте үлкен ұғым. Ал мына кітапта соның бір тарауы ықпал ету маркетингі жайлы сөз қозғалады. Марк Шефер кітабында тек инструменттермен ғана бөлісіп қоймай, блогерлермен, әлеуметтік желіде ықпалы бар адамдармен жұмыс тиімділігін анықтайтын құралдар жайлы жазады.

7. «Социальные сети для бизнеса в России» – Сергей Чекмарев

СНГ болғаннан кейін, Ресейде қолданылып іске асқан стратегия мен тактикалардан аларымыз көп деп ойлаймын. Сондай бір кітаптың авторы Сергей Чекмарев Рунеттегі 4 жылдық тәжірибесімен бөліседі. Мұнда тексеруден өткен және қарапайым тілмен түсіндірілген нұсқаулықтар ғана берілген.

8. «Социальная сеть» – Дэвид Киркпатрик

Киносын көріп әбден ауырып едік, әлі де біраз адамды жаңа жаңалықтар ашуға себепкер болатынына күмәнім жоқ. Бірақ, сонда да киноның аты кино, ал кітабында шындыққа жанасатын нәрсе көбірек және жалпы миыңызды шынықтыруға өте пайдалы. Кез келген SMM маманға бұл кітапты міндетті түрде оқу керек. Ойлаудың дұрыс бір бағытын көрсетеді дер едім.

9. «Партизанский маркетинг в социальных сетях. Инструкция по эксплуатации SMM-менеджера» – Сергей Щербаков

SMM маман болам, болды деп шештіңіз. Жарайды, бірақ нені неден қалай бастайсыз? Қорқынышты ма? Иә, мәлімет ағылып төгіліп жатыр. Ал мына кітап сізге алғашқы қадамдарыңызды нық және дұрыс басуға жақсы гид болады. Сол үшін MUST READ.

10. «Аккаунт. Реактивное продвижение в социальных сетях» – Миколай Ян Пискорски

Маркетинг деген клиент алып келетін құдай берген садақ немесе жебе емес. Ол сандар туралы ғылым. Иә, саныңыз, есебіңіз дұрыс болса, маркетинг дұрыс жасалады. Барлығы сол деректерге келіп сүйенеді. Ал, мына кітапта 10 жылдық зерттеулердің нәтижелері жарияланған. Өте танымды және қызық. Уақытыңыз болғанда бір оқыңыз.

11. Жесткий SMM. Выжать из соцсетей максимум» – Дэн С. Кеннеди, Ким Уэлш-Филлипс

Әлеуметтік желі тек лайк емес, сонымен бірге сатылымды көбейтетін инструмент. Оның тиімділігін тексеру жайында осы кітап. SMM ұтымды екенін авторларын дәлелдейді дейді. Өзім оқымағанмын. Бірақ, көп жерде кеңес етіледі. Қарап шығуға болады.

12. «Безопасная сеть. Правила сохранения репутации в эпоху социальных медиа и тотальной публичности» – Эрик Куалман

Әлеуметтік желі заманында елдің аузында жүру өте үлкен көрсеткіш. Бірақ, оңды немесе дұрыс емес бағытта көріну екі түрлі жолға алып келеді. Иә, репутация сақтау ақшадан да, пайдадан да маңызды.

Артық айтқан бір сөзіңіз, сізге бір жылдық пайдаңызды және танымалдылығыңызды, ел алдындағы бетіңізді қаралап жіберуі мүмкін. Қысқасы, сондай жағдайларға түспеу, негізгі қағидаларды ұстана отырып, былшыққа кірмеудің жолдарын түсіндіретін кітап.

автор: Алмас Нұрмаханұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады