Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы

Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы казакша Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы на казахском языке

Имам Раббани хазреттері бұл жөнінде былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар берген адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай бұған да сауап жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Тозақтан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін еді. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады.
Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек. Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахиреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек.
Ораза ұстағанда күнәлардан сақтану керек. Көзді, тілді күнәлардан сақтағанымыздай, құлақты да күнәдан қорғауымыз керек. Айтылуы харам болған нәрсені тыңдау да харам болып табылады. Қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамнан қорғау керек! Ораза ұстап, мүшелерімен күнә істеген адам, дәрі орнына у ішкен адамға ұқсайды. Өйткені күнә – у, ғибадаттарымыздың сауабын жоқ қылады.
Жамандық немесе қандай-да бір күнә істегеннен кейін өкіну және жақсылық пен ғибадат жасауды жалғастыру керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Бір күнә істеген кезде артынша дереу бір жақсылық жаса, бір сауап істе, сол күнәні жойсын!» (Бәйһақи)
«Қайда, қандай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорқ және жамандықтың артынан бір жақсылық жаса, сол жамандықты жоқ қылсын!» (Тирмизи)
Құран кәрімде де былай делінген:
«Әлбетте жақсы амалдар жаман амалдарды жоқ қылады.» (Худ 114)
Жақсы-жаман адамдарды ажыратпастан, бәріне жақсылық жасау керек! Әлсіздерге, қарттарға, мұқтаждарға жәрдем ету дініміздің әмірлерінен. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Бір мұсылман бауырына сияпат еткен адам Аллаһу та’алаға сияпат еткен сияқты болады.» (Табарани)
«Бір жас жігіт қарт адамның жасын құрметтесе, бұл жас жігіт қартайғанда Аллаһу та’ала оған қызмет ететін жастарды жаратады.» (Тирмизи)
Адамдарға жақсылық жасаудың сауабы өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Адамдардың бәрі Аллаһтың жанұясы сияқты. Аллаһу та’аланың ең сүйікті құлы – Оның жанұясына (адамдарға) ең пайдалы болған адам. Ал Аллаһу та’аланың ең жақтырмайтын адамы – Оның жанұясына жақсылық жасамайтын адам.» (Бәззар)
«Мына екі нәрседен жақсысы жоқ: Аллаһқа иман келтіру  және Оның құлдарына жақсылық жасау. Мына екі нәрседен жаманы жоқ: Ширк және адамдарға жамандық жасау.» (Дәйләми)
«Ең жақсы адам – одан тек жақсылық күтілетін адам.» (Тирмизи)
«Жақсылық жасау өмірді ұзартады.» (Табарани)
«Кімге жақсылық жасалған болса, бұл жақсылықты есіне алсын! Жақсылықты еске алу – шүкір, жақсылықты жасыру – рахметсіздік болып табылады.» (Әбу Дауд)





KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, а, керек, болады, былай, адамның, жасау, сауап, жасалған, басқа, Аллаһу, айларда, нәпіл, ғибадат, жасалатын, бүкіл, делінген, Ораза, тұтқан, тааланың, кешіріледі, Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы, Рамазан айы. Ораза., Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы, Рамазан айы, Рамазанда, пен, жақсылықтың, сауабы, рамазан сауабы, рамазан айынын сауабы, рамазан ғибадат, керек, болады, былай, адамның, жасау, сауап, жасалған, басқа, Аллаһу, айларда, нәпіл, ғибадат, жасалатын, бүкіл, делінген, Ораза, тұтқан, тааланың, кешіріледі, Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы, Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге