Рамазан айы. Ораза. Ауызашар берудің құндылығы

Рамазан айы. Ораза. Ауызашар берудің құндылығы

Сұрақ: Ауызашар берудің сауабы қандай?
Жауап: Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.» дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді:
«Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады.» (Бәйһақи)
Тағы бір хадис шәрифте былай делінді:
«Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады.» (У. Нәжат)
Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.
Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенінде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз алейһиссалам оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» деп жауап берді. (У. Нәжат)
Ас беруді ниғмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.» (Исфахани)
«Аллаһу та'ала тамақ жегізетін жомарт құлымен періштелеріне мақтанады.» (Имам Ғазали)
«Қонақ дастарханда отырғанынша, періштелер үй иесіне дұға етеді.» (Табарани)
«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда жатқанда намаз оқитындар үшін.» (Тирмизи)
«Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі.» (Бәззар)
Дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазреті Әли былай деген: «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етудан де абзал.»
«Ол мені тамаққа шақырмайды, мен оны неге шақырайын» деп айтпау керек. Тамаққа шақырғанда да, тамаққа бара жатқанда да тек Аллаһ разылығын ойлау керек.
Күнә істелетін жерге тамаққа шақырса бармау керек. Кедейлердің шақырғанына бармай, байлардыікіне бару – тәкаппарлықтың белгісі. Өзінен төмендердің үйіне бару – қарапайымдықтың белгісі.
Үйлену асына шақырылған адамның баруы сүннет, басқа шақыруларға бару мүстаһаб болады. Кейбір ғалымдар “үйлену асына бару уәжіп, басқа шақыруларға бару сүннет” деп білдірген. Мұсылманның мұсылманға міндеті болған бес ақысының біреуі шақыруына баруы болып табылады. Хадис шәрифте де «Шақырған жерге барыңдар» делінген. (Мүслим)
Көп шығынданып, әуреге салынып шақырылған жерге бару керек емес. Сараңның да шақыруына бару керек емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Жомарт адамның асы шипа болады, ал сараңның асы ауру тудырады.» (Дәйләми, Хаким, Ибн Лал, Дарә Кутни, Хатиб)
Шын көңілмен шақырылған жерге бару керек. Хадис шәрифте былай делінді: «Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Аллаһу та’аланы да сыйлаған болады.» (Исфахани)
«Екі адам бір уақытта шақырған жағдайда есігі жақын болғанына бар! Өйткені есігі жақын болғанының ақысы бірінші келеді.» (Бухари)
«Шақырылған жерге бармаған адам Аллаһ пен Расулына қарсы шыққан болады.» (Бухари) (Дініміздің осы тақырыптағы әміріне мойынсұнбаған болады.)
 
Сұрақ: Харам ақшамен ауызашар беруге бола ма?
Жауап: Тек харам ақшаның өзімен ауызашар беріп, сауабын күткен адам кәпір болады. Сауап күтпей беру күпіршілік болмайды. Ақшасына халал харам араласқан болса, берілген ауызашар харам да күпір де болмайды.
 
Сұрақ: Германияда тұрамыз, мұнда мынадай сөз бар:
«Бұл жердегі адамдардың барлығы бай. Қалаған нәрселерін алып ішіп-жей алады. Ешкімді тамаққа шақырудың керегі жоқ. Шынымен сауап табу үшін бір кедейді тауып шақыруың керек, сонда сауапқа қауышасың. Бұл жерде кедей болмағандықтан ауызашар істеудің қажеті жоқ» дейді. Осы дұрыс па?
Жауап: Қате. Ақылмен дін болмайды. Дін кітаптарында не жазылса соған қаралады. Кейбіреулер де «Ауылыңда кедей бар болса қажылыққа бару керек емес. Кедейді қуанту қажылықтан да маңызды» дейді. Бірақ дініміз олай демейді. Мұсылман адамның дініміздің білдіргендеріне сенуі керек. Жер бетіндегі кедейдің барлығын тойдырсаңыз да қажылықтың орнына өтпейді.
Кедейге тамақ берудің сауабы басқа, ауыз аштырудың сауабы басқа. Пайғамбарымыз «Рамазан айында аузы берік бір адамға су берген адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады.» дегенінде Сахабалар «Су тапшы және бағалы кезінде ме?» деп сұрады. Оларға «Жоқ, өзен жағасында болса да, өзеннен бір табақ су алып берсе сол сауапқа қауышады.» деді.
Көрілгеніндей өзеннен су алу тегін. Бұл жерде маңызды болғаны – аузы берік адамның аузын ашуы. Бұл сумен де, құрмамен де, зәйтүнмен де болады. Ас берсе одан да көп сауапқа қауышады.
 
Сұрақ: Ораза тұтпаған адамды ауызашарға шақыруға бола ма?
Жауап: Иә, болады. Бірақ, ауызашарға шақырғанда ораза тұтқандарды таңдау керек. Бір себеппен ораза тұта алмай жүрген болса, мысалы жол жүрген, ауру болса немесе белгілі бір жағдайы болса оларды да шақыруға болады.
 
Сұрақ: Біреуге ауызашар ақшасын беру, ауызашар бергенмен бірдей сауап па?
Жауап: Иә.
 
Сұрақ: Мешіттің алдында мешіттен шыққандарға ауыздарын ашсын деп құрма беріледі. Бұлар да ауызашар беру сауабына қауыша ма?
Жауап: Әрине қауышады. Жарты стакан су берсе де ауызашар сауабына қауышады. Ауызашар беру сауабы өте үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Рамазан айында бір аузы берік адамға, сумен болса да аузын ашқызған адам, анасынан туған күндегідей күнәсіз болады.» (У. Нәжат)
«Кімде кім Рамазанда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Аллаһу та'ала оны жаһаннам отынан азат етеді. Ол аузы берік адамға берілген сауаптай сауап оған да беріледі.» (Ибн Хузәймә)
«Бір қажыны немесе бір мужаһидті жегізіп кигізген және олардың жанұясына қараған немесе аузы берік адамға ауызашар берген адам, бірдей сауаптарға қауышады, қалғандарының сауабынан ешнәрсе азаймайды.» (Бәйһақи)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ali Tsechoev
    Ali Tsechoev 07.06.2017 11:20
    0 + 0 -
    Дал марх кьоал долд масса болч бусулб наьх.Амин!

Ілмектер: г