Түс және оны жору - 2 бөлім



  • Егер де кісіні түсінде келеге түсіп жараған бура қуалайтын болса—онда ол Құдай атына құрбандығын беруі керек. Өйткені оның түсінде көргені—Әзірейіл- дің өзі.
  • Егер де қатын ерінің сіңбіргенін көрсе—бір ер бала та- бар.
  • Егер де оған бір нәрсе берер көрсе, қанша алса—сол ша- мада ізгілік көрер.
  • Егер де ол қатын жиіркенішті жаман көрінсе—не діні, не дүниесі болмас.
  • Егер де өзін түсінде шашты көрсе—оған жақсылық бо- лар.
  • Егер екі жұмыртқасын кесік көрсе—қызы балалардан кесіледі, яки қыздары өліп, марқұм болады.
  • Егер екі кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл—жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса—онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
  • Егер еркек қарбызды жесе—уайымға батады.
  • Егер еркектер мен қатындарға имамдық қылса—бір шаһарға ұлық болмақ, егер қази болуға лайықсыз болса—бір ізгі іске кездеспек.
  • Егер ері шашын тартар көрсе—яки киімі ескі көрсе— ол қатын ол ерінің қысымында болғаны.
  • Егер жағынан көтерілер көрсе, жақын қарындасынан айрылу.
  • Егер жас әйел түсінде өгіз көрсе—тағдырын жақсар- татаны ұсыныс болады.
  • Егер жексенбі туралы айтып жатқан болса—күрделі мәселелеріңізді шешуге өз жолдасыңыз көмектеседі.
  • Егер жоғарғы тісі түсіп қолына алса—ол кісіге мал түсер. Ал егер алдына түссе—бір ер баланы Құдай бе- рер. Егер жерге түссе—өлім қайғысы болар.
  • Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі кө- ретін болса—онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер қасқыр көретін болса—онда өңінде оның сапары сәтті болады.
  • Егер жұлдыз көрсе—бұл һәм жақсы, мәртебелік болар балалары дер.
  • Егер жұлдыздар сіздің өміріңіз туралы сыр шертсе— таңғажайып жетістік пен қуаныш болғалы тұрғанын білдіреді.
  • Егер жұмыс өгізін көрсе, оны сойып, етін бөліп алар болса—басшы ұлығы өледі.

түс, түс жору, түс көру, түс жору кітапшасы

  • Егер Зәкария пайғамбарды көрсе—қартайған кезінде бір жақсы, тақуа ұл бала көрер.
  • Егер иттің басы, аттың басы, есек басы, осы секілді жануарлардың басын көрсе—біреуге кірісіп, еңбегінің бейнетін көрер.
  • Егер кағба үстінде намаз оқып көрсе—дінсіздігі болар.
  • Егер кағбатуллада азан оқыр көрсе—ол кісі ізгілікте болар.
  • Егер керуенде азан оқылса—ол кісінің малы жоғалар.
  • Егеркөбелектерсіздіайналаұшыпжүрсе—өтеалыстағы досыңыздан немесе танысыңыздан хат аласыз.
  • Егер көршінің үйінің төбесінде азан айтар көрсе—ол көршінің қатынынан қауіплі болар.
  • Егер күйеуі басқа біреуге ғашық болып қалса—бір- қалыпты жанұялық өмірден шаршағандықтан басқа жақтан қызық іздеп жүргенінің белгісі.
  • Егер күйеуі шаршаңқы болса—жақын адамдардың бірі ауруға шалдыққан.
  • Егер кісі қыста түсінде көк майса жер көрсе—Құдай- дың рахметін көргені. Егер кісі түсінде жазда қар көр- се—Құдайдың азабын көргені.
  • Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса—онда бұл жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса—онда бұл жақсы емес.
  • Егер кісі түсінде (азды-көпті) ешкі көрген болса—онда бұл жақсы емес.
  • Егер кісі түсінде (азды-көпті) қой көрген болса—онда ол барша тілектеріне жетеді.


 

  • Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса—онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
  • Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның ашулы қалпында көрсе—онда ол өңінде әлденеге қапа болады.
  • Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның жайда- ры қалпында көрсе—онда ол өңінде ұлық дәрежеге жетеді.
  • Егер кісі түсінде азан айтып намаз оқыса, немесе Құран оқыса—онда өңінде оның дәрежесі өседі.
  • Егер кісі түсінде ай көрсе—патшаның қатыны қыз та- бады, егер кісі түсінде күн көрсе—патшаның ісі рауан табады.
  • Егер кісі түсінде ақ қоян көрсе—қыс қатты келер, егер кісі түсінде қара қоян көрсе—қыс жақсы келер.
  • Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе—онда ол бұ дүниеде де, ол дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
  • Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе—онда ол өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
  • Егер кісі түсінде алма жесе—онда ол өңінде тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде алтын көретін болса—онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
  • Егер кісі түсінде анар жесе—онда ол өңінде байиды.
  • Егер кісі түсінде ас ішсе—онда ол өңінде мол дәулетке ие болады.
  • Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе—онда өңінде әкім болады.
  • Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар шапса—болыс бола- ды.
  • Егер кісі түсінде аюды көрсе—онда ол өңінде көлденең олжаға кезігеді.
  • Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса—онда өңінде оның дәулеті артады.
  • Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса—онда ол өңінде дұшпанын мұқатады.
  • Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе—онда ол өңінде бақытқа бөленеді.


 

  • Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе—онда өңінде оның дәулеті артады.
  • Егер кісі түсінде басына құс қонса—һәм бір амалға тұрады.
  • Егер кісі түсінде басына тәж кисе—онда ол өңінде байлыққа ие болады.
  • Егер кісі түсінде бидай көрсе—онда ол өңінде байиды.
  • Егер кісі түсінде биікке шығар болса—онда ол өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Егер ол биіктен құлар болса— онда ол өңінде қапалы болады.
  • Егер кісі түсінде биіктен құласа—онда ол өңінде та- бысқа кезігеді.
  • Егер кісі түсінде боққа бататын болса—онда ол өңінде байлыққа кенеледі.
  • Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе—онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
  • Егер кісі түсінде біреуді ұрса—дұшпанын мұқатады.
  • Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе—онда өңінде оның ішіп-жем қоры мол болады.
  • Егер кісі түсінде доңыз көрсе—онда ол өңінде дұш- пандарымен айтысып, тартысады.
  • Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе—онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
  • Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе—мұратына же- тер.
  • Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе—онда бұл өте жақсы.
  • Егер кісі түсінде есекке теріс қарап мініп жүрсе—онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
  • Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе—онда оның мал-мүлкіне зиян келеді.
  • Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе—онда ол өңінде табысқа кезігеді.
  • Егер кісі түсінде жүзім жесе—онда өмірде оның бағы жанады.
  • Егер кісі түсінде ит көрсе—онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.


 

  • Егер кісі түсінде кезқұйрықты көрсе—онда ол өңінде қадірсіз болады.
  • Егер кісі түсінде көгершін көрсе—онда өңінде оның ісі оңғарылады.
  • Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса—онда оның өңінде барша тілектері қабыл болып мұратына жетеді.
  • Егер кісі түсінде көкекті көрсе—онда өңінде оның жоғы түгенделеді, табысы артады.
  • Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе—онда ол өңінде қапа болады.
  • Егер кісі түсінде күміс ақша санаса—бай болады.
  • Егер кісі түсінде күрек тісі сынса—қатыны өледі, азуы сынса—баласы өледі, ең түбіндегі азуы сынса—өзіне шікәс жетеді.
  • Егер кісі түсінде қазды көрсе—онда өңінде оның азық- түлік қоры көбейеді.
  • Егер кісі түсінде қайыңды көрсе—онда ол өңінде та- бысты болады.
  • Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе—онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
  • Егер кісі түсінде қарағайды көрсе—онда ол өңінде сүйіктісімен табысады.
  • Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе—онда ол өңінде байлыққа ие болады.
  • Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе—онда ол өңінде қуанышқа бөленеді.
  • Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе—онда өңінде оның байлығы тасиды.
  • Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәмзәм суын ішсе— онда ол өңінде барлық күнәсынан тазарады.
  • Егер кісі түсінде қасқыр көрсе—онда ол өңінде дұшпа- нын көбейтеді.
  • Егер кісі түсінде қауын және қарбыз жесе—онда өңінде оның досы байиды.
  • Егер кісі түсінде қой көретін болса—онда ол өңінде бас- шы қызметке тұрады.
  • Егер кісі түсінде қоңды жарамды атқа мініп жүрсе— онда оның байлығы артады.


  • Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе—онда оның билігі өңінде барлық халықа жүреді.
  • Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе—онда ол мұратына жетеді.
  • Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем, сиыр малына мініп жүрсе—онда бұл жақсылық емес.
  • Егер кісі түсінде қоян көрсе—онда ол өңінде барлық тілектеріне жетеді.
  • Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе—онда ол өңінде әкім болады.
  • Егер кісі түсінде құмай құсты көрсе—онда ол өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.
  • Егер кісі түсінде құрма жесе—онда ол өмірде ұзақ жа- сайды.
  • Егер кісі түсінде құс ұстаса—қатын алады.
  • Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе—онда ол өңінде бақытты болады.
  • Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе—онда ол өңінде ел билеген бастық болады.
  • Егер кісі түсінде қынаны көрсе—онда ол өңінде тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде қыранды көрсе—онда ол өңінде дәре- жеге ие болады.
  • Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе—онда өңінде оның барлық ісі ойдағыдай орындалады.
  • Егер кісі түсінде қырғиды көрсе—онда ол өңінде бақыт- ты да дәулетті болады.
  • Егер кісі түсінде мәст түйе құласа—садақа қылсын, шірәке хазірет Әзірейілді көріпті.
  • Егер кісі түсінде Меккеге барса—онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мінәжат етсе—онда өңінде оның дәрежесі өседі.
  • Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның ашулы қал- пында көрсе—онда ол өңінде үлкен бәлеге ұшырауы не- месе қаза болуы мүмкін.


 

  • Егер кісі түсінде оң жақ азу тісінің түсіп қалғанын көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып келетін біреу қайтыс болады.
  • Егер кісі түсінде отын көтерсе—көп дүниядар болар.
  • Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе—онда ол өңінде патша болады.
  • Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса—онда оның ісіне қарай, өңінде бірде жақсылық- қа, бірде жамандыққа кезігуі мүмкін.
  • Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып, кө- ңіл көтеріп жүрсе—онда өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
  • Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе—онда ол өңінде жақсы табысқа жетеді.
  • Егер кісі түсінде өлген адамдардың қолынан бірдеңе алса—онда ол өңінде пайда, табыс табады.
  • Егер кісі түсінде өлген адамды жақсы киіммен көрсе— жақсы болғаны, иман киіммен көрсе—иман болады.
  • Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе—онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде пәлен жерге шықса—мәртебесі бәланд болар, егер кісі түсінде бәлендерден жығылса—көп қапа болар.
  • Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жол- барысқа, барысқа, не мүйізтұмсыққа мінсе—онда ол өңінде барлық жауларын тізе бүктіреді.
  • Егер кісі түсінде піскен ет жесе—онда ол өңінде ішіп- жемінің көбейгенін көреді.
  • Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе—онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет орнайды.
  • Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе—онда ол, өз ісіне қарай, өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда бола- ды.
  • Егер кісі түсінде сасықкөкекті (бәбісек) көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде семіз сиыр көрсе—арзаншылыққа тағаллұқ, егер кісі түсінде арық сиыр көрсе—қымбат- шылыққа тағаллұқ.


 

  • Егер кісі түсінде сол жақ азу тісінің түсіп қалғанын көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып келетін біреу қайтыс болады.
  • Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе—онда ол өңінде әкім болады.
  • Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса—онда ол өңін- де ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса—онда ол өңінде қайғылы күйге душар бо- лады.
  • Егер кісі түсінде тазқараны көрсе—онда ол өңінде дұш- пандарын тізе бүктіреді.
  • Егер кісі түсінде тары көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе—онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
  • Егер кісі түсінде тауық көрсе—онда ол өңінде досының ісіне сүйсінеді.
  • Егер кісі түсінде тауысты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе—онда ол өңінде асқан сұ- луға үйленеді.
  • Егер кісі түсінде тұнық суға түссе—жарықтыққа шы- ғар, егер кісі түсінде лай суға түссе—ғамға кіріптар бо- лар.
  • Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  • Егер кісі түсінде түйеге мінсе—әулиелер қолдар.
  • Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе—онда ол жақсы. Өйткені түйе—ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні, ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру—жақсы.
  • Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе—онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
  • Егер кісі түсінде түлкі көрсе—онда өңінде оның адал досының орнын алдампаз алаяқ басады.
  • Егер кісі түсінде түлкі көрсе—сапар қылса, жолы бол- мас, егер кісі түсінде бөрі көрсе—сапар қылса, жолы болар.


 

  • Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе—онда ол өңінде байи- ды.
  • Егер кісі түсінде тыр-жалаңаш жүрсе—онда ол өңінде барлық қайғы-мұңынан арылады.
  • Егер кісі түсінде ұшып жүрсе—онда ол өңінде пайда, табыс табады.
  • Егер кісі түсінде үйрек көрсе—онда ол өңінде мұқтаж- дықтан құтылады.
  • Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе—онда ол өңінде табыс табады.
  • Егер кісі түсінде шақа санаса—дұшпаннан ғайбат сөз есітеді.
  • Егер кісі түсінде шаш алдырса—кембағал болар, егер кісінің түсінде шашы өссе—бедәулет болар.
  • Егер кісі түсінде шымшықты көрсе—онда оның өңінде ісі оңғарылады.
  • Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе—онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
  • Егер кісі шабдалы жеп жүрсе—онда ол екі дүниеде бір- дей шат-шадыман ғұмыр кешеді—түс өңге айналуы үшін, аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
  • Егер кісіге түсінде өлген адам бір нәрсе берсе, ғайыптан қолына бір нәрсе келер.
  • Егер кісілерге тұлымын көрсетіп жүрсе—ол рәсуалық.
  • Егер кісіні түсінде ит қапса—залымға кіріптар болар.
  • Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын болса—онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде азу тісі сынса—онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде, ең түпкі азу тісі сына- тын болса—онда оның өзі бір қатерге ұшырайды.
  • Егер кісінің түсінде өлген адамдар бірдеңе сұраса—он- да ол өңінде шығынға ұшырайды.
  • Егер кісінің түсінде салқын жел есіп тұрса—онда ол өңінде жақсы да жайлы тұрмыста болады.
  • Егер кісінің түсіне ақ қоян енсе—онда қыс қатты бола- ды. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе—онда қыс жай- лы болады.


 

  • Егер қара, ақ тышқандарды інге кіріп шығып жатқа- нын көрсе—өмірі ұзын болар.
  • Егер қаршыға құс және кішкене құсты тұтып алса— дәулеті зияда, бәлки перзент көреді деп айтады.
  • Егер қатын өз шашын жұлар көрсе—пердесі жырты- лып, ұятты болар.
  • Егер қатын семіз болып көрінсе—жыл жақсы болар, тоқтық болар.
  • Егер қатынның сіңбіргенін көрсе—ер бала табар.
  • Егер қойды түсінде көрсе—қой бұқарадүр, бұқара ха- лық мұны жақсы көреді деп айтады.
  • Егер қолымен мұрнын сіңбірсе—бір қыз баласы бола- ды, өмір жасы ұзақ болады.
  • Егер қою көріп, бір тамшы екі тамар көрсе—ол кісіге пайда һәм зекетін өтеу керек.
  • Егер Құранды жер көрсе—жаттаған сабағын ұмытпақ.
  • Егер Құранды сатар көрсе—жамандардан сақтану ке- рек.
  • Егер Құранды ұрласа, яки жасырар көрсе—ол кісі на- мазын ұрлар.
  • Егер Құранды хатым қылар көрсе—Алла тағала қа- сында көп сауаптар табар, һәм нендей мұрадына же- тер.
  • Егер Құраннан бір нәрсені біреуге берер көрсе—рахмат, сүйініш, қорқытқан хабар, уағыз секілді іс болмақ.
  • Егер Құранның жолдарын күңгірт көрсе—Құран тура- сында бір бедғат сөз сөйлейтін болар.
  • Егер құс басы секілді болар көрсе—шаһардан шығып саяхат қылар.
  • Егер қыз бала көрсе—ақыры қорлық іс болар. Садақа берген дұрыс.
  • Егер Қызыр пайғамбарды көрсе—кейін ғұлама болар.
  • Егер маңдайы артар көрсе—дәулеті артар, әмірі жүрер.
  • Егер маңдайы кемір көрсе—дәулеті кемір.
  • Егер маржан, меруерт тағып алса—үйден берекет кет- пес деп айтады.


 

  • Егер Мұса, Һарун пайғамбарларды көрсе—ол пенденің жанында бір бас тартушы, күш қылушы, залымдарды һалак қылар.
  • Егер неке жүзігі жоғалып немесе сынып қалса—үлкен қасірет, жақын адамдардың бірі дүниеден өтеді.
  • Егер ол адамды көркем жүзбен көрсе—көркемдік та- бар. Қайғыда болса, құтылады.
  • Егер ол балықтың қарнынан інжу шығар көрсе—бір ер- кек бала табар.
  • Егер ол битті жаңа киімде көрсе—оның малы көп бо- лар, мәртебесі артар.
  • Егер ол қатын шашы күзелген көрсе—ері талақ қылады.
  • Егер ол Құранды жіпке тізіп жазар көрсе—Құранды ақылымен тәфсир еткені болар.
  • Егер ол мұсылмандық ғаламатынан басқа іс істесе— харам дүние болар.
  • Егер ол мысықтың бір нәрсесін табар көрсе—бір нәр- сенің төлеуіне яки ұрымен әуре болар.
  • Егер ол пілді соғыс жерінде мініп жүрсе—піл иесіне көңіл сынығы болар.
  • Егер ол сәби еркек бала болса—ізгілік ғамалы артар хайырлы түс.
  • Егер өз аяғыңызды күтімге алып отырсаңыз—ол сіздің ғылыммен айналысатыңызды және бұдан соншалықты пайда түспейтінін сездіреді. Егер аяқ орнында ағаш аяқ тұрса—достарға ашық-жарқын еместігіңіз.
  • Егер өзін жарты құлақ көрсе—қатыны өліп, екінші қатын алар.
  • Егер өзін мәжусидің шоқынатын жерінде көрсе—оның ақылы мәжуси жолында болған болар.
  • Егер өзін мұрынсыз көрсе—рахимы болмай, баласы болмас.
  • Егер өзін мінберде болып, ізгі сөз сөйлер көрсе—ол ша- малы шарафатта кісі болар, сонымен атағы шығар.
  • Егер өзін соқыр көрсе—ислам дінінен азғаны болар.
  • Егер өзін сыңар көзді көрсе—дінінің жартысы кетер, яки бір үлкен күнәға кездесер.


 

  • Егер өзінде көп құлақтар көрсе—ол кісі хақысын қабыл етпеген болар.
  • Егер өзінің қолын қыналаса—біреуді өлтіру хауфы бар.
  • Егер сақалсыз, мұртсыз жігіт көрсе—ол кісіге сол ша- малы хайыр табар.
  • Егер сақалы жерге жеткенше ұзын болса—иесі өлер, са- қалдың өте қара болуы—уайымсыздығы, жасыл болса —зор бақыт, өте қалың болса—көп мал-дәулетті болар. 601. Егер семіз сиыр көрсе—жылдың тоқтығы, жақсылығы.
  • Егер сен біреуді тілдесең—сәтсіздік;
  • Егер сол жағынан салынар көрсе—жақын ағайының қатыны кетер.
  • Егер судағы балықты түсінде көрсе—һәм жақсы, пер- зент көресіз дер.
  • Егер Сүлеймен пайғамбарды көрсе—ұлық болар, ғалым болар.
  • Егер сыңар көрсе—ол кісі үмітсіз болар, үміттенгені бола қоймайды.
  • Егер түске семіз сиыр енетін болса—онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса—онда қым- батшылық болады.
  • Егер түсінде беліне белбеу байлар көрсе—оған бір ер бала болар, яки бір іске әкім болар салтанатпен, яки өкіметіне сыйласулы болар.
  • Егер түсінде бидай, арпаны көрсе—ниғмет дер, бәлки нарық арзан болса керек дер.
  • Егер түсінде бір танымайтын қарт кемпір көрсе—дүние болар.
  • Егер түсінде дария суларын көрсе—көп нәфәқалық пайдалар көреді, судан ішсе мұратына жетер, ғиззаты көп болады деп айтады.
  • Егер түсінде жылан көрсе—һәм жақсы, адамға дәфи қылмаса.
  • Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса—онда ол өңінде бір қызметті алады.
  • Егер түсінде қойлар көрсе—көп қатындар болар.


 

  • Егер түсінде құлағы өзінен бөлінсе—қатыны талақ бо- лар, яки қыз баласы болар.
  • Егер түсінде құлағына асылған алқа көрсе—қызын күйеуге берер, ол қыз ұл бала табар.
  • Егер түсінде қыбла танымас болса—дінінде нашарлық болмақ.
  • Егер түсінде қыблаға тура қарап оқыса—діні тура бо- лар.
  • Егер түсінде қылыш яки мылтықты көрсе—нафақалық болар, мәртебесі зияда болар,—дейді.
  • Егер түсінде ләйлік деген құсты көрсе—зәхмат көреді. 621. Егер түсінде нақұрыс кісі көрсе—бір мұнафиқ жалғаншы ер болар.
  • Егер түсінде намазын оқып, тамам қылып бітіріп шықса—істері тамам болар, егер қатындарға ғана имамдық қылса—бір нашар елге басшы болар.
  • Егер түсінде өгізге мінер болса—өкімет ісі тақырыпты мал тілер.
  • Егер түсінде өзін біреу ұрса, өлтірсе—жақсы емес, құ- дайы қылмақ лазым.
  • Егер түсінде өлген адамды көрсе—зияны жоқ. Сол өл- ген адаммен сөйлессе—рас айтады дер.
  • Егер түсінде тостаған сынса, ішінде суы қалса—қатыны өледі, егер тостаған сынбай, суы төгілсе—баласы өліп, анасы қалар.
  • Егер түсінде ұрыс, талас, төбелес дұшпанын көрсе— ғайбат сөйлеуден тілін сақтау керек. Бір бәлеге кездесіп қалу қаупі бар, садақа берсін.
  • Егер түсінде үйіне бір жынды кісі кіргенін көрсе, ол жынды үйінде бір іс қылғанын көрсе—дұшманы, яки ұры оған зарар келтірер, яки өзі жынданар.
  • Егер түсінде шайтанды дұшман етер көрсе—ол кісі иман келтіріп, Құдай жолына бой ұсынған болар.
  • Егер түсінде шайх, яғни қарт ақсақал көрсе—ол бабасы (ұлы атасы) болар.
  • Егер түсінде Шиш пайғамбарды көрсе—ниғмат шад- лық, бала, хош тірлік көрер.


 

  • Егер түсіңізде мыстан сізге күш көрсетсе—отбасыңыз бен жұмысыңызда біршама проблемаларға кезігуіңіз ықтимал.
  • Егер тырнағын орта көрсе—дінінде, дүниесінде түзік- тігі.
  • Егер тысы жақсы, іші жаман жемісті көрмек—мұна- фиқпен жорылар.
  • Егер тышқан үйінен ауып бір жаққа кетер көрсе—оның берекесі, ниғматы кетер.
  • Егер тістері босап сілкінсе—жақын қарындастары сыр- қау болар.
  • Егер тісті қолына алмай кетсе—ол үй ішінен біреуі өлетіндігі.
  • Егер тісі түсін қолына алса—үй ішінде қатын жамаға- ты көп болар.
  • Егер уысына хайуанның, я өзінің көзін ұстар көрсе— қолына мал кірер.
  • Егер үйде тышқанды көп көрсе—малы көп болады. 641. Егер хазірет Иса әлайһиссәламды көрсе—ізгілігі көп хайыр, берекенің иесі болар, һәм Алла риза боларлық сафарды кезер және азға қанағатшыл болар.
  • Егер хош иісті ағаш көрсе—ол ағашқа ұхшашлы кісі- ден мал тиер.
  • Егер һәр бір түсті көрген кісі—ол түске аһл болмаса, сол көрген түстің мөлшерінде машақат шегер.
  • Егер шашын маңдайынан салынып түсер көрсе—қор- лық деген.
  • Егер шашынан, сақалынан, мұртынан жып-жылмағай болар көрсе—ол кісі қатты сырқат болар.
  • Егер шошқа, басқа бөрі, қабылан, жолбарыс түсінде көрсе, өлтірсе—дұшпанға үстін болады, егер зиян қыл- маса—сол хайуанаттарды көргеннің зияны жоқ. Егер бұл хайуанатты өлтірсе—жақсы болады, дұшпандары өлгендей болар, егер мініп жүрсе—дұшпандары қолы- на кіріп, фәрман пірадар болады деп айтады.
  • Егер ізгі сөз сөйлемесе, хұтба оқымаса, һәм мінберге сәлахиятты болмаса—ауыр жамандыққа кездесер.


 

  • Егер яһуди көрсе—атасы бір туған қарындасынан ми- рас алар, яки бір күнәһқа батарлық етер.
  • Егіздерді көрсең—игілік белгісі;
  • Егін егуді көру—дүниесінде, яки дінінде ғамалы бола- ды.
  • Егін салып, астық шашса—мұратына жетер.
  • Екі ерін көрмек—әйелі, досы яки баласы, туысы, қатыны делінген.
  • Екі желкесін көрмек—екі жақсы үй болады.
  • Екі жұмыртқа—дұшмандарының үстем болмағы.
  • Екі жұмыртқасын пішілген көрсе—дұшманына үстем болып, олардан пайда табар.
  • Екі көзінде жас жүргенін көрмек—халал мал көбей- мек.
  • Екі қасын көрмек—дінінде кәмалаттығы.
  • Екінді мен үйлі намаздарын бұзар көрсе—борышының жарымын өтеуіне дәлелет қылар.
  • Екінді уақытында үйлі оқыр көрсе—борышын өтемек болар.
  • Емен көрсең—ерекше таныстыққа бастайды;
  • Ер адамға сақалы көп болмақ—байлық, құрметтілігі. Ердің ашық жүзді көрінуі—малы, құрметі артпақ.
  • Ердің екі емшегі—қатыны болады яки қызын көрер. 664. Ердің зәкәрі—адамдар арасында шарафатты болуы,я ұл баласы. Егер түсінде бұл құралдың артқанын көрсе—дәулеті, баласы артады, кем болғанын көрсе де—осылай. Түсінде зәкәрінің кесілмегі—я өзінің өл- мегі болар.
  • Ердің маңдайы—дәулеті.
  • Ердің түсінде көз көрмегі—дініне назар көзінің түс- кені.
  • Еркек қарбыз жесе—уайым.
  • Еркекті жалаңаш көрсең—сәтсіздіктің белгісі.
  • Ерін. Қалың, сүйкімсіз ерін—ұнамсыз кездесу, отбасы мәселесі. Жұқа ерін—шешімі табылмаған мәселеден жол тауып кету.
  • Еріннің қалыңдығы—досы, серігі, малшысы болар де- ген.


 

  • Есек—дәулет, байлық.
  • Есекке теріс мініп жүрсе—дәрежеге ие болады. Ескерткіш көрсең—даңқың артады.
  • Есуастық: түсінде есуас адамдай болып жүру—надан- дықтың белгісі.
  • Есік: түсінде есік көру—сол үйдің отағасын білдіреді. Есігінің ашық екендігін көру—молшылықтың белгісі. Кейбір кездері үй есіктерін әйел деп те жорамалдаған. Жабық есік—тұрмысқа шықпаған қызды, ал ашық есік—жесір әйелді білдіреді. Үйдің есігі ауысқанын көру—үй иесінің әл-ахуалының өзгеретінін білдіреді. Үйінің екі есігі бар екенін көру—әйелінің ұрысқақ, жан- жалшы екенінің белгісі. Танымайтын, бөтен есіктерді көру—білім, рызықты, пайданы, жолшылықты, түс көрушінің пайдасына жорылады. Есігінің жаңа еке- нін көру—жақсылықтың белгісі. Есігін жаба алмау- ын көру—әйелі екеуінің арасындағы түсінбеушілікті білдіреді. Ескі есігін алып, жаңа есік қойғанын көрсе—егер үйін сатып жатқан болса, жақсы, қымбат бағаға сататындығының белгісі. Егер бір есікті түсінде қағатын болса, оған ішінен біреу жауап берсе, онда кісі мұратына жететіндігін білдіреді. Үй есігінің құлап жатқанын көру—ауру кісі болса, шипа табатынын білдіреді. Бұндай түс көру—жақсылықтың белгісі. Тар есіктен кең жерге шыққанын көру—қиыншылықтан құтылатынының белгісі. Үйіне бір есік жасап жатқанын көру—үйленудің белгісі. Танымайтын үйдің есігін ашу—сол үйдің егесінен жәрдем сұраудың белгісі. Бір есікті жауып, басқа бір есікті ашқанын көру—жаңа- дан келін түсіретіндігінің белгісі. Үйдің есігі—отаға- сын, бөлмелер есігі—әйелін, асхана есігі—рызықтың белгісі. Бөлмелердің есігі жаңа болса—онда әйелінің ашық, жақсы мінезді болғандығының, ал егер есіктер ескі болса—әйелінің мінезі жанжалшыл, жаман екендігінің белгісі.
  • Есіктер перделі болса—реніш болар.
  • Есікті таппай жүрсең—ісіңде кедергі кездесер. 
  • Есінеу: түсінде есінеу—күнә істеуді, жалқаулықпен на- мазды оқымауды, яғни шайтанның амалын істейтінін білдіреді. Кейде мұндай түс—сырды ашып айтуды және ауруға шалдығуды білдіреді.
  • Ет: түсінде ет көру—егер піскен болса, мал-мүліктің белгісі. Шикі ет—аурудың, қиыншылықтың белгісі. Түсінде бір адамның етін жегенін көру—сол адамды ғайбаттағанын білдіреді. Өз етін жегенін көру—тапқан табысын пайдаланатынын білдіреді. Доңыздың еті— арам малдың белгісі. Сиырдың еті—қиыншылықты білдіреді. Бураның етінің піскенін жеу—бір адамның малын жеп ауырып, кейіннен құтылып кетеді. Тү- сінде өз үйінде сойылған қойдың етін көрген адам— танымайтын бір адаммен кездеседі. Түсінде майлы қойдың етін көру—мирастың белгісі. Кімде-кім түсінде шикі ет жегенін көрсе—бұл түс жақсылықтың нышаны. Түсінде шикі етті көре тұра жемеу—жақсы емес. Кімде- кім түсінде піскен ет жегенін көрсе—ол адамның малы артады. Егер піскен етті қария кісімен бірге отырып жесе—ол адамның беделі артады. Ет—науқастықтан жазылып, қайғы-мұңнан арылуды білдіреді. Құстың еті—сапарға шығып, табысқа кенелуді білдіреді. Кей- де түсінде құстың етін жеу—жұмақты және адамды жұмаққа кіргізетін салих амалды білдіреді. Балық еті—оңай жолмен табылған рызықтың белгісі. Кейде балық еті—теңізден алатын пайданы білдіреді. Кімде- кім түсінде өз етінің көбейіп артқанын көрсе—ол адамның жағдайы жақсарады. Егер ол адам ауру болса, жазылады. Егер өз етінің азайғанын көрсе—ол адам- ның жұмысы тұрақтайды.
  • Еттен істелген тамақ—кедей адамның байитынын, етсіз тамақ көру—мұқтаждықты білдіреді. Әртүрлі нәрседен істелген тамақ көру—науқастықтың белгісі. Түсінде дәмді тамақ пісіргенін көру—молшылыққа кенелудің нышаны.
  • Еттің тіліктері—зиянды нәрселерді білдіреді.  Кей-  де адамның жасырған сырының жария болатынын білдіреді.
  • Етік—байлықтың белгісі. Етік тіктіру—қиыншылық- ты, екі адамның арасындағы достықтың бұзылуын білдіреді. Үлкен етік—той-томалақтың немесе сүйінші хабарды білдіреді. Кішкене, қысқа етік—сіз туралы ай- тылатын сөздер.
  • Ешкі сауып жүру—кездейсоқтық, күтпеген қуаныш. 684. Ешкі: түсінде ешкіні көру немесе ешкі сүтін ішу—жақсылықтың белгісі. Түс көруші асыл мұратына жететіндігін білдіреді. Түсінде ешкі етін жеу—жеңіл бір ауруды білдіреді.
  • Ешкінің және басқа хайуандардың жүні—аз малдың белгісі. Еті желінетін хайуанның жүнін көру—халал малды және оның мөлшеріндей дүние мүлкінің кө- бейетіндігін, ал еті желінбейтін хайуанның жүні— харам малды білдіреді.
  • Жабайы қаз—арзаншылық пен берекет, молшылық- тың белгісі.
  • Жабайы үйрек—надан, салақ әйелді білдіреді. Жабайы үйректің жүні—мал-мүліктің белгісі. Түсінде жабайы үйректі ұстап үйіне әкелгенін көрген адам салақ әйелге үйленеді. Ұстаған үйрегінің қашып кеткенін көру— әйелімен ажырасуды білдіреді.
  • Жабу: түсінде бір есікті жапқанын көру—бойдақ бол- са, жақсы әдепті бір қызбен үйленетіндігін білдіреді, ал егер әйелі бар кісі болса, әйелімен ажырасады. Есік- ті кілтпен кілттеу—үйленудің белгісі. Үйінің есігін жапқанын көру—жақсылықтың белгісі.
  • Жабық терезе—бос уайым.
  • Жағалауда жүрсең—тыныш өмір сүресің.
  • Жаз мезгілі: түсінде жаз мезгілі болғанын көру— қалауының орындалатындығын, қыс кезінде жазды көрсе—қиыншылыққа тап болады.
  • Жазалану: түсіңізде жазаланғаныңызды көрсеңіз— теріс әрекетініңіз үшін кешірілетініңізді білдіреді.
  • Жазу жазу—айланың белгісі. Түсінде жазуының на- шар екендігін көру—табысқа кенелуді білдіреді.
  • Жазылған жазу—көңілсіздікті білдіреді. Түсінде жазу жазғанын көру—істейтін ісіңіз жайында ойланып, ешқандай шешімге келе алмайтындығыңызды білдіреді. Сізге берілген жазуды немесе сізге беріл- ген хатты оқығаныңызды көру—егер оқуға ыңғайлы болса, жақсылықтың, оқылмайтын дәрежеде болса, жамандықтың белгісі. Өшіп қалған көрінбейтіндей дәрежеде бұлыңғыр жазуды оқуға тырысу—сізге берілген істі орындайтындығыңызды,  дуалға  неме-  се тақтайдың бетіне жазылған жазуды оқу—бір істі істегенде өзіңізге сенімділік танытатындығыңызды; аспанда тұманмен жазылған жазу көру—ойлаған нәрсеңіздің орындалмайтынын; оқылмайтындай дәре- жеде бір тақтайдың үстінде айқыш-ұйқыш жазудың сізге берілгенін көру—кейбір істердің оңай шешіле- тінін білдіреді.
  • Жай шұлық көрсең—жақсылық.
  • Жайнамаз: түсінде жайнамаз көру—арлы әйелдің белгісі. Жүн немесе мақтадан жасалған жайнамаз- дың үстінде отырғанын көру—құлшылыққа мән беруді білдіреді. Жайнамаздың жоғалғанын көру— құлшылыққа немқұрайлы қараудың белгісі.
  • Жақ: түсінде жақ көру—қайыр мен молшылықтың белгісі. Жақтың сары түсте көрінуі—қорқыныш пен қайғыдан құтылудың белгісі.
  • Жақсылық жасау: түсінде біреуге жақсылық істе- генін көрген адам—жаман істеріне тәубе етеді, ту- ған-туыстарының көңілін аулайды немесе кедей- кепшіктерге садақа береді. Түсінде жақсылық жасау—әділдік орнайтынын білдіреді.
  • Жақұт—қуаныштың белгісі. Сәби күтіп жүрген адам- ның қызы дүниеге келеді.
  • Жақып (ә.с.): түсінде Жақып пайғамбарды көру—бала- шағасы тарапынан қиыншылықтың шығуы, бірақ кейіннен жақсы өмір сүретіндігінің белгісі. Жоғалған жоқтық табылатындығын білдіреді.
  • Жалаңаш әйел—өтірік, өсек.
  • Жалаңаш еркек көрсең—кедейлікке тап боласың.    Жалаңаш  жүру:  түс  жорушы  Кирманидың  айтуына  қарағанда: «Түсінде бір  жұмыс үшін шешінгенін көрсе және ол жұмыс дінге байланысты болса— дүниелік пайда көретінін, бірақ ақыреттен нәсібі болмайтынын білдіреді»—дейді. Базарда немесе бір топ адамның ішінде жалаңаш жүргенін және оған адамдардың қарап қалғанын көрсе—сақтап жүрген құпиясы жария болады. Мешітте шешінгенін көр- се—күнәларынан арылады. Бір риуаятта: «Түсінде өзін жалаңаш көрсе—діни жауапкершілігін орын- дау үшін қайрат көрсететінін білдіреді» делінеді. Жалаңаш жүріп жыныстық мүшесін бір нәрсемен жауып жүргенін көрсе—байлығынан айрылаты- нын, бірақ өзіне жетерліктей қалатынын білдіреді. Жалаңаш бола тұра өзіне ешкімнің мән бермегенін көрсе—ауру болса, ауруынан жазылады; қарызы бол- са, қарызынан құтылады деп жорылады.
  • Жалаңаштану: түсінде анадан туғанындай жала- ңаштанып жүргенін көрген адам—күнәдан арылып, сауапқа кенеледі. Дініне берік адам түсінде жала- ңаштанып шешінгенін көрсе—қайыр мен табысқа жетудің, қиыншылықтан құтылудың белгісі. Ал дінмен ешқандай байланысы жоқ адам болса, қиыншы- лығы одан сайын артатынын білдіреді. Әйел адам өзінің жалаңаш жүргенін көруі—жақсы емес. Егер тұрмыс құрған болса, ажырасады.
  • Жалаңаяқ жүру—қиыншылықтың белгісі. Кейбіреу- лер керісінше жориды.
  • Жалау: түсінде жалау алып жүрсе—үлкен сыйлық алатынына жорылады. Ақ жалау—достық пен қарым- қатынастың; үлкен жалау—үйленудің белгісі. Түсін- де мұнара, мешіттің күмбезін, немесе байрақ көру— бейбітшілік пен қуаныштың белгісі.
  • Жалғыз жұлдыз—қуаныш.
  • Жалпақтау: дүние үшін біреуге жалпақтау—негізсіз түстің белгісі.
  • Жалынсыз отты көмір көрмек—харам мал, бәлки же- тім малы болар.
  • Жамағат: түсінде топ адамды көрген адамға Алла Тағала мейірім етіп, оны қорғайды. Түсте адамдардың арасында өлікті көрсе—өлген адам Алланың мейірі- міне бөленеді.
  • Жаман сөз есту—күнә істеудің белгісі.
  • Жамандық: түсінде біреуге жамандық нәрсе үйрет- кенін көрсе—жамандықтың белгісі. Біреудің сізге жаманшылық істеуі—ол кісіге келетін бәле-жаланы, қиыншылықты білдіреді.
  • Жаназа: түсінде жаназаның арқасынан жүргенін көр- се—ол адамның дінінің теріс екендігін білдіреді. Өзін табыттың ішінде жатқанын көрген адамның дүниесі көп болады. Егер өзін табыттың ішіне қойылғанын жә- не бір топ адамның иығына көтеріп салғанын көрсе—ол адам салтанатқа ие болып, билікке көтерілетініне жо- рылады. Ол үшін жылап жатқан адамдарды көрсе—ол адамның өмірінің соңы жақсы болады. Түсте жаназа көру—әрдайым жақсылық пен ұзақ өмірге жорылады. Жаназаның өз отбасынан бірі болғанын көрсе—науқас танысы болса, ауруынан жазылады, ұлды болады деп есептеледі. Өзінің өліп қалғанын көрсе—бақытты ғұмыр кешетінін білдіреді. Егер көршіңіздің өліп қал- ғанын және оның жаназасын шығаруға дайындалып тұрғаныңызды көрсеңіз—көршіңіздің сізден разы екендігін білдіреді. Түсінде жаназаны көтеріп жүрген адамның қолына мал түседі. Кирманидың көзқарасы бойынша, түсте жаназа көтеріп жүру—діннен ал- шақтаған адамға жәрдем берудің, ал өзінің табыттың ішінде кетіп бара жатқанын көру—жоғары дәрежеге көтерілудің белгісі.
  • Жанартау, лапылдаған от—өмірінде үлкен өзгеріс бо- лады.
  • Жанның денеден шығуы—аманатты иесіне беруді не- месе ауру адамның ауруынан жазылатынын, яки түр- меден босайтынын білдіреді. Кейде жанның денеден шыққанын көру—кездесе алмай жүрген адамдармен кездесудің белгісі деп жорылады.
  • Жан-жануарларды байлау—қайырлы іс.
  • Жанып жатқан есік—өлімнің белгісі болуы мүмкін.


 

  • Жаңа аяқ киім кисең—жаңа орынға ауысуың мүмкін. 719. Жаңа киім кисең—жаңа олжа келеді.
  • Жаңбыр кезіндегі найзағай—жайсыздық белгісі. 721. Жаңбыр көрсең—жылайсың, ренжисің.
  • Жаңбыр суы—рахмат, жақсылық, егер көп орындарда күшті жауса, ол орында ауырлық болар.
  • Жаңғақ шағып жүрсең—ақша аласың.
  • Жапырақ төсеп ұйықтасаң—екеуара сүйіспеншілік белгісі.
  • Жапырақсыз ағаш—жақсылық емес.
  • Жапырақтың әртүрлісі болса—ауа райының бұзылуы. 727. Жардан өтіп кетсең—қауіптен құтыласың.
  • Жарқанат көрсең—ұнамсыз мейман әйел келеді. 729. Жарты ай көрсең—уақытша ғана бақыттың белгісі. 730. Жарық жұлдыз көрсең—нәтижеге жетесің.
  • Жас адамдар табыт көрсе—үйлену тойының белгісі. 732. Жас әйел осы түсті көрсе—махаббаттағы сәттілік, тұрмыстағы бақыттылық.
  • Жас баланың түсі—атасына болар.
  • Жастықтар, орындықтар, бүркеншік, жаулық—қыз- метшілері болады.
  • Жасыл жапырақ—сапарға бастар.
  • Жасыл тон көрмек—дүниедегі тірлігі рахаты, оның үшін ол ұжмақ аһлдерінің киімі еді.
  • Жасыл түс—жолға, сапарға шығу.
  • Жасыл шалғында жүру—қонаққа бару.
  • Жасыл шегір көзді көрмек—дінінен өзге қарсы дін болар, егер балалары болса, сырқат болар, екі көзінің кетпегі, баласының өлмегі.
  • Жат қатынмен, яки өз қатынымен шағылыс жасаса— жасы ұзын болар.
  • Жатқа оқымақ Құранды—бір хақ іс болмақ, аманат өтемек, шариғат жолын орындамақ.
  • Жауһар—байлық.
  • Және майдан бауларда кіріп жүрсе—көңілі хош уақыт болады деп айтады.
  • Және түсінде аспандағы айды көрсе—көп жақсы бола- ды, тірлікте мәнфағат болады деп айтады.


 

  • Және түсінде түйеге мініп жүрсе—біздіктер, өлген- дер, біздіктерден, яғни әулиелерден илтифат болар деп айтады. Әртүрлі хайуанаттарды мінсе—жығылмаса, жақсы болады.
  • Жәрдем: түсінде жәрдем беру—мәрттіктің белгісі. Бір адамға жәрдем бергенін көру—сауапты іс істегенін білдіреді.
  • Жебірейіл (ә.с.)-ның насихат айтқанын немесе сүйін- шілеп жатқанын көрген адам сыйлы, құрметті және бір жақсылыққа сүйінші хабар алады. Егер ол адам жәрдемге мұқтаж болса, жәрдем алады, науқас болса, жазылады. Қажыға бармаған болса, қажыға барады. Жебірейілдің кейпіне кіргенін көрсе—жақсылық пен берекетке бөленеді.
  • Жексенбі—ғұмыр бойы маңдай теріңізді төгіп өтеті- ніңізді білдіреді. Сізге өмірде оңай олжаның жоқтығын хабарлайды.
  • Жел—махаббат нышаны немесе мұң.
  • Желкесін қалың көрмегі—Құдай тағдыр еткен нәр- селерге, күллісіне қуатты болмақ.
  • Жемқорлық: түсінде біреуден пара алу немесе беру— сауда-саттықтың ретсіздігін және жұмысыңыздағы бей-берекетсіздікті білдіреді.
  • Жеміс-жидек: түсінде дәмі тәтті жеміс-жидек көру— рызықты, пайдалы істі, білімді білдіреді. Қышқыл жеміс те рызық пен білімді білдіреді. Қышқыл жеміс жемейтін кісі түсінде қышқыл нәрсені жегендігін көру—харам жолдан табылатын дүние-мүлікті, ау- руының артатындығын білдіреді. Жеміс-жидек—жақ- сылықтың белгісі.
  • Жеміс құрты—екі жүзді, әдепсіз, аманатқа қиянат жа- сайтын, сырты бүтін, іші түтін болған кісіні білдіреді.
  • Жеміссіз ағаштар көрмек—бір семіз кісі болар, жуан дауысты, ізгілігі һәм малы аз болар.
  • Жемістерден сары жеміс көру—қайғы, сырқат болар. Жемісті ағаш көрсең—игілік.
  • Жеңу: түсінде біреуді жеңгенін көру—қиыншылықтан құтылуы, ауру болса, ауруынан жазылуды білдіреді.


 

  • Жеңіс: түсінде жеңіске жеткенін көру—жетістікке жетудің белгісі. Жеңіске жетуді қиыншылыққа душар болу деп жоритындар да бар.
  • Жер асты жолы: түсінде бұл түсті көру—білместен, қаламастан жаман іс істейтіндігін білдіреді. Жер асты жолымен жүріп, ол жерден таза су табу—жақсы- лықтың белгісі. Ол жерде таза емес, лай суды көру— жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.
  • Жер бөлігі: жер—әйелге жорылады. Жер сатып ал- ғанын көрсе—үйленеді, сатса—ажырасады. Жерден көп өнім алғанын көру—ұрпағының көбейетінін біл- діреді. Жерде аунап жатқанын көру—жақсылықтың белгісі емес. Таза болса—жақсылық, ал таза болмаса— керісінше болады. Өзі білмейтін жерден үлкен жерге ие болғанын көру—мал-мүлікке ие болады немесе өзге ұлт өкілімен үйленеді. Жерде отырғанын көрсе—үлкен дәрежеге көтеріледі. Жерден уыстап топырақ жегенін көрсе—ол адам бақуат болады. Алдына топырақ жиы- лып қалғанын көрсе—өмірі ұзақ болады. Егін егілетін жерден сүдігерге жүргенін көрсе—сүннетті орындамай жүргенін білдіреді. Түсінде бір адамды көму үшін жер қазып жатқанын көрсе—біреуге айла жасаудың белгісі екенін білдіреді. Шұңқыр қазып жатқанын көрсе— әйелінен айырылатынының белгісі. Топырақпен сөй- лесіп жатқанын көрсе—ұзақ ғұмыр кешеді. Арық не- месе канал қазып жатқанын көрсе—халыққа қызмет етіп жүргенін немесе үлкен қызметке көтерілетінін білдіреді. Бір жерге көпір салып жатқанын көрсе— дініне берік екенін білдіреді. Ал көпірді құлатқанын көрсе—дініне салғырт екенін білдіреді. Егіндіктің су басып жатқанын көрген адам сапарға шығады. Жерді қазып топырағын жеп жүрсе—мал тауып алады. Үлкен жерден қыспақ жерге кіру—күнәнің белгісі. Егіндік- ке қожайын болса—үйленетінін білдіреді. Баласы жоқ болса, перзентті болады.
  • Жер көрмек—дүние, тіршілік.
  • Жер қазып жүрсең—мұңаюдың белгісі.


 

  • Жер сілкінісі: түсінде жер сілкінгенін көру—жақ- сылықтың нышаны емес. Ақша мен мал мүліктен ай- рылуды және қиыншылықты білдіреді.
  • Жер шарының картасы: түсінде карта көру—сапарға шығудың белгісі. Түсінде картаға зер салып қарау— ұзақ сапарға шығуын білдіреді. Карта сызғанын көр- ген адам, егер картаны толық сызса—оған жұмыс берілетінін, толық сызбаса—берілмейтіндігін білдіре- ді. Түсінде біреудің карта көрсетіп, одан сұрағанын көр- се—күтпеген жерден хабар келетінін білдіреді.
  • Жер—өсекшіл, өтірікші әйелдің белгісі. Жер—білім мен жақсы сөзді білдіреді. Жердің тарылуы—күнәні ашық түрде істеудің белгісі. Кейде жердің жарылуы— сол жердің берекелі екенін білдіреді. Бір жерді еге- ленгенін көрген адам—бойдақ болса, үйленеді. Жердің сілкінгенін көру—жүкті әйелдің баласын тастайтынын білдіреді.
  • Жердің түрілгенін көру—өлім, яки біреуден өлу.
  • Жетімдік: түсінде жетімсіреу—адамдардың түрткісін- де қалады. Түсінде жетімдікті көру—дұшпанын жеңу- ді білдіреді.
  • Жиде ағашы—әдепті, кішіпейіл, баршаға жақсылық жасайтын адам екеніңізді аңғартады.
  • Жиде: Түсінде жиде көру немесе жеу—айналаңыздағы адамдар арасында беделіңіздің артатынын білдіреді.
  • Жираф: түсінде жираф көрудің ешқандай қайыры жоқ. Өйткені бұл жануар—қиыншылықтың белгісін білдіреді. Жираф—күйеуіне мойынсұнбайтын әйелді білдіреді.
  • Жиренішті нәрсе көру: түсіңізде жиренішті нәрсе көрсеңіз—жақсы емес. Сүйкімсіз әлпет көру—қауіп- тің белгісін білдіреді. Өзіңізді жиіркенішті халде көрсеңіз—сіздің жарқын жүзді, ізгі ниетті  мейірім- ді жан екендігіңізді білдіреді. Жиіркенішті жануар көрсеңіз—жақында қуанышты хабар естіп, қуанаты- ныңызды білдіреді.
  • Жиһаз көрсең—қуанышты кездесудің нышаны.


 

  • Жоғары үкімет бастығын көрсе—сүйінішті іске кезде- сер.
  • Жоқшылық—береке, жақсы, қымбатты достарды жә- не уақытша бір қиыншылықты білдіреді.
  • Жол: жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне салғырт қарайтындығын білдіреді. Түсінде жол үстінде тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады. Жолынан адасып кеткен адам—сауапты іс пен дінінен айрылады. Егер қайта тауып алса—тура жолды таба- ды. Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса— нәпсісін тәрбиелей алмай жүрген адамды білдіреді. Қараңғыжолданжүргенадам—туражолданұзақтайды. Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам—тура жолға түседі. Жол—діннің белгісі. Жолдың жағдайына қарай дінін де білуге болады.
  • Жолаушы қасқыр көрсе—сапары сәтті болады.
  • Жолбарыс—залым немесе дұшпан бір кісінің белгісі. Түсінде жолбарысты өлтіргенін көру—дұшпанын же- ңетіндігін, оның шарасыз қалатындығын білдіреді. Жолбарыс етін жегенін көру—молшылық, берекеге тап болады. Жолбарысқа мінгендігін көру—қызметінің, абыройының өсетіндігін білдіреді. Жолбарыстың тіс- тегенін көру—тістеген жерінің мөлшеріндей жаман- шылықтың келетіндігін білдіреді. Жолбарыс—қу, айлакер адамның белгісі. Түсінде жолбарыс көрген кісі—күнәлардан тәубе етеді.
  • Жолмен келе жатсаң—сырқат, жайсыз хабар.
  • Жолмен түзу жүріп бара жатса—хақ жолда екендігі. Жомарттық: сараң адамның түсінде жомарт болуы—көркем мінезді, адасып тура жол табатынын білдіреді.
  • Жөндеу: түсінде қандайда бір нәрсені жөндегенін көру—қарыз болса, өтеуді, аурудың жазылатынын, жүкті әйел болса, балалы болатынын білдіреді.
  • Жуылған кірді сатып алса—аурудың нышаны.
  • Жуыну: түсінде өзен-көлде, таза суда жуыну— қиыншылықтан құтылудың белгісі. Түсінде тек қана басын жуу—зорлық істеген адамдардан құтылу. Қол жуу—қуаныштың, денесін жуу—құрметке бөленудің белгісі.
  • Жұлдыз—адамдар арасындағы құрметті адам. Қолында жұлдыз көру—ақылды бала. Үйінде көптеген жұлдыз көрген адамның ұрпағы көбейеді. Жап-жарық жұлдыз көрген адам қуанышқа бөленеді. Жұлдызды жеу— адамдардың мүлкіне қол сұғу. Жұлдыздардың аспанда ағып жүргенін көрген адам бай болса, малынан айрыла- ды, кедей болса, өледі.
  • Жұлдыздың сөнгенін көрсең—жақыныңнан айыры- луың мүмкін.
  • Жұлынған шаш—досыңның немесе жақыныңның өлуі мүмкін.
  • Жұма: жұма намазын оқыған адамның арманы орын- далады. Түсте жұма намазын көрсе—қайғы-мұңнан айрылып, қуанышқа кенеледі. Түсінде жұма намазын оқыса—ақыретті көп ойлайтыныңызды және Алла тағала құлшылықтарыңызды қабыл ететінін білдіреді. Бейуақыт намаз оқығанын көрсе—иманын жаңалау керектігіне жорылады.
  • Жұмақ: жұмақты көріп, бірақ ол жерге кірмеген адамның түсі—ол адам үшін жақсылықты білдіреді. Жұмаққа кіргісі келген адамды кіргізбесе—оның қалауы болмайды. Жұмақтың есіктерінің барлығы жабық болса—ата-анасына қарсы екендігін білдіреді, ал қалаған есігіне кірсе—ата-анасы одан разы бол- ғанын білдіреді. Өзінің жұмаққа кіргенін көрген адам екі дүниеде де сенімділік пен қуанышқа бөленеді. Жұмақтың жемісін жесе—жеген жемісіндей рызыққа ие болады. Жұмақтан су, шарап, сүт ішсе—білім мен байлыққа жетеді. Жұмақтың жемісінен алып, біреуге бергенін көрсе—ол адам амал етпеген білімін біреуге үйрететінін білдіреді. Ауру адам жұмаққа кірсе— ауруынан жазылады. Жұмақтан қуылса—кедейлікке ұшырайды.
  • Жұмыртқа көрсең—табыс, мейман келеді. 
  • Жұмыс істеу: егер түсінде қайырлы бір іс істейін деп жүргенін көрсе—мұратына жетеді. Біреуге жұмыс істетіп, оған бас-көз болып қасында жүрсе—оңды іс істейді. Түсінде бір бөлмеде отырып, сурет салып неме- се жазу жазып отырса—өмірі ұзақ болады және ешқан- дай қиыншылық көрмейді. Бақшада, егіндікте немесе фабрикада жұмыс істеп жүрсе—денінің саулығын, бай- лық пен молшылықты білдіреді.
  • Жұмыстан босау—қалаған ісіне жетудің белгісі. Кімде-кім түсінде жұмыстан шығарылып, орнына қария адамның орналасқанын көрсе—ол адамның ісі оңды болады. Өзінің орнына жас жігіттің тағайын- далғанын көрсе—ондай жағдайда ісінің оңды жүре- тінін білдіреді.
  • Жүгері жесең—ақша келеді.
  • Жүгері жинасаң—малың көбейіп, бақ дәулетті бола- сың.
  • Жүгірген ит көрсең—жаңа орын іздейсің.
  • Жүгіру: түсінде жүгіргенін көру—жамандықтың бел- гісі. Жүгіріп келе жатып құласа—бастаған ісі бітпей, қиындықтарға кездеседі.
  • Жүдеу бас көрмек—қайғы болады.
  • Жүзу: түсінде теңізде жүзіп жүргенін көрген адам ғалым болса, мұрат-мақсатына жетеді. Теңізде жүзіп, кейіннен жағаға шықса—егер ол білім іздеген адам бол- са, бәріне қол сілтейді. Теңіздің терең жеріне барып, сол жерде рахаттанып жүзіп жүрсе—үлкен іске орналаса- ды. Кімде-кім суда жүзіп жүрсе—дұшпанын жеңеді.
  • Жүзім жемісі һәм бақшалар көрмек—қатын болады. Жүзім жеу—қуаныш, ұтыс.
  • Жүзім көрсең—үлкен табыс.
  • Жүзінің ақ көрінбегі—имандылығы, қызылдығы— дәулетті болатыны, қызыл мен ақтығы—құрметті бо- латыны.
  • Жүзінің сарылығы—сырқаттылық.
  • Жүзінің тозаңменен қара көрінуі—өлім депті.
  • Жүзіп жүрген балықты көру—өңінде перзент сүйеді.


 

  • Жүкті болу: түсінде өзінің жүкті болғанын көрген әйел жұмыстарының орынды жүретінін және абыройының артатынын білдіреді. Жүктілік—түс көрушінің дүние- лік нәрсесінің артатынын білдіреді. Жесір әйел мен жас қыз жүкті болса—тұрмысқа шығады.
  • Жүн киім кимек—көп мал болар, мамық шапан ки- мек—дүние ахырет хайырын жияр.
  • Жүн шұлық—сырқат.
  • Жүніс пайғамбарды көрсе—бір істе асығып, тұтқын- дық тарлыққа түсіп, соң құтылар да, ажал күніне шейін жақсы тіршілікпен өтер.
  • Жүрек айну: түсіңізде жүрегіңіз айныса—күшіңіздің әлсіз болғаны және сізден күшті адам сізге тиісіп, соның салдарынан абыржисыз. Сондай-ақ мұндай түс денсаулығыңыздың жоқтығын білдіреді.
  • Жүрек—қазына болады, жоруы да һәм солай болады. 811. Жүрегіңіздің қатты соғып жатқанын, өзіңізге дем жетпей жатқанын сезінсеңіз—қызметіңізде күрделі мәселе болады. Кейбір жасаған қателіктеріңізді уақытысында жолға қоймасаңыз, ол үлкен шығынға әкеледі.
  • Жүсіп пайғамбарды көрсе—өтірікші, залымдардан за- лал көрер, һәм тұтқынға түсіп, ауыр халдер көріп, соң үлкен ұлық болар, мақсатына жетер.
  • Жылан көрсең, ауырып қалуың, досыңның опасызды- ғына кезігуің мүмкін.
  • Жылан көрсең—жақында қуанышқа кенелесің.
  • Жылан қуып жүрсе—зымиян қатындардан сақтану ке- рек.
  • Жылау—қуану.
  • Жылдам ағыс көрсең—қуаныш. 818. Жылқы мініп жүрсең—қуаныш.
  • Жылқы сатып алып жүрсең—жаңа хабар аласың. 820. Жылы су ішсең—ауырасың.
  • Жібек кию—еркекке арамнан жиналатын мал, дінінде кемшілік.
  • Зәмзәм суы: кімде-кім түсінде зәмзәм суын ішсе—дерті мен ауруынан айығады. Сондай-ақ мал-мүлік пен білім деп те жорылады.


 

  • Зейтүн майын көрмек—хайырлы берекет болмақ.
  • Зікір: түсінде Алла тағаланы зікір еткен адамдарды көру—дұғаның қабыл болатынын, мәртебесінің көте- рілетінін білдіреді.
  • Иек көру, үру—тамыр иесі болар, яғни нәсіл иесі. Имамдарды көрмек—хайыр, шарафатдүр.
  • Ине көрсең—дұшпан қоршауында қалғаның. 828. Ит көрсең—адал досыңа байланысты сәттілік. 829. Ит қабатын болса—жалаға ұшырайды.
  • Калима шаһадат: түсінде калима шаһадат айту—тура жолдың, молшылықтың белгісі.
  • Кәуап—жақсылық. Кәуап сатып алу—мол табыс. 832. Кәмпит көрсең—мейман келер.
  • Кебін: түсінде кебін көру—ақырет амалдарын білді- реді. Кейбір кезде сыр сақтауын, бойдақ кісінің теңі болмаған әйелге үйленетіндігін білдіреді. Кебін киген- дігін көру—біреудің зиянқорлыққа шақыратындығын, бірақ ол істі істемейтіндігін білдіреді. Түсінде өлік- тің кебіні қысқа болса—түс көрушіге тәубе ету керек екендігін білдіреді. Түсінде ашық қабірдің ішінде кебін киіп жатқандығын көру—кем-кетіктерге, әлсіздерге жәрдем етуді білдіреді. Кебінін шешіп тастап, көшеде жүргендігін көру—мол табысты білдіреді. Үстінде кебін кигендігін көру—өлімді білдіреді. Жағраф Садықтың көзқарасы бойынша, кебін төрт нәрсені білдіреді: дүние нығметін, жолаушылықты, өлім мен ауруды. Түсінде танитын кісіге кебін тіккендігін көру—молшылықтың белгісі. Түсінде бірнеше кебін жинағандығын көру— абыройының өсетіндігін, ал кебін таратып жүргендігін көру—жақсылықтың белгісі.
  • Кедей: түсінде кедей адамдарды көру—жағдайға бай- ланысты кейде молшылықты, кейде кедейлікке түсуді білдіреді. Түсінде тіленіп жүргенін және бір нәрсе алғанын көрген адам—қиыншылықсыз мал-мүлікке ие болады. Үсті-басы алба-жұлба кедей адамды көру— кері кетуді білдіреді. Кейбір түс жорушылар мұны басшылыққа шығу деп жориды. Кедей адамға бір нәрсе беру—бәле-жаладан құтылуды білдіреді. Кедей адам- нан бір нәрсе алу—күтпеген жерден біреуден жәрдем алатынын білдіреді. Кедейдің жылап жүргенін көру— қайырлы хабарды; мұңды жүзін көру—істерінің кері кететінін білдіреді.
  • Кездеме: түсінде кездемені көру—дүниелік істерді білдіреді. Түрлі-түсті материалдардан тігілген көй- лек кигенін көру—қиыншылықтың белгісі. Түсінде көрген кездеме түстеріне байланысты да түрлі жо- рамалдар айтылған, ақ түсті—қуанышқа, сүйіс- пеншілікке, көк түсті—сүйіншіге, жасыл түсті—ту- ра жолда екендігіне, қызыл түсті—мұң-қайғыға, қара түсті—өлімге, сары түсті—ауруға жорыған. Түсінде кездемені жыртқанын көру—әйелімен ажы- расатынын білдіреді. Түсінде кездемені жинағанын көру—ұзын сапарды білдіреді.
  • Кездесу: түсінде бір жолдасымен кездесуге кеткенін көру—бір жұмыс үшін мемлекет мекемесіне бараты- нын, егер кездескен болса—жұмысының оңалатынын, кездеспесе—болмайтынын білдіреді.
  • Кек алу: түсінде тіс қайрап жүрген адамынан кек алғанын көру—жақсы көретін адамының өлетінін білдіреді.
  • Кекеш: түсінде кекештенгенін көру—жоқшылықтың белгісі немесе бастық болып дұшпандарын жеңетінді- гін білдіреді.
  • Кекілік—әйелдерді және жақсы мінезді  адамдар-  ды білдіреді. Түсінде бір топ кекілік бір төбеге ба- рып қонғандығын көру—қызметінің өсіп, көп ақша табатындығын білдіреді. Түсінде кекілік етінің қуырылғандығын көру—жаңа киім алатындығын, ал кекілік аулағанын көру—әдемі, әдепті бір қызбен не- месе еркекпен танысатындығын білдіреді.
  • Келіншек: түсінде келіншек болғанын көру—тұрмыс құруды, табысты іс әрекетті білдіреді. Тұрмысқа шыққан әйел келіншек болғанын көру—қыз туа- тынын немесе игі іске бастауын себепші болатынын білдіреді. Жас, сұлу келіншек көру—адал табыс пен молшылықты білдіреді. Жиіркенішті кәрі келіншек көру—берекесіз табысты білдіреді. Түсінде көрген келіншек әдемі болса, молшылық пен арзаншылықты білдіреді.
  • Келіспеушілік: түсінде жұбайыңызбен араңызда тү- сінбеушілік туындаса—істеген істеріңізді міндетсінуді доғару керектігін білдіреді.
  • Келісім-шарт: түсіңізде келісім-шартқа келісіп қол қоюыңыз—қандайда бір іске кірісер болсаңыз, қатты көңіл бөліп істеуіңізді, сезім, көңілге мән беруіңізді білдіреді.
  • Келісім: түсінде дұшпандармен келісім жүргізгенін көрсе—қорқынышы кетіп, қиыншылықтың соңы жақ- сылық болады деп жорылады. Науқастың шипа та- уып, рызықтың артып, табысқа кенелетініне жорыла- ды. Бойдақ болса, үйленіп, намазды, оразаны бастап, қайырлы істер істейтінін білдіреді.
  • Кеме—ауырып, қиналып, қатты абыржып жүрген адам үшін қайырлы болады. Кеменің жағада тұрға- нын көру—жолы болатынын білдіреді. Түсінде кеме- ні жағаға қарай сүйреп жүргенін көрген адам—екі жүзділік көрсетеді. Салихалы адамдармен бірге ке- меге мінгенін көрген адам—күнәдан тазарады. Кеме- ден шыққанын көрсе—бақытқа кенеледі. Кімде-кім жағада тұрып, теңізде бір кеменің бос қалқып жүргенін көрсе—оңды сапардың белгісі. Кеме, надандық пен бүліктен құтқаратын Ислам деп жорылады. Науқас адам өлген адаммен бірге кемеге мінгенін көрсе—ол адам бүліктерден арылады. Қарызы көп адам кемеге мінгенін көрсе—қарызын өтеп, қайғы-мұңнан ары- лады. Егер жағдайы нашар адам көрсе—Алла тағала оған күтпеген жерден молшылық береді. Жұмыссыз жүрген адам кемеге мінгенін көрсе—жұмысқа орнала- сатынын білдіреді. Өлім төсегінде жатқан адам кемеге мінгенін көрсе—оның өмірін ұзартады. Түсінде кеме- нің батқанын және тақтайдан ұстап құтылғанын көрсе—жұмысында кездесетін кедергілердің қысқа уақыт- тың ішінде ретке келетінін білдіреді. Түсінде бос кеме көру—саудадағы табыс пен пайданы білдіреді. Түсінде теңіздің жағасында тұрып, ол жердегі кеменің бейпіл жүзіп жүргенін көру—қайырлы істі білдіреді. Бойдақ жігіт түсінде кеме сатып алса—үйленеді. Түсінде Нұх (ә.с)-ның кемесін көру—қуанышты, жаңбыр жауаты- нын білдіреді. Мінген кемесінің ауада жүргенін көр- ген адамның өлімі жақындағанын білдіреді. Кеменің құрлықта жүргенін көру—жаманшылықтың белгісі. Үлкен кемелер—жақсылықтың белгісі. Кішкентай кемелер—қарақшылықтың белгісі. Бұзылған кеме— қайғы-мұңның, батқан кеме құтылудың белгісі.
  • Кемеге міну, кеме көру—қорқынышынан құтылар. 846. Кемеде жүзсең—хат-хабар аласың.
  • Кемежай, порт: бұл түсті көру—жақсылықтың бел- гісі. Кемежайда жүріп көп кеме көру—үйіңізге ке- летін қонақ немесе көптен көрмеген достарыңызбен кездесетіңізді білдіреді.
  • Кемпірқосақ көрсең—ұнамды хабар естірсің. 849. Кең соқпақпен жүрсең—жақсылық.
  • Кептер көрсең—қуанышты өмір сүресің.
  • Кептер сізге хат әкелсе—араздасқан ғашықтар қайта жарасады немесе жағымды хабар келеді.
  • Керуен: түсінде бір керуенмен сапар шегу—саудаңыз- дың жүретіндігін, қызметіңіздің өсетіндігін білдіреді. Керуеннің қалаға кіргенін көру—үлкен мирасқа еге болатындығын білдіреді.
  • Кесілген ағаш—өлім мен қаралы күндер белгісі болуы мүмкін.
  • Кетік: өзіңізді кетік көрсеңіз—жұмысыңызды алып кету мүмкіндігіңіздің жоқ екенін меңзейді.
  • Кеуде: егер жас әйел өз кеудесінің жараланғанын көрсе—оған бақытсыздық келеді. Егер әйелдің көкірегі толық әрі аппақ болса—жақын күндері үлкен байлықтың мұрагері болмақ.
  • Кешіру: түсінде біреудің кінәсін кешіргенін көрген адам Алла тағаланың мейіріміне бөленетін іс істейді. Түсінде кінәсі кешірілген адамның ғұмыры ұзақ болып, құрметке ие болады. Түсінде біреудің істеген қателігін кешіру—рухани дүниенің тазаланып, білімінің артып, жайдары адам болатынын білдіреді.
  • Кешірім сұрау: түсінде кешірім сұрап, тәубе ету—мол- шылықтың белгісі. Түсінде Алладан кешірім сұраға- нын көрсе—Алла тағала оның күнәларын кешіреді, ол адамға бала беріп, жұмақты нәсіп етеді. Түсінде теріс қылығы үшін кешірім сұрағанын көру—сыйлы адам екеніңіздің белгісі.
  • Киім—жолға шығу.
  • Киім жуу—қиын істерден құтылу.
  • Киім тоқу—ұзақ жерге сапарға шығу. Жүннен киім тоқу—ауа-райының бұзылуы.
  • Киімдегі жамау—сәтсіздік нышаны. Киімдерді үтіктеу—ісі ретке келу.
  • Киімшең жуынсаң—зиян мен сырқат белгісі.
  • Көбелек гүлге немесе жасыл желекке қонып тұрса— жетістік.
  • Көбік көрсең—өтірік хабар аласың.
  • Көгерген нан—зекеті берілмеген пайдасыз мал. 867. Көгершін—ұзақтан келетін жақсылық, пайда.
  • Көгершін басына немесе иығына қону—үлкен қуаныш. 869. Көгершін етін жеу—қолына мал-мүлік келу.
  • Көгершін көп болу—бір жерге басшы болу.
  • Көгершін өзіне қарай ұшу—ұзақтан келетін қайырлы хабар.
  • Көгершін түсінде—қатынға кездесу.
  • Көгершін ұстап алу—үйлену, қызды болу.
  • Көгершін ұстау үшін жерге тары себу—халықты жамандыққа бастау.
  • Көгершін ұшып кету—әйелінен немесе күйеуінен ай- рылу.
  • Көгершін ұя салып жатса—қуаныш, мамыражай өмір. Көгершінге оқ ату—бір әйелге жала жабу.
  • Көгершінді өлтіру, біреуге сату—жамандық.
  • Көгершіннің қанатын жұлу яки кесу—әйелінің үйінен кетуге кедергі болу. 
  • Көгілдір аспан—биіктен көріну, отбасындағы бақыт. 881. Көз—адам діні, тура және теріс жолды көретін жүрек көз.
  • Көз ауру—кедергі, жолы болмау, дініне немқұрайлы қарау.
  • Көз ауруын сезу—баласы үшін қайғылану.
  • Көз жасының жүзіне аққанын көрсе—жыламайынша нәсәп, нәсіл тарафынан шілте, яки шілте қылушының сөзі өту.
  • Көз жасының салқындықпен бір ағар көрсе—шадлық, яки кемшіліктен құтылу, жарылқану болады.
  • Көз қабағының жарақаты болып көрінуі—қайғыға кез- десу.
  • Көз қабақтарын көрмек, сәламат көрсе—жақсы бола- ды.
  • Көз тию—өткінші қиыншылық, қасірет.
  • Көз—ол жауларыңыздың көзі сіздің ісіңізде екенін білдіреді. Коңыр көз—алдану. Көк көз—көздеген мақ- сатқа жетудегі әлсіздік пен жауапсыздық. Бір көзсіз қалу—күрделі мәселелердің туындайтынын хабардар етеді.
  • Көзді ойып алу—ұзақ өмір. Көзді шығару—көз ауру.
  • Көздің екеуінде кірпік болмау—Ислам дініне кесірін тигізу.
  • Көзі әдемі болу—білімнен сусындау, парасаттылыққа кезігу.
  • Көзі көктер мен қара көрсе—дінінде хилафлық бол- мақ.
  • Көзі көр болу—баласы өлу.
  • Көзі көр болуға жақын қалу—сауапқа кенелу. Көзі қою түсті болу—достың әйеліне көз салу.
  • Көзі үлкею немесе бөгде адамның үлкен көзі—Алла тағаланың жәрдемімен тура жолға түсу.
  • Көзілдірік—бөтен біреулер өміріңізге өз кесірін тигі- зеді. Уақытында сақтық жасап алданып қалмағаныңыз жөн.


 

  • Көзімен көру, құлақпен есту—қыздары, қатыны болмақ. 901. Көзіне ақ түсу—қайғы-мұң, жақсы адамынан айрылу. 902. Көзіне дәрі тамызу—балалы болу, жасырын істер бар болу. 903. Көйлегін теріс кию—жағдайы өзгеріске ұшырау.
  • Көйлегінің жағасы жыртылу—ақыретте мол табыс пен сауап берілу.
  • Көйлек—Алладан қорқу, білім, сүйінші хабар, жаңа- лық есту.
  • Көйлек кию—діні мен дүние-мүлкі халы. 907. Көйлек көрсең—хабар, жаңалық естисің.
  • Көйлек, тонның таза, кең, ақ, жаңа болмағы—дінінде көркемдігі болады.
  • Көк түс—үлкен әңгіме, салмақтылық.
  • Көк түсті киім киетін болса—барша тілектері қабыл бо- лып, мұратына жетеді.
  • Көкек—жоғы түгелденеді.
  • Көкнәр—жетіліп, ер жеткен адам. Көкнәр жемісі— дүние-мүлік.
  • Көкөніс жесең—қуаныш келеді. 914. Көкпар шабу—бір нәрсеге таңырқау.
  • Көктем—қуаныш, махаббатта жолы болу.
  • Көктем гүлі—ризық, құсалықтан құтылу, қалауына жету.
  • Көктем келу және айналадағы ағаштар гүлдену—ұлды болу, үйлену, ұзақ өмір.
  • Көктен қайшы түсу—өмірі біту.
  • Көктен құс түсіп, жанына қону—сүйіншілі хабар. Көл көрсең—жаңалық, хабар.
  • Көлбақа көрсең—біржақты сүйіспеншілік нышаны. 922. Көң көрсең—кіріс көбейеді.
  • Көң үйіндісін қазып жүрсең—қазынаға кезігесің. 924. Көң үйіндісінде ұйықтап жүрсең—жазыласың.
  • Көңілденіп жүрсең—қауіптің белгісі. 926. Көңілді адамдарды көрсең—қуанасың.
  • Көңілді түрдегі отырыста отырсаң—сырқаттанасың. 928. Көп құмырсқа—өмірінің ұзын болуы, бала, малдыңкөптігі.
  • Көп сиырлар көрсе—дәулет, жақсылықтар көрмек. 930. Көпір—күдікті және осы дүние, байлық, ұзақ өмір немесе ауру, сөзінде тұру, тура жол, һидаят намаз, ораза.
  • Көпір салу—дініне берік болу.
  • Көпірден кейін көгалды жерге бару—пайда, табыс. 933. Көпірден кейін мешітке кезігу—мұратына жету, келешекте қажылыққа бару.
  • Көпірден өту—жақсы қызметті қалдырып, одан да жақсы қызметке бару.
  • Көпірді құлату—дініне салғырт болу.
  • Көрстан қабір көрсе—ғибрат алмақ, қылмыстарынан тәуба қылмаққа ишарат.
  • Көсеу—перзент.
  • Көсеуді өлген адам беру—перзент сүю.
  • Көсеуді өлген адам қайтып алу—перзентті қайтып алу. Көтерем түйеге мінсе—жақсы емес.
  • Көшеде жас еркек көрсең—жаңа табыс көзі ашылады. 942. Көшет ексең—бақыт, байлық.
  • Көшу: түсінде көшкенін көру—маңызды өзгеріс болып, аз уақыт қиындық көрген соң көңіліңіз жай табады.
  • Күбі: түсінде күбі көру—үйдің отағасын немесе жүкті әйелді білдіреді. Шараптың күбісі—қазына. Суға толы күбі—бай әйел. Сірке суына толы күбі—тақуа адам. Ер адамның күбіні сындыруы—әйелімен ажы- расатындығын білдіреді.
  • Күз—тұрмыстағы сәттілік пен бақытты болуды біл- діреді.
  • Күз, жартас, үңгір көру—қиналу белгісі. 947. Күйе көрсең—сәтсіздік белгісі.
  • Күйе-көбелек көрсең—шығын, ұнамсыз шашылып-тө- гілу.
  • Күйеуі қуанышты болса—бақытты өмірдің белгісі. 950. Күйкентай—қапалық.
  • Күлсең—көз жасының белгісі.
  • Күміс ақша—сөз деп жорылады. Егер күміс таза болса— ол ақшалар білім мен жақсы сөздің, яки қажеттілігін өтеудің белгісі. Күміс ақша алтынмен аралас болса—дұғаның қабыл болатынын, ауруға шипа болатынын білдіреді.
  • Күміс көру—бақытты әкім болу, бай болу. 954. Күн—мәртебең көтеріледі.
  • Күн батысқа қарап намаз оқыса, оның кағба артында тұрса, бір үлкен күнәға кіріптар болар, яки жалған іске ант еткен болар, яки бір істеген зинасына сөгіс алар.
  • Күн сәулесі—оң өзгеріс болады.
  • Күн шығып, жаңбыр жауып тұрса—ұтыс.
  • Күн шығып келе жатса—өмірің жақсара түсер.
  • Күн шығысқа қарай намаз оқыса—ол кісінің тұтқан жолы бұзылар.
  • Күнді көрсе—дұшпандарынан мерейі үстем болып, дәулеті тасиды.
  • Күннің ыстық болуы—біреуге қатты ғашық болуың не- месе саған біреудің ғашық болуы.
  • Күң көрмек—өзіне еңбек істейтін қатын хайырлы іс болмақ.
  • Күрек көрсең—жақсылыққа тап боларсың. 964. Күріш көрсең—біраз ғана ақша аласың.
  • Кілт көрсең—жаңа махаббаттың нышаны.
  • Кімде-кім семіріп, не арықтап жүрсе—аурудың бел- гісі.
  • Кір жусаң—жолға шығасың. 968. Кір көйлек кисең—кедейлік. 969. Кір-кір тырнақ—өсек.
  • Кірпіктің жоқ болмағы—дін шариғатының жоқ бол- мағы.
  • Қабылан көрсең—қауіпті достың белгісі.
  • Қабылды көрсе түсінде—азады, бір кісі өлтірер. 973. Қабырға көрмек түсінде—қатындар үшін жорылар. 974. Қағаз ақша көрсең—әурешілік, ұрыс-керіс, хат.
  • Қағаз парақтасаң—шығынның нышаны. 976. Қаз көрсе—азық-түлік қоры көбейеді.
  • Қаз санап жүрсең—алданасың.
  • Қазан: түсінде қазан көру—сол үйдің егесі мен әйелін білдіреді. Қазанда тамақ пісіп жатқанын көру—күшті, қуатты кісінің белгісі. Қазаншы көру—ұзақ өмір.


 

  • Қазына тапсаң—қуанасың.
  • Қаймақ көрсең—молшылық, қуаныш.
  • Қаймақ, балқаймақ көрсең—хат-хабар келер. Қайнаған су—бақыт белгісі.
  • Қайықта жүзсең—жолға шығарсың. 984. Қайың көрсең—қуаныш.
  • Қайыр-садақа беріп жүрсең—жәрдем аласың.
  • Қайыршы: өзіңізді немесе достарыңызды қайыршы ор- нында көрсеңіз—бұл, сірә, көп шығын мен уайым әке- леді. Бейтаныс қайыршы көрсеңіз—өзіңізге сәл болса да көңіл бөлгеніңіз жөн.
  • Қайыршымен кездессең—ұнамсыздыққа тап болуың мүмкін.
  • Қақтың суын көрсе—ісіндегі қолайсыздық.
  • Қала: түсіңізде беймәлім қалада жүрсеңіз—жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде үйіңізді ауыстыруға мәж- бүр боласыз.
  • Қалайы—кері кеткен іс ілгері басады.
  • Қалампыр: түсінде қалампыр көру—ақ көңіл, жәрдем, сүйер кісіні білдіреді. Кейбір кезде үлкен махаббатты білдіреді. Түсінде қалампырды дәрі ретінде қолданып жатқанын көру—құрмет, данқ, атақтың белгісі.
  • Қалқан: түсінде қалқан көру—жамандықтан құты- латынын білдіреді. Қалқан—ораза деп айтылады. Пай- ғамбарымыз (с.а.с) хадисінде: «Ораза—қалқан» деп бұйырған. Ақ түсті қалқан—тақуа кісіні; жасыл түсті қалқан—сыйлы кісіні; қызыл түсті қалқан—мейірім- ді, көңілді кісіні; қара түсті қалқан—бай кісіні білді- реді. Қалқанмен бірге басқа да қаруларды көру—бұл кісінің мықты екендігін, дұшпаны одан қорқатынын білдіреді. Түсінде қалқан көрген кісінің еркек бала- сы бар болса, баласы бұл кісіні бағып қағатынын, әрі жаманшылықтардан сақтайтынын білдіреді. Түсінде көрген қалқан қымбат болса—жақсы әйелдің, ал егер құнсыз болса—жаман әйелдің белгісі.
  • Қалта: түсіңізде қалта көрсеңіз—басыңызға келетін ұрлықты, таршылықты білдіреді. Түсінде киімінің қалтасы тесік болғанын көрсе—мүсәпір адам екендігін; қалтасының бос болғанын көрсе—ақылға қонымсыз әрекет жасайтынын; қалтасы толы болса—жағымсыз істермен айналысатындығының айғағы.
  • Қалуа: түсінде қалуа көру—діндегі ықыласын, түр- медегінің құтылатынын, жолаушының оралатынын, аурудың шипасын табатынын, бойдақтың үйленетінін, тура жолға түсуді де білдіреді.
  • Қалың шаш көрсең—табыс әкеледі.
  • Қамат: түсінде намазға қамат айтып жатқанын кө- ру—қалағаны болып, қиыншылықтан құтылатынын білдіреді. Түсінде түрмеге түскендігін, түрмеге намаз үшін қамат айтып жатқанын көру—бостандыққа шы- ғатындығының, жақсылықтың белгісі. Түсінде қамат айтқан кісі саудагер болса—мол байлықтың белгісі. Түсінде азан айтып, қамат келтіргенін көру—ақкөңіл, пәк мінезді адам екендігін білдіреді.
  • Қамба: түсінде қамба көру—түс иесінің ахлақ мінезі- нің жақсы-жаман жақтарын білдіреді. Үйінде қолдан- баған қамба бар екендігін көру—Алла Тағалаға деген сүйіспеншілігін, құлшылығын одан әрі күшейтуін білдіреді.
  • Қамшы ұстаса—ұл сүйеді.
  • Қамшы—қиыншылықтардың кетуін, дұшпандардың жеңілуін білдіреді. Қамшы—бала-шағаның да белгісі. Түсінде аспаннан қамшы түскенін көру—Алла таға- ланың қаһар, қарғысын білдіреді. Түсінде атын қам- шысымен сабағанын көру—жақсылық үшін Алла Тағалаға дұға қылуын білдіреді. Түсінде бір  адам-  ды қамшымен ұру—ол кісіге уағыз, насихат айтуды білдіреді. Түсінде бір адамды қамшымен ұрғанда, ол кісіден қан шашырағанын көру—жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі. Түсінде дұшпанын қамшы- мен ұрғанын көру—абырой, атақ-данқтың белгісі. Тү- сінде жер тепкілеп жатқанын көру—жолаушылықты білдіреді. Егер біреу түсінде марқұм болған кісіні ұрып жатқанын көрсе—ол кісінің бір күнә іс істегенін немесе істейтіндігін білдіреді. Ал егер, керісінше, марқұм кісі сізді ұратын болса—жоғалтып алған нәрсесінің табы- латынын білдіреді.
  • Қамыр илеу—үміттің белгісі. 1001. Қамыр ашу—жағдайы нашарлау.
  • Қамыр: түсінде қамыр көру—оңай бітетін істерді, қиыншылықтардан құтылудың белгісі. Кімде-кім үйінде қамыр көрсе—сауда-саттық жасау арқылы мол табысқа кенеледі. Қамырдың ашып қабынан тасып жатқанын көрген адам саудада зиянға ұшырайды.
  • Қамыс: түсінде қамыс көру—теріс пиғылды адам мен ауыр, жаман сөздерді білдіреді. Түсінде қамыстың ал- тыннан немесе күмістен болғандығын көру—көруші- нің бұл дүниеде табатын көп мал-мүліктің, жақсы, пәк мінезді әйелді әрі балалары мен ізгі істердің белгісі. Қамыстың бір ауылдың ішінде өскенін көру—сол ауыл халқының айыптарының ортаға шығуын, сол ауыл- дың әйелдерінің жиналуын білдіреді. Кейбір кездерде қамысты көру—жоғалған малын тауып алатындығын, неке қиюдың белгісі. Түсінде қамыстан жасалған үйде отырғандығын көру—жақсылықтың белгісі.
  • Қан—харам малды, күнә істі білдіреді. Өзін қанға бояғанын көру—мал-мүлікті, ақшаның белгісі, бірақ азап жолымен табылмағанын білдіреді. Өзінің денесі- нен қан аққанын көру—бай болса, сол аққан қанның мөлшеріндей дүние-мүліктен айырылатындығын, ал кедей болса—сол мөлшерде дүние-мүлікке ие бола- тындығын білдіреді.
  • Қанат—отбасындағы ұл балаларды білдіреді. Түсінде екі қанат біткендігін көру—екі ұлының болатынды- ғын білдіреді. Түсінде қанаты бар екенін көру неме- се ұшып жүргендігін көру—жолаушылық сапардың белгісі. Түсінде қанатының сынуы—балаларының ау- руға душар болатынын, қанатының жұлынғанын кө- ру—балаларынан айырылатынын білдіреді. Қанаты өзінен үлкен, ауыр екенін көру—күнә іс істегендігін білдіреді.


 

  • Қанжар: қолына қанжар ұстап жүргенін көрген адам— мал-мүлікке ие болады. Қанжарды немесе пышақты қынына салғанын көрген адам—бір әйелмен некелеседі. Түсінде біреуге қанжар сату немесе беру—берген ада- мына жәрдем беретінін білдіреді. Қанжарды сындыру яки жоғалту—күш-қуатынан айырылып, дұшпанынан жеңілуді білдіреді.
  • Қант көрсең—табыс келеді.
  • Қаңқа: түсінде адамның қаңқасын көру—мал-мүлік- ке ие болудың белгісі. Танитын адамның қаңқасын кө- ру—оның малынан пайдаланатынын білдіреді. Қаңқа етін жеуге болатын малдың қаңқасы болса—адал та- бысқа; етін жеуге болмайтын мал болса—арам табысқа жолығатындығының белгісі.
  • Қаңтар—балаларға байланысты қолайсыз жағдайдың туындайтынын хабарлайды.
  • Қапас, тор: түсінде бір құсты қапастан шығарғанын көру—жаман жолды тастап, әділеттілікті діттейтін- дігін білдіреді. Терезе торын көру—қызғаныш пен құ- пияны білдіреді. Құстың қапастан шыға алмай жат- қанын көру—әйеліңіздің бақытсыз екенін көрсетеді. Құстың қапастан шыққанын көру—әйеліңізбен ажы- расуды білдіреді.
  • Қар астындағы ағашты көрсең—ерлі-зайыптылық өмірде өзгеріс болуы мүмкін, жайсыздық белгісі.
  • Қар—рызық-байлықтың, шипаның белгісі. Қарды  өз мерзімінде жауғанын көру—қайғы-қасіреттің ке- летіндігін, дұшпанына үстем келетіндігін білдіреді. Түсінде қар жауып тұрғанын көру—жолаушылық, сапардың белгісі. Қар үстінде ұйықтап жатқанын көрген кісі—түрмеге түсетіндігін білдіреді. Жауған қардың тез ерігендігін көру—жаманшылық, қайғының белгісі. Қар жауып тұрғанда өзін бір панада екендігін көру—жақсылықтың белгісі.
  • Қара ат көрсең—сәтсіздікке ұрынасың. 1014. Қара бұлт төніп тұрса—қайғылы хабар. 1015. Қара бұлттар—шығын.

 Қажетті сілтемелер:


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...