Түс және оны жору - 4 бөлім
- Мысық көру—адамдарды сақтаушы қызметкер болар. 1195. Найзағай—істегі қиындықтар. Найзағай мен күннің күркіреуін естісеңіз—жолыңызды кес-кестеген қиын- дықтар мен сенімсіздіктің белгісі.
- Намаз оқып мешіттен шықса—хайырлы болмақ, кең- шілік болмақ.
- Намазды тамам етіп, сәлем етіп шығуды көрсе—бар- лық машақатынан құтылмақ.
- Нан—байлық, олжа, несібе.
- Нан жауып жүрсең—береке, тоқшылық. 1200. Нан көріп, жеп жүрсең—табыс табасың. 1201. Нан сатып алсаң—уайым түбі жақсарады.
- Насаранилар айтады: «бір кісінің шашы кесілер көр- се—ол кісі мәртабасынан, дәулетінен түсер» деген.
- Ойланып жүрген болсаң—жұмысың көбейеді.
- Оқу—қуанышты хабар алу. Оқуға бару—білім жолын қуу.
- Ол тырнақ ұзын болмағы—кем қажаттығы, тырнақты кесу—фитр, ғүшір зекетін орындау.
- Оң қолы жаралану—туысынан келетін пайда.
- Оң жағына сәлем берсе—істерінде оңға айналмақ. Сол жаққа сәлем берсе—істерінен зиян көрер.
- Оң қол—қуат, кәсіп, сол қол—қатын, ана, қыз, қарындас, қызы, екі қол—қуат, кәсібінің артуы. Екеуінің біреуі кем болмағы—қуатының кемігендігі.
- Орамал—қуаныш, орамал сатып алу—олжа, орамал сыйлау—перзент.
- Орман ағашын көрмек—орман шамалы бірнеше ерлер, орман бірнеше мал тобы, егер ащы жемісті көрсе— қайғы-күйініш болады.
- Орман—молшылық пен берекет.
- Орманда адасу—достардың сенімсіздігі, дұшпандар ортасында болу.
- Орманда жүру—қиналу, жолы болмау; орманда жа- байы аңдарға кезігіп, олар шабуыл жасаса—қызғаншақ адамдармен бірге жұмыс істейтінін білдіреді; орманда жеміс теру—олжа.
- От көрсең—ұрыс-керіске кезігесің.
- Отқа қарап отыру—үй-ішілік бақыт, алаңсыз ғұмыр. 1216. Отын арқаласаң—олжа.
- Отын жинау—күтпеген олжа; отын ұстау—ризық пен берекет; отын шабу—шығын.
- Отын тасушыны көрмек—сөз жүргізушімен жорылар. 1219. Ошақ—мал-мүліктің белгісі. Ошақтың басында жалғыз отырғанын көру—зиянға ұшыраудың белгісі. Жақ- сы көретін адамдарыңызбен ошақтың басында отырға- ныңызды көру—айлалы іске араласуды білдіреді. Ошақ соғу—жұбайыңызбен бақытты ғұмыр кешу. Ошақтың бұзылғанын немесе отының сөнгенін көру—отбасының берекесі кетеді.
- Ошақ көрсе (қазан асатын)—ол үйге Алла тағала бере- кет берер.
- Өгіз—басшы адам; өгіз сатып алу—дос-жарандарына мейірім ету; өгізге міну—арзаншылық пен молшылық.
- Өгіз, бұқаға мініп жүрсе—билігі жүреді.
- Өз көзін шағыр көрмек—дінінде бедғаттық болмақ. 1224. Өз терезеңнен кіріп жүрсең—ұзаққа созылар науқас белгісі.
- Өзге біреудің үйі бұзылса—тілегің орындалады. 1226. Өзен кешіп бара жатсаң—жақсылық.
- Өзенді көрсе—алыс сапар белгісі, үлкен олжаға кез- деседі.
- Өзеннен өтсең—жақсылықтың белгісі, үйленуің мүм- кін.
- Өзеннен су ішер болса—мақсатқа жетіп, құрметке ие болады.
- Өзін азан шақыратын көрсе—ел ішінде ұлық болып, мұратына жетер, жақсы түс.
- Өзін намаз оқитын көрсе—досынан жақсылық көреді, ойсыздан олжа келеді.
- Өзін шаһарда көрмек—Алла тағаладан қажатын тіле- гені һәм машақаттардан шадлыққа жетпек.
- Өзін шұңқырда көрсе—жамағатымен қажыға барар.
- Өзінің үйін от ішінде көрсе—ол кісі дүниесінің ісін үкімет бастығымен бірлестірген болар.
- Өзің қайтыс болсаң—өңіңде ұзақ өмір сүресің.
- Өлген адам бірдеңе берсе—ойда-жоқта бірнәрсе алады. 1237. Өлген адамды көрсе—ол бендеге ойсыздан мал кездеседі.
- Өлген адамды көру, егер ол адам сөйлер болса—онда ол шындықты айтады.
- Өлген адамды үйіңде көрсең—жайсыздық әкеледі.
- Өлген адамның тіріліп жүргенін көрсең—ауа райы, іс барысы өзгерер.
- Өлген кісі су сұраса—әруақтың риза болмай жүргені. 1242. Өлі адам сөйлесе—ауа райы өзгереді.
- Өлі адаммен көріссең—жаңа махаббатқа тап келесің. 1244. Өлі тотықұс—досыңды жоғалтып алу.
- Өлі үйректер көрсеңіз—дұшпандарыңыз сіздің жеке ісіңізге араласып жатыр.
- Өлікпен бірге ұйықтасаң—табысқа кенелесің. 1247. Өлікті бассаң—өлім туралы хабар аласың.
- Өлікті қозғасаң—ауырасың, жаман атқа ілігесің. 1249. Өлікті тірі көрсе—не мұратына жетер.
- Өліктің ас жеп отырғанын көрсе—ел ішінде құрметті кісі болар.
- Өліктің киімін тәуір көрсе—көрушіге сүйінішті хабар болар.
- Өліп қалу—өмір жасының ұзақ болуы.
- Өрмекшіні ұстаса, яки қолының үстінде жорғалап жүрсе—софы болып халайыққа сүйінішті кісі болмақ.
- Өрт—шығын, ұрыс-керіс әкеледі. 1255. Өрік талы—уайым, реніш.
- Өсімдік жеміс көрсе, яки жүзім көрсе, яки ішсе—бұл түс дәлел әр жерде саламат, аман болуына.
- Өсімдікті ұстап, иісін иіскемек—бала болады. 1258. Өткелден өту—қауіп-қатерден құтылу.
- Періштелер—сіздің тыныштығыңызды бұзатын үл- кен өзгерістерге көрінеді. Егер түсіңізде періште аян берген болса—махаббат, қаржы мәселесінде сақ болғайсыз.
- Пияз көрсең—күткен қонағың келеді. 1261. Пирамида—үлкен мәртебеге көтерілу.
- Пойыз—жақын жерге сапарға шығып, табыс табу. 1263. Пұт—мол мал-мүлікке бөлену. Пұттарды сындырып қирату—дұшпандарын жеңіп, ешқандай айлаға алдан- бай, табысқа жету.
- Пышақ алып жүру—қауіпті адамдар. 1265. Пышақ көрсең—әйелің ұл табады.
- Пышақ қайрасаң—қауіптің жақындағаны. 1267. Піл көру—ұлық сұлтаны болады.
- Піскен, тәтті жеміс жесең—байлыққа, сәттілікке кене- лесің.
- Піспеген жүзім—қателік.
- Пісте шақсаң—өмірдің ұсақ-түйегі.
- Пішен—көз жасы, ұтыс.
- Пішен шөптер көру—мал болар.
- Райхан гүлі—бақыт немесе күтпеген кездесу.
- Раушан гүлі—махаббаттың нышаны.
- Реніш көрмек—мал-қазына дүр, әмма дауысы орташа жылау ойсыз хабарлану.
- Сабан көрсең—табысқа батасың.
- Сабын—көңілді отырыстың күтіп тұрғанын білдіреді.
- Сағаттың тіл соғысы—жағымсыз жаңалық.
- Сақал алып жатса—шағын жауына жолығу.
- Сақалды шал көрсең—пайдалы ақыл-кеңес белгісі.
- . Сақалдың кіндікке дейін ұзын болуы—мал-дәулеті оныменен машақат шегеді, мөлшерден ұзындығы иесі- не дін болар.
- Сақалының мөлшерінен ұзын көрінсе—борышы болар.
- Сақалың қалың қара болып көрінсе—табыс әкеледі.
- Сақалың өсіп кетсе—пайдаға батасың.
- Сақина. Жалтылдаған неке сақинасын жас әйел өз қолында көрсе—бақытты жан болғаны.
- Салқын су ішу—денсаулық.
- Самұрық құс көрсе—бақыт, байлық, дәулет келеді.
- Сандуғаш көру—бір кішкене ұл балаға кездесу. 1289. Сандық толы болса—көп ақша табасың.
- Сарқырама—аңсаған арманыңыздың орындалуына қол жеткізесіз. Тағдырдың өзі сізге жол ашады.
- Сары жылан көрсең—үйленесің.
- Сары ара—алыс ағайыныңыздан біреу науқастанады. Ірі ара—үйленудің белгісі. Араны өлтіру—күтпеген жерден хабар аласыз.
- Сары май көрсе—захмат көрер, егер сүт, қатық көрсе— адал мал олжасы болар.
- Сары матадан тігілген шапан, тон бешпент жамылып жүрсе—олжаға кенелмек.
- Сары сақал көрмек—фақырлық, қоңыр болса, қорқу болады.
- Сары түсті киім кисе—бірде жақсы, бірде жаман жағ- дайда болады.
- Сарымсақ көру—кісі болмаған оңаша жерде жүруі. 1298. Сатып алып жатсаң—молшылыққа кенелесің.
- Сау тісің түсіп қалса—жақыныңды жоғалтасың. 1300. Сауда жасап жүрсең—байлыққа батасың.
- Саусақ. Егер саусағыңыздан қан шығып тұрса—сізді қиындықтар мен проблемалар күтіп тұрғандығын біл- діреді. Егер сіздің қолыңызда саусақтар болмаса—бұл материалдық шығындар болатынын білдіреді.
- Сауысқан көру—уағдасына опа қылмайтын кісілігі жоқ адамға кездесу.
- Саясаткер. Түсіңізде саясаткермен дидарласып жүр- сеңіз—әурешілікпен уақыт өткізу. Жас қыз түсінде саясатпен айналысып жүрсе—өңінде өтіріктен, аңғал- дықтан аулақ болғаны жөн.
- Сәбіз көрсең—көңілденесің. 1305. Сәлде орану—елі, уәлаяты.
- Семсер немесе мылтық көру (ұстау)—табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
- Семіз сиыр көрсе—елде байлық болады.
- Сиқыршы. Бұл түс—сіздің отбасыңыздың үлкен, алайда сізге көп қиындық әкелетінін болжайды. Жас жігіт үшін бұл шығынды білдіреді немесе сүйгеніңнен айрылуың ықтимал.
- Сиыр етінің қаны шығып тұрғанын көрсең—сырқат туысыңның өлуі мүмкін.
- Сиыр көрмек—өкіметтен жақсылық болады.
- Сиырдың етін жеу—бір зор ердің мал табуы.
- Сол дарияның суы тынық болса—көп жақсы болады. Егер лай, сор болса—жақсы емес, азырақ қам болса— керек дер.
- Солған күл көрсең—жайсыздық.
- Сөйлеп жүрсең—кіріс.
- Сөмке көрсең—саяхатқа аттанасың.
- Стакан сынса—бақытың бүлінер.
- Су—тазалық бейнесі, аурудан айығу.
- Су жағалап жүрсеңіз—көңілдің жайсыздығы, ауру.
- Су жылытып жүрсең—күтпеген қуанышқа тап боларсың.
- Су мөлдірлігі—арзаншылық пен молшылық.
- Су құстарының екі ұлығы бар, біреуі суда, біреуі қырда.
Мұны Хызыр мен Ілияс деген, Алла біледі шынын.
- Су шашып жүрсең—бос сөздің белгісі.
- Суарып жүрсең—уайымның белгісі.
- Суға былықса—реніш болмақ.
- Суға жуынсаң—қуанышты олжа күтіп тұр.
- Суға кетсе, өлмесе—дін ісіне ғарық болар.
- Суға қарап жүрсең—көңілдіктің белгісі.
- Суға тұншықсаң—тарығу, қиналу, реніш.
- Суға шомылсаң—күтпеген жаңалық.
- Суда жүзу—қуат, иман, бір жақсы жолды тұтыну.
- Суда отырсаң—сәтсіздік.
- Судан басқа жарамайтын нәрсемен дәрет алмақ—шад- лық күту болады.
- Суменен ғұсыл құйынбақ—қайғыдан құтылады.
- Сурет не дәптер көрсең—күтпеген жерден біреумен кез- десесің.
- Сурет салсаң—ұнамды таныстық.
- Сұлу әйел—байлық белгісі.
- Сұлы көрсең—байлық белгісі.
- Сүйек мұжысаң—ісің аяқталады.
- Сүйікті адамдардың бірін құшу—өте бақытты болудың нышаны.
- Сүйісіп жүрсең—аурудың белгісі.
- Сүлгі көрсең—біреуден хат-хабар аласың.
- Сүңгісең—уайымға батарсың.
- Сүт—көңілдің ағаруы.
- Сүт ішпек—нәрсе жарамақ, яғни бір нәрсені жарату.
- Сынап көрсең—көз жасы төгіледі.
- Сынған ағашты көрсең—ұрысқа ұшырарсың.
- Сынған көпірді көрсең—ақшаң жоғалады.
- Сыра ішіп жүрсең—табыс белгісі.
- Сырға—табыстың белгісі.
- Сырқат ауру көрмек—мұнафиқ іші, кафр сырты мұ- сылманға жорылады.
- Сырқат өзін үйден шығар көрсе—һәм һешкіммен сөйлеспеуші көрсе, оның өлмегіне дәлел болар, егер сөйлесе—сырқаты бойынан кетер.
- Сідр ағашы—құрметті еркек кісі.
- Сіріңке көрсең—ақшаға молығасың.
- Табыт жасап жатсаң—өлік көруің мүмкін.
- Табытты үйелменді адамдар көрсе—кіріс кіреді.
- Таза ауа көріп сезінсең—барлық адаммен тату бола- сың.
- Таза көйлек кисең—сәттілік.
- Таза маталар—тойдың белгісі.
- Таза орамал басқа тартсаң—сәтсіздік.
- Таза су ішіп жүрсе—жағдайы жақсарады.
- Таза суға сүңгу—ақталып, ел қатарына қосылу.
- Таза ыдыс көрсең—шығынға ұшырайсың.
- Таза, тұнық суда жүзіп жүрген жабайы үйрек көру— теңіз немесе мұхиттан асып өтумен байланысты та- бысты сапарды білдіреді.
- Тазқараны көрсе—дұшпандарын тізе бүктіреді.
- Тақыр жерді көру—фақыр, кедейлік.
- Талқандалған жол көрсең—шығын.
- Тар соқпақпен жүрсең—сәтсіздік.
- Тарақ көрсең—үйленудің, тұрғын орынды ауыстыру- дың белгісі.
- Тарақан көрсе—той болады.
- Тары көрсе—дәулеті күн сайын арта бермек.
- Тарының төгілгенін көрсең—ұзаққа созылған ауру. 1372. Тас көрсең—ақшалы болу.
- Тастарды жинасаң—біліміңді толықтыру. 1374. Тастарды өрсең—білімді боласың.
- Тау көрсең—қуаныш, биіктен көріну. 1376. Тауға шықсаң—мәртебең көтеріледі.
- Тауда гүл теріп жүрсең—қуанышты, көңілді өмір. 1378. Тауда отырсаң—сыйлы қонақ болу.
- Тауда тұрып айқайласаң—ұзаққа сапар шегу. 1380. Таудан құласаң—шығынға ұшырайсың.
- Таудан су ақса—күтпеген олжа.
- Таудан төмен түссең—беделің төмендейді, сондай-ақ дұшпанның өсегі.
- Таудан, жоғарыдан төмен түссе, ол тауды тақыр көрсе— ренішке кездеспек. Таудан асып түссе—бір хаталыққа кездеспек.
- Тауды жағалап жүрсең—еңбегің жанады. 1385. Таудың суын ішсең—аурудан айығасың.
- Таудың үстінде қар жатса—әкеңе суық тиюі мүмкін не- месе хабар есту.
- Таутеке мен құлжа—тұрмыстың тауқыметін тартпай- тын болады.
- Тауық—жанұяның көбеюіне немесе кездесуге көріне- ді.
- Тауық балапандары ортасында—жанұяның көбеюін білдіреді.
- Тауық қыт-қыттап жүрсе—әуре-сарсаң. 1391. Тауыс—асқан сұлуға үйленеді.
- Тауыс құсының еркегін көрсе—жоғарғы үкімет адамы- на кездесу, ұрғашысын көрсе—жақсы қатын болар.
- Тахт (орындық)—қатын болады, калош көрсе де—қа- тын болады.
- Тәж кисең—құрметке бөленесің.
- Тәнінде көздер табылуды көрмек—дінде әшкере жақ- сылығы.
- Тәтті жеміс—байлық.
- Тәтті-пәтті көрсең—тату-тәтті, тыныш өмір сүресің. 1398. Телефон—сіздің бастаған ісіңізге кедергі келтірген
адамдармен кездесесіз.
- Темір—патшалардың сый-сияпатына ие болу. 1400. Теңізге құласаң—қауіптің күтіп тұрғаны.
- Теңізде жүзіп жүрсең—байлық, күш-қуат, денсаулық. 1402. Терезеден құласаң—төбелесесің.
- Терек көрсең—күтпеген қонақ.
- Тиін—барлығы да жақсарады, сондай-ақ айналаңызға жақсы достар пайда болып, ісіңіз алға басады.
- Той (үйлену)—үлкен сәтсіздік белгісі.
- Толқыған теңіз—шығынға ұшыратуы мүмкін.
- Толқын көруіңіз—сіздің өміріңіздегі үлкен өзгерісті меңзейді. Жақын арада сіздің терең біліміңізді талап ететін елеулі іс күтіп тұр.
- Толы шелек көрсең—көп іске тап боларсың. 1409. Толық ай көрсең—жан-жақты көңіл көтеріледі. 1410. Тон кисең—байлық белгісі.
- Топырақты жию, жүк қылып арту—малы көп болады, қайырлы іс.
- Топырақты шашу—бір «биғдат» жаңалық іске халық- ты үндеу.
- Торғай—әрқашан өмірдегі өзгерістер алдында түске енеді. Мұндай түстен соң айналаңызға қарап, ойланып көріңіз. Бәлкім өзгеретін жағдай бар шығар.
- Тостаған көрмек—бір қатын, егер ішінде суы болса. 1415. Тотықұс—уақытыңызды мардымсыз өсек-аяң мен
көңіл көтеруге сарп етесіз.
- Тотықұсты сөйлеуге үйрету—жеке өмірдегі жағымсыз жағдай.
- Төбелесіп жүрсең—күтпеген шығын.
- Төрт құлақты көру—төрт қатын, яки төрт қыз аналары болмақ.
- Төсек көрсең—жолға шығасың. 1420. Тұз көрсең—ұрыс-керіске кездесесің.
- Тұйғын көру—қуатты өкімет бастығына кездесу. 1422. Тұқым ұрығы—мал болады.
- Тұманды күн—нәтиже мол болады.
- Тұншықсаң—қауіп пен сәтсіздікке ұрынуың мүмкін. 1425. Тұнық қара су көру, балшықты лай су көру—қауіп,
күйініш, реніш болады.
- Тұп-тұнық суда акула жүзіп жүрсе—сұлу әйел және бақытты болудың белгісі.
- Тұрымтай көрсе—тілегені жетеді. 1428. Түйе көру—семіз еркекке кездесу.
- Түйеге міну—әулиелер желеп-жебейді, мұратына же- теді.
- Түйеқұсты ұстап алу—сіздің қаражат-қарымыңыз сая- хат шегіп, біліміңізді арттыруға мүмкіндік береді деген сөз.
- Түйеқұсы—бір құрметті ердің баласы болады.
- Түлкі көрсе—адал досының орнын алаяқ, алдампаз ба- сады.
- Түлкіні біреу тұтар көрсе—ағайынымен дауласу болар.
- Түлкіні өзінен қашар көрсе—бересі борышынан қашқаны болады.
- Түпсіздік көрсең—қауіп төнеді.
- Түсте аспанда тұрған айды көру—өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
- Түсте аспанда ұшып, не қалықтап жүру—бұл да өте жақсы, ал одан құлау—жаман.
- Түсте аяқтың семіп қалуы—өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
- Түсте баққа кіріп, оны аралау—жақсылықтың белгісі.
- Түсте биікке немесе тауға шығу жақсы: ондай түс көрген кісі—өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
- Түсте біреуді сабау—өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар, ал егерде кісі түсінде әлдебіреуді өлтіретін болса—онда ол өңінде мақсатына жетеді.
- Түсте доңызды, қасқырды, қабыланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру—өңде дұшпаннан үстем бо- луды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса—онда ондай түс жа- ман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру—жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егерде кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса—онда оның дұшпандарының қолға түскені.
- Түсте жақсы көйлек кию—кісіге өңінде қуаныш әкеле- тін істің боларынан хабар береді.
- Түсте жұлдыздарды көру де—жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының мұрат-тілегі жақсы болады.
- Түсте жылан көру—жақсы, егер ол ешқандай зиян келтірмесе.
- Түсте жылау—өңдегі қуаныш.
- Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса—онда өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса—онда ол жақсы емес. Ондай адам сәтсіздікке ұшырайды.
- Түсте қара, қызыл түсті затты немесе атты көру—жа- ман нышан.
- Түсте қол жуу—өңдегі мазасыздықтан арылу.
- Түсте суда жүзу және оны кешу—жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
- Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру—жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
- Түсте сүйікті адамдарының бірін құшу—өте бақытты болудың нышаны.
- Түсте тісін сындырып алу—өңде досын жоғалту.
- Түсте үйленген—жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
- Түстегі жағымсыз иіс—өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
- Түстегі жел—мұң мен сырқат белгісі.
- Түстен семсер немесе мылтық көру (ұстау)—кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
- Түсті қағаз көрсең—ұяласың, ренжисің.
- Түсінде Адам әлайһиссаламмен сөйлессе—зор ғылым- лік нәсіп болар.
- Түсінде адамның бұтын көрсе—қабиласы, яғни елі бо- лады.
- Түсінде ай көрсе—қолына қатын түседі.
- Түсінде айт көрмек—қуаныш болмақ, шадлық болмақ. 1463. Түсінде ақ жылан көрсе де, қара жылан көрсе де—дұшпан болады.
- Түсінде ақ киік көрсе—жақсы болады. 1465. Түсінде ақ тон кисе—дәулеті артылады.
- Түсінде ақ тонменен жүзі қара болып көрмек—жер қа- зылмақ.
- Түсінде ақ шаш көрсең—жақсылық, қуаныш. 1468. Түсінде алапес болу—малының кемуі болады.
- Түсінде алтын көрсе, ол алтын ақша болса—садақа бер- мек керек, жақсы емес.
- Түсінде алтын-күміс жүзік көрсе—ел ішінде мал тұт- қушы болады.
- Түсінде ара қуып жүрген кісі—өңінде пайдаға жолы- ғады.
- Түсінде арақ көру—арам мал, егер ішіп есірсе—оған бір өкімет кісісі кездесер.
- Түсінде арыстан көрмек—ашуланған дұшманы болды. 1474. Түсінде ас, нан көрсе, өзге жерден келсе—ұлықлардан тәрбие көрер.
- Түсінде асты етпен бірге жесе—харамнан оған нәсіп бо- лар.
- Түсінде асыққанын көрсе—оянғаннан кейін ұйықтап қалар.
- Түсінде ата арыстан, я қабылан, я бөрі көрсе—ғамал- дарынан оған көп пайда болар, егер көкжал бөрі көрсе— дұшпаны өзіне кішірейіп, айтқанын қылар.
- Түсінде атқа мінсе, яки түйе, есекке мінсе де—мұраты хасыл болмақ.
- Түсінде атқа мініп намаз оқып көрсе—қатты қорқы- ныш болмақ, өлтіріс болмақ.
- Түсінде ауру—дінде нашарлығы.
- Түсінде ауыз көрмек—істерінің беті ашылады, һәм рызығы көбейер.
- Түсінде ащы ашыған алма көрсе—өмірі қайғыда өтер.
Садақа берсін.
- Түсінде аяғы сынса—мал иесі өлер.
- Түсінде Әбілді көрсе—бір залымнан зұлымдық көрер. 1485. Түсінде әр қатынды сүйетін болса—жігіт адам болса, досы көбейер.
- Түсінде әтешті көрсе—мал-жаны аман болар, рахатлік болар.
- Түсінде бадам майын көрсе—аға, інісі шетте болса, са- ламат келіп, мұратына жетер, ақырғы кезінде қарын- дас руынан дұшпандық көрер.
- Түсінде байғұз көрсе—өкіметтен бір жақсылық көреді. 1489. Түсінде бал құртын көрсе—адал мал нәсіп болар.
- Түсінде бал ішу—ұрланған нәрсесі табылады. 1491. Түсінде балық ұстаса—адалынан мал несіп болады.
- Түсінде барлық түрлі жемістерді көрсе—шаттыққа бо- лады, дұшпандары соқыр болар, әр түрлі мұратына же- тер.
- Түсінде бауда серуендесең—қуанасың.
- Түсінде бит көрмек—діні һәм малы көп болады.
- Түсінде биік жерге, я тауға шығып жүрсе—мәртебесі биік болады деп айтады.
- Түсінде бұлт көрсе—үкіметінен қауіп бар. Садақа беруі керек.
- Түсінде бүркіт, лашын, сұңқар көрсе—өкіметтен, ұлы- ғынан жақсылық көреді.
- Түсінде бір адам дүман болып көрінсе, оған қастық қылса—сақтану керек.
- Түсінде бір жерге түскенін көрсе—хайыр, берекелі болмақ.
- Түсінде бір кісі Адам пайғамбарды көрсе—бір орын- да, көркем ғана, жай көрінер, уәли болмаққа лайықты болса—мол мүлікке ие болар. Егер қазилыққа лайықты болса, қази болар.
- Түсінде біреу мінер ат берсе—жақсы мәртебеге жетер.
- Түсінде біреу хазірет Мұхаммед мұстафа саллааллаһу әләйһи уәсәләмды көрсе—діні көркем болар, әр істері- нің ахыры хайырлы болар, егер қорқушы кісі болса, дүние ахыретте аман болар, егер борышты болса, Алла тағала борышынан құтылар.
- Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қал- ған—жақсы емес. Ондай жағдайда құдай атына құр- бандық беруге тура келеді.
- Түсінде біреудің оң қолы сынса—ағасы яки балалары- нан өледі.
- Түсінде гүлдер көрмек—бұқасы жоқ малмен жорылар, ас дегені—бұқа болып жорылар.
- Түсінде дария суын көрсе—қатер бар.
- Түсінде дәптерге жазар көрсе—өңінде қан алдырар. 1508. Түсінде егер бір қатын емшегінен асылар көрсе—ол қатын зина қылып бір бала пайда болар.
- Түсінде екі басты көру—ұзақ тірліктік, дүниешілдік- пен азығын екеу көрсе—хаталарын мойындау, түзулік- ке жөнелгені, толық көп ішінде, яки өкімет қасында көрсе—хаталарына өкініп, тәубаға қайтып тілегені.
- Түсінде екі иінін көру—өмірі ұзақ болар.
- Түсінде екінді намазын оқыса—қылған ғамалының та- мамына дәлел болар.
- Түсінде ескі қар, я су көрсе—шаһарға, я өзіне қатер бар, садақа берсін.
- Түсінде ет пісіргендігін әрі оны адамдарға таратқанын көру—жұмысында табысты болатындығын немесе бір өнер үйренуді білдіреді.
- Түсінде жаз күнін көрсе—алыстан туыс, жақыны ке- леді.
- Түсінде жақ көрмек—хайырлы болады, көп көрсе— баласы артады, кем көрсе—баласы кемір.
- Түсінде жала жапқан көрмек—ауыр істен құтылу, күнәдан тәуба қылып қайтпақ.
- Түсінде жаңа туған қыз бала көрсе—ауырлықтың со- ңынан жеңілдік болар, құрметтілік.
- Түсінде жапырақ жеміс жейтін көрсе—дауам құрметті, дәулетті болар.
- Түсінде жарғанат көрсе—ижтиһады бар софыға кезде- су.
- Түсінде жас жүзім көрмек—дүниесінің хош көңілді болмағы.
- Түсінде жауһар ұстаса, көрсе—осы секілді мал тұтқу- шы болады.
- Түсінде жол істеу—бір істе тамашаға кездесу.
- Түсінде жүніп күйінше намаз оқыр көрсе—ренжу, сырқат болмақ.
- Түсінде жыламақ—ояуында шадлық болмақ, бірақ қатты дауыстап бақырып жыласа—қайғылы іс, себебі жоруынан асып отыр, бақырудан кешірек жыласа— оған күлкі шаттығы болар.
- Түсінде жылан көру—дұшмандығын жасырған дұш- маны. Түсінде жыланды көрсе—оған жалған бәлелер кездесер.
- Түсінде жыланды қолына ұстаса—біраз нәрсе кіріс бо- лады.
- Түсінде жынданса—ояуында ғашық болар біреуге, яки бірдеңеге.
- Түсінде зейтүн ағашы—бір мүбәрак һәм пайдалы ер, зейтүннің жемісі—қайғы, күйініш болады.
- Түсінде имам болмақ—ұлықтық хәкім болар, қыбласы дұрыс болса.
- Түсінде ит көрмек—әлсіз дұшманы тілін өткізе ал- мағаны.
- Түсінде кағбаға кіргенін көрсе—амандық болмақ, яки қажы болмақ.
- Түсінде кағбаны көрсе—имам әділ болар.
- Түсінде калош, бәтеңке, етік, кебіс көрсе—қатыны та- лақ болар.
- Түсінде көзіне сүрме тартуы—уағдасына түзіктігі. 1535. Түсінде көк киім кисе—барлық қайғы-қасіретінен құтылады.
- Түсінде көп жеміс көрсе, піскен жүзім көрсе—дәулетке жетеді.
- Түсінде көп қойларды бақса—сол қойлар санынша ол кісіге ізгілік болар, сиыр бақса да—солай.
- Түсінде көп шикі жүзім көрсе—һәр данасы санынша мал табар.
- Түсінде көпірден өткен кісі—өңінде өзінің жақсы қыз- метін қалдырып, одан да жақсы қызмет іздейді.
- Түсінде күзен көрсе—нашар түлкінің жоруы секілді болмақ.
- Түсінде күлу—діншілдігімен жорылады, һәм кәсібін- де, тірлігінде қайыр болады.
- Түсінде күнбатыс жағы—бір ұнамайтын хабар болар, егер бұлардың хикматын аңдамаған болса.
- Түсінде күнді көрген кісінің—мерейі өңінде, дұшпан- дарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
- Түсінде күнді көрсе—дәулетті һәм дұшпанына үстем болады деп айтады.
- Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе—онда ол өңінде тілегіне жетеді.
- Түсінде қақ тақыр жер көру—бір іске жиһад етіп, мұраты хасыл болмас.
- Түсінде қан алдырмақ көрсе—ояуында дәптер жазар. 1548. Түсінде қант-шекер, бал көрсе—ел арасында ұлық болар.
- Түсінде қар көрсе—ойсыз нәрсеге кездесу. Түсінде қар көрсе—халал ниғмат олжа нәсіп болар.
- Түсінде қара ат, яки жирен ат көрсе—сүйініштік, ра- хаттық болады, дәулет ғиззат болар.
- Түсінде қара жүзім көрсе—реніш, машақат көреді. 1552. Түсінде қара киім кимек төре болу—ояуында қара кию хайырлы болады.
- Түсінде қара көрпе жамылсаң—уайымға кездесесің. 1554. Түсінде қара тон кисе, қызыл тон кисе, көк тон кисе—амандық болады.
- Түсінде қармақ көру—айлакерліктің белгісі. Кейбі- реулер қармақ көруді үлкен мүмкіншілік деп те жориды. Түсінде қармақпен балық ұстағанын яки сатып алғанын көру—қармағыңыздағы бір адамға жазық- сыз тиісетініңізді. Бірақ кейіннен соған өкінетініңізді білдіреді.
- Түсінде қаршыға көрсе—ел ішінде құрметті кісі бола- ды.
- Түсінде қатық, май, қаймақ секілді нәрсе көрсе—халал мал кездеседі.
- Түсінде қатын алса—жақсы болады деп айтады. Мұра- тына жетеді.
- Түсінде қатынның сақалы болмағы—сырқаудүр, ерінің дәулеті көбейеді.
- Түсінде қауын көрсе—шадлық болар, егер қыс күнінде мұндай нәрсе көрсе—суық болады.
- Түсінде қой (отарын) көрген кісі—өңінде халықты кө- реді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
- Түсінде қой көрсе—амандық болады, себебі қойдың ба- сынан аяғына дейін пайдалы хайуан.
- Түсінде қол көру—туыс, қарындасы, оның кесілмегі— туысының өлмегі, ұзындығы—мол табысқа әкетуі.
- Түсінде қолды жұмбақ—үмітсіздікпен жорылар.
- Түсінде қолдың ұзындығы—бір ашылатын сифатпен жорылар.
- Түсінде қолтық жүндерін өсіп кеткен көруі—мәкруһ болады, кемімегі—жақсы болады.
- Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұсталған кісінің—өңінде дәулеті тасып, балалы бола- ды.
- Түсінде қосаяқ, тышқан көрсе—шеттегісі келер, яки қызы болар.
- Түсінде қоян, яки көгершін көрсе—халал жұфұт нәсіп болар.
- Түсінде құр көру—рызықтың белгісі.
- Түсінде Құранды ұстап оқымақ—ел ішінде шарафатты болу, шаттанбақ.
- Түсінде құрбан көрмек—қуаныш болмақ һәм мәшақа- тынан құтылар, егер қатыны жүкті болса, ер бала табар.
- Түсінде құстарменен сөз сөйлесер көрсе, олар бұған жауап берер болса—ол бендеге ғайыптан дәулет келе- ді. Халайық тамаша қалар мұратына жетер, ғылым үйренер, ел ішінде құрметті болар.
- Түсінде қызыл көрсе—қатындарға жақсылық, еркек- терге мәкруһ болады. Егер бөрік, сөмке, көйлек төсек қызыл болмағы—шадлық рахат болады.
- Түсінде қымбат бағалы тастарды көрсең—табыстың, байлыққа кенелтер некенің белгісі.
- Түсінде қыр есегін сояр көрсе, яки киікті сойып, етін жесе—ол кісіге мал ғанимат болар.
- Түсінде маймыл көру—малғұн дұшманы болар.
- Түсінде мәсжид салдырса—адамдарды хайырлы іске бастаушы болмақ.
- Түсінде меруерт тасын көрсе—қыз баласы болады. 1580. Түсінде миллионер—жайсыздыққа жолықтырады. 1581. Түсінде мұрын көрмек—баласы болады, дәулетті болар. 1582. Түсінде Мұхаммед расулулла саллаллаһу ғәләйһи уә-сәлламды көрсе—хақ, рас болады. Кітаптарда жазыл- ған секілді түрді көрсе, себебі шайтан оған һеш уақыт- та ұқсамайды, осы секілді күллі пайғамбарларды көрмек—осы секілді болады. Күн көзін көрмек, ай, жұлдыз, жаңбырлы бұлттар—түс жоруда рас болады, шайтан бұларға ұқсамас.
- Түсінде мінбер тахт көрмек—жоғарыламақ, жама- ғатына саламаттық болмақ.
- Түсінде намаз оқуға орын таппаса—дүние ісінен тар- лық болар.
- Түсінде намаз оқып, бал жесе—қатыны жоқ болса, әйел алар.
- Түсінде никахлану болса—сату болар.
- Түсінде Нұх пайғамбарды көрсе—ұзақ тіршілік көрер, қаттылық, кісіден ренжу болар, соң шадлықтар табар, балалы-шағалы болар.
- Түсінде ойнасқор қатын көрмек—дүние жинаушы кісі көрсе, дүниесі молаймақ, егер ғылым жолындағы кісі көрсе, ғылымдығы, білімі артпақ.
- Түсінде оң қолының басбармағын көрсе—ерте намазы, ұсыққол—үйлі намазы, орта саусақ—екінді намазы, аты жоқ—ақшам намазы, кіші шынашақ көру—ясиғ намазы деп жорылған. Ол бармақларды артық көрмек— кештерде ояу отырып, намазының артылмағы.
- Түсінде орындық—төрелік, егер төрелікке лайықсыз болса, бір іске мәшһүр бір кісі болар, қатындарға да со- лай деп жорылады.
- Түсінде отқа, суретке, ағашқа шоқынса—бір ұлыққа, басшыға жақын болмақ, өзін мәжуси көрсе—исламды артына тастағаны болар.
- Түсінде өзен көрген кісі—өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде көрген өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетіп, құрметке ие болады.
- Түсінде өзін жасырын жолда көрсе—бидғат нашар жол- да болуы.
- Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі—өңінде зымиян қатындардан сақтануы керек.
- Түсінде өзінде жарақат көрмек, шешек, шиқан, сыз- дауық, қотыр көру—һәммасы мал болады.
- Түсінде өзінің өліп қалғанын көрген кісінің—өмір- жасы ұзақ болады.
- Түсінде өліктің жылағанын көрсе—ол өлік қайғыда болғанынан хабар бергені, бірақ көрушіге жақсылық болады.
- Түсінде пайғамбарларды көрудің жоруы—періштелер- ді жору секілді. Бірақ шаһидлік үкімінде басқа болар. Оның үшін періштелерден біреуін шаһид болар көрсе, мүмкін емес, себебі пайғамбарлар, адамға қатысар періштелер адамнан құпия, бұл туралы аятпенен дәлел көрсетіпті.
- Түсінде періштелер енгенін көрмек—қай орында көрсе, ол орынның халқына нәсрат жақсылық болады, егер аштық-тарлықта болса, тез құтылар.
- Түсінде пышақ, қылыш, секілді құрал, нәрселер көр- се—біреуден дұшпандық, яки ұлықтарынан реніш көрер.
- Түсінде рауғ, сәжде қылар көрсе—Аллаға көңіл бер- гендігі, егер де ол Алла тағаладан басқаға сәжде қылар көрсе—қорлыққа кездеспек.
- Түсінде Самрұқ құсын көрсе—ол кісіден жұрт безетін іске кездесер.
- Түсінде сары тон кисе—қатер болады. Өкіметінен қорқыныш болар, садақа бер.
- Түсінде сары, қызыл тон келтіріп алдына қойса—оған қайғы болады, садақа бермек керек.
- Түсінде сату көрсе—никах болар.
- Түсінде сафар көрсе—ояуда үйіне қайтар, соның үшін түсінде сусамақ сусамақты көргеннен хайырлы болар.
- Түсінде сәби көрсе—зиянсыз дұшманға кездесу. Себебі сәбидің қолынан еш нәрсе келмейді.
- Түсінде сол қолы сынса—дәулетіне зиян тиеді.
- Түсінде сот-қазы көрсе—күналарынан тазартылған бо- лар.
- Түсінде суды кемемен кешсе—өзге уәлаятқа барып тү- сер.
- Түсінде судың қылысын, яки шаһар көрсе—қайғы-қа- сіреттен аман болады.
- Түсінде суық суменен жуыну, дәрет алмақ—тәуба бола- ды, яки дертке шифа болмақ, яки тұтқыннан босайды.
- Түсінде сүт көрмек—көп мал болмақ.
- Түсінде таң намазын оқыса—сол заманда ғайыптағысы қайта келер.
- Түсінде тар кемеш жердің үстіне шығып құтылып жүр- се—мұратына жетер, яки бір ізгі қатын алар.
- Түсінде тас атпақ кісі—сөкпекпенен жорылар. 1617. Түсінде таулар көрмек—жоғары мәртебеліні көру.
- Түсінде тауық көрсе—харам малдан нәсіп болар (қарта- дан ұтқан ақша секілді).
- Түсінде таям соқса—шадлық болады. Алла тағалаға жақын құлдан болар, жүніптен ғұсыл құйыну, нәжіс- тен тазалану—күнәһларынан тазалану болмақ.
- Түсінде темір, яки осыған ұқсас нәрсе көрсе—өкімет- тен жақсылық көреді.
- Түсінде тері тон кисе, я көрсе—халал малдан нәсіп бо- лады.
- Түсінде төсегін айналдыру—қатын талақ қылмағы бо- лады.
- Түсінде төсек көру—бір қатынға кездескені.
- Түсінде түйе көрсе—білімді, ғалым сөзінен көп пайда- лар көрмек.
- Түсінде түйеге мінсе, ол түйе шөгіп, ол адамды қорқыт- са, яки бура болып оны қорқытса—ол Әзірейіл алайһи сәлам Құдай тағаладан ғафыл болма деп хабар бергені.
- Түсінде түк көрмек—дені сау болады.
- Түсінде түлкіні ұстаса—оған бір нашар қатын кезде- сер.
- Түсінде түсінде ғашық болар көрсе—ояуында мәжнүн болар.
- Түсінде тырнағы қынамен боялса—тәсбиғы көп тар- тылмағаны.
- Түсінде тырнақтар—дұшмандар деп жорылады.
- Түсінде тілек тілесе—алтын-күміс нәсіп болады, мұра- тына жетеді.
- Түсінде тіс көрмек—үй жамағаты, жақын туыс, қа- рындастары болады, ол тістер бір-біріне тұтас жақын болғандығы үшін.
- Түсінде ұшып жүру—ұзақ жаққа жолға шығу, биік- теуің.
- Түсінде фақырлық көрмек—байлық көргеннен соққы болмақ, мәжрух болмақ, сөгілмек, бұлардың халдері соғушы болмақтан хайырлырақ болмақ, шынында кем- шілік көрсе—өңінде артықтық болмақ.
- Түсінде хазірет Ибраһим пайғамбарды көрсе—атасына дін жолын үйретер, әкесі зәрулік көрсетер, өкіметінен қатты қорқыныштар көрер, кейін мол дәулетке жетер, бір жақсы діншіл қатын алар.
- Түсінде хайуан, жыртқыш, жаман нәрселерден көрсе— сақтансын.
- Түсінде һәр түрлі шәрбат ішімдіктер, халуалар көрсе— халайық дұға қылар, рахат көріп, ниғматы артар.
- Түсінде шаһарды көрсе—ел ішінде құрметті кісі болар. 1639. Түсінде шашының ұзындығын көрмек—өмірі ұзын бо- лады. Адамның қолтық жүні, яки астының түгі ұзарып көрінуі—кейістік болар, бірақ құралмен қырар көрсе—зиннат пайда болады.
- Түсінде шикі ет көрсе—кейіс көрер.
- Түсінде шошқа көрсе—дұшпаннан, залымнан зиян кө- реді.
- Түсінде штан (дамбал) көру—бір надан қатынға кезде- су.
- Түсінде шыбышық көру—қадірі артық бір ерге кезде- су.
- Түсінде Ыдырыс пайғамбар көрсе—түрлі хал көріп, ақырында көркем халмен өтер.
- Түсінде ыстық сумен жуынбақ, дәрет алмақ, сырқат болмақ—реніш, кейіс болады.
- Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің—үйінен бай- лық үзілмейді.
- Түсінде ірі және сау дене көру—мал-мүлік пен атақтың белгісі.
- Түсінде яһуди болар көрмек—дінінде бос болмағы. 1649. Түсіне айдаһар енген кісі—өңінде бір мықты бастықты көреді.
- Түсіңде ақ тіс көрсең—пайдаға батасың.
- Түсіңде ауру екеніңді сезінсең—отбасыңдағы істе ұрыс- керіс болуы мүмкін.
- Түсіңде аяғың кір болып жүрсе—мұңаясың, жалғыз- дық көресің.
- Түсіңде әжім көрсең—көңілденесің.
- Түсіңде бала жұбатып жүрсең—өтірік уәдеге сеніп жүргенің.
- Түсіңде баланың бесігін көрсең— жақсылық.
- Түсіңде түйеге мініп жүрсең—жақсылық, өйткені түйе ұлық жануар.
- Түсіңде батпаққа тап келсең—ісіңде ретсіздік болады. 1658. Түсіңде бейтаныс әйел көрсең—өсектің белгісі.
- Түсіңде бұршақ көрсең—көз жасының белгісі.
- Түсіңде бірдеңе үтіктеп жүрсең—жаңа дос табасың. 1661. Түсіңде біреу сөзбен балағаттаса—табыс.
- Түсіңде біреуді ұрсаң—бақытты махаббатқа жолыға- сың.
- Түсіңде ғашық болсаң—жаңа дос табасың.
- Түсіңде дегелек көрсең—жайбарақаттылық, жақсы- лық келеді.
- Түсіңде досыңды көрсең—онымен кездесесің.
- Түсіңде жаңа гүл көрсең—қуанасың, кездесу болады. 1667. Түсіңде жұмыс істеп жүрсең—ісің сәтті болады.
- Түсіңде көлдің жағасында жүрсең—тыныш өмір өт- кізесің.
- Түсіңде көгілдір ашық аспан көрсең—жақсылыққа жо- лығасың.
- Түсіңде көпірден өтсең—қауіптен құтыласың. 1671. Түсіңде күйеуге шықсаң—сүйіктіңнен алыстайсың. 1672. Түсіңде күн батып бара жатса—ісің нашарлайды.
- Түсіңде қабырға көрсең—кедергіге тап боласың. 1674. Түсіңде қайыршы болып жүрсең—табысқа батарсың.
- Түсіңде қалыңдық болып жүрсең—сәтсіздікке ұры- нуың мүмкін.
- Түсіңде қамба көрсең—жаңа таныстық белгісі. 1677. Түсіңде қан көрсең—жақыныңмен жолығасың. 1678. Түсіңде қар басып жүрсең—ұнамды хабар аласың.
- Түсіңде қарбыз жеп жүрсең—күтпеген жерден жолға шығасың.
- Түсіңде құлып көрсең—сенімсіздік белгісі.
- Түсіңде қызықты кітап оқысаң—бақыттың нышаны.
- Түсіңде май жағылған нан жесең—шығынға ұшырайсың.
- Түсіңде моншаға кірсең—ісің үмітсіздікке тап болар.
- Түсіңде сары түсті көрсең—айырылысу, мұңды сағыныш.
- Түсіңде таза су ішіп жүрсең—жағдайың жақсарады.
- Түсіңде тауық көрсең—әуре-сарсаң, өсек, ұрыс-керісбелгісі.
- Түсіңде түлкі көрсең—досыңның аярлығына тап ке- лерсің.
- Түсіңде ұйықтасаң—тыныштық белгісі. 1689. Түсіңде үйіңе ұры кірсе—қонақтар келер. 1690. Түсіңде шам жақсаң—жаңалық болады. 1691. Түсіңде жүзім жесең—қуаныш, ұтыс.
- Түсіп жатқан жапырақ көрсең—шығынның белгісі.
- Түтін көрсең—өсекке қаласың.
- Тыңшы. Сізді бір жансыз тыңшы аңдып жүрсе—үлкен қолайсыздық пен ұрысты күтіңіз. Егер өзіңіздің тың- шы екеніңізді көрсеңіз—болып жатқан сәтсіздіктері- ңіз жойылады.
- Тырма. Өзгеге тапсырған ісіңіз орындалмай қалуы ықтимал. Өзіңіз қадағалап басы-қасында болғаныңыз жөн. Сынық тырма—аурудың белгісі.
- Тырна көрсең—қорқасың.
- Тырнағың кір болса—өсекке жолығасың.
- Тырнағыңды тазаласаң—қуаныш.
- Тырнақ алып жүрсең—шығын.
- Тышқан—қатындар болады, түстері өзгермесе, егер түстері өзгерсе—ол күндер менен түндерге жорылады. Тышқан—фасық қатын, я жүзін жасырған ұры болады.
- Тігінші. Түсіңіздегі тігінші—жақын арада жолға шы- ғатыныңызды хабарлайды. Егер тігінші сізден өлшем алып жатса—алдыңызда үлкен түсініспеушіліктер тұр.
- Тізені көрмек—тірлігінде машақаты болады.
- Тікенек ағашын көрмек—бір ердің мұраттары маша- қатлы болу.
- Тіл. Егер тілге өз тіліңіз кірсе—ең жақын адамда- рыңызды жоғалтасыз. Бөтен адамның тілі—сіздің тарапыңызға үлкен ұрыс-керіс пен шығын.
- Тілді көрмек—бір сөздікке көшу, тіл бір қажат болар, тілдің кесілмегі—қажатының кесілгені, тілдің ұзын- дығы—дау, әңгіме болар, кесілмегі, қысқармағы— хайырлы болады, тіл кесілгенін қатындар көрсе— хайырлы, ұят пердесінің бұзылуына дәлел.
- Тірі кісіні өлік көрсе—өмір жасы ұзын болар, басына келетін ауыртпалықтан құтылар.
- Тіс шіріп кеткен болса—ұрыс-керіске кезігесің.
- Тістің көркемдігі, бұзықтығы—барлығы туыс қарын- дасына жорылады.
- Тісің қарайып, сасып кетсе—табыстың нышаны.
- Тісіңді жұлдырып жүрсең—өлім хабаршысы болуы мүмкін.
- Улы, азулы жыртқыш көру—біреуден дұшмандық көру болар.
- Ұйқыда намаз оқымақ қыбласы дұрыс болса—Тәңіріге бағынған ғибадаты болмақ, түнгі кеште бесін оқыса— шадлық болмақ.
- Ұл баланы көрсең—ұлың көбейер. 1714. Ұн көрсең—молшылық белгісі.
- Ұрсып жүрсең—ауырасың.
- Ұры—қары. Түсіңізде ұрылар сізді іздеп жүрсе—бей- таныс адамдар мен істес болудан сақ болыңыз. Сіздің жауларыңыз сізді жойып жіберуі ғажап емес.
- Ұсақ күміс ақша—көз жасының белгісі.
- Ұшу—сапарға шығудың белгісі. Ұшып жүріп жоқ бо- лып кеткенін немесе қайтып оралмағанын көрген адам өледі. Бір жерден екінші жерге ұшқанын көрген адам құрметке бөленеді. Кімде-кім екі қанатпен ұшса— мұндай түс қайырлы түс. Жер мен көктің арасында ұшу—арман-тілектің көп екендігін білдіреді. Ұшу— білім үйренуді де білдіреді.
- Ұя көрсең—жақсылық.
- Ұя. Бос ұя—жаңа іс бастаудағы бос әурешілікті біл- діреді. Егер ұяда жұмыртқа жатса—кез келген бас- тамада табыс күтіп тұр. Ұядағы балапандар—шаттыққа толы саяхат.
- Ұяны ағаш басынан алу—ұзаққа бармайтын көңіл- ділік.
- Үй жанып жатса—шығынға ұрынарсың. Үй жөндеп жүрсең—шығын көп болады.
- Үй жығылып, тозаң-шаңға кездесу—мирас алмақ, то- пырақта отыру—жақсылық іс болмақ.
- Үй құлап жатса—ұрыс-керіс белгісі.
- Үй салуды көрген адамға әрқалай: ауру адамның өліп кетуі мүмкін, сау адам ұтысқа кенелер, өмірде сәттілік көбейер.
- Үй талқандалса—ренішке ұрынасың.
- Үй тарылып кеткенін көрсең—аурудың белгісі. 1729. Үй шатырын көрсең—табыс келеді.
- Үй ішін сыпырып жүрсең—ашығасың. 1731. Үйлену—тілегіне жету.
- Үйрек—досының ісіне сүйсінеді.
- Үйректерді аулап жүрсең—көздеген жоспарыңызды қайта қарауға белгі.
- Үйінің мәсжид болғанын көрсе—шарафатты, құрметті кісі болып мұсылмандарды хақ жолына үндеуші болар.
- Үй-ішінің ретсіздігін көрсең—уайым келеді.
- Үлкен бақа—софы, мүжтаһид бір ер болар, егер көп бақа болса—азап михнат болады.
- Үлкен түп жүзім—үлкен табыс, олжа.
- Үстіне жара шығып жүрсе—барша мұратына жетер. 1739. Үш құлақ—бір қатын, екі қыз.
- Хат—жұмысы нәтижелі болу.
- Хат алу—көздеген мұрат-мақсатына жету. 1742. Хат жазып бітіру—жұмысындағы қиыншылық. 1743. Хош иіс иіскемек—жақсы баласы болар.
- Хұрма ағашы—бір құрметті еркек, хұрманың жемісі— мал деген.
- Һәр қашан түс көрушінің ақылы ауысса, яки бұғау— түсті көрушіге хайырлы болады, яғни ізгі ғамал қылып жүрушіге—жауыздықтан қолын тарту болады.
- Шайтан көрмек—Алла тағалаға дұшмандық болар. 1747. Шам жағу—жаңалық болады.
- Шанышқы. Бұл түс—сізге қас адамдар сізді жұмыс- тан тыс қалдырғысы келеді. Әйел үшін бұл түс—ға- шығыңыздан айырылуыңыз мүмкін екенін ескертеді.
- Шаң көрсең—алдауға ұрынасың.
- Шаң сүртсең—әлденеден ақталасың.
- Шарап ішіп жүрсең—көңілділікке кездесерсің.
- Шарапты біреуге беріп жүрсең—өлік жерлеуге қаты- сасың.
- Шатыр көрсе—табыс.
- Шаһарлар, қорғандар, молалар—аман-есен болмақ.. 1755. Шаш—мал-мүлік пен өмір.
- Шаш ағару—ұзақ өмір. 1757. Шаш алдыру—кедейлену.
- Шаш жұлып жүрсең—жайсыз жағдайлар кездеседі. 1759. Шаш қысқарту—ақша жұмсауды білмеу, өз қажеттерін
ұмытып, пайдасыз істермен айналысу, пайда табу үшін айтылған сөз, Алла тағаланың жолында малын жұмсау.
- Шаш өру—қуаныш. 1761. Шаш өсіп кетуі—байиды.
- Шаш түсу—мал-мүлкінен айрылу.
- Шаш. Егер бойжеткен шашы селдіреген әйелді көр- се—ол сүйген жігітінің қасында тағы бір қыздың пайда болғанын хабарлайды. Әйел өз шашының ты- қырланғанын көрсе—өмір бойы еңбектеніп өтуіне тура келеді. Егер шашыңыз қардай аппақ болса—өмірдің толық қызықты саяхаттан тұратынын білдіреді. Егер ер кісі әйелдің шашын тықырлап жатса—оған өте лайықты әйелді сүю мүмкіндігі туып тұр. Ешнәрсеге алаңдамай оған сену керектігін хабарлайды.
- Шаштараз—өсек-аяңға іліну.
- Шашы бұйралану—өкінішке душар болу.
- Шашы түзу немесе бұйра болу—мәртебелі әрі бақытты болу.
- Шашы ұзару—молшылыққа кенелу.
- Шашын қысқартқанына қуану—бай болу, отбасына қолғабыс ету.
- Шашының арт жағынан салынар көрсе—сараңдық, жарамас фақырлыққа дәлел қылар.
- Шаян көру—нашар дұшманының тілін өткізе алмай- тындығы.
- Шәйнек—отбасындағы берекет пен бақыт. 1772. Шәйнек сатып алу—бір кісімен ұрысу.
- Шәйнекпен шай құю—жаман сөз есту.
- Шәйнектің астында от болмау—бір қиындық туындау. 1775. Шебер. Бұл түс—алғашында жеңіл әрі қызық көрінген
жұмыстың өте ауыр болатындығын білдіреді.
- Шеге—сәттілік, мақсатқа жетудің белгісі. 1777. Шеге сатып алып жүрсе—ауыр еңбек күтіп тұр. 1778. Шеге тауып алса—үміт ақталады.
- Шеге сатып жүрсеңіз—беделі жоғары, алайда ақысы төмен жұмысты болжайды.
- Шегіртке—әскер болады.
- Шекілдеуіктің сабағы—бір қатты, сараң кісі, ішіндегі дәнін мал деген.
- Шелекпен су тасып жүрсең—пайда келтіресің. 1783. Шелектен су төксең—кәсібің тиімсіздікке әкеледі. 1784. Шие көрсең—байлыққа тап боларсың.
- Шикі ет жемек—ғайбатпен біреуді сыртынан жаман- дау секілді іс.
- Шойын ыдыс—уайым белгісі. 1787. Шошқа етін жесең—ауырасың.
- Шошқа көрсең—ұнамсыз тірлікке, қарғысқа тап бо- ласың.
- Шөл—жалғыздық.
- Шөлде керуенмен саяхаттап, судың таусылуы—жұ- мыссыз болу және табыс табу үшін бірнеше жерлерге бару.
- Шөлде су кезігіп, қанып су ішу—табысты іске кірісу және рухани тұрғыда қиналып жүру, бірақ кейіннен одан да құтылу.
- Шөлде түйеге мініп, саяхаттау—болашақ жайындағы сенімсіздік.
- Шөлдеп барып, арықтан су ішу—қайғы-мұңнан құ- тылу.
- Шөлдеу—дінге немқұрайлы қарау, шаруаларға жай- сыздық және кедейлік.
- Шөлін қандыра алмау—қалаған нәрсеге қол жеткізе алмау.
- Шұғайыб пайғамбарды көрсе—қысып ұстаған ел ішін- де болып, кейін рахат табар.
- Шұжық жеу—сырқат.
- Шұлық, нәски—біреуге жолығады.
- Шұлықтағы жыртық—махаббатқа келетін сәтсіздік. 1800. Шұңқыр шұңқырламақ—мәкәр айламенен жорылар. 1801. Шүмек—ішкі дүниенің тыныштығы мен жақсы хабар. 1802. Шүмектен аққан су кір болу—қиыншылық.
- Шүмектен су алу—мол табыс.
- Шүмектен су ішу—өзгелердің табысына ортақ болу. 1805. Шыбын көрсең—ұрыс-керіс болады.
- Шымшық көрсе—ісі оңғарылады. 1807. Шырша—шынайы қуаныш, рахаттану.
- Шіріген ағаш көрсең—ісіндегі сәтсіздік белгісі. 1809. Ыдыспен су алып жатсаң—табысқа бастайды.
- Ысқақ пайғамбарды көрсе—қатты қорқыныш көрер, шығындалар, мұнан кейін құтылар, сүйініш, ғиззат та- бар.
- Ысмағұл әлайһиссаламды көрсе—ғалым болар, ізгілік табар, мешіт салдырар.
- Ысрапылдың сүр үрлеуі—салиқалы адамдардың қиын- дықтан құтылатынын білдіреді. Сүр үрлегенін есту— ақиқатқа құлақ салудың белгісі. Екінші рет үрлегенін естісе—өмір деп жорылады. Ауру болса, шипа береді. Арзаншылық болып, халық қайғы-мұңнан арылады.
- Ыстық, қапырық жаз—сіздің қызметіңіздегі қайнай түскен істер жөнінде хабарлайды. Егер де шала істе- ріңізді ретке келтірмесеңіз, нақақтан күйіп кетуіңіз мүмкін.
- Ілмек—тұрмысы жақсару не ынтымақты қауымға қосылу.
- Ілмекке бір нәрсе ілу—жаңа жұмыста жетістікке же- ту.
- Ілмектен бір нәрсе шығу—жақын туыстан жәрдем алу.
- Інжу—әйел үшін жақсылық.
Қажетті сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?