Науша хан

 Науша хан

Науша хан өзінің хан болып тұрған уақытында барлық елін жинап алып сұрапты:

— Менің қол астымда қандай батыр бар? Кімнің қандай көргені бар? – деп сұрайды. Сонда сол көптің ішінен біреу түрегеліп айтады:

— Менің бір көргенім бар еді, ұлықсат етсеңіз мен айтайын, – дейді.

...Ол өзі жалғыз жолаушы болып келе жатып, түн ішінде жол бойындағы жалғыз ақ үйге келеді. Үй айналасы толған ат, үстері толған қару екен. О да келіп, атын байлап есіктен қараса, маңдайында құлағы, көздері бар, мойындары бір кез толған адам екен. Содан кейін ол кіруге қорқып, кейін барып жатуға да қорқып, атын қасына алып отырады.

Бір мезгілде шаршаған жолаушы ұйықтап кетеді. Бір мезгілде әлгі адамдардың біреуі бір табақ ет, бір шай текемет, жез құман, орамал әкеліп береді. Мына қонақ оны жеуге қоркып, киізді астына салып, басқасын қасына қойып, тағы ұйықтап қалады. Таң ата оянып қараса, астындағы киіз де жоқ болып қалады. Ол кісі содан кейін бір білімпаз адамға тап болып, осы көрген нәрсесінің бәрін айтады. Ол кісі былай деп жорыпты:

«Оның бәрі мұсылман перісі екен, жауға аттанып бара жатқан, сондықтан саған құрмет еткен екен», – депті.

Екінші біреу тағы көргенін айтады.

О да жаяу жолаушылап келе жатады. Түс мезгілінде жол бойындағы үлкен бір ақ үйге келеді. Келсе, ол үйде он бір жасар қыз бала, сары қарын келген қара қатын отырады. Олар келген қонаққа иіріліп бар тамағын береді. Қонақ тамақтанып болған соң жүруге айналады. Сол мезгілде олар былай дейді: «Салқын түскен соң жүрерсіз, қазір жатып ұйықтаңыз», – дейді. Қонақ «олай болса, мақұл» деп, құрулы төсекке жата бергенде, астына құлап кетеді. Ол жердің тереңдігі 40 кез болады. Содан кейін ішін караса, көп өлген адам екен. Ол кісі бір сұмдықтың болғанын біліп, бір жаңадан өліп кеуіп жатқан адамға киімін шешіп жауып, өзі көп өліктің арасына кіріп жатады. Содан кейін қатын, қызына шамды беріп, өзі үлкен қара найзамен әлгі киім жапқан адамды түйрейді. Мына жатқан адам бақырып айқайлайды. Ана кісінің іші басылған кезде даусын әлсіретіп қояды. Дауыс басылған соң, қатын құдық ішіне бір баспаны салып, бір қолына шам алып, екінші қолына балта алып, құдыққа түседі. Сол мезгілде мына кісінің қонышында пышағы бар екен, қатын деңге келе бергенде, өкпеден бір-ақ салады. Сол мезгілде құдық аузында шам ұстап тұрған қыз шамын тастап қаша жоғалады. Бұл да жылдам шығып, қызды қуып қасындағы көп ағашқа бара бергенде, қызды жетіп өлтіріп үйге келсе, екі сандық ақша бар екен. Арқалап еліне келеді.

Тағы бір адам көргенін айтуға рұқсат алып сөйлейді. О да жолаушылап келе жатып адасады. Содан кейін ол бұрынғының жолын ойлап, «далаға жатқанша молаға жат» деген деп, молаға келіп, атын байлап отырса, ай бетінен үлкен бір шаң көреді, «бұл не екен» деп, жиырма құлаш қылышын қолына алып барады. Жақындап келсе, бір адам жылайды. Тыңдайтындай жақындап келсе, бір нәрсе бір көрді қазып жатыр екен. Қасына келіп тұрып, әлгі нәрсе екінші көрінгенде, қылышпен шауып жібереді. Сол мезгілде әлгі нәрсе шыңғырғанда, мына кісі біраз талып жатады. Артынан есін жинап қолын тығып қараса, екі бөлініп жатқан аю екен, ар жағын қараса, көрдің қамысы екен, қамысты ашып қалса: «Адамбысың?» – деп, біреу сөйлеп қоя береді. Көзін ашып қараса, бір қыз екен. Содан кейін қызды шығарып алып сұрап қараса, қояншық ауруы бар екен. Бір байдың қызы екен. Әлгі ауруы ұстағанда, өлді деп көмген екен. Содан кейін ол қыз жылап жатқанда, аю біліп оны жеймін деп қазып жатыр екен. Сол жерде қыз бар хал-жайын айтып, «сені жарылқайды, соған бар» деп ауылына жібереді. Ауылға келген соң қараса, әке-шешесі үштік садақасын беріп жатыр екен, бұдан кейін ауылдары нанбай артынан еріп келеді. «Егер де өлген кісі тірілсе, саған қалағаныңды береміз», – дейді. Қызды әкелген соң, ол жігітті көтеріп атынан түсіріпті, ол бес күн қонақтап, өзінің еркінше малды айдап кетіпті.

Бұлар әңгімесін айтып болған соң Науша хан бұларға баға беріпті, «бәрің де ер екенсің, бірақ та мына соңғы көрден қызды қазып алған ер екен» деп, баға беріпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 972



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі