География | Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы...........................
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы............................................
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері..............
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру............................
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары............................
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері
Қорытынды....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................
Кіріспе
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту, жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.
Ең алдымен, бұл экспортқа Қазақстандық мұнайды тәуелсіз шығаруды қамтамасыз ететін және шетел инвестициясын тартуға жақсы мүмкіндіктер беретін КҚЖК (Каспий Құбыр жолы Консорциумы) экспорттық мұнай құбыры.
Дипломдық жұмыстың деректік негіздері – мұнай–газ саласының дамуын қарастыруда арнайы және экономикалық кезеңді басылымдарда кеңінен жарияланатын осы мәселеге қатысты материалдардан көрініс табады: Надиров Н.К., Сейтпағамбетов Ж.С., Сейітов Н.; Бөлекбаев З.Е., Сұлтанғалиева Г.С., Нұржанов Р.Н., т.б. еңбектерінде қамтылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе, негізгі 2 бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстанның отын энергетикасы кешенді шикізат, оның құрамында ілеспе газ, парафин, ваннадий, күкірт бар. Сыртқы нарықта мұнайдың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдарын анықтау керек, ол оның өзіндік құнын төмендету, экологиялық нормаға сәйкестігі кезінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуы республиканың әлемдік достастығы елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әсер етеді. Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық сипат береді, ұлттық мүддені кепілдемелі қорғауды қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған байланысты Қазақстанда ірі мұнай трансұлттық компаниялары қызметінің әсерін бақылау қажеттілігі туады, өйткені қазіргі уақытта мұнайгаз саласы инвестицияның негізгі алымын қамтамасыз етеді және шетелге экспорт үлесінің неғұрлым үлкен көрсеткішін көрсетеді.

1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы
Жалпыға белгілі болып отырғандай, отын-энергетикалық ресурстардың арасынан мұнай ерекше орын алады. 1990-жылдар басында бұрынғы КСРО-на әлемдік мұнай өндірудің 20% және газ өндірудің 40% үлесі тиесілі болды. Осы көрсеткішке Қазақстанның батыс облыстары үлкен үлес қосты. Тәуелсіз көмірсутектер өндіру мен тасымалдаудың ерекше артықшыларына ие Қазақстан экономикасының жаңа кезеңі негізінен елдің мұнайгаз қуатымен анықталады /1/.
Бүгінгі күні Қазақстан – ірі мұнай державасы. Геологиялық корлары бойынша ол Ресей Федерациясынан кейін ТМД-да екінші орын алады.
Қазақстан Республикасындағы орасан қуаттарға қарамастан, сонымен бірге мұнай өндіру деңгейіне, барланған кен орындарын игеру қарқыны мен көмірсутекті шикізатты тиімді қолдануға теріс әсер ететін факторлар да бар. 1991 ж. Қазақстандағы мұнай өндіру 26,4 млн.т. құрады. Бірақ, соңғы жылдары ол төмендей бастады: 1995 ж. тек 18,1 млн.т. мұнай өндірілді.
1991-1995 жж. мұнай өндірудің 31,4%-ға құлдырауы бұрынғы КСРО-дағы шаруашылық байланыстардың үзілуіне, еліміздегі экономика құрылымының қайта құрылуына, жаңа технологиялардың аз ендірілуіне және т.б. байланысты.
Бұл жағдайларда Қазақстан Үкіметі мұнай өндіру көлемін біршама көбейту туралы бірқатар шешімдер қабылдады. Мысалы, Каспий акваториясында геологиялық-геофизикалық зерттеулер, мұнай және газ барлау және өндіруді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 13.02.1993 ж. №97 «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде көмірсутекті шикізат өндіруді қалыптастыру және дамыту туралы» Қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясын («ККШ» МК) құрды.
1993 ж. аяғында халықаралық консорциум құрылды, оның құрамына «ККШ» МК оператор ретінде және Каспий теңізі астын жасақтаудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру үшін алты мұнай компаниялары: «Ajip» (Италия), «British gaz» (Ұлыбритания), «BP/Statoil» (Ұлыбритания, Норвегия), «Mobil» (АҚШ), «Shell1» (Нидерланды) және «Total» (Франция) кірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстанкаспийшельф» АҚ бөлімшесінің геолог-барлаушыларының жұмысына жоғары баға берді;
Қазақстанның мұнай саласын дамытуда 1979 ж. Теңіз кен орнының ашылуы мен 1991 ж. игерілуі болды, соның есебінен көмірсутекті шикізат өндірудің болашақта жоспарланған көлемін қамтамасыз ету қарастырылды. Осы ерекше кен орны негізінде «Shevron» американдық фирмасымен біріккен кәсіпорын – «Тенгиз-Шевройл» құрылды;
Каспий маңы ойпатының тұзды кешенінде көмірсутекті шикізат кен орнын ашу мұнайды іздестіру, генетикасы, генезисінің жаңа бағыттарын ғана емес, сонымен бірге осы кен орындарын пайдалану бойынша жаңа ғылыми-техникалық бағыттарды құру және дамытуға әкелді;
1978 ж. Ақтөбе облысында ашылған және 80-ші жылдар басында пайдалануға берілген бірінші тұзды кешен – Жаңажол кен орнын игеру мұнай академиясына айналды. Осы кен орнын алғаш игерушілер қысқа мерзім ішінде түбегейлі жаңа технологиялар жасақтап, енгізді: саз қабаттарының жату жағдайында ұңғылар өткізу, күкіртсутекті агрессиямен күресу, өнімдік қабаттарды ашу, мұнай дайындау, парафинқұрылымдар мен гидраттармен күрес. Бұдан басқа, газсыздандыру, қабат қуатын қолдану және т.б. жаңа технологиялар жасақталды. Жаңажол тұзды қабаттарын игерудің ғылыми-өндірістік мектебіне айналды;
1996 ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданында Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Кенбай кен орны ашылды. Кенбайдың кен орнының біршама өндірілетін қорларын (90 млн.т. астам) тағы екі алаң – Шығыс Молдабек пен Солтүстік Қотыртас біріктіреді. Мұнда болашағы бар Орысқазған, Сазанқұрақ кен орындары да орналасқан;
1995 ж. «Ақбота» АҚ Айтыртау, Мырзалы, Восточный, Кемеркөл алаңдарында барлау жүргізілді, онда Орал-Волга өзегінде Төбеарал мұнай кен орны ашылды, Сазанқұрақ, Кемеркөл, Қожа алаңдарында қорлардың өсуіне қол жеткізілді. 1995 ж. Матин кен орны игерілді.
Ақтөбе облысы, Темір алаңында аумағы 19,3 км2 болатын барлау жүргізетін «Эльф Акитэн» француз компаниясы шарт бойынша екі ұңғы бұрғылады. Олардың біріншісі – «Жусан-1» 5000 м тереңдікке жетті, бірақ болашағы жоқ (тұзды асты кешен) болып шықты, ал екіншісі – «Сайғақ-1» табысты болды: 1995 ж. аяғында мұнда 2827 м тереңдікте мұнай (тұз үсті кешені) табылды;
Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың жартысынан астамы алыс шетелдерге шығарылады – Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Финляндия мен Ресейге – 20%-ке дейін, 1996 ж. мәліметтер бойынша, мұнай өндіретін 90 елдердің ішінде Қазақстан 26-шы орынға ие;
Мұнай ақпараты Агенттігіне белгілі болып отырғандай «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының кіші кәсіпорындары 5,3 млн.т. мұнай мен газконденсатын (жоспардың 104,6%) өндірді. «Қазақойл» қатысуымен кәсіпорындардың үлесіне 14,9 млн.т. (жоспардың 92,1%) мұнай келді. Республиканың мұнай өндіру саласында қызмет ететін басқа кәсіпорындары 1998 ж. 5,6 млн.т. мұнай (80,5%) өндірді.
Өндірілген мұнайдың ең үлкен көлемі Атырау облысы кәсіпорындарына тиесілі, мұндағы өндіру республикалық өндірудің 44% құрайды, мұнда «Тенгизшевройл» БК – 33%, «Жайықмұнай» - 3,9%, «Тенгизмұнайгаз» АҚ – 3,4%; Маңғыстау облысы кәсіпорындарына 31% тиесілі, соның ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 15,7%, «Өзенмұнайгаз» АҚ – 12,5%; «Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 11% /2/.
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы
Батыс Қазақстан аймағының мұнай өнеркәсібі біршама деңгейде елдің экономикалық дамуының болашағын анықтайды деп айта аламыз. Барланған мұнай қорлары құрғақ жерлерде 2,1, ал газ конденсатымен – 2,8 млрд тонна құрайды. Каспийдің қазақстандық секторын есеп алғанда, болжамды қорлар
12 млрд т, ал газ конденсатты – 13,6 млрд т. мұнайға дейін деп бағаланып отыр.
Болашақта мұнай мен газдың үлкен көлемін өндіру, өңдеу және тасымалдау сәйкес экономикалық саясат жүргізген жағдайда мұнай өнеркәсібін, энергетикалық, машина жасау, химия және мұнай химиясы, телекоммуникация, жеңіл өнеркәсіп, көлік тасымалдары, автожолдар және инфрақұрылым құрылысы, жаңа құрылымдық және құрылыс материалдары өндірісі, қызмет көрсету, және басқа да салаларды дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады. Бұл өз кезегінде, осы салалардағы ғылым мен жаңа технологиялардың дамуына серпіліс береді /3/.
Қазақстанның теңіз мұнайгаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасы 1993 ж. бекітілді, оның бірінші кезеңі Каспий теңізінің қазақстандық секторының болашағы анықтауды қамтыды. Бұл үшін 1993 жылы халықаралық консорциум құрылды. Төрт жыл жұмысы ішінде консорциуммен жалпы алаңы 100 мың м3 болатын жерден сейсмикалық мәліметтер жинақталды, одан 26 мың км. сейсмопрофильдер таңдалды. Алынған нәтижелердің негізінде Республика Үкіметімен Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы көмірсутекті шикізаттарды барлау мен өндіру блоктарының картасы алғаш рет жасалып, бекітілді. Болжанған мұнай қорлары 6-12 млрд.т. деп бағаланып отыр /4/.
Теңіз мұнайгаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасының екінші кезеңі концепциясын жасақтау жұмысы аяқталды. Каспий түбіндегі мұнай кен орындарының техникалық параметрлері «Shevron» американдық компанияның қатысуымен игерілетін Теңіз кен орны (Батыс Қазақстан) параметрлеріне ұқсас екендігі анықталды. Каспий түбіндегі мұнай қабаттарының орналасу тереңдігі 5000-7500 м, қысымы 840-860 атм., көмірсутектер мен көмірқышқыл газының құрамы 25%.
Қазақстан Үкіметімен «Қазақстанкаспийшельф» АҚ-ына Каспий теңізі жағалауында инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізу құқығы берілді. «ККШ» МК екі жыл ішінде «МакДермет» американдық сервистік компаниямен бірге көмірсутекті шикізат өңдеу бойынша жаңа күштер салу қажеттігін анықтау және бар күштерді бағалау мақсатында Қазақстан, сонымен бірге Азербайжан, Ресей жағалаулары инфрақұрылымын зерттеуді аяқтады. 2003-2004 жж. Республика Үкіметімен Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 млн.т., ал 2013-2014 жж. – 50-60 млн.т. мұнай өндіру жоспарланды. Келтірілген болжамды мәліметтер көрсетіп отырғандай, бұл сала қазір де және болашақта да Қазақстан Республикасына экономикалық тұрақтылық және басқа да мүмкіндіктер беруге қабілетті стратегиялық сала болып қала береді /5/.
Мұнай бір жағынан экономикалық стратегиялық ресурс, ал екінші жағынан – экономикалық кепілдің, яғни мемлекеттік саяси тәуелсіздігінің объективті элементі. Бұнда Қазақстанда инвесторларды таңдау мәселесіне мемлекеттік бағдар көрсетілген. Еліміз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, ақша жинақтауларын қолдау және еркін саудаға ықпал ету қажет. Өндіріс пен ауыл шаруашылығын қайта құру және қызметкерлердің бір саладан екіншісіне ауысу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Мұнай мен газ байлығын мұқият және ұқыпты жұмсау қажет. Бұл көрсетілген ережелер жас мемлекет үшін, жаңа туындап келе жатқан нарық экономикасы үшін ерекше өзекті болып табылады /6/. Меншік бөлінісі аяқталмаған жағдайда сыбайластық қаупі өте жоғары, сондықтан мемлекеттік сақтандыру, салада жүріп жатқан жекешелендіру және қажетті шегінде жеке қаражаттарды тартумен қатар, нарық процестеріне мемлекеттік бақылау қажет.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда мұнай секторында ешқандай мемлекеттік немесе басқа да құрылымдар болған емес, сондықтан өнеркәсіпті басқарудың әр түрлері қолданылды: корпорация, ұлттық компания, энергетика министрлігі, арнайы министрлік, холдингтер, ұлттық компаниялар құрылды /7/.
Мемлекет негізгі салаларда батыл жекешелендіруді жүргізе отырып, бұл салаларға әсер етудің белгілі бір құралдарын сақтап қалуы қажет. Қазақстандағы осында құрал бақытына орай, модельдерді біршама байқап көруден кейін ұлттық компания – үкіметтен және оның институттарынан белгілі бір құзыр алған, бірақ әкімшілік емес, коммерциялық ұстанымдармен жұмыс жасайтын, өздігімен шешім қабылдайтын және міндеттері бойынша жауап беретін құрылым болып табылады.
1.3. Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері
Республикадағы мұнайды тасымалдау жүйесінің қалыптасуы мен тұрақтануы өнеркәсіптің мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларының дамуымен тығыз байланысты. Тасымалдау жүйесінің негізгі мақсаты - өндірілген мұнайды оны өңдейтін орынға немесе одан әрі экспорттық тұтынушыларға жеткізу.
Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы мұнай құбыры 1911 – 1913 жылдары Доссор кәсіпшілігінен Ракуш жағалау аймағына жеткізілді, осында Ембі мұнайы баржаларға тиеліп, одан әрі Бакудің мұнай зауыттарына жөнелтілді. Алғашқы мұнай құбырының ұзындығы 60 км, оның 16 км Каспий теңізінің табаны арқылы өтті /8/.
Мұнай өндіру қарқынының артуы жаңа тасымалдау артерияларын тұрғызу қажеттілігін туындатты. Мұнай тасымалдау жылына 6,5 млн.т., ұзындығы 710 км осылайша Ембі мұнайы Орскінің мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. 1970–жылдары Ақтөбе облысында мұнай өңдіру жолға қойылуына байланысты, Гурьев – Орск мұнай құбырының орнына Кенқияқ – Орск екі тарамды мұнай арнасы тартылды. Оның ұзындығы 450 км, өнімділігі жылына 8 млн.т. мұнай өткізуге есептелді. Қазіргі кезде Ақтөбе облысының жүк тасымалдауына өзгерістер енгізілді. 2003 жылы Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының өндіріске берілуіне байланысты, осы өңірде өндірілген мұнай Қазтрансойл құрылыстар жүйесі бойымен Атырауға жөнелтілетін болды. Қазіргі кезде Кенқияқ – Орск бағытымен мұнай тасымалы жүргізілмейді /9/.
1936 жылы Мұнайды темір жол цистерналарына құю мақсатында Құлсары – Қосшағыл, Ескене – Байшонас және Ескене эстакада құбырлары салынды. 1942 жылы ұзындығы 47,6 км болатын мұнай өткізу қабілеті жылына 0,7 млн.т. Комсомольск – Мақат мұнай құбыры игеруге берілді /10/.
Республиканың құбырлық тасымал жүйесі, Маңғыстау түбегінің кен орындары игерілуіне байланысты, әсіресе 1960-70–жылдары қарқынмен дамыды. Мұнай өндірудің тез қарқынмен артуы мұнайды арналық мұнай құбырлары арқылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді. Маңғыстау мұнайын тасымалдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында 1965 жылы «Маңғышлақ мұнай» бірлестігінің жанынан арналық мұнай құбырларының басқармасы құрылды. Өзен мұнайын Ақтау теңіз порты арқылы тасымалдауды және оны танкерлер мен цистерналарға құю шараларын тездету мақсатында 1963-1966 жылдары салынған, диаметрі 520 мм, ұзындығы 141,6 км, өнімділігі жылына 8 млн. тонна Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдаланылды /11/. Бұл мұнайдың Ақтау портынан теңіз көлігі, ал Ақтау мен Жетібайдан темір жол көлігі көмегімен еліміздің өзге мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілуіне мүмкіндік берді.
Өзен мен Жетібай мұнайын ол кездердегі негізгі тұтынушылар Атырау, Волгоград, Самара мұнай өңдеу зауыттары болды. Жаңа мұнай құбыры бойымен Маңғыстаудың алғашқы мұнайы Гурьевке (Атырауға) 1969 жылы жеткізіліп, одан әрі темір жол цистерналарымен мұнай өңдеу зауытына тасылды.
1986-1987 жылдары Прорва – Құлсары (ұзындығы 105,9 км, диаметрі 520 мм, өткізу қабілеті жылына 5 млн. тонна) және Мартыши – Атырау (ұзындығы 85,6 км, диаметрі 520 мм, өткізу қабілеті жылына 6 млн.тонна) арналы мұнай құбырлары іске қосылды.
Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының тұрғызылуына байланысты, сол сияқты Ферғана мұнай өңдеу зауытын (Өзбекстан) шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Омск – Павлодар – Шымкент мұнай құбырын тұрғызуға, болашақта оны әрі дамыта және кеңейте түсуге шешім қабылданды.
Шымкент – Чарджоу арналық мұнай құбыры Павлодар – Шымкент құбырының жалғасы болып табылады, ол 1988 жылы Сібір мұнайын Чарджоу мұнай өңдеу зауытына тасымалдау үшін салынды. Мұнай құбырының ең жоғары өнімділігі жылына 8 млн тонна. Қазір мұнай саласының өте қарқынды дамуы көмірсутек шикізатын тасымалдаудың жаңа экспорттық бағыттарын тұрғызуға және балама бағыттарды іздестіруге мәжбүрледі. Мұның нәтижесінде 1989 жылы Каспий құбыржүйелік консорциум (КҚК) құрылды, ол Теңіз кен орнынан Қара теңіз терминалдарына дейінгі арналық мұнай құбырын тұрғызу және оны игеру мақсатын көздеді /12/.
Қарашығанақ кен орнының мұнайын экспортқа шығару мақсатында 2003 жылы ұзындығы 610 км Қарашығанақ – Атырау мұнай құбыры іске қосылды.
Қазір КҚК жүйесін «Теңізшевройл» компаниясынан басқа Ембі және Ақтөбе мұнайларын, сол сияқты Қарашығанақ кенорынның мұнайын экспортқа шығару үшін «Қазтрансойл» пайдаланады. Келешекте КҚК жүйесіне Қашаған кен орнының мұнайы, өзге де мұнай берушілердің мұнайлары құйылуы тиіс. Жалпы алғанда, КҚК жүйесі – Ресей мен Қазақстанда өзге баламалары жоқ, өте қуатты, бүгінгі күн талабына сай жарақталған техникалық жүйе болып табылады.
КҚК компаниясы Теңізден Новороссийск терминалына дейін тартылған экспорттық мұнай құбырын игерумен, жаңадан жарақтаумен және кеңейтумен айналысады. Оның бас ғимараты Мәскеу қаласында, жергілікті орындарда оның 4 аймақтық бөлімшелері бар, олардың біреуі Атырау қаласында орналасқан (Шығыс аймақ). Бірлескен Қазақстан – Қытай құбырлық компания Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын салу жұмысымен айналысуда /13/. Бұрынырақ тұрғызылған мұнай құбырының Кенқияқ – Атырау бөлімшесі осы компанияның құзырында өзге де мұнайқұбырлық компаниялар құрылуы мүмкін......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?