География | География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі

КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
• Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру;
• Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау.
Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды.
Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған.
Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Кіріспе
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту, жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық