Бағалау | Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................1
1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫ – ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.......................................................4
1.1 Қазақстан Республикасының мұнай газ секторының даму ерекшеліктері...............................................................................................4
1.2 Қазақстан Республикасының территориясындағы шетелдік және отандық жұмыс істейтін компаниялар: шығындарды қалыптастыру.............................................................................................15
1.3 Инвестициялық жоба көлеміндегі баға қалыптасуының теоретикалық мәселелері ..................................................................................................26
2. КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕ БАҒА ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................................................................................................36
2.1 Шағын және орта бизнестегі баға құру ерекшеліктері...............................36
2.2 Мұнай бағаларының қалыптасу динамикасы...............................................45
2.3 Мұнайға ішкі және әлемдік бағалар, мұнай экспорты.................................57
3. МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫНДА БАҒА ҚҰРУҒА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІ......................................................................................................................66
3.1 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық төлеу...........................................66
3.2 Ұңғы сағасынан түпкі тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасу ерекшеліктері.........................................................................................................74
3.3 Әлемдік және ішкі нарықта бағаның құрылуына экономикалық және геосаяси факторларды бағалау.............................................................................89
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................93
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР................................................................................96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................97
Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы «Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері». Осыған орай қазіргі таңда біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай жылдар бойына басым бағыт болып қала береді.
Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалады. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Алдағы мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген, кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған мемлекеттік саясат қажет.
Мұнай – газ секторында компания мынадай қызметтер көрсетеді: Отандық мұнай – газ рыногының бәсекелік артықшылықтарын бағалау, мұнай-газ секторы дамуының стратегиясын қалыптастыру саласында және жергілікті нарыққа кірудің оңтайлы жолдары туралы мәліметтер беру, қазақстанда мұнай қызметін бастағысы келетін компаниялардың мүдделерін білдіру, мұнай мен газ саласында инвесторлармен жасалатын келісімдердің техникалық, экологиялық, экономикалық және өзге аспектілерін сараптамалық бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Сондай ақ кенорындарын әзірлеудің технологиялық тәсілін құрастыру, мұнай өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау, газды тазалау, кептіру және өңдеу, мұнай мен газдың технологиялық шығындарын анықтау және нормалау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда түсіру болып табылады.
Зерттеу заты. Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы. Баға оның құрамындағы элементтерімен өте тығыз байланыса отырып құрылады. Өндірілетін мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының қатаң жағдайларына байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының артуымен байқалады. 2001 жыл мен 2002 жылдың басында орын алған мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі бағаның төмендеу кезеңінен кейін соңғы айларда өндірістің күннен күнге өсіп отыратын шығындары және әлемдік бағалардың артуы әсерінен ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне баға динамикасының өзгерісі орнады. Қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторы әлсіз дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық тұрақтылық жағдайын бере алмайтындықтан экономикаға мұнай табыстарының осындай әсері оның мұнайға деген әлемдік бағаладың ауытқуына күшті тәуелді етеді. Мұнайға бағаны болжауда мұнайға деген сұраныстың әсері есепке алынады. Ол өз кезегінде әлемдік экономиканы дамытумен, жаңа технологиялар мен энергия көздерін енгізумен анықталады. Сонымен қатар, әлемдік нарықтардағы мұнай ұсынысы және оны тасымалдау мүмкіндіктері де есепке алынды.
Зерттеу объектісі. Жасалынған жұмыстың басты объектісі болып мұнайгаз өндіретін компаниялар болып табылады. Қазір мұнай және газ өндіретін компаниялар жылдан жылға өсіп келуде. Олар өндіретін мұнайының сапасы, көлемі, түрі, барлануы, өңделуі, жеткізілуі сияқты тағы басқа көптеген қызмет көрсетулерімен ерекшеленеді. Қазақстан әлемдік бірлестікте мұнайлы держава ретінде танымал. «Қара алтынның» өңделуі мен экспорты үлкен көлемдегі бюджеттік табыс болып табылады. Компанияларға берілетін жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге жетелейді. Бүгін Қазақстанның ең ірі компаниялары мұнай өнімдерін тасымалдаудың балама бағыттарын іздестіруде және қазіргі бар мұнай тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. өткен жолымыз бізге болашаққа сенімді үмітпен қарауға мүмкіндік береді.
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҰНАЙГАЗ СЕКТОРЫ – ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.
1.1. Қазақстан Республикасы мұнайгаз секторының даму ерекшеліктері.
2000 жылдан бастап Қазақстан экономикалық өсу үстінде. Энергетикалық сектордағы шоғырланудың көп бөлігін құрайтын энергетикалық реформалар мен шетел инвестициясы мұндай өсудің ең басты катализаторы болып табылады. Бұрынғы Совет Одағы республикаларының ішіндегі шикі мұнайды сыртқа шығару (экспорттау) жөнінен Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында. Каспий аймағында Қазақстан шикі мұнайдың ірі қорларына ие. Құрлықтағы, сол сияқты шельфтегі көмірсутегінің анықталған қоры 1,2 – 1,4 млрд теңге шамасында бағаланады.
Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олар: солтүстік аймақты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін Павлодар зауыты, батыс аймақта – Атырау мұнай өңдеу зауыты, оңтүстік аймақта Шымкент мұнай өңдеу зауыты, олардың өңдеу қуаттылығы жылына 21,0 млн теңгені құрайды (күніне шамамен 427 мың баррель мұнай). 2005 жылы бұл 3 мұнай өңдеу зауыттарының барлығы шамамен 11,2 млн тонна (күніне шамамен 224 мың баррель мұнай) шикі мұнай өңдеді. Павлодардағы МӨЗ ішкі мұнайды батыс Сібірден алады, Атырау МӨЗ Қазақстанның батыс аймағындағы отандық мұнайды өңдеумен айналысады, ал Шымкент МӨЗ қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аймақтарының мұнайын пайдаланады. АМӨЗ жылу бойынша европалық стандарттарды қанағаттандыратын қосымша қуатты іске қосу үшін жетілдіру кезеңінде. Қазақстан – газдың нетто экспортшысы. Қазақстан га қорының көп бөлігі Каспий теңізі маңындағы батыс аймақта. Дәлелденген газ қорының 25% Қарашығанақ кенорнында орналасқан. Мұнай құбырларының инфрақұрылымы көрші елдерден өтетін болғандықтан көмірсутегі қорын пайдалануда. Қазақстанның географиялық орналасуы да басты роль атқаратын, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Кесте 1 – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу қуаттылықтары
Мұнай өңдеу зауыттары
Қуаты жылына млн.т.
Павлодарлық зауыт 7,5
Атыраулық зауыт 4,5
Petrol Kazakhstan ON Products 6,5
Сурет 1 – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу қуаттылықтары
2001 жылдан бері жұмыс жасап тұрған КТК мұнай құбыры басты экспорттық артерия болып табылады. Оның ұзындығы 1500 км. Ол теңіз кенорнынан басталып, Ресей территориясынан өтіп, Қара теңіздегі Новороссийск Ресей порты жанындағы КТК теңіз терминалында аяқталады. УАС мұнай құбыры Атырау, Маңғыстау кенорнындарынан Ресейге мұнай тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұнай құбыры жүйесінің ұзындығы Қазақстанның оңтүстік батысындағы Өзеннен Атырау теңіз портына дейін 1232 км құрайды. Одан кейін мұнай құбыры Ресей территориясымен өтіп, Самарада «Транснефть» ресейлік жүйесімен бірігеді. 2002 жылы маусымда Қазақстан Ресеймен мұнай транзиті жөнінде 15 жылға келісім шартқа қол қойды. Осы келісім шартқа сәйкес Қазақстан Ресейлік мұнай құбырлар жүйесі арқылы жылына аз дегенде 17,4 млн тонна (күніне шамамен 350 мың баррель мұнай) мұнайды сыртқа шығарады. 2005 жылы шамамен 30,5 млн тонна шикі мұнай (күніне шамамен 610 мың баррель мұнай) УАС мұнай құбыры арқылы өткен. Жалпы экспортқа шығару жылына шамамен 52,4 млн тонна (күніне шамамен 1 100 000 баррель мұнай) құраған.
Ұзындығы 1767 км құрайтын Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры шикі мұнайды Бакуден Жерорта теңізі жағасындағы Джейхан түрік портындағы жаңа теңіз терминалына мүмкіндік беріп, Каспий және Жерорта теңіздері арасындағы бірінші тіке құбыр болып табылады. 2001 жылға қарай Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбырымен 50 млн тонна мұнай (күніне шамамен 1 млн баррель мұнай) тасымалданбақ. Мұнай құбырының құрылысы 2005 жылдың мамыр айында аяқталып, 2006 жылы шілдеде іске қосылды. Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры Каспий маңы Азербайжан секторындағы Азери – Чираг – Гюнашли кенорны өнімін айдау үшін пайдаланылады деп жоспарлануда. Бірақ мұнай құбырының пайдаланылмаған өткізу қабілеті болуы себепті ол Каспий теңізімен Қазақстан Азербайжанмен өткізу мүмкіндігін ашуға келіссөздер жүргізуде.
2005 жылы желтоқсанда Қытай мен Қазақстан Атырау – Дущанцы мұнай құбырының бір бөлігі болып табылатын 614 мильге созылған Атасу – Алашонькоу мұнай құбырының телімін пайдалануға берді. Атасу – Алашонькоу мұнай құбырының алғашқы өткізу қабілеттілігі жылына 100 млн тонна (күніне шамамен 200 000 баррель мұнай) құраса, жылына 20 млн тоннаға (күніне шамамен 400 000 баррель мұнай жоспарлы түрде ұлғайту көзделіп отыр. Қазақстанда мұнай мен кондесат өндіру 2005 жылы қаңтарда 12,3 % өсіп 26,129 млн тонна құрады. Газ – 45,5 % өсіп, 11,344 млрд текше метр табиғи газ (2004 жылы 155,9%) өндірілді.
Қазақстан көмірсутек ресурстары. Мұнайгаз өндіру ҚР негізгі және тұрақты дамып келе жатқан экономика саласы болып табылады. Ұлттық жалпы өнімнің, бюджеттік табыстың, елге құйылатын валюталық түсімнің басым бөлігін мұнайшылар қамтамасыз етеді. Барланған мұнай мен конденсат қоры бойынша әлемде 12 – орын алады, алдыңғы қатарлы мұнай өндіретін елдердің арасында қазақстан 23 орында. Қазақстандағы қуат көздерінің жалпы көлемінің 30% мұнай құраса, газ – 13 - 15% құрайды.
Қазақстан жер қойнауындағы әлемдегі көмірсутек қорының 2% ие. Дәлелденген көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кенорнын қамтиды,
87 мұнай, 17 газ, 30 мұнайгаз, 25 мұнай мен газ конденсаты, 20 мұнай конденсаты кенорындарына ие. Мұнайгазды аудандар Республиканың 1,7 млн кв. км жерін алып жатыр (Қазақстан территориясының 62%). Қазақстанда дәлелденген мұнай қоры 2,8 млрд. Тонна және газ 1,8 трлн. куб метр, ал жоспардағы - шамамен 12 млрд. тонна мұнай және конденсат және шамамен 3 трлн. метр куб газ.
Елдегі көмірсутек қорының 2/3 бөлігі 5 кенорнының үлесіне тиеді. Жартысынан көбі Теңіз кенорны қоры, қалған бөлігі 4 кенорны үлесіне тиеді. Олар Өзен мен Қарашығанақ, Жаңажол мен Құмкөл. Каспий теңізі шельфі мен оның жағалық зоналарының болашағы зор. Геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 100 мың кв. метр шамасындағы алаңда 12 млрд. Тонна мұнай қоры көзделген 96 құрылым оқшауланған. Басқа да аймақтар одан кем түспейді. Сонымен, Ақтөбелік топтар және Орталық - Шығыс Прорва кенорнының батыс алаңы кенорнындарында алынатын мұнай қоры 115 млн. тоннаға сәйкес 7,4 млн. Тонна көзделуде. Теңіз және Қарашығанақ кенорнындарында 40 млн. тоннадан аса мұнай мен 30 млрд. текше метр газ жыл сайын өндірілмек. Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстанның басқа да аудандарында 1 млрд. тонна мұнай қоры ашылатын аудандар бар. Қорлардың мұндай тез өсуі Қазақстан үшін көмірсутек шикізатының ірі қоры бар алғашқы он елдің ішіне еніп, Персия шығанағы елдеріне бәсекелес болуға мүмкіндік береді.
Мұнайгаз секторындағы шетел инвестициясы. 6 жыл бұрын шетел инвестициясын тарту саясаты өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі күні мұнайгаз саласында приватизациялық жобаларды қоспағанда қол қойылған келісімдердің жалпы құны 40 млрд. долларды құрайды. Каспий теңізі кенорындарын игерумен байланысты ашылып жатқан мүмкіндіктер өте көп инвестиция талап етеді. Қазақстан және шетел сарапшыларының бағалауы бойынша капиталды шығын 160 млрд. доллар құрайды. Оның ішінде 10 млрд. доллар шамасында кенорындарын барлау мен бағалаудың бастапқы кезеңіне жұмсалады. Бірақ бұл «каспий айсбергінің» тек ғана бастапқы бөлігі. Қазақстанның континенталды бөлігі мен Каспий теңізі шельфіндегі орасан зор көмірсутек қорлары мұнай машина жасау, қызмет көрсету компанияларын дамытуға, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар, мұнай өңдеу және мұнайхимия базаларын құруға жол ашады. Жыл сайын жаңа кенорындар өнеркәсіптік өңдеуге енгізіліп, мұнай өндіруші компаниялардың тізімі өсуде. Республикалық мұнай өндіруде қазақстандық мұнайдың 86% өндіретін 7 компания басты роль атқарады. Олардың ішіндегі көшбасшысы «Теңізшевройл» компаниясы. Өндіру көлемі қарсылас үш компанияның («Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.») көрсеткіштеріне тең. Бұдан басқа 1 млн. Көмірсутек қорын жылына «Торғай Петролиум» ЖАҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ өндіреді. Мұнай өндіретін компаниялардың алғашқы «ондығын» БМ аяқтайды.
«Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылауды» қоспағанда Қазақстанда барлық негізгі мұнай өндіретін компаниялар шетел инвестициясына ие. Мұндай жағдай үкіметтің саланы дамыту үшін шетел капиталын барынша кеңірек тартқандығын және жер қойнауындағы әлі де игерілмеген ресурстарын пайдалануды оңтайландыру үшін мұнай өндіретін компаниялардың тәжірибесін кеңірек пайдаланылғанын көрсетеді. «Теңізшевройл» ЖШС БМ Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін мекеме болып табылады. «Теңізшевройл» БМ (ТШО) 2004 жылы мұнай өндіруді 6,7% өсіріп, 13 млн. 600 мың тоннаға жеткізді. Газ – 4,7 млрд. текше метр. Теңіздегі өндірілетін мұнайдың бәрін ТШО КТК құбырымен шетелге шығарады. ТШО – ның үлесінде елдегі мұнайдың төртінші бөлігі тиеді. Қазіргі уақытта теңізде ТШО екі ірі жобаны іске асыруда. Олар – газды пластқа айдау (ПЗГ) және екінші ұрпақ жобасы (РВГ). ПЗГ нысандарының құрылысын аяқтау 2005ж. 2 – кварталына жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру Теңіз кенорнында мұнай өндіруді жылына 20 млн. Тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. 1993 жылы, БМ құрылған кезде мұнай өндіру 1 млн 300 мың тоннаға жетті. Одан бері мекеме жылына жобамен 1-2 млн. тоннаға өндіріс көлемін арттырып отырды. 2006 ж. кейін екінші ұрпақ зауыты іске қосылып, газды пластқа айдау жобасы іске асқан кезде мұнай өндірісі бүгінгі көрсеткіштен екі есе ұлғаюы тиіс. Бұл жобаларға инвестиция 4 млрд. 400 млн. долларды құрайды. Жалпы Теңіз кенорнын игеру жобасының инвестициясы 40 жылға есептеліп, 20 млрд. долларды құрайды. 1979 жылы ашылған ірі кенорнының мұнай қоры 750 млн. тоннадан 1,125 млрд. тоннаға жетеді деп көзделуде. Қазіргі уақытта америкалық Chevron Texaco және Exxon Mobil ТШО дағы үлесі 50 %және 25 %, Lukarko 5%, «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнайгаз компаниясы - 20%.
«Қазмұнайгаз» мұнайгаз компаниясы 2005 жылы 1-тоқсанында мұнай мен газ конденсатын өндіруді 9,7% 2,241 млн. Тоннаға жеткізді. 2005ж. Қаңтар – мамыр аралығында мұнай мен газ конденсатын өндіру 8,9% 3 млн. 799 мың тоннаға өсті. Мұнай өндірудің өсуін жаңа интенсивті технологияларды енгізу қамтамасыз етті. «Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау» біріккен компаниясы 2004 жылы 1 сәуірде 2 ірі мұнай өндіретін мекемені біріктіруден құрылды («Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз»). «Өзенмұнайгаз» ӨФ Өзен кенорнын игеруде. 1997 жылы Қазақстан бойынша мұнай өндіру дәрежесі жылына 23,3 млн. тоннаға жетті. оның 16 млн. тоннасын Өзен беріп тұрды. «Ембімұнайгаз» ӨФ 1999 жылы 1 шілдеде «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» ААҚ біріктірумен құрылды. ӨФ құрамына 10 филиал кіреді. Олардың 6 мұнайгаз өндіруші басқармалар: «Жайықмұнай», «Доссормұнай», «Мақатмұнай», «Қайнармұнайгаз», «Прорвамұнай», «Құлсарымұнай» және 3 негізгі өндіріске қызмет көрсетуші мекеме. Қызметкерлердің жалпы саны 6605 адам. «Ембімұнайгазда» 39 игеріліп жатқан кенорны бар. Қазіргі уақытта өндіру 34 кенорнында жүріп жатыр. 2003 жылы 1 қаңтарда іске қосу қоры 1937 ұңғыны құрайды, соның 1889 жасап тұр. Өнеркәсіптік категориядағы бастапқы мұнай қоры төмендегідей: балансты – 522,7 млн. тонна, алынуда -215,9 млн. тонна.
Agip KCO консорциумы – Қашаған кенорны жобасының операторы. Қазіргі уақытта Каспий теңізі Қазақстан шельфіндегі Қашаған кенорнын әзірлеу үшін құрылған Agip KCO консорциумы қатысушыларының құрамы төмендегідей: Солтүстік Каспий жобасының бірыңғай операторы ЕNI, әрқайсысы 18,52% үлесі бар Total, ExxonMobil, Royal Dutch Sheii. ConocoPhillips – 92,6%, Inpex және «Қазмұнайгаз» - 8,33% үлес. Қашаған кенорнында алғашқы мұнай 2000 жылы жазда «Восток - 1» ұңғысында өндірілді. Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде өнеркәсіптік дамытуға 2007 – 2008 жж. кірісу көзделуде. Қашаған мұнайының алынған қоры
7-9 млрд. баррельге бағалануда. Мұнайдың жалпы геологиялық қоры – 38 млрд. баррель. Қашағанның және Қазақстанның басқа да каспийлік блоктарын игеру есебінен мұнай өндіретін ірі 10 елдің қатарына кіре отырып, жыл сайын мұнай өндіруді 150 млн. тоннаға (күніне 3,5 млн баррель) жеткізу есептеліп отыр. Республиканың батысындағы Ақтөбе облысында көмірсутек шикізаты кенорнын әзірлейтін Қазақстан – Қытай біріккен «СNPC – Ақтөбемұнайгаз» АҚ мекемесі Қазақстандағы ірі мұнай компанияларына кіреді. 2004 жылы «СNPC – Ақтөбемұнайгаз» мұнай өндіруді 14,4% 5 млн. 320 мың тоннаға арттырды, газ 2249 млн. текше метр. Мұнай өндіруден табыс 1 млрд. долларды құрады. 2005 жылы компания газ өндіруді 34% 2,994 млрд. текше метрге жеткізді. 2005 жылы «СNPC – Ақтөбемұнайгаз» Жаңажол газ өңдеу кенорнының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. «СNPC – Ақтөбемұнайгаз» мұнайын тұтынушы PetroKazakstan OH Products және Павлодар МӨЗ. Өндірілген мұнайдың 1 бөлігі теміржолмен Қытайға жөнелтіледі.
Қытайлық CNPC 1997ж «Ақтөбемұнайгаз» АҚ 60,3 акциясын алды. 2003 ж. мамырда Қазақстан Қытай жағына 25,12% көлеміндегі акциялар ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?