Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту

Дипломдық жұмыс:  Қаржы |  Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту казакша Дипломдық жұмыс:  Қаржы |  Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................

1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні...............................................................................................................................
1.1 Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы........
1.2 Қазақстанның қаржы секторының мониторингі және даму негіздері……………………………………………………………………………..

2. Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау.........................................................................................................................
2.1 Ұлттық Банктің валюталық саясатының қаржы тұрақтылығына әсері.............................................................................................................................
2.2 Қазақстанның банктік секторы, оның несиелік саясаты және басқа секторларға ықпалы……………………………………………………………...…
2.3 Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі көрсеткіштері.............................................................................................................
2.4 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторының даму үрдістері......................................................................................................................

3. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының кейбір мәселелері..................................................................................................................
3.1 Кластерлік саясаттың есебінен қаржы секторының дамуы.......................
3.2 Алматы аймақтық қор орталығына (РФЦА) қалыптасу және қаржы секторының даму перспективасы...........................................................................

Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.
Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон.
Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ».
Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.
Қазіргі танда Республикамыздың қаржы секторларын тұрақтандыру және дамыту жөнінде көптеген мәселелер бар. Олар:
- құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.
- қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.
- зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.
- сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.
- қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.
- шағын несие институттарын дамыта түсу.
- Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс.
Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру және Қазақстанның қаржы секторын дамыту жөнінде үшінші бөлімінде кейбір мәселелерді қарастырдым. Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын маңызды сектор-банк секторы болып табылады. Диплом жұмысында банк секторы туралы екінші бөлімінде қарастырып және банктін қаржы секторында басты орын алатының көрсеттім. Себебі, банк секторы арқылы елдің барлық салалары тікелей ақшалық қарым - қатынаспен байланысып қана қоймай, ақша нарығындағы ресурстардың қозғалуы мен жылжуын, ағылуын және олармен байланысты қаржы институттарының қызметін реттейді. Міне, осындай аты аталған және аталмаған басқа да себептер арқылы банк секторы экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыратындығын көруімізге болады.
Сондықтан Қазақстанның банк секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл еліміздің экономикалық өміріне дамыған мемлекеттердің Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Турция және басқалардың қатысуы осы елдің банк секторларымен байланыс орнату үшін тұрақты және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін банк секторын құру қажеттілігі және оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.

1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні

1.1 Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы

Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон. Бұл жөнінде Алматыда болған қаржыгерлер конгресінде де атап өтілді. Бұл конгресс 2006 ж 19 қаңтарыңда өткен еді, оған еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып қаржыгерлер алдына жеті мәселені атап - атап беріп, шешімін табуды аманат етті.
Алғашқысы, құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.
Екіншісі, осы қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.
Үшіншісі, зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Төртінші міндет, ол - сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.
Бесінші міндет, ол - қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.
Алтыншы міндет, шағын несие институттарын дамыта түсу.
Жетінші міндет - әсем Алматыға қатысты, Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс. Президент қаржыгерлер конгрессінде бұл жеті міндетті тек қаржыгерлерге ғана емес, үкіметке де үлкен сын болмақ.
Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру. Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету уәкілетті қадағалау органы ретінде ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі үшін басты бағыт болып табылады.
Бұл агенттік ҚР-сы Президентінің 2003 ж 31 желтоқсандағы № 1270 жарлығымен бекітілген. ҚР - ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі. ҚР-ң Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін, мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік - орган болып табылады. Агенттік өзінің қызметін ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның заңдарына, ҚР-сы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, оның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды. «Шоғырландырған қызмет негізінде, Агенттік: - өзі белгілеген тәртіппен банктер мен ломбардтар ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, сондай-ақ банк тура немесе жанама дауыс беретін заңдытұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға, сондай-ақ банктің заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді олардың арасында жасалған шарт бойынша айқындау мүмкінділігін иеленуге рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, ҚР-ның аумағында, ал резидент банктер үшін республика аумағынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашуға, жеке және заңды тұлғаларға банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді».
2008 ж Еуроодақтың директивалары тұрғысынан қаржылық ұйымдарды реттеудің негізгі рәсімдерін қайта қарау көзделіп отыр. Сонымен қатар еліміздің қаржылық қызмет көрсету бөлігінде, ДСҰ-ға кіру шарттарын; интеграциялық процестерді; Алматыда халықаралық қаржы орталығын құру үшін жағдайларды айқындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл айтылғандармен қоса қаржы рыногының одан әрі дамуы үшін мәселелер бар:
1. Банктік сектор.
2006 ж. 4 ай ішінде банктік сектор тұрақты дамыды. Бұл ретте банктік сектордың жай - күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштің динамикасы оң болды. 2006 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша ІІ-ші дәрежелі 35 банк жұмыс істейді, оның ішінде 1 банк консервация жағдайында. Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шетелдік қатысуы бар 15 банк (ҚР - ның резидент емес банктерінің еншілес 9 банктерін қоса алғанда ) және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ.
Банктердің жиынтық меншікті капиталы 354,7 млрд тг дейін (валюталық баламасы (1,5) 7,1 млрд АҚШ долларынан астам) 2,0% өсті. Банктердің жиынтық активтері 2,1% төмендеді және 56,6 млрд тг жуық болды.
2006 ж. 1 ақпандағы бағаланған жағдай бойынша банктердің кредиттік протфельдің құрылымындағы стандарттық кредиттердің үлесі 55,9% , күмәнді кредиттер - 41,3 % үмітсіз кредиттер - 2,8 % болды.
2006 ж. 1 ақпандағы ІІ-ші деңгейлі банктердің жиынтық табыс сомасы 30,8 млрд тг. болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғаңда 12,41 % өсті. Ал банктердің бөлінбеген таза табысы 3,1 млрд тг. болды, бұл былтырғы жылдық көрсеткіштен жоғары , яғни 41,9% - өсті. Қазіргі таңда 14 банк жабылу үстінде тұр.
2. Сақтандыру нарығы.
Сақтандыру ұйымдарын кезең-кезеңімен капиталдандырудың үш жылдық жоспары енгізілуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығын жоғарылату, сондай - ақ шетелде сақтандыруға бағытталатын сыйлықтардың көлемін қысқарту үшін қажет.
2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша 36 сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия алған, оның 2 адам өмірін сақтандыруға, 29 автокөлік жүргізуші ұйымдары, 8 сақтандыру брокерлік, 26 актуаршілік, 34 аудиторлық ұйымдар мен 68 аудиторларда бар.
Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2006 ж, 113,0%- өсті , бұл 44,1 млрд тг. құрды. Жиынтық меншікті капитал 167,8% - өсті. Бұл 24,1 млрд теңге. Сақтандыру резервтері 14,7 млрд тг. құрды. Сақтандыру премияларының көлемі 2006 ж 40,0 млрд тг. құрды, бұл өткен жылдың көрсеткіші бойынша 11,1 млрд тг. жоғары, яғни (38,4 %). Сондай - ақ міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру көлемінің көрсеткіші 4,4 млрд тг., ерікті түрдегі сақтандыру 4,6 млрд тг., және ерікті түрдегі мүлікті сақтандыру 31,0 млрд тг. құрды. Қазіргі танда 11 сақтандыру ұйымы жабылу үстінде.
3. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
2006 ж 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 14 ЖЗҚ жұмыс істейді, республика бойынша олардың 73 филиалы мен 75 өкілдіктері бар. Оның ішінде 2 корпоративтік және 1 мемлекетгік қор.
Жыл басынан бері жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшасы 38 % өсті және 2006 ж 1 ақпанда 356,0 млрд теңге болды. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны 2006 ж басынан бері 6,5 млн адамға дейін ұлғайды. Таза инвестициялық табыс сомасы ағымдағы жылдың қаңтар айында 6,5 млрд тг. құрады. Осы жылдың жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды табыс коэффиценті 5,02% құрды.
Зейнетақы жүйесін дамыту үшін мыналар аса қажет:
• Ұлттық компаниялардың, олардың еншілес компанияларының, даму институттарының акцияларының бір бөлігін жария айналымға жіберу;
• Стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы активтерін тарататын үкімет, Қазақстанның Даму банкі кепілдік берген бірінші класты бағалы қағаздар эмиссиялары;
• Құнсыздану бойынша индекстелген ұзақ мерзімді мемлекеттік қағаздар эмиссиясы.
Қазіргі уақытта агенттік бірқатар мүдделі ведомстволармен бірге ҚР-ның 2006-2008 ж.ж. арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу үстінде. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту, дипломдык Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын д, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін