Психология | Солақайлықтың психологиялық негізі

 Психология | Солақайлықтың психологиялық негізі

Мазмұны

Кіріспе
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Солақайлықтың психологиялық негізінің теориялық мәселелері
1.2 Солақайлықтың физиологиялық негіздері.
1.3 Солақайлықтың оқу әрекетіндегі қиындықтар
1.4 Оқу іс-әрекеті
1.5. Адам іс-әрекетінің құрылысы
IІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы
2.3. Зерттеу мәліметтерін сандық және сапалық талдау жасау
Екінші тарау тұжырым
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Өзектілігі. Адам жан дүниесінің қилы – қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымы – бірден – бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды.
Психология сферасы өте кең және қызықты бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы.
Солақайлық- баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды және бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.
Солақай – баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды жеке бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.
Солақай бала деп «сол қол» кестесі бойынша қосулары көп баланы айтамыз. Егер мұндай балалар жазуға үйрену кезінде қаламды сол қолына алып ыңғайланса, онда «оң қолмен жаз» деп талап етудің қажеті жоқ. Кейде бала « оң қол» кестесі бойынша қосуларды көп алса да, бірақ суретті оң қолға қарағанда сол қолмен жақсы салса, онда оң қолымен жазуға итермелеу, талап ету керек емес ( егер бала өзі сол қолмен жазуға талпынған жағдайда) .
Баланың бір қолының басымдылықпен анықтау мектептегі оқу жүгбесіне енген кезде қиындықтардың алдын алу мен баланың табиғи мүмкіндіктерін толық пайдалану зор маңызға ие болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
1) Бала солақайлығының мектеп сатысында кездесетін қиындықтың бірі деп есептеп, зерттеу жұмысын жүргізу.
2) Солақай баланың іс-әрекетті орындау барысында табыстарға жетуі: оң қолды балалармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсететіндігін айқындауөзектілігі:
Қазіргі кезде солақайлық мәселесі және де оның себебі неде деген сұрақтың әлі нақты анықталған жауабы жоқ, әрі солақайлардың оң қолдардан еш айырмашылығының байқалмайтындығы оның негізінің патологияға қатыссыздығы, әрі ақыл – ойы кемістермен қатысының жоқтығы деуанықталады. Соңғы кезде сол қола жетекші «оң жартышарларлы» балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, таңда мұғалім баланың іс-әрекеттегі жетекші қолын анықтап оны І-ші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал. Және осы мәселе туралы тереңірек ойлану керек.
Қазіргі уақытта, осы солақайлық мәселесі оқу іс-әрекетіне қолай әсер ететінін дігі туралы жан-жақты білім болуы керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т.с.с.
Практикалық маңыздылығы:
Қазіргі кезде, уақытта мәселесі негативті құбылыс ретінде емес, керісінше оны нақты булыс ретінде қаратырамыз. Егер мектеп кезінен бастап осы мәселеге көңіл аударып, онымен жұмыс істесе, солақайлық оқу іс-әрекетіне ешқандай қиындық туғызбайды.
Біз жұмысымызда солақайлықтық оқу іс-әрекетіндей ерекшеліктерін, оңақай балалармен салыстырғанда айырмашылықтары бар екенін көрсете алдық.

I ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Солақайлықтың психологиялық негізінің теориялық мәселелері
Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманында білім беру саласының әр сатысында көптеген мәселелер туыедауда. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту., психакалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан – жақты зерттеу негізінде оқу – тәрбие жұмысының балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.
Баланың мектепке даярлыығн анықтауға арналған психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде бұл мәселелердің бұл мәселелердің аспектілері жан-жақты зерттелгені еш дау тудырмайды. Алайда « құптарлық емес» құбылыстар қатарына жататын солақайлық мәселесінің де баланың мектепке даярлығы процесінде өзіндік қиындықтарының бірі болуы мүмкін деген пікірді енгізуді ұсынамыз.
Баланың ойлау процесінің дамуы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі бола отырып, осы міндеттердің дұрыс шешімін таба алмауы көптеген педагогтардың әрекетін құнсыздандырып, баланы – кейін ересек адамды да өмірдің қарапайым талаптарының өзіне де қарсы тұра алмауына әкеледі. Алайда ойлау әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның психологиялық механизмдері мен дамуының мүмкін бағдарын ескерген жөн. Психология ғылымының осы саладағы ауқымды жетістіктерді мидың жарты шарлары арасындағы ассиметрияның, яғни оның екі жарты шарларының – түрлі қызметтерінің ашылуымен байланысты.
Физиология мен психологияда ми жарты шарларының өзара функционалды ассиметрияларының ашылуы, физикадағы атом ядросының бөлінуі сияқты өтңкеріспен текткс болып табылады. Мұндай жаңалықтың, шашылуы АҚШ зерттеушісі, кейін нобель атындағы сыйлықтың иегері Р. Сиперідің есімімен байланыстырылады.
Хомская Е.Д. мидың сол жақ жарты шарының қызметі дамның ауызша, жазба сөйлеу тілін түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс жауап беруіне жағдай жасайды және де адам формальды логикамен бұрын меңгерілген ережелер негізінде сандармен математикалық формулаларды жеңіл пайдалана алады. Бірақ мидің сол жақ жарты шарының белсенділігі дыбыс интонациясы мен дауыстың модуляциясын жапыратуға мүмкіндік бермейді. Сол жақ жарты шардың арқасында әлемнің бір тұтас бейнесі қалыптасатын болса, оң жарты шардыбөлек бөлшектерінен әлемнің үлгісін жинақтайды. Сонымен бірге мидың оң жарты шарлары санадан тыс психикалықпен байлынысты. Солақайлық мәселесі педагогиканың күрделі мәселелерінің бірі – көп уақыт бойы оң жақ қолына қарғанда сол жақ қолымен белсендірек әрекет ететін балаларды, жалпыға бірдей бір түрге келтіру мақсатында қайта үйрету тиіс деп есептелініп келеді.Алайда мұндай әрекеттің еш жақсылыққа әкелмейтіні, керісінше көпшілік балаларда невротикалық реакциялардың пайда болуына жағдай туғызатынын байқауға болады. Солақайлық дербес көзқарасты талап ететін балалардың тобы, өйткені дәл осы балалар астеноневротикалық реакцияға сезімталдыққа бейім келеді. [1 ,23 -33 б]
Тарихқа көз салсақ, солақайлық құптарлық құптарлық емес құбылыстардың негізінде болғандықтан, солақайларды міндетті түрде оңақайлыққа қайта үйрету қолға алына бастады. Осы уақытқа дейін өскелең ұрпақтың тәрбиесімен, денсаулығымен айналысқан мамандар солақайлардың міндетті түрде күшпен болсада оңақайлыққа үйрету қажет деп есептеді. Баланың сол қолымен жазуға, әрекет етуге күш көрсеткен жағдайда сол мезетке дейінгі баланың бойында, байқалмаған астеникалық белгілер көрініс бере бастайды, атап айтқанда бала тез шаршағыш болады, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, сол қолының шаршағандығы мен басының ауырғандығының белгілері көрінеді. Осы аралықта баланың түнгі, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті шаппай, балалардың бойында ызалаңқылық, ұстамсыздық, қызбалық байқалып, ата-аналарына, тәрбиешілеріне, педагогтарына қатысты қарсылық реакциясы жиіленеді. Сирек жағдайда тұтықпа, дәретін ұстай алмау жағдайлары орын алады.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) денсаулық сақтау министрлігінің солақайлықты анықтау және солақай балалардың психогигиенасы атты әдістемелік нұсқауларында солақай баланы күштеп оңқайлыққа үйрету невротикалық ауытқулардың дамуына әкелетіндігі сөз етілді. Тіптен нейродермит, бронхиалды астма ауруларының көрінісі күшейе түседі. Сонымен бірге солақайларды оңқайлық әлемге ешқандай жағымсыз жағдайларсыз да қайта үйретуге де болады. Сондықтан балаларды қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға сәйкес, атап айтқанда олардың денсаулық жағдайларын, ағзаның бейімделе алу мүмкіншіліктерін, ішкі еснімдерін физиологиялық алғышарттарын, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кейде солоақайлықтың өзі қайта үйрету дағдыларынсыз да баланың психикасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда солақайлықпен қосарлана жүретін барлық сыртқы белгілерін тексере отырып, қайта үйреткен жөн. Ал егер де солақайлық тұқым қуалаған болса, үйрету әрекеттерінің жүзеге асырмалғаны дұрыс.
Солақай бала мектеп табалдырығын аттағанда қиыншылыққа тап болады. Мәселен, мұғалімнің қаламды оң қолыңмен ұста, неге қарындашты тағы сол қолыңмен ұстадың? Деген т.б. ескерулері балаға ыңғайсыздық туғызады. Қанша талап қойылса да, оң қолымен ұстап жазсада, ырқына көнбей, қайта-қайта басқа жаққа қарай қисайып кете береді. Сондықтан ата-ана, мұғалім тарапынан баланың шынымен солақай екнін анықтап алуы – басты мәселе.
Кеңестік кезеңнің тәлім – тәрбие мәселесінде бұл мәселе тез шешімін табатын. Егер бала солақай болатын болса, онда ол міндетті түрде оң қолымен жазуы тиіс деген жалпыға бірдей талап қойылатын. Балалардың денсаулығы мен мүмкіндіктерін және физиологиялық ерекшеліктері назардан тыс қалып отыратын.
Адмадарда болатын солақайлықтың болу – себебі, әлі ашылмаған, ғылыми нақты бір тұжырымға келмеген мәселелердің қатарына жатады. Ғалымдардың болжамы бойынша солақайлық жылдан – жылға ұлғайып бара жатқанын көрсетеді.
Ресейлік ғалымдардың зерттеулері бойынша шынымен адамзаттың көп бөлігі оң қолды, тек 5 – 12 пайызы ғана солақай екені анықталды. Бірақ солақаймен оңқолдыларды біржақты топтар деуге болмайды.
жоғары дәрежелі солақайлар және жоғарғы дәрежелі оңқолдылар болады, сонымен қатар қолының әрекет етуі бірдей белсенді болып келу ерекшелігң де анықталған, оны ғылымда амбидекстер деп атайды. Шетел ғалымдарының ойынша солақайлар пайызы көбеюде. 1928 ж шетелдегі зерттеу бойынша үлкендер арасында солақай әйел адамдар 3,3% - ке, ал солақай ер адамдар 4,7% - ке жеткен, ал 1973 жылы солақайлық әйел адамдар арасында 8,8% - ке өссе, ал ер адамдарда да 10,4% - ке жеткен. 1979-88 жылдары солақайлық әйел адамдардың арасында 12,4% - ке және ерлер арасында 13,9% - ке жеткен, осыдан, солақайлық мәселесі өмірде сирек те болса, кездесіп тұратын құбылыс екендігін байқап отырамыз.
Ресейлік нейрофизиолог А.А.Айропетянцтің зерттеуінде 1987 жылы 7-9 жасар балаларда 13,3% солақай ұл балалар және 10% қыз балалар болған. Ал 14 жастарында ұлдарының ішінде солақайлар 4,4% ал қыздар арасында 4,1% солақайлар кездескені айқындалған. [2,62-91б]
Көтеген шетелдегі зерттеулердің нәтижесіне көз жүгіртсек, солақай балаларын оң қолға үйретпейді, керісінше оларға арнап оқулықтар, құрал – жабдықтар, сонымен қатар мамандық алуына жағдай жасалған, яғни солақайлармен тиімді қарым-қатынас жасау арқылы олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалған. Көптеген шетел қалаларында солақайларға арналған түрлі тұрмыстық заттар, дене тәрбиесіне арналған құралдар, іс машиналары, клавиштері сол қолға арналған компьютерлер және де қажетті заттар сатылатын арнайы дүкендер бар. Өкінішке орай біздің елімізде солақайларға қатысты мұндай жағдай жасау ескерілмеген.
Атақты американ оқымыстылары С.Спингер мен Г.Дейч өздерінің «Сол ми, оң ми» атты еңбектерінің бір тарауын «Сол қолдың құпиясы» деп атаған.
«.............. біз әлі солақайлар оң қолдарында несімен ерекшеленеді және солақайлық патологияға жатпайма?» деген сұраққа жауап таба алмадық дейді. Енді осы сұрақтар түрлі көзқарастар мен зерттеулерде қалай талданғанына назар аудармайық.
Негізінде солақай деген сөз көптеген тілдерден аударғанда «икемсіз, қолайсыз, қабілетсіз» деген мағынаны білдіреді.
Ағылшын тіліндегі «Lefthanded» деген сөзінің синонимі тек епсіз, икемсіз ғана емес – тұйық және арамза деген мағыналарды білдірсе, ал франсузша “Gauche”-«сол жақ» ебедейсіз, шыншыл емес деген мағына берген, немісше “Link” – «сол жақ» «икемсіз» деген мағынаны, нигерияда сол қолды «ово оси», яғни «икемге келмейтін» деп атаған.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 087



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі