География | Түрікменстан республикасының әлеуметтік экономикалық дамуы

 География  | Түрікменстан республикасының әлеуметтік экономикалық дамуы

Мазмұны

Кіріспе .......................................................................................................................3

1. Түрікменстанның қазіргі даму алғышарттары .............................................5
1.1 Географиялық орнының ерекшеліктері, әкімшілік бөлінуі
(облыс, аудан) …………………........................................................………..5
1.2 Мемлекеттің даму тарихы ................................................................................12
1.3 Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары ...............................................18
1.4 Қорғалатын аумақтары .....................................................................................23
1.5 Халқы .................................................................................................................31

2. Түрікменстан республикасының даму бағыттары......................................35
2.1 Әлеуметтік-экономикалық дамуы ......... ..........................................................35
2.2 Түркіменстандағы туризмнің даму бағыттары ...............................................51

3. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы байланыстардың
дамуы ..................................................................................................................46
3.1 Елдің геосаяси жағдайы ....................................................................................46
3.2 ТМД елдерімен экономикалық байланыстары ...............................................51
3.3 Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуы ....................57

Қорытынды .............................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64


Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Бүгінгі таңда Түркіменстан — экономикасы жақсы қарқынмеи дамып келе жатқан ел. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ өзге даму жолына түскен Түркіменстан өз бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін қарастырған ТМД елдері ішіндегі ерекше мемлекет. Шекаралық жағдайы және экономикасының басты салалары мұнай мен газ өнеркәсібінде тоғысын табатын Қазақстан мен арадағы қатынас, экономикалық байланыстар актуалды тақырыпқа өзек болып тұр.
ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы жылдық өсімі мұнда 20 пайыз. Мемлекеттің қатаң бақылауының астында дамып келе жатқан елде ұрлық-қарлық жоқ. Рыноктық катынастар да дамып келеді. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен басқа салық та құрайды. Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн. шаршы метр мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Соның ішінде біздің елімізбен байланыс жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Былтырғы жылдың өзінде төрт рет жоғары деңгейдегі кездесулер болды. Каспий бойы газ құбырын салудан басқа екі елдің аумағына темір жөне тас жолдар салу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Түркіменстанға тиесілі Каспий кайраңын бірлесе игеру туралы да жоғары деңгейде пікірлер айтылды.
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 шақырым. Ол 2001 жылдын, 5 шілдесінде ратификацияланған екі жақты келісім-шартпен толығымен шегенделген. 2006 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 153 млн. 299 мың АҚШ доллары көлеміне жетті. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт 20 млн. 689 мың доллар, ал импорт 132 млн. 610 мын долларды құрады.
Түркіменстан жағы бізден негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал біз минералды және химиялық өнімдер аламыз Түркіменстан бізден бұрын негізінен астық пен ұн ғана алса, кейінгі жылдары өзін-өзі астықпен толық қамтамасыз ету бағдарына иек артып, оны бізден алуды азайтқан.
Ғылыми жаңашылдығы. Түркіменстан -өзінің ерекше жолымен өсіп келе жатқан жұмбақ ел. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ ол өзге жұрттан басқа даму жолына түсетінін жария еткен болатын. 1991 жылдың 12 қазанында өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған. 1995 жылдың 12 желтоқсанында әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді. Ғылыми ізденіс барысында Түркіменстанның өзіндік дамуының негізгі жолдарын айқындау және екі ел арасындағы тиімді байланыс бағыттары көрсетілді.
Практикалық маңыздылығы
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Түрікменстан өз бетімен әлемдік экономикалық кеңістікке шығудың мүмкіндіктерін іздестіруде. Елдің экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды, елдің дамуының негізгі бағыттары анықталды:
- экономикада құрылымдық өзгерістер жүргізу;
- әлеуметтік саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
- азық-түлік және халыққа қажетті тауарларды өндіру көлемін арттыру;
- нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту;
- ел экономикасына шетел инвестицияларын кеңінен тарту. Осындай іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы олардың тәжірибесімен танысу.
Дипломдық жұмысының мақсаты – Түрікменстанның өркендеп, даму үстіндегі экономикасының басты саласы мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына талдау жасап, бұл өндірістің қоршаған ортаға әсеріне баға беру және өзара тиімді байланыстың өзекті көздерін айқындау..
Диплом жұмысының міндеттері. Түрікменстанның тарихи қалыптасуы мен қазіргі дамуына талдау жасау;
- Қазіргі таңдағы экономикалық және достастық қарым-қатынастары анықталды;
- Каспий мәселелері қаралды.
Зерттелу объектісі. Түркімения мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді байланыс жолдары және әлеуметтік-экономикалық дамудағы Түркімения тәжірибесін үйрену.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.

1 Түрікменстанның қазіргі даму алғышарттары

1.1 Географиялық орнының ерекшеліктері, әкімшілік бөлінуі, (облыс, аудан)

Жерінің ауданы- 491,2 мың км2
Халқы – 5620 мың адам (2007 ж.)
Астанасы-Ашхабат (500 мың адам)
Мемлекттік құрылымы- республика
Мемлекеттік басшысы- президент
Заң шығарушы органы- парламент
Мемлекеттік тілі- түрікмен тілі
Ұлттық валютасы- түрікмен манаты

Сурет 1. Түркменстан мемлекетінің саяси картасы

Географиялық орны.
Түрікменстан Республикасы Әмудария мен Каспий теңізі аралығында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Солтүстігінде Қазақстан және Өзбекстан, шығысында Өзбекстан және Ауғанстанмен, оңтүстігінде Ауғанстан және Иран мемлекеттерімен шектеседі. Батысын Каспий теңізінің сулары шайып жатыр. Маңызды мұнай кен орындары шоғырланған, бірнеше мемлекеттердің геосаяси, экономикалық мүдделері тоғысатын Каспий алабымен көршілес орналасуы елддің геосаяси жағдайын анықтауда басты орын алады. Бұл орайда Түрікменстанның Каспий мұнайын Иран мен Парсы шығанағы жағалауына тасымалдаудағы айырықша аралық орны да елдің аймақтық саясаттағы орнына ықпал етеді.
Түркіменстан – жер көлемі 488,1 мың шаршы шақырымды алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 шақырымға созылып жатқан мемлекет. Жерінің 80 пайызы қарақұм шөлінің «еншісінде». Халқының саны 6 млн. адамға жуық. Елінің астанасы – Ашхабат қаласы Копет-Даг тауының етегіне орналасқан, тұрғыны 600 мыңдай адам [2,11б.].
Әкімшілік бөлінуі:
Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.
Тарихы: Түркіменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған. 1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді.
Саясат жағдайы: Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.
Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.
Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.
Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.
Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.
Аумағының қалыптасуы.
Ежелгі қоныстар Түрікменстан жерінде б.з.д. 1 мың жылдықта пайда болған. Мургаб өзені бойындағы шұраттарда осы кезеңде ежелгі қалалар мен алғашқы мемлекеттер (Маргиана, Парфия, Мидия) пайда болған. Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ежелден-ақ түрікмен жері арқылы Шығыс пен Батысты жалғастыратын көне керуен жолдары өткен. Үндістан мен Қытайды Жерорта теңізі бойы елдерімен байланыстыратын құрлықтағы маңызды сауда жолдарының өтуі мұнда көптеген елдердің сауда және әскери мүдделерінің тоғысуына себепші болды.
10 ғасырда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Мерв қаласы ірі сауда орталығына айналып, 11-12 ғасырларда елдің астанасы қызметін атқарды. Аймақтағы басқа елдер сияқты, түрікмен жері де монғол шапқыншылығына ұшырады, соның салдарынан гүлденген қалалары қирап, отырықшы мәдениет күйреді. Осыдан кейінгі кезеңде бұл аумақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының, ал 16-17 ғасырлар Бұхара және Хиуа хандықтарының қол астында болды. Түрікмен ұлтының түбегейлі қалыптасуы осы тарихи кезеңге сәйкес келеді [3,23б.].
19 ғасырдың соңында Түрікменстан аумағы біртіндеп Ресей империясының құрамына өтті. Қазан революциясынан соң Орта Азияның басқа аумақтарымен бірге 1918 жылы құрылған Түркістан Автономиялық республикасы құрамына енді. 1924 жылы КСРО құрамындағы Түрікмен
КСР-і болып қайта құрылды.
1991 жылғы 27 қазанда тәуелсіздігін жариялады. Мемлекеттік құрылысы жөнінен республика болып саналатын Түрікменстан әкімшілік жағынан 5 уәлаяттан (облыс)тұрады.
Ресейде, Ресей Федерациясының Президент әкімшілігінің ұйғаруымен 17 тамыз 1995 жылы №1495 қаулысы бойынша «Бұрыңғы СССР республикаларының және астана атауларының жазылуы» бойынша Түрікмения астанасы Ашхабад болып қалды.
Түрікменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар веллаят (уәллаят) деп аталады. Ахал, Балкан, Дашховуз, Лебан, Мары валлаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдар басқарады. Веллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.
Ашхабат
Түрікменстан «Аядават»
Ел, мемлекет: Түрікменстан
Координаттары: 370 57/00 с.е. 580 23 00 ш.б.
Қаланған жылы: 1818 ж.
Бұрыңғы аты: Полторацк
Халқы: 5620 мың адам (2007)
Конфессиалдық (діни) құрамы: сунниттер, христиандар, бахайлар
Ашхабат (түрікм. Аядават) бұрын Асхабат және Полторацк-Түркімения астанасы жеке әкімшілік аумақ (бірлік). Елдегі түрікмендерден кейінгі көп халық өзбектер, орыстар, қазақтар, азербайжандар, армяндар, ирандар, түріктер және т.б. халықтардың өкілі тұрады. Қазақтың саны бұрын 120 мың болса, қазір олардың Қазақстанға көшіп келуіне байланысты 60 мыңға жуық қазақтар қалған.
Қала атауы парсы тілінен аударғанда «Махаббат қаласы» («эшг» - махаббат, «обод» - шоғыр, шоғырлану) дегенді білдіреді.

Кесте 1. Түркіменстанның әкімшілік бөлінісі

Орысша атауы Түрікмендік аталуы Халқы (2006) мың тұрғын Халық тығыздығы
км2 Халық тығыздығы
км2 Аудан саны (этрап) Орталы-ғы
Ашхабат Аsgabat 733,0 95,4 8,3 8
Ахал велаяты Ahal welayaty 794,6 138,5 3,5 6 Рухабад
Балкан велаяты Balkan
welayaty 481,3 73,6 16,3 8 Балканабат
Дашогуз велаяты Dasoguz
welayaty 1203,1 93,8 12,5 13 Дашогуз
Лебап велаяты Lebar
welayaty 1169,1 86,8 14,9 11 Түркменабат
Марый велаяты Mary
welayaty 1291,8 Мары

1917 жылы қазіргі Түрікменстан территориясы Каспий маңы облысы (астанасы-Асхабат) және Бұхар әмірі құрамына кірген. 1919 жылы орталығы Ташкентте орналасқан Түркістан Советтік Федеративтік республикасы құрылды. Осыған Түркменияның көптеген бөлігі енді. Түркменияның өзі жеке әкімшілік бөлігі енді. Түркменияның өзі жеке әкімшілік аймақ (бірлік) ретінде 1921ж. «Түрікмен облысы» болып бөлінді. 1924 ж. Бұхар НСР ликвидациясынан кейін оның батыс аудандары Түркімен облысынан Түркімен ССР-на бірікті.
Түрікмен ССР алғашқы Керкі, Ленин (кейін Чарджуй), Мерв, Полтарацк (кейін ашхабат) және Ташауыз деген аумақтарға бөлінген. 1939 ж. Блыстық бөліну енгізілді:
- Ашхабат облысы
- Красноводск облысы
-Марый облысы
-Ташауыз облысы
1943 жылы Керкі облысы қалыптасып, 1947 жылға дейін өмір сүрді. Осы жылы Красноводск облысы жойылды.
1952 жылы Красноводск облысы қалпына келтірілді, бірақ 1955 ж. Қайта жойылды.
1959 ж. Ашхабат облысы жойылды.
1963 жылы Марый, Ташауыз және Чарджоу облыстары жойылды, бірақ 1970 дылы қайта қалыптасады.
1973 жылы Ашхабат және Красноводск облыстары қалпына келтірілді.
1988 жылы Ашхабад және Красноводск облыстары қайтадан жойылды.
1991 жылы бұрыңғы Красноводск облысы орнында Небит-Даг орталығымен Балқан облысы құрылады.

Түркіменстан тәуелсіздік жылдарында
1992 жылы бұрынғы Ашхабад облысының орнында Ахал велаяты құрылды. Астанасы алғашқыда Ашхабад болды, кейін Энев, сосын «Рухабад» жобасының іске асуымен Рухабад болды. Балкан және Марый облыстары Балкан және Марый валаяты болып өзгертілді. Ташауыз облысы Дашогуз велояты болды. Чарджоу –Лебап болды. Ашхабат қаласы жеке әкімшілік аумақ болып табылады және ешбір велаят құрамына кірмейді.
Ахал велаяты
Ел, мемлекет - Түркімения
Дәрежесі – велаят
Құрамы - 8 этрап
Әкімшілік орталығы - Энев
Басқарушысы - хакім
Мемлекеттік тілі - түрікмен
Халқы - 794,6 мың
Тығыздығы- 8,3 адам/ км2
Ауданы – 95,4 мың км2
Сағаттық белдеуі –UTC +5
Ахал велаяты – Түрікменстанның оңтүстігіндегі әкімшілік аймақ. Ол бұрыңғы Ашхабад облысы аумағында 1992 жылы құрылған. Алғашқыда әкімшілік орталығы Ашхабад қаласы болса, кейін Ашхабад бөлек әкімшілік аймаққа бөлініп, ал велаят орталығы-Энев болды.
8 этрап пен 1 қалаға бөлінеді:
1. Безмейин қаласы
2. Ашхабад этрабы
3. Бабадайхан этрабы
4. Бехерден этрабы
5. Гевер
6. Гокдепин этрабы
7. Какин этрабы
8. Серах этрабы
9. Геджен этрабы
Балкан велаяты
Мемлекет – Түркіменстан
Статусы – велаят
Құрамында -6 этрап, 4 қала
Әкімшілік орталығы – балканабад
Хаким –Тагиев Т.
Ресми тілі – түркмен
Халқы (2002 ж) – 481,3 мың
Тығыздығы – 3,5 адам/ км2
Аумағы -138,5 мың км2
Балкан валяты
Түркіменстанның батысдағы әкімшілік бірлік. 1992 жылы Балкан облысының аумағында құрылған.
6 этрап және 4 қалаға бөлінген:
1. Балканабад қаласы
2. Кумдаг қаласы
3. Түрменбасшы қаласы (Красноводск)
4. Хазар қаласы
5. Эсенкул этрапы
6. Каррыкалы этрапы
7. Газанджы этрапы
8. Гызыларбат этрапы
9. Гызылтерек этрапы
10. Түркменбасы этрапы
Дашогуз велаяты
Дашогуз велаяты – Түрменстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік. 1992 жылы Ташауыз облысының аумағында құрылған. 8 этрап және 1 қалаға бөлінген:
1. Дашогуз қаласы
2. Акдепі этрапы
3. Болдумсаз этрапы
4. Губадаг этрапы
5. Дашогуз этрапы
6. Йыланин этрапы
7. Куняургенч этрапы
8. Спармұрат Түркіменбашы этрапы
9. Тагтин этрапы
Лебап велаяты
Лебап велаяты – Түркіменстанның шығысындағы әкімшілік бірлік. 1992 жылы бұрыңғы Чарджоу облысының аумағында құрылған. 13 этрап және 3 қалаға бөлінген:
1. Говурадк қаласы
2. Сейди қаласы
3. Түркменабад қаласы
4. Бойныузын этрапы
5. Гарабекевул этрапы
6. Дарганати этрапы
7. Керкий этрапы
8. Сакар этрапы
9. Сапармұрат-Ниязов этрапы
10. Саят этрапы
11. Түркіменабад этрапы
12. Фарап этрапы
13. Халач этрапы
14. Ходжамбаз этрапы
15. Чаршангин этрапы
Марый велаяты
Марый велаяты – Түркіменстанның оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлік. 1992 жылы бұрыңғы Марый облысының аумағында құрылған. 11 этрап және 1 қалаға бөлінген:
1. Байрамали қаласы
2. Байрамали этрапы
3. Векилбазар этрапы
4. қарақұм этрапы
5. Серхетабад этрапы
6. Елетен этрапы
7. Марый этрапы
8. Мургап этрапы
9. Ниязов этрапы
10. Сакарчагин этрапы
11. Тагтабазар этрапы
12. Түркіменкалий этрапы

1.2 Мемлекеттің даму тарихы
Қазіргі Түрікмен жерін адам баласы төменгі палеолит дәуірінде мекендей бастаған. СССР-дегі ең бір көне неолит диқаншылық мәдениеттерінің бірі (б.з.б. 6-мың жылдықта) джейтун мәдениеті Түрікмен жерінде болған. Копетдаг тау баурайындағы жазықтықтан Джейтун, Чолпан-Тепе, Бами, Чагыллы, Монджуклы т.б. ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірдегі рулық қоғамда Түрікмен халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған. Энеолит дәуірінде Түрікменстанда анау мәдениеті болды. Ондағы елді қоныс қалдықтары Копетдагтың солтүстік тармақтары мен Теджен өзені сағасынан табылған. Бұл тұста Түрікменстанда диқаншылық пен мал шаруашылығы кең өріс алды, бұрынғыдай тек арпа, бидай ғана емес, жүзім, қара бидай, сұлы т.б. дақылдар өсіретін болды. Қала типтес қоныстар салына бастады [1].
Біздің заманымыздан бұрын 2-мың жылдықтың аяғы мен 1-мың жылдықтың басында Түрікменстанда алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, топтық қоғам орнауына, мемлекет пайда болуына байланысты, суармалы егіс, қолөнері мен сауда дамытылып, қалалар салына бастады.
Түрікмен халқының тарихи ерте кездегі Орта Азияны мекендеуші халықтар тарихымен тығыз байланысты. Біздің заманымыздан бұрын 1- мың жылдықтың орта шенінде Түрікмен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар Маргиана мен Парфия болды. Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында Гиркания облысы болды да, солтүстік жағындағы далалы аймақтарды Массагет және дах көшпелі тайпалары мекендеді. Біздің заманымыздан бұрын 7-6 ғасырда Маргиана Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания, Мидия мемлекетінің құрамына кірді. Біздің заманымыздан бұрын 6-4 ғасырда бұл облыстар Ахемен әулеті мемлекетінің қол астында болды. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың аяғында Түрікмен жерін Александр Македонский жаулап алды, б.з.б. 3 ғасырдың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі