Дипломдық жұмыс: География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары

Дипломдық жұмыс: География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары казакша Дипломдық жұмыс: География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары на казахском языке

Мазмұны

І.МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Молдованың географиялық орны,табиғатының басты ерекшелігі
1.2 Молдованың жер бедері мен геотектоникалық құрылысы
1.3 Молдованың климаты мен ішкі сулары,агроклиматттық жағдайы
1.4 Молдованың топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі
1.5 Қорғалатын аумақтары мен экологиялық жағдайы

ІІ. МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Молдованың халқы,олардың мәдени-әлеуметтік жағдайы
2.2 Шаруашылығының салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері
2.2.1 Өнеркәсіптің орналасуы, басты маманданған салалары
2.2.2 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары мен жетекші салалары
2.2.3 Қызмет көрсету салалары,оның халықаралық маманданған түрлері

ІІІ. МОЛДОВАНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Молдовандардың ата-бабалары Дунай - корпат жерлері территориясында өмір сүрген гетодан тайпасы болған. Бұл тайпа гректермен сауда жүргізген. Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. vI ғ территорияға славян тайпалары тұрғындайды. Бір территорияда бірге тұрып, шаруашылық жүргізген соң валах тайпасы құрылды. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. Х- ХII ғғ карпат-днестр жерлерінің шығыс бөлігі орыс мемлекетіне кірді, хIII – xIv ғасыр ортасында Молдовия территориясына татар, монғолдар кіреді. Оларды қуып шыққан соң 1359 ж Молдовия феодал княздығы орнады, оны бояр советінің көмегімен елді басқаратын государь биледі. Бірінші молдован государы Богдан болды. 17-ші ғасыр Ресейге деген сырқы саясат бағдары маңызды рөл атқарады. 18 ғасыр бірінші Петр мен Молдовия государы Дмитрий Контимердің Туркияға қарсы әскери саясат одағы құрылды. Бірінші Петрдің жеңілісінің кесірінен молдовия туркияның билігінде қалып, оның басшысы Контимер Ресейге қашады. Жүз жылдан астам уақытта фанориот хандығы орнады. Бұл уақытта Молдован княздігінің орнын грек фанориоттар иеленді. Шаруашылық құлдырады, қала тұрғындары қысқарды, Днестр мен Украинаға жаппай қашу болды. 1806-1812 жыл арасында болған орыс –түрік соғысынан соң Бұғарест келісім шарты бойынша Днестр мен Прут арасындағы территория 1813 жылы Бессарабия деп аталып Осман империясынан басталып Ресейге өтті. Бессарабия шыруашылығының даму ерекшелігі оның бір қалыпты аграрлы мінезінде болды ол шетелге, ресейге - нан, вино, темекі жемістер, мал шаруашылық өнімдерін жеткізуші аудан болып есептеледі. Ең ірі сауда орталықтары болып Кишинёв Бельцы, Бендеры т.б. қалалар есептеледі. 1917 – 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі — Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Октябрь революциясынан кейін Молдовияның сол және оң жағалау аудандарының тағдыры әртүрлі болды, сол жағалау ауданында совет үкіметі орнады 1920ж Украинаның Одесса, Подольск губерниясы құрамына кірдіАзамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1924 жылы Молдовия республикасы Украина құрамында (астанасы Балта) қаласы 1929 жылы бастап Пераспол қаласы құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес – Герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 – 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 – 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды. Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады. Молдова Республикасының экономикалық деңгейінің біршама жоғары екендігін атап көрсетуге болады. Оң жағалау ауданы Бессарабия 1918 жылы Румыния жаулап алды ал 1940 жылы дейін оның құрамында болды. 1940 жылы совет үкіметі Бессарабияны СССР құрамына қайта беруді ұсынды Румыния , Бессарабаияны, Буковинаны СССР - ге берді. 1940 жылы екіші августа Молдовия советін социалистік республикасы құрылды. Ұлы отан соғысы басталғанда мемлекетте экономикалық жағдай құлдырады. 1944 жылы соғыс біткен соң қайта құру басталды. СССР республикалары арасында Молдовия жүзім өндрісімен , вино шығаруымен, темекі өсіру мен көзге көрінді. 1991 жылы 27 тамызда Молдовия егемендік алды. Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспе, ІІІ бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Молдова экономикасы және мемлекеттің даму бағыттары болып табылады.

І.МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Молдованың географиялық орны,табиғатының басты ерекшелігі
Молдова Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км2. Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы.
Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады.
Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар. Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала – тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған.
Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері – Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады. Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады. Молдованы үш жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан.
Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны — Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды. Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі. Шарап жасау — 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады.
Ауыл шаруашылығы Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.
1.2 Молдованың жер бедері мен геотектоникалық құрылысы
Молдовия айтарлықтай минералды ресурстарға бай емес. Оның териториясында жанар- жағар май- энергтикалық ресурстар жоқ мұнда неден қалдықтары шығады оның ішінде қантты тазалау үшін пайдаланатын таза әк кені бар соны мен қатар минералды құрылыс шикізаты бар ақ әк саз балшық, оларды цемент шығаруға пайдаланады каралаш, пероспаль қалалары жанын да әйнек құмын шығаратын кен орындары бар. Қазіргі таңда Молдова мемлекетінің жер бедерінің 40 пайызы қаңағаттандыратын жағдайда емес, оның себебі су эрозиясы, тұздылық т.с.с. мәселелер. Бұл мәселе мемлекет экономикасында өте маңызды рөл атқарады. Табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Молдова жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай егідік бағыттағы жер бедері жақсы болса, қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше шығыстағы жер құрылымы тұздылығы мен ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды. Сонымен қатар Молдова жерінің жазық ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдыки Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары, дипломдыки Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын, Дипломдық жұмыс: География | Молдова Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін