Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады;
Жер қабықтарының өзара байланысына мысалдар келтіреді;
Жер қабықтарын тірек-сызабада графикалық түрде ұсынып, сипаттайды.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды көңіл-күй орнату. Оқушыларды 4 топқа біріктіру.
(мүмкін оқушылардың өз еріктері немесе деңгейлеп алдын-ала дайындалған тізім немесе әліпби бойынша немесе өздерінің ұсыныстары бойынша т.б. бөлуге болады. Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлайды)
Суреттерді көрсету арқылы тақырыпқа шығу.
2. Ой қозғау:
Суреттер жайлы қандай пікір бар?
- бүгін сабақ не туралы болады?
- қандай тақырыпты өтеміз?
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.
(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)
(БББ кестесіндегі Білетін ақпараттарын толтыру)
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бейнематериалмен жұмыс: Оқушыларға бейнематериал көрсетпес бұрын сұрақтар легі ұсынылады:
- Табиғат компоненттеріне мысал келтір.
- Табиғат кешені дегеніміз не?
- Географиялық қабық құрамына нелер кіреді?
- Неге географиялық қабық құрамына литосфера мен атмосфера толығымен кірмейді?
Географиялық қабық дегеніміз - Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына – литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі. Географиялық қабық құрамына гидросфера және биосфера толығымен, атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаты кіреді.
5. Білімді бекіту
Жеке жұмыс. Кестедегі сәйкестікті анықта.
Географилық нысандарды орналастыру
Атмосфера қабаты
Биосфера қабаты
Литосфера қабаты
Гидросфера қабаты
Тропосфера, Жерорта теңізі, Ядро, Флора, Озон, Мантия, Тынық мұхиты, Фауна
Терминдерге анықтама бер

Бағалау. Презентацияда дұрыс нұсқасы шығады, сол нұсқамен өз-өздерін тексереді, ал, анықтаманы ауызша бір-біріне айтып беру арқылы дұрыс/бұрыстығын тексереді. Қажеттілік туындаса, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Кері байланыс береді.
Топтық жұмыс. «Жер қабықтары бір-бірімен өте тығыз байланысты». Осы тұжырымды дәлелде. (Топтар арасындағы дифференциацияны мысалдарының нақтылығы, дәлдігі, тереңдігі, ұтымдылығы жөнінен аңғаруға болады.)
(терминдер, мысалдар жазу, сурет салу)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 733



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі