Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
өсімдікке жарықтың әсері жайлы ақпарат алады;
қоршаған орта жағдайына бейімделуіне байланысты өсімдік құрылысындағы ерекшеліктерімен танысады.
Барлық оқушылар: өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделетінін біледі;
Оқушылардың көбі: жарықсүйгіш және көлеңкесүйгіш өсімдіктерді ажыратады;
Оқушылардың кейбірі: өз жерінде өсетін өсімдіктер жайлы біледі.

Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Оқушыларды топқа бөлу үшін өсімдік суреттерін (қайың, шырша, қызғалдақ, қазжуа) тарату.
Әр топқа берілген суреттегі өсімдік атауын, қай топқа жататынын, ерекшелігін айтқызу. Мақсаты: оқушылардың өсімдіктер жайлы білімдерін байқау.
Сұрақтар:
- Берілген өсімдік суреттерін неше топқа бөлуге болады? Неліктен?
- Өсімдіктер неліктен әртүрлі топтарға бөлінеді?
- Егер өсімдікті өз ортасынан ауыстырсақ не өзгереді?
Әр топтан қабілеті жоғары оқушыларға қосымша сұрақтар қою:
- Өз жерімізде суыққа төзімді өсімдік өсе ме?
-Тағы қандай ортаға бейімді өсімдік топтарын білесің? Мысал келтіріп көр.
Оқушының сұрақтарға толық жауап беруін, дәлелдеп, түсіндіруін талап ету.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыру. Алдын-ала алма ағашының макетін ілу. Оқушыларға алма пішіндес стикерлерге бүгінгі сабақтан не күтетіндерін жазғызу.

1) Оқулықпен жұмыс.
Орман өсімдіктері
Негештің «Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігі бірдей бола ма?» деген сұрағына жауап беруге оқушылардан көмек сұрау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
- Орманның ең төменгі «қабатында» қандай өсімдіктер болады?
- Орманның жоғарғы «қабатында» қандай өсімдіктер өседі?
- Қандай өсімдіктер жарықты көбірек алады? Неге?
Оқушыларды жарықсүйгіш өсімдіктер орманның жоғарғы қабатында орналасатынын, олардың күнге талпынып өсетінін айтуға бағыттау.
2) Суретпен жұмыс. Бейімделу

- Өсімдіктің жапырақтарына қарап не байқадың?
- Жапырақтары неліктен терезе жаққа бағытталған?
- Өсімдікті төменгі жапырақтары жоғарғы жапырақтарға қарағанда неліктен үлкен болады деп ойлайсың?
- Өсімдікке жарық жеткілікті деп ойлайсың ба? Себебін түсіндір.
Оқушылардың ой-пікірлерін, дәлелдемелер тыңдау.
3) Зертте! Топтарға әр түрлі ағаш өсімдіктерінің суреттерін тарату. Оқушыларға өсімдіктерді атату және оларды сипаттап жазу, олардың биіктіктерін салыстыру. Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген? деген сұрақты топта талдау, әр топтың шешімдерін тыңдап, ой бөлісу.
Мұғалімнің түсіндіруі. Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктер жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әртүрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі.
4) Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Әр топ мәтін бойынша сұрақтар дайындап, өз сұрақтарын басқа топтарға қояды, мәтінді қаншалықты түсінгендерін тексереді. Бұл жұмыс «Хат тасушы» стратегиясы арқылы жүргізіледі. (мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауды қараңыз)
5) Ойлан! Ашық алаңқайда өскен ағаштың ұшар басы әдемі болады. Қайыңның ұшар басы неліктен дөңгелек болады деп ойлайсың? Бұл сұрақты жұпта талдау. Әр жұптың жауаптары тыңдау. (Ашық алаңқайда күн сәулесі жеткілікті түскендіктен жапырақтары біркелкі әдемі болады)
6) Бағалауға арналған тапсырма. Жеке жұмыс жасау.
Семантикалық карта толтыру. Өсімдік атауына бейімделу ортасына қарай белгі қою.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 585



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!