Жұмағали Саин (Лагерь жыры)

 Жұмағали Саин (Лагерь жыры)

(Орыстың «Нас побить хотели» деген - әнімен)

Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.
Барабанның ашық даусы,
Қаттырақ шық, саңқылда!
Ей, алдағы жас командир,
Бас маршқа жарқылда!
Думан сауық, ән, күйменен,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Күміс сулы, таза ауамен,
Дем аламыз, қайтамыз,
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айтамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?