Қызылорда туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 30
Өлеңдер: 22
Құттықтау, тілектер: 10
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 2
Эсселер: 4

Қызылордам жыр елім
Қызылордам жыр, елім, Сен деп соғар жүрегім. Бақытымның бастауы, Бір өзің деп білмемін.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам қаламсың
Қызылордам қаламсың, Биік маған бағаң шын. Бақытымның бастауы, Сенен қуат алам шын.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам киелім
Қызылордам киелім, Саған басты иемін. Мен өзіңнен нәр алып Бар жақсыны түйемін!
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам бақытым
Қызылордам бақытым, Сенде ызық уақытым. Алтыннан бағалы, Бір өзіңсің жақұтым.
©  Қызылорда қаласы
Күнімсің сен айымсың
Күнімсің сен айымсың, Қызылордам мекенім. Саған келіп түсіндім, Бақыт сенде екенін.
©  Қызылорда қаласы
Жүрегімде сен барда
Жүрегімде сен барда, Оттай жанам лапылдап. Қызылордам өзіңдей, Қала қайдан табылмақ?!
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда жарығым
Қызылордам жарығым, Сені бақ деп таныдым. Бір өзіңсің деп білем, Қуанышы бәрінің...
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам гүл бағым
Қызылордам гүл-бағым, Жайқалған көп жыр бағым. Өзің жайлы әуезді ән, Жүрегіммен тыңдадым.
©  Қызылорда қаласы
Ғажайып сен қаламсың
Ғажайып сен қаламсың, Биік дәйім бағаң шын. Сенде өсіп келемін, Сенен қуат алам шын.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда жасай бер!
Қызылорда жасай бер, Әр күн сайын жанданып. Біз жүрейік шаттана, Өзің жайлы ән салып...
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам бағымсың
Балалығым сенімен, Өтіп жатқан қаламсың. Қылығымен тәнті етіп, Баурап алар даламсың.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам сен менің
Сырдың сұлу ғажайып, Қызылордам сен менің. Бұл өмірге баптала, Сенде өсіп келемін.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда деп білем
Шаттығымның бастауы, Қызылордам деп білем. Сенде өсіп келемін, Сен бақытым деп дүрем.
©  Қызылорда қаласы
Сендей қалам барына
Қуанамын мен-дағы, Сендей қалам барына. Қызылордам бақытым, Айта берем тағы да.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам күн, айсың
Қызылордам күн, айсың, Өзің маған ұнайсың. Шаттық беріп, қуаныш, Бақытымды құрайсың.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда сен барда
Қызылорда сен барда, Қуанамын, шаттана. Сенде өсіп келемін, Әр күн сайын баптала.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда үнімен
Қызылорда үнімен, Алға жүріп келемін. Саған арнап барлығын, Қолдағыны беремін.
©  Қызылорда қаласы
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Туған сендей қаламда. Қызылорда шаттығым, Бақ сыйлар бар адамға.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда мекенім
Қызылорда мекенім, Жазылатын жыр-дастан. Айлы түнде өзіңмен, Кездерім көп сырласқан.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам сен жайлы
Қызылордам сен жайлы, Өлең де көп, жыр да көп. Маған жаймен қарайсың, Жүрегімді тыңда деп.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам жанымсың
Қызылордам жанымсың, Арайлы атар таңымсың. Туған менің мекенім, Жайнаған гүл бағымсың.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда жерінде
Бақыттымын туылған, Қызылорда жерінде. Болған қала Астана, Қазақстан елінде.
©  Қызылорда қаласы
Қызылорда сен деп мен
Қызылордам сен деп мен, Өлең жазып, жырладым. Өзің жайлы жүректен, Әсем әуен тыңдадым.
©  Қызылорда қаласы
Туған қалам өзіңсің
Қызылордам сен менің, Туған қалам өзіңсің. Аңыз болған талайға, Бұрынғының көзісің.
©  Қызылорда қаласы
Қызылордам бұл менің
Туған қалам, сүйікті, Қызылордам бұл менің. Сен деп соғад әрдайым, Кеудемдегі жүрегім!
©  Қызылорда қаласы