Өлеңдер ✍️

  17.04.2024
  384


Тастап бізді кетсең егер

Балаларын сағынып жүр сарғая,


Әкем қашан келеді деп жымия.


Пенсияға аман есен шығып кел,


Болмасыншы арамызда кұпия!


 


Балаға шеше керек, әке керек,


Өскендей болады ғой түпсіз терек.


Ұл қыздарын онсыз да өсті сенсіз,


Қорғансыз болмасыншы, соңғы тілек!


 


Осыны да ауырсынып тұрсаң егер,


Болғаны ғой бұл жалғанда бәрі бекер.


Ойнастан туған бала болса артық,


Жүректе қалады ғой мәңгі тыртық.


 


Үш балаңды айырбастап мыстанға,


Кенелем деп ойлайсыңба бақытқа?


Көз жасымыз жібермейді әрқашан,


Үміттенбе жетемін деп шаттыққа!


 


Бір жүректе екі адамға орын жоқ,


Бала үшін жүрмін деген сөзің оқ!


Шын сезімін болмаса маған егер,


Зорлап сені ұстамаймын, бәрі бекер!


 


Жылдар өтіп, балалар да есейер,


Сағынышын іштей сені күйдірер.


Өкінгенмен пайда бермес ол саған,


Дос та, туыс таппайсын сен, кім білер?!


 


Тастамаймын десең егер сендерді,


Шартым менің тарылтасың шеңберді.


Қатынды да, баланы да ұмытып,


Біржолата жиясың сен есіңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қазына
Қазына 22.05.2024 21:07
СЕКС

Пікір жазу