27.03.2024
  547


Егемен елдің газеті

 


Түп тамыры сонау 1919 жылдан бастау алып, қазақ халқы үшін басылып шыққан «Ұшқын» газеті қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің алғашқы бастаушысы болған еді. «Ұшқын» дәл сол жылы желтоқсан айының 17-жұлдызында Орынбар қаласында жарық көреді. Редакторы болып Бөкей Ордасында «Ұран», «Дұрыстық жолы» деген газеттерді шығаруға ат салысқан қазақша, орысша бірдей сауатты Т.Сәниев тағайындалады. Алғашқы санындағы газет беттерінде жарияланған Бернияз ақынның «Ұшқынға» деген арнау өлеңі ерекше көркем, оқырман назарын өзіне аудармай қоймайды. Осы өлең жолдарынан бөлек, газет бетіне басылымның мақсат-мүддесі көрсетілген мақала жарияланған.


Бір жылдан астам уақыттай жұмыс істеген «Ұшқын» газетінің атауы 1920 жылдың 13 қарашасынан бастап «Еңбек туы"деп өзгерді. Бұл уақыттағы газеттің бас редакторы әйгілі ақын Сәкен Сейфуллин «Манап-Шамиль» деген бүркеншік атпен газеттің жетекшісі болып, кейде саяси мақалаларында жазып отырды. Сәкен атамызбен бірге газет беттеріне бүркеніш аттарымен өздерінің өлеңдерін, мақаласын бастырып отырған зиялы қауым өкілдері де болды. Олпр: А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, С. Садуақасов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және тағы да басқа елі үшін басын бәйгеге тіккен, заңғар ақын, жазушыларымыз еді.


»Еңбек туы» газетініңде көп ұзамай атауы өзгерді. 1921 жылдың 21 қарашасынан бастап «Еңбекші қазақ деген атаумен шығып тұрды. Газеттің аты өзгергенмен, заты сол қалпында қалды. Әр санында қазақ халқының мұң-мұқтажын көрсетіп, бұқара халықты білімге, бірлікке шақырып отырды. «Еңбекші қазақтың» редакторы — Әбдірахман Байділдин болды. Газеттің басты міндеті, көздеген ойы: «қазақтың жұмысшы табы мен қалың бұқарасын надандықтан құтқарып, көзін ашу, таптық санасын күшейтіп, дос пен қасын таныту, әділет ісіне қатынастырып, шаруасын жемістендіріп, тұрмысын түзету, ел ішіндегі ескі әдет-ғұрыптардан арылу, қысқасы, Қазақстанның саяси өміріне белсене араласу негізгі пікірлердің ордасы болуы, яғни жар салатын шешен, ақыл айтатын өсиетші, топ бастайтын көсем болу еді.» Газет аптасына 2 рет шығып тұрған. Елдің мешін жылындағы жұтқа тап болған шағында «Еңбекші қазақ» газеті халыққа рухани көмек беруші баспа ретінде танылды. Азамат соғысынан қалған зардаптарды, Қазақстанның кейбір жерлерінде орын алған құрғақшылықты, егін шықпай қалуына байланысты болған ашаршаылықты жазым отырды.


1922 жылдары Сәкен Сейфуллин за беделін көтеруде елеулі істер атқарды. Ал, 1924 жылы сәуір айында оның орнына Молдағали Жолдыбайұлы келді. Ол кісі «Еңбекші қазаққа» саяси дұрыс бағыт, ғылыми салмақ беруге, қазақ еңбекшілерін ағарту ісіне көп күш салған.


1925 жылдың басынан бастап 1926 жылдың сәуір айына дейін редақторлықта Смағұл Садуақасов болды. Ол Қостанайдан Бейімбетті шақырып, өзіне әдеби хатшы етіп, оның шығармаларын жиі жариялап тұрды. Смағұл Сажуақасов кеткен соң бірінен кейін бірі, алдымен Т.Рысқұлов, сосын О.Жандосов және О. Исаев аз уақыт газетке басшылық етті.


Осындай ауысымнан кейін тұрақты редактор болып Ғ.Тоғжанов келді. Ол газетке 1926 жылдың 30 тамызынан 1932 жылдың мамыр айына дейін басшылық етті.


1926-1932 жылдары «Еңбекші қазақ» индустрияландыру ісіне қажетті қаржы қорын жасау үшін күресіп, әсіресе ауыр өнеркәсіп орындарына баса назар аударып отырады. Мысалы, Қарсақпай зауытының құрылысы өте қиын жағдайды жүрді. Осыған байланысты «Еңбекші қазақ» арнаулы бас мақала жариялады. Онда «Қарсақпайға бұрынғыдан да артық назар аударылсын», — деп зауыттың Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі екендігін атап көрсетіп, құрылыс басшыларына кемшілікті жоюды талап етті. Бұдан бөлек газет беттерінде Қарағанды, Жезқазған, Риддер, Екібастұз сияқты өндіріс орындары, Түрксіб темір жолы жайлы, ондағы құрылыстың бет алысын жазып жария етіп отырды.


1932 жылдың қаңтар айында «Еңбекші қазақ» газеті «Социалды Қазақстан» атауына ие болды. Ал, осы жылдың мамыр айында газетке Әйтіке Мусин редактор болып тағайындалды. 1934-1936 жылдары Ғабит Мүсірепов, 1937-1938 жылдары Жүсіпбек Арыстанов редактор болды. Міне, күні бүгінге дейін шығатын «Егемен Қазақстан» газетінің алғашқы жылдардаүы жүріп өткен жолдары; жарияланған мақала, өлеңдері; алғашқы жетекшілері осындай


 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1-курс студенті Асылбек Алмас 


Жетекшісі: Жақсылықбаева Римма 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу