27.03.2024
  32


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Ем

Жұмысынан кей-кейде
Келсе әкем кештетіп,
Басады анам гөй-гөйге
Ашуланып, ес кетіп.
Гөй-гөй соңы, құрбылар,
Айналаны шу қылар.
Жүйкелерді жүн қылар
Мұндай керіс кімге ұнар.
Біз кәдімгі бананның
Білеміз бе бар сырын?..
Ашуланған адамның
Басады екен ашуын.
Түнде әкеме жай келген
Ұрыспасын деп текке анам,
Ақша алып әкемнен
Әкеп қойдым көп банан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу