27.03.2024
  81


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Бiздiң досымыз

Биыл келдiк сабаққа,
Бiттiк жылдың жарымын.
Үйрендiм мен санап та,
Әрiптердi таныдым.
Бiр күнi ойнап жүр едiк,
Үзiлiсте, далада.
Ағай келiп, бiз ерiп,
Бардық кiтапханаға.
Әпкей:
– Кiтап – досың, – деп
,
Шкафты ашты ең шеткi, –
Лайығы осы, – деп, –
Көп кiтапты көрсеттi
.
Ұялып мен аз тұрып,
Суретiне үңiлдiм.
Сосын алып жаздырып,
Жеткенше үйге жүгiрдiм.
Кешке ұйқтап қалмасам,
Пайдам үйге аз едi.
– Ертегi айт, – деп, әрқашан
Мазалаушы ем әжемдi.
Ертегiсiн «ерте...» деп,
Әжем желдей есетiн.
Кейде онысын келтелеп,
Әңгiмеге көшетiн.
Мойынына асылып:
– Басқа айт, – десем жалығып,
Ертегiсi таусылып,
Қалушы едi жабығып.
Кiтап бетi неткен көп,
Сан аударып тастайсың.
Бұрын оқып кеткем деп,
Одан ендi қашпайсың.
Қызыға оқы тамсанып,
Жылдың қысы-жазына.
Оқы мейлiң қаншалық,
Таусылмайтын қазына.
Iшiнде оның мол аңыз
,
Әжем ұйып тыңдайды.
Алдарға ырза боламыз
Масқара еткен бiр байды.
Өмiрiн бай, паңдардың
Әжем жақсы бiледi
.
Қулығына Алдардың
Сүйсiнiп ол күледi.
 Түнде оқимын, оқимын
,
Әжем отыр, жатпайды.
Күнде оқимын, оқимын
,
Кiтапты әжем мақтайды.
Қоям күлiп құптап мен,
Бiр әңгiме қозғасып.
Мен де, әжем де кiтаппен
Алдық өстiп достасып
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу