Өлеңдер ✍️

  23.02.2024
  593


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Бүгін сәулем, озбай тұр


Мейлі дауыл, бораныңды ерте кел,
Таудың төсін, сипап аз-маз еркелер.
Сен жинаған қоқыстарды мен реттеп,
Жол салайын, қиналмайтын ертең ел!


Басымда бұлт,бүгін сәулем озбай тұр,
Түрткілей бер, түрлі жолдар, қозғай тұр.
Тақырыпқа, түртіп алсын қаламым,
Түрту үшін, бергендейсің боздай күн!


Найза түсіп, жел тепсе де, желкемнен,
Сан сілкініп, жеңіс көрген, еркең ем!
О, табиғат.
Білемін ғой, мен сені,
Хайырлысын, жазып қойған көркем ең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Сабит
Сабит 25.02.2024 17:37
Қарындасым сөзіңнің мағынасы ұйқасы керемет. Қаламың ұштала түссін

Пікір жазу