Өлеңдер ✍️

  22.02.2024
  552


Қой бағып жүрген кезім-ай

Қаладамын, жұмыстың байлауында,


Қайтқым келіп жүр менің жайлы ауылға.


Шаршағанда қаланың жұмысынан,


Жатқан кезді аңсаймын, жайлауымда!


 


Естігенде құлағым ұрыс түрін,


Тастағым-ақ келеді жұмыс күнін.


Қаланың шуылынан жалыққанда,


Аңсаймын ауылымның тыныштығын!


 


Заңды шығар қаладан жалығуым,


Қалайсың ба тынысым тарылуын?


Зауыттың түтініне тұншыққанда,


Таза ауасын аңсаймын ауылымның!


 


Болсада бәріне ашық қолым менің,


Болмай жүр бұл қалада жолым менің,


Көргенде ұрлық, қорлық[leech=][/leech], кісі өлтіру,


Ауылымның аңсаймын момын елін.


 


Дей алмаймын қаланы жек көремін,


Бірақ, ауыл тамаша деп келемін.


Айран ішіп, қазы жеп жайлауымда


Қой бағып жүрген кезім, неткен керім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу