Өлеңдер ✍️

  02.12.2023
  1041


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Бір досым бар...

Жаңа ән



Бір досым бар,


От жалындай көрінер.


Құшақ жая көріскен.


Бір досым бар,


Бала күннен қызық қуған.


Құлын тайдай тебіскен.


 


Бір досым бар,


Жаны жомарт ақ көңіл,


Көңілі жаз, сырын ашып ақтарған.


Бір досым бар,


Ер жетіп, азаматтық борышын,


Бірге жүріп атқарған.


 


Бір досым бар,


Студенттік дәуірдегі ең жақының.


Қара нанды бөліскен.


Бір досым бар,


Еңбек етіп, тер төккен.


Қуанышын жасырмаған,


Оралғанда жеңіспен.


 


Бір досым бар,


Ат тұяғы сүрінгенде,


Кететұғын  алшақтап.


Бір досым бар,


Жіпке тізіп, бергендерін.


Арамызға дау салып.


 


Бір досым бар,


Қуанышыма сүйінетін,


Шалыс бассам күйінетін.


Түйе құрдас өзіммен.


Бір досым бар,


Көрмей қалса сағынатын.


Дәл қасымнан табылатын,


Қайсарлығы көрінетін көзінен.


 


Бір досым бар,


Байлыққа да, мансапқа да, қарамаған.


Жанымның бір бөлшегі.


Ізгілік пен көркем мінез тұнған бойда,


Нағыз досың – ол сенің.


 


Адал досым, асыл досым,


Қуанғанда - тірегім.


Қамыққанда, мұңайғанда,


Табылатын – бір емім.


Досты дос деп құрметтеген,  2- рет


Ұсынатын жүрегін.


Адал достың әрқашан да,


Амандығын тіледім.


 


Сөзі Әліпов Айтбек Рымбекұлы,


Астана қ. Желтоқсан 2023 ж.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Күнсұлу
Күнсұлу 14.12.2023 23:50
Керемет!

Пікір жазу