![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.03.2023
251

Тіземін дүниені көзім жеткен
Еншілеп, екі тағдыр ел еткелі,
Қоғамнан теріп жүрмін тек өкпені.
Сайтандар, амал дәптер жазбасын деп,
Қорғаны еткен бәлкім, елеп мені?!
Пенделер, қылығыңа қайғы орансам,
Қуаныш тұрсын дедім қайда барсаң.
Бас ием, арқалаған тағдыр үшін,
Себебі, сен адамсың жәй да болсаң.
Уақыт- ғұмырыңды безілдеткен,
Мәңгілік бағың, қайғың, өзің жеткен.
Қуатың, барда пенде жиналып ал,
Тіземін, дүниені, көзім жеткен!
Гулсим Сатыбалды
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |